Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / "Сыни тұрғыдан ойлау-кітапхана жұмысында" (баяндама)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Сыни тұрғыдан ойлау-кітапхана жұмысында" (баяндама)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сыни тұрғыдан ойлау - кітапхана жұмысында

Сыни тұрғыдан ойлау-кітапхана жұмысында

Оқырмандарды, әсіресе жастарды көркем әдебиет оқуға тартуда «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты халықаралық жобаны Өскемен қалалық орталық кітапханада іс жүзіне асыру барысы баяндалған.
Оқырманға қызмет көрсетудегі біздің басты мақсатымыз — жаңашыл үрдістерді жұмыс барысына енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.
Оған әсер еткен мотивтер: заман талабының өзгеруі, ақпарат бұрқасынынан әркім өзіне керекті, өзекті мәселесін таңдап талғап ала білуі. Қазіргі мол ақпараттар заманында әрбір адам өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті таңдап, талғай білуге дағдылануы керек. Әрбір адам болашақта кездесетін қиындық пен кедергілерді еңсеруге, кездескен проблемаларды шешуге байыпты, батыл шешімдер қабылдауға әзір болғаны жөн. Кез келген маман ұтымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегі кеңейеді. Бірте-бірте кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады.

Осы сұрақтар мен проблемалардың бәріне жауапты "Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" жобасынан табуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) —сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл озық педагогикалық технология қазір әлемнің 52 мемлекетінде жүзеге асуда. Қазақстанның да 14 облысында нәтижелі түрде тәжірибеге енгізілуде.

Көлшік судың бір орында лай тартатыны секілді, кәсіби білім де үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Дәстүрлі жұмысына өзгеріс енгізуге әрбір кітапханашы өздері ұмтылуға тиіс. Әртүрлі, көптеген баспалардан, интернет-сайттардан ақпараттар тізбегін аламыз. Сол ақпараттарды тәжірибеде қолдана білу — кәсібін сүйген маманның ісі.
Мен Өскемен қаласындағы Қалалық орталық кітапханада қызмет істеймін. Жоба негізінен ұстаздар қауымына арналса да кітаппен жұмыс барысында мақсат-мүддеміз бірге тоғысатын болғасын («Оқу Күндері», көркем әдебиет оқуға баулу, мәтінмен жұмыс) Қазақстан Оқу Ассоциациясына мүшелікке кіруіме өзім ықылас таныттым. Бұл ұйымның мақсаты — балалардың оқуға деген ынтасын, құштарлығын қалыптастыру. Ал бұл - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі. Балаларға арнап жазатын жазушылар аз десек те, қолда бар кітап қорын оқуға тарту жұмыстары қиыншылық тудырып жататаны рас. Қазіргі XXI      ғасыр      компьютер     мен  техниканың  дамыған  заманында,  дабыл қағатындай мәселелердің бірі:

-    балалардың     көркем     әдебиетке қызығушылықтарының жоқтығы;
-    көркем әдебиетті  қойғанда  қазақ тіліндегі  кітаптар,   газет-журналдарды оқымайтындығы;
-    соған байланысты сөйлеу мәдениетінің төмендігі.
Бұл     проблемалардың     шешіміне оқырманмен   жұмысты   дұрыс   жолға қоя білген   кітапханашы   ғана  жетеді.  Мені   осы   жобамен   жұмыс   істейтін ұстаздардың   алдындағы   адамға   деген қарым-қатынасы қатты ұнады. Балаларды   сайыстырмай,   бірлестіре отырып  топпен   жұмыс   істеуге   баулу стратегиялары,  сол   арқылы   көздеген мақсатқа  қатысушылардың  көмегімен жету,   жұмыс   үстіндегі   еркіндік,   тек сөйлеушіні     тыңдауға      ғана      емес, ойлауға жетелеу,    өз ойын жеткізуге баулу т.б.
Биылғы жылы сан қырлы талант иесі, ақын, композитор, философ Ш.Құдайбердиевтің 150 жылдығы республика бойынша аталып өтілуде. Соған орай Қалалық орталық кітапханада Шәкәрім шығармашылығына арналған «Оқу күні» өткізілді. Бұл шараның мақсаты - бірлесе кітап оқу, оқығаның туралы ой бөлісіп, жазу.
Шараға          қаланың          бірнеше мектебінен оқушылар қатысты. Шара СТО-ның негізгі 3 философиясы бойынша жүргізілді, олар:
1)    қызығушылықты ояту яғни, өткенге көпір салу, еске түсіру, («үш қадамды сұхбат», «мәтінді болжап оқу» стратегиялары)
2)    мағынаны  ажырату, жаңамен танысу («аялдамамен оқу»)
3)    талқылау,   електен   өткізу,   келіспеген пікірін  салыстырып,  ой  қорыту. «ой толғаныс», «қос жазба»).
Балалардың қызығушылығын арттырған соң, Шәкәрім бейнесіне ассоциация жасалынды. Әрбір топ өз пікірлерін қорғағаннан кейін, Шәкәрімнің «Ақылшы торғай» өлеңін аялдамамен оқыта отырып талдан-ды.  Оқушылардың  бір  тобы   өлеңніңсюжеті бойынша көрініс қойса, екінші топ торғайдың алдағы іс-қимылына болжам жасады. Әрбір топ бірін-бірі ықыласпен тыңдап, толықтырулар енгізді, сұрақтар қойды. Оқу күніне арналып кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар кітапхана қорындағы ақын өміріне арналған ақпараттармен жұмыс жасады. Оқу күні оқушылар халқымыздың біртуар талантты да ардақтысы Ш.Құдайбердіұлы туралы біршама мағлұматтар алды. Ол жетістікке әртүрлі мектепте, әртүрлі сыныпта оқитын оқушылар топтаса отырып бірлесудің, ізденудің нәтижесінде жетті. Таңғаларлығы жай уақытта кітапты ашуға ерінетін қала балалары өз білімдерін көрсетіп қалу үшін, өз тобының намысын қорғап қалу үшін алдындағы ақпаратпен ынталы түрде жұмыс жасады. Соңында Шәкәрім аталарына хат жазып, іштегі ой-толғаныстарымен бөлісті. Осы шарадан кейін осындай қалалық деңгейдегі «Оқу күнін» дәстүрлі түрде өткізіп тұру керек деп шештік.
Осы жоба бойынша Қалалық орталық кітапханада «Кәсіби этика проблемалары» және «Көпшілік шаралар өткізудің интерактивті түрлері» тақырыбында семинарлар өткізілді. «Кәсіби этика проблемалары» семинары - кәсіби этика туралы қосымша ақпарат беру, әріптестермен ой бөлісуге арналды. Семинарға Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты. Бұл күні кітапханашылар тест сұрақтарына жауап беріп, ойындар ойнады, жұмыс бабында    және    оқырмандармен болатын әртүрлі жағдайларды талқылады. Катысушылар «супер-ітапханашының» образын жасап, қорғады. Барлық жұмыстар топтар арасында жүргізілді. Шара соңында кітапханашылар жаңа ақпараттар ала отырып, өздерінің кәсіби этика          кодексін          құрады.
Әріптестер көптен ұмыт болған балалық шағындағыдай «рөлдік ойындар» ойнады, ойнай отыра ойланды. Семинар өткізілгеннен кейінгі талдау нәтижесінде анықтағанымыз:
дәстүрлі семинар мен жоба бойынша өткізілген семинардың жер мен көктей айырмашылығы бар;
әдеттеғідей қағаз-қаламын дайындап келген кітапханашылар тек бір орында отыра бермей, топпен жұмыс жасады, талдады, өлең айтты, өлең құрастырды;
жұмыс барысында еркіндік сезілді;
өз ойларын ашық жеткізе білді;
өзара түсінісушілік, ұжым арасындағы қарым-қатынас байқалды;
үйренді, үйретті, зерттеді;
өзін-өзі дамытты;
«шығу парағында» келе-сі семинарды асыға тосатын-дықтарын жазды; 
Сауалнамаға қатысқан әріптестеріміздің 95%-ы жаңаша өткізілген семинардың ұнағандығын көрсетті.
Қорыта айтқанда бұл жоба стратегияларын семинарлар мен кәсіби сабақтарда қолдану қатысушының өзіндік дамуына, қоршаған орта мен адамдардың іс-әрекетіне өзінше баға бере білуіне қол жеткізеді.
«Сын тұрғысынан ойлау жо-басы   кітапханаға   керек   пе?» деген сұраққа жауап іздегенде, менің пайымдағаным, бұл технологиядан ұстаздар қауымы ғана емес, кітапсүйер болашақ тәрбиелеп жүрген басқа сала мамандарының алары көп. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың көркем шығармаларды оқуына, ой өрісінің дамуына, жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді. Оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғайады, ойын еркін жеткізе алады. Кітап оқуды қалыптастырған оқушының ойлау жүйесі жүйрік, әр сұраққа жауабы жүйелі нақты болады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі, сөз таңдай алады. Топпен жұмыс істеуді, қасындағы достарының пікірін сыйлай білуді үйренеді.
Мәдениетті ұл мен қызды тәрбиелеудің басты көзі -әдебиет десек, әдебиетті оқытудағы әрбір дұрыс әдіс-тәсіл — нәтиже бесігі. Өз ұлтының көркем тілінің кәусарынан қанып ішкен ұл мен қыз шын мәніндегі елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын әсте естен шығармағанымыз жөн.
«Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» деп сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым — бала оқиды, тек «қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда. Осы жобаның арнайы курсына қатысып, сол бойынша бір шара жүргізіп көріңіз, ұнарына сенімдімін.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-106989
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>