Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

библиотека
материалов

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді.

Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті. 
Менің 5 жыл аралығында тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Мақсаты: барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. 

  • «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім – білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі. 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы,мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,
ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.Қызығушылықты ояту; 2.Мағына тану; 3.Ой-толғаныс.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушыны жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – білім алушының белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Білім алушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, білім алушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Ой-толғаныс  бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Білім алушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Үнемі үзбей жазудың арқасында білім алушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасаймын. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықталды және оның мынандай жобасын жасауға болады:

- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;
- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;
- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;
- махаббат, сезімге байланысты қарапайым адамдардың өмірінен мысалдар жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы жазу;
- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;
- «жүрек жарды жырларым» (өз өлеңін жазу);
-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.


Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды. 

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемібілім алушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.

СТО технологиясына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.


Сабақтың жоспары: 1.Психологиялық дайындық.

2. Ой ашар.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)

ІІ. Мағынаны ашу  сатысы.

а) Топпен жұмыс.

ә)  Бес жолды өлең.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

а) Венн диаграммасы.

ә) Бағалау.

б) Үйге тапсырма.


2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда білім алушылар арасында:


- белсенді шығармашылықты ойлауға;

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға, ынтымақты қарым-қатынас;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу пайда болды.


Мен жұмыс жасап отырған технология мен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені мына кесте арқылы салыстыруға болады:

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р

Оқытушының іс-әрекеті:

Білім алушының іс-әрекеті:

1.Тақырыпты түсіндіреді

1.Мазмұнын айтып береді

2.Кейіпкерлер туралы айтып береді

2.Кейіпкерге мінездеме береді

3.Мәтіннің идеясын анықтайды

3.Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

4.Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

4.Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

5.Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

5.Шығарма жазады

6.Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

6.Жауап береді


RWCT    с а б а қ т а р ы

Оқытушының іс-әрекеті:

Білім алушының іс-әрекеті:

1.Топқа бөліп, ой қозғайды

1.Ұжыммен жұмыс жасайды

2.Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

2.Мәтінмен өздері танысады

3.Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

3.Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

4.Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

4.Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

5.Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

5.Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

6.Өз ойларын жазуды ұсынады

6.Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

7.Ойларын қорытуға бағыттайды

7.Өз тұжырымдамасын жасайды


Қорыта келгенде осы «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақтарымда қолдану барысында алған нәтижем:

  • білім алушылардың оқуға қызығуы; 

  • іскерлік дағдысының дамуы;

  • ойлау белсенділігі, тапқырлығы;

  • өзіне деген сенімі қалыптасады бастады. 

  • оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; 

  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды; 

  • өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі; 

  • өз бетінше ізденуге үйретеді; 

  • сабаққа деген белсенділігі жоғары бола бастады. 

Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.




4


Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров2599
Номер материала ДВ-572135
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх