Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / "Сыни тұрғыдан ойлау модулі " мақала

"Сыни тұрғыдан ойлау модулі " мақала

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша іс- тәжірибесінен.

Әлемдік білім саласында болып жатқан өзгерістерден жырақта қалмай, жаңғыртып отыру үшін ұстаздар қауымына арнайы ұйымдастырылған «ІІІ базалық біліктілікті арттыру» курсынан жақын арада мен де өттім. Осы оқудан кейін мен өзіме қойылған ұстанымы «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын». Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульдің мақсаты әр- түрлі жастағы оқушыларға кез- келген іс- әрекетке сыни тұрғыдан қарау.

Оқушылар жұппен, топпен бірігіп жұмыс жасауға дағдылану арқылы пәнге деген қызығушылығы артады, тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді қасиеттерді дамытады.Мысалы: белгілі бір тақырып бойынша әр оқушы өз ойын айта біліп, топ мүшелері оған топтық көмек қарекетін жасайды.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және жинақтауға бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра алатындай ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар және оқушыны сыни тұрғыдан ойландыра отырып, оқуының қай деңгейде екендігін анықтауға болады.

Мерсер сыныпта талқылауды дәлелдеудің үш түрін анықтаған. Олар:

1.Әңгіме-дебат,оқушылар бәсекеге қабілетті,басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды.

2.Кумулятивтік әңгіме,мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді.

3.Зерттеушілік әңгіме,ұсыныстар жайында күмән туып,қарсы дау айтылып,негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлайды Осы тұжырымдаманың дәлелі ретінде "Бірге ойлаймыз","Бірік,бөліс,ойлан",т.б әдістері арқылы топтық тапсырмалар, постер жасау топ мүшелерінің арасында қызу пікірталастық әңгіме кеңінен өрбігенін байқауға болады. Мысалы: «Постерге қалай түсіреміз?», «Дәлелдермен түсіре аламыз ба?»,« Критерий бойынша міндетті түрде жазып отыруымыз керек», деген сұрақтар төңірегінде сыни тұрғыдан ойлана отырып, өздерінің ресурстарын біріктіруге талпыныс жасайды.

Сыныптағы қарым - қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін, сынып оқушылары сыни тұрғыдан ойлана алатынын, өзінің көшбасшылык қабілеттерін көрсете алады.

Сыни тұрғыдан ойлауда бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары бақылау, талдау қорытынды, интерпретация. Осы дағдыларды сабақтың қорытынды бөлімінде көруге болады.

Эдвард де Боно ұсынған «Алты ойлау қалпағы». Бұл ойлау қалпақтарының мақсаты: әр түрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемелар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктердің бірі тәртіпті,яғни тиянақты, нақты және жан-жақты бола білетіндігін байқадым, Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нәрсе-сұрақтың дұрыс қойылуы. Мінекей менің ең басты назарда ұстағаным сұрақ қоюдағы басты мақсатым сұрақты дұрыс қоя білуді қадағалау, ұйымдастыру болды. Мен үшін ең тиімді сабақ ол- нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады.

Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз- баланы ойлауға үйрету! Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Сыни ойлауға оқыту-жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Шығыс данасы Конфуции былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады, ал өзім істесем, үйреніп алам». Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен, шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген мақсатқа жете білгеніміз. Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету, көрнекілікпен көрсету, оны өз беттерінше практикада қолдана білуі қажет деген сөз.







Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Кужахметова Қ.С.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров208
Номер материала ДВ-478786
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх