Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы балалардың тілін дамыту.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы балалардың тілін дамыту.

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы балалардың тілін дамыту.

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі.Білім негізінен оқу іс-әрекеті арқылы берілгендіктен,әр оқу іс-әрекеті заман талабына сай өз деңгейінде игеру,қай кезде болмасын,ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине, терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы. Технология мен әдістемесінің мақсаты-қалай оқыту мәселелерін қарастыру.Тіл дамыту оқу іс-әрекетінің мақсаты-балалардың сөздік қорын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сөйлем құрылысын меңгерту. Мен үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс таңдау.Себебі, жаңа технологияларды меңгерту тәрбиешілердің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани өзін-өзі дамыту, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жететініне және тіл байлықтарының дамуына көп пайдасы бар екендігіне осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткізіп келемін.Осы технологияны қолданудағы менің басты мақсатым- балалардың сөйлеу дағдыларын дамытып, өтетін тақырып мазмұнын тереңінен ашып, өздері ой қортындысын жасай алуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу. Осы технологияның әр түрлі стратегиялары білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. Сонымен қатар, балабақша балаларының тілге деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.

Міндетім- балаларға оның бойында жасырып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқармаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Күнделіктіоқу іс-әрекетіндетапсырмаларды қызықты етіп құрап, балалардың қызығушылықпен орындауын қадағалау қажет.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын оқу іс-әрекет барысында қолдана отырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру тәсілдері.

Нағыз оқу іс-әрекеті- әрқашан диалог,іздене, дайындала,үйрене, балалар болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.Мен өз тәжірибемде балаларды өз бетінше жұмыс істеуге,сөйлеуге үйрету үшін төмендегі әдістерді жүйелі түрде қолданып келдім:

сұрақ-жауап әдісі – бұл ең тиімді әдіс, балалардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттерімен ұштастыра дамыту;

өз ойын айту әдісі- балалардың ойлану, ойлау үрдісі арқылы ойын жүйелі айтып беруге дағдылау;

жағдаят арқылы сөйлесу- сөздер, сөйлем құрау, болған, көрген, естіген уақиға жайлы айтып жеткізу.

Мысалы: сурет бойынша әңгіме құрастыру.

баяндау әдісі- логикалық ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше сөзге дағдыландыру;

сұхбаттасу әдісі-өз ойларын сыртқа мәнерлі, жүйелі түрде беруге үйрету;

монолог әдісі- өз білім деңгейлеріне сай өз ойларын айытқызуға ұмтылдыру;

Міне, осы жоғарыда көрсетілген әдістерді бүгінде СТО технологиясымен ұштастырып қолданамын.

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров96
Номер материала ДВ-448825
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх