Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 10-сынып. Алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ жоспары

10-сынып. Алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ жоспары


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

1.09.2014 жылы.



1. Сабақтың тақырыбы: 1). БӘД-ның мақсат міндеттері және мазмұны, «ҚР Қорғаныс және ҚК

тұралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «АҚ туралы ҚР заңы және ҚР Үкіметінің шешімі»; 2) Оқушылардың құқықтары мен міндеттері.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Алғашқы әскери дайындық» сабағының мақсатымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4.Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

5.Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 10 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

б) Негізгі бөлім – 25 мин. Кіріспе сабағы. 1). БӘД-ның мақсат міндеттері және мазмұны, «ҚР Қорғаныс және ҚК тұралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «АҚ туралы ҚР заңы және ҚР Үкіметінің шешімі»; 2) Оқушылардың құқықтары мен міндеттері.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Алғашқы әскери дайындық сабағының мақсаты қандай?

  • Алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?

  • Алғашқы әскери дайындық оқулығы қандай бөлімдерден тұрады?


КІРІСПЕ.


Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет етуоның әр азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».

Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету – бүкілхалықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде білім мен тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық патриотизм, көп ұлтты Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну.

Қазіргі уақытта, армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзімде қазіргі қаруды меңгеру, өзіңнің Отаныңның лайықты қорғаушысы болу - күрделі іс; сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық» курсын меңгеру жастарға ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі.

Оқушылардың алғашқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

  • оқушылардың ҚР Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негіздерін білу;

  • ҚР ҚК-нің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, ҚР ҚК Жарғыларының негізгі талаптарын түсіну;

  • әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен, өмірімен танысу;

  • қажетті әскери білім мен практикалық дағдылар алу;

  • төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру.

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 11 ақпандағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлау және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» №118 қаулысына сәйкес, әскери білім беру, меншік түріне қарамастан, еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі.

ҚР-ның 2005 жылғы 7 қаңтардағы «ҚР-ның қорғанысы мен ҚК туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес, жастарды әскери қызметке даярлау ісі ҚР Үкіметінің басшылығымен орталық және жергілікті өкімет органдары арқылы жүзеге асырылады.

«Алғашқы әскери дайындық» барысында оқушылар ҚР ҚК-ндегі әскери қызметке шақырылған кезде әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеруі үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.

1992 жылдың 7 мамыры ҚР ҚК-нің құрылған күні болып қабылданған.

«Алғашқы әскери дайындық» оқулығы төмендегідей тараулардан тұрады: тактикалық дайындық; атыс дайындығы; саптық дайындық; атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру; Қарулы Күштер ҚР егемендігінің күзетінде; ҚР ҚК-нің әскери жарғылары; әскери топография; азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері.










БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев






























Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

6.09. 2014 жылы.

  1. Сабақтың тақырыбы: ҚР-ның Конституциялық негіздері, Конституция ҚР-ның негізгі заңы.
    Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР-ның Конституция негізгі заны туралы түсінік беру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

- Алғашқы әскери дайындық сабағының мақсаты қандай?

  • Алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?

  • Алғашқы әскери дайындық оқулығы қандай бөлімдерден тұрады?

б) Негізгі бөлім – 25 минут. ҚР-ның Конституциялық негіздері, Конституция ҚР-ның негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер.

в) Қорытынды бөлім – 7 минут

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Армия дегеніміз не?

  • Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.


Т. 1. ҚР-ның Конституциялық негіздері, Конституция ҚР-ның негізгі заңы.
Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер.


Қазақ халқының ежелгі арманы жүзеге асып, ҚР тәулсіздікке ие болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына (ҚРК) сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан ҚР – онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті.

ҚРК бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық болып табылады. Халыққа мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірден-бір құқық берілген.

Конституцияда ҚР президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет екендігі жазылған. Мемлекеттің біртұтастығының мәні Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады және құрылысы жағынан автономияларға бөлінбейді.

Қазақстан халқы дауыс беру (референдум), талқылау, Парламент депутаттарын төте және жанама сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады.

ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары.

ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған өз аумағының қол сұғылмауы мен бөлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; өз заңдары; өзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орны.

Мемлекет басшысы – Президентті ҚР-ның азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді.

Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Мәжіліс депутатарын азаматтар тікелей сайласа, Сенат депутатарын мәслихат депутаттары сайлайды.



Қазақстан Республикасы Үкіметі (ҚРҮ) ел көлеміндегі атқару билігін жүзеге асырады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады. Оған министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар енетін орталық орган, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, ауылдық әкімшіліктер кіретін жергілікті атқару органдары енеді. Атқарушы органдардың өкілеттілігі заңда, сондай-ақ тиісті құжаттарда айқындалады.

Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан аумағы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Мемлекет аумағы бөлінгісіз және оған қол сұғылмайды. Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып саналады, ол халықаралық құқық бойынша айыпталады.

«ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз өз аумағын құрлықта, суда және әуе кеңістігінде ҚК арқылы қорғайды. Қазақстан шекарасын шекара әскері қорғайды.

Егемен мемлекет ретінде ҚР-ның рәміздері - Елтаңба, Ту, Гимн.

Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиіс.

ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК-сының негізделген ережелері.

Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР-ның Негізгі Заңында тіркелген.

ҚРК-да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.

ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді.

ҚРК-да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді.

ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы.

ҚРК–ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды.

ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады.

ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілейтін саясатты жүзеге асыру құралы. Республика Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.







БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев








Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

8.09. 2014 жылы.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіш-
тік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы және Әскери ант туралы түсінік беру.

  2. Уақыты: 45 минут.

  3. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Армия дегеніміз не?

  • Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 22 мин. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіш-
тік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери антты қабылдау рәсімдері қалай өтеді?

  • ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?

  • ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?

  • Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?

  • Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?

  • Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қандай?

  • Мемлекеттік Ту дегеніміз не? Ондағы бейнелер мен өрнектер нені білдіреді?

  • Елтаңба туралы түсінігіңді айтып бер.

  • Мемлекеттік Гимнің мәтінін жатқа айт.

  • ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

  • Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол
    туралы түсінігіңді айтып бер.

  • ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.


ӘҚН. Т.2. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚРҚК, ҚРҚК – Отансүйгіштік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы, ҚРҚК-нің рәміздері, әскери бөлімнің Туы.


Алғаш рет әскери қызметке алынған, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында әскери ант қабылдайды.

Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат. ҚР Президентінің 1992жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар.

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1992 жылғы

25 тамыздағы Жарлығымен

Б Е К І Т І Л Г Е Н

ӘСКЕРИ АНТ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.

Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.

Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп, жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.

Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады. Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады. Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады. Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы өз орнына тұрады.

Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық байқау үшін салтанатты шерумен өтеді.

Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді. Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде қызмет ету – Отан алдындағы ҚР азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.

«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады. Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғауға өзін дайындауға және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ар - намыс мәселесі дегеніміз – халық алдындағы өзінің конституциялық міндетін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады.

Әскери ант мәтіні Конституция мен ҚР-ның заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер болуды, Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуды талап етеді.

Әскери абырой – жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік қатынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген әскери ұжымның және бүтіндей қоғамның қатынасы.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Әскери қызметшінің моральдық - саяси, жауынгерлік қасиеттері - әскери антқа адал болу, ержүректік, қырағылық. Ең негізгі талаптың бірі – адал болу. Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсене қатынасады.

Ант қабылдаған кезінде, жауынгер ержүрек батыл болуға ант береді. Ал батырлық ерлік дегеніміз не? Батылдық, ерлік дегеніміз – жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны. Егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап қырағылық танытса, постқа шабуыл жасау жағдайлары болмайды.

Қазақстан армиясында біздің республикамыздың барлық өкілдері қызмет етеді. Мұнда олар әскери жолдастық пен әскери туысқандықтың өзіндік мектебінен өтеді. ҚР ҚК бұрынғы одақтық армия құрамалары мен бөлімдерінің базасында құрылған, олардың ішінде көпшілігі ұрыстық әрекеттерге қатысып, құрметті атауларға ие болған, ұрыс наградаларымен марапатталған. Олар аса мол тәжірибе жинақтаған, оларда белгілі бір адамгершілік нормалары, армия өмірінің ережелері мен салттары қалыптасып, жауынгерлердің бір ұрпағынан екінші ұрпағына өте отырып, жауынгерлік дәстүрге айналған.

ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков.

Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған.

Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны.

Ұлы даланың билейушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған.

Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.

Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.

Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.

Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан.

Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.

Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі.

Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.

Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны.

Күн – уақыт өлшемі.

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой – мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.

Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.

Елтаңба «таңба» деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.

Шаңырақ: «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.

Шаңырақ – кйіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары түрінде. Ат –елін қорғаған ердің қанаты. Әсем де айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді меңзейді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.

ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары

ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.

ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.

ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.

ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.

ҚР ҚК-нің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті, ол ҚР қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақталады.

ҚР ҚК нышанының бейнесі: ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимаратында, ҚР ҚК түрлерінің штабтарында, ҚРҚК-нің құрамалары, бөлімдері, бірлестіктері, әскери оқу орындары мен мекемелерінде; ҚР Қорғаныс министрі кабинетінде; ҚР Қорғаныс министрлігі алқасының мәжіліс залдарында және ҚР ҚК түрлерінің әскери кеңестерінде, офицерлер үйлері мен жауынгерлер клубтарының мәжіліс залдарында орнатылады.

Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы – оның ҚР ҚК–не жататындығын көрсететін ерекше құрметті белгі.

Жауынгерлік тудың өлшемі: ұзындығы 145 см, ені 115 см.

Матаның жоғарғы шетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі шетінде «ОТАН ҮШІН» деген жазу тігілген.

Матаның сыртқы жағында жоғарғы шетінде «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл-күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген.

Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді.

Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің Жауынгерлік туын жан аямай қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеу керек.

Жауынгерлік туды жоғалтқан жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.



БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев



Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

13.09.2014 жылы.



Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кезіндегі ҚРҚК, олардың құрамы және атқаратын қызметтері, жоғары әскери орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің қазіргі кездегі туралы түсінік беру және ҚР-ның жоғары әскери орындары мен олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі түсіндіру.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Әскери антты қабылдау рәсімдері қалай өтеді?

  • ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?

  • ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?

  • Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?

  • Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?

  • Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қандай?

  • Мемлекеттік Ту дегеніміз не? Ондағы бейнелер мен өрнектер нені білдіреді?

  • Елтаңба туралы түсінігіңді айтып бер.

  • Мемлекеттік Гимнің мәтінін жатқа айт.

  • ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

  • Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол
    туралы түсінігіңді айтып бер.

  • ҚР ҚК туларының түстерін суреттей отырып айтып бер.

б) Негізгі бөлім – 22 мин. Қазіргі кезіндегі ҚРҚК, олардың құрамы және атқаратын қызметтері, жоғары әскери орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер?


ӘҚН. Т-3. Қазіргі кезіндегі ҚРҚК, олардың құрамы және атқаратын қызметтері, жоғары
әскери орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.


Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.

Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.

Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады.

Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.

Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады.

Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.

Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.

ҚР ҚК-нің құрамаларының қару – жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.

Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.

Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.

Инженерлік әскерлер. Бірде – бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.

Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ – дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару – жарақпен , техникамен , оқ – дәрілермен қамтамасыз ету және әскери – техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару – жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.

Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.

Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік – ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.

Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери – тасымалдау авиацияларынан тұрады.

Әскери – теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.

Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.

Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында:

шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.

Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.

Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай – ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.

Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.








Қазақстан Республикасындағы жоғары әскери - оқу орындары:


  • Құрлық әскерлерінің әскери институты. Алматы қаласы.

  • Ұлттық қорғаныс университеті. Алматы қаласы.

  • ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің әскери институты. Алматы қаласы.

  • Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институты. Алматы қаласы.

  • ҚР Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты. Алматы қаласы.

  • ҚР Ұлттық Қауіпсіздік академиясы. Алматы қаласы.

  • Әскери теңіз институты. Ақтау қаласы.

  • Әуе қорғанысы Күштерінің әскери институты. Ақтөбе қаласы.

  • ҚР Ішкі істер министрлігінің Жоғары әскери Ішкі әскер училищесі. Петропавл қаласы.

  • Кадет корпусы. Шученск қаласы.

  • Республикалық «Жас Ұлан» мектебі.


Ресей федерациясының жоғары әскери – оқу орындары:


  • Әскери – артиллериялық университет.

  • Пензенск артиллериялық – инженерлік институты. Пензенск қаласы.

  • Краснодар әскери – авиациялық институты. Краснодар қаласы.

  • Әскери шет тілдер институты. Москва қаласы.

  • Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) университеті. Тверь қаласы.

  • Әскери - әуе академиясы. Москва қаласы.

  • Тыл және транспорт әскери академиясының әскери филиалы. Вольск қаласы.

  • Сызранск әскери – авиациялық институты. Сызранск қаласы.

  • Әскери- инженерлік университет. Санкт – Петербург қаласы.

  • Рязанск жоғарғы әуе десанты институты. Рязанск қаласы.

  • Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) әскери университеті. Смоленск қаласы.

  • Радиациалық, химиялық, бактериологиялық қорғаныс университетінің әскери филиалы.
    Кастрома қаласы.










БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев
















Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

15.09.2014 жылы.



Сабақтың тақырыбы: ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы
әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚРҚК-нің Жалпы әскери жарғылары туралы түсінік беру және әскери атақ пен айыру белгілерін түсіндіру.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы
    айтыңдар.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер?

б) Негізгі бөлім – 22 мин. ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • әскери жарғылар дегеніміз не?

  • әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?

  • әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.


ӘЖ. Т-1. ҚК-нің басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы.
Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.


ҚР ҚК-нің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.

Әскери жарғылардың ережелерін ҚР ҚК-ндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелердің, әскери құрылымдарының орындауы міндетті.

Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. «ҚР Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 07 қаңтардағы Заңына сәйкес 2007 жылдың 05 шілдесінде №364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бекітілді.

Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым – қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез – құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери қызметшілердің сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Сондай – ақ тәуліктік күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.

Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқы баяндалады. Сондай – ақ әскери қызметшілерден келіп түскен арыз – шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.

Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен өткізілетін шараларды өткізу тәртібі айқындалады.

Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай – ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.

ҚР ҚК-де сонымен қатар ұрыстық жарғылар да болады. Ол жарғыларда сарбаздың ұрыстағы іс - әрекет тәсілдері мен міндеттері оны жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді басқару тәсілдері мазмұндалады. Ұрыстық жарғылар қазіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету ғылымын ұсынады.

Жарғылар әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік – жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Сондықтан жарғы талаптарын барлық әскери қызметшілер қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлім аумағынан тыс жерлерде болмасын - орындауға міндетті.

Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.

Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.

Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.

Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.

Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір – бірімен қарым – қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен

ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.

Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».

Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.


Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер.


ҚРҚК-нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

  • ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.


ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.


Қhello_html_m135d4195.gifұрамы

Әскери атақтар

әскерлік

Әскери атақтар

кемелік

Жауынгер мен

матростар

Қатардағы жауынгер

Ефрейтор

Матрос

Аға матрос

Сержанттар

(старшиналар)

Кіші сержант

Сержант

Аға сержант

Үшінші дәрежелі сержант

Екінші дәрежелі сержант

Бірінші дәрежелі сержант

Штаб - сержант

Шебер – сержант

Екінші сатылы старшина

Бірінші сатылы старшина

Бас старшина

Үшінші сыныпты старшина

Екінші сыныпты старшина

Бірінші сыныпты старшина

Штаб – старшина

Шебер - старшина

Кіші

офицерлер

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан - лейтенант

Аға

офицерлер

Майор

Подполковник

Полковник

Үшінші дәрежелі капитан

Екінші дәрежелі капитан

Бірінші дәрежелі капитан

Жоғары


офицерлер

Генерал – майор

Генерал – лейтенант

Генерал – полковник

Армия генералы

Контр адмирал

Вице адмирал

Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.

Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.




БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев





Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

20.09.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастық-
    тар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер,олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әскери қызметшілердің құқықтары мен өзара қарым-қатынас туралы туралы түсінік беру және бастықтар мен бағыныштылар, аға және кіші офицерлер туралы түсіндіру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР ҚК жарғылары.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • әскери жарғылар дегеніміз не?

  • әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?

  • әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?


ӘЖ. Т-2. Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.


Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.

Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».

Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.


Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Аға және кіші шенділер.


Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша әскери қызметшілер бір – біріне бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастық дегеніміз – атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүргізетін әскери қызметші. Бастықтың бағыныштыға бұйрық беруге құқығы бар және олардың орындалуын жүзеге асыруға міндетті. Бағыныштының адамдық қадір – қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

- армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.

Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.

Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.







БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев















Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

22.09.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы,әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерлердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға беретін тәртіптік жаза.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери тәртіп пен әскери құқықтың негіздерімен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Тәртіптік жарғы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

  • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы,әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерлердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға беретін тәртіптік жаза.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери тәртіп дегеніміз не?

  • Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?

  • Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?

  • Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?

  • Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?


ӘЖ. Т-3. Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы,әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерлердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға беретін тәртіптік жаза.


Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.


Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.


а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;

в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік туыныың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;

е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;

и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.


Тәртіптік жазалар.


Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:

а) сөгіс.

ә) қатаң сөгіс;

б) кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;

ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың лауазымын төмендету;

ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.

Тәртіптік жаза ол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.

Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.









БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев







Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

27.09.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Ротаның нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтау, тікелей бастықтар келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін ұғындыру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Гарнизондық және қаурауылдық қызмет жарғы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Әскери тәртіп дегеніміз не?

  • Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?

  • Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?

  • Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?

  • Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Ротаның нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтау, тікелей бастықтар келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?

  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?

  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?

  • Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?

  • Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?

  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?


ӘЖ. Т-4. Ротаның нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтау, тікелей бастықтар келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері.


1-ші оқу сұрағы: . Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және

қарулануы.

Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.

Тәуліктік нарядтың құрамы:

  • бөлім бойынша кезекші;

  • бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

  • қарауыл;

  • кезекші бөлімше;

  • парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер;

  • кезекші фельдшер және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;

  • бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;

  • асхана бойынша кезекші және оның жұмысшылары;

  • бөлім штабы бойынша кезекші;

  • кезекші белгі беруші- барабаншы;

  • шабармандар;

  • өрт наряды.

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші; бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; қарауылдың бастығы; парк бойынша кезекші; кезекші бөлімше; тәуліктік наряд пен жұмыстарға нарядқа бөлінетін бөлімшелер.

Ротаның тәуліктік нарядына:

  • рота бойынша кезекші; (сержанттар)

  • рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.

2-ші оқу сұрағы: Рота бойынша кезекшінің міндеттері:

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері:

  • рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

  • бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

  • ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

  • жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, дабыл немесе өрт болған жағдайда оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

  • үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;

  • әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

  • әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

  • ротаға тікелей бастықтары келген кезде «Тіктел!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келгенде «Рота бойынша кезекші, мұнда кел!» деп шақыруға;

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.

Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.

3-ші оқу сұрағы: Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне

арналған орынның жабдықталуы:

  • белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;

  • байланыс құралдары (сымтетік, селектор);

  • сағаттар;

  • жарықтандырудың резервтік көздері;

  • тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.

Тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стендте мынадай құжаттар болуы тиіс:


  • кезекшіге және оның көмекшісіне қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайдағы нұсқаулар;

  • күн тәртібі;

  • телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;

  • өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;

  • құжаттар мен мүліктердің тізбесі;

  • кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;

  • ҚР ҚК-нің жарғылар жиынтығы;

Рота бойынша кезекшіде:

  • кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;

  • ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, сымтетіктері мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізім;

  • таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;

  • аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;

  • қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;

  • дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.






БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев




















Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

29.09.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметті міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып,АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?

  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?

  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?

  • Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?

  • Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?

  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қарауыл дегеніміз не?

  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

  • Сақшы дегеніміз не?


ӘЖ. Т-5. Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері,
бекет оны жабдықтау және жарақатандыру.


Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.

Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.

Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.

Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.

Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.

Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылғашығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.


Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.









БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев





























Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

6.10.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника,
    бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш

бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

- Қарауыл дегеніміз не?

  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

  • Сақшы дегеніміз не?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.


ТД. Т-1. ҰРЫСТЫҚ ӘРЕКЕТ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ МОТОАТҚЫШ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.

Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

  • бөлімше командирі - К;

  • көздеуші – оператор - КО;

- механик – жүргізуші - МЖ;

- пулеметші - П;

  • гранататқыш - ГА;

- гранататқыштың көмекшісі - ГК;

- аға атқыш - АА;

- атқыш - А.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев


Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

9.10. 2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, қарсыласты жою құралдары, сарбаз-дардың және әскери бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сәтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс сипатын түсіндіру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

  • қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  • қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  • қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.


ТД. Т-2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҰРЫС СИПАТЫ.

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды (объектілерді, шептерді) ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпыәскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты талқандауға болады. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.
Мотоатқыш бөлімшелері - қарсыласты жеңіліске ұшырату дәрежесіне байланысты ЖҰМ-да немесе жаяу ретте шабуылдауы мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу, сонымен бірге сыналап кірген қарсыласты жою және жағдайды қалпына келтіру мақсатында қарсы шабыл жүргізумен сипатталады.

Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі.

Бетпе – бет ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында:

шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде,

қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін.

Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару пайдалану жағдайында үлгергенге дейінгі қашықтықта ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.









БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев



















Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

11.10.2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік,химиялық, тылдық және техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бөлімшенің ұрыс кезіндегі ұрыстық және жорықтық тәртібімен таныстыру және ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері туралы түсінік беру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

  • қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  • қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  • қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік, химиялық, тылдық және техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Бөлімшенің жорықтық реті дегеніміз не?

- Бөлімшенің ұрыстық реті дегеніміз не?

- Сарбаздың ұрыстағы міндеттері?


ТД. Т-3. Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік, химиялық, тылдық және техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері.


Мотоатқыш бөлімше (МАБ) – жауынгерлік міндетті орындауға орай, қарсыластың әрекеті мен төңіректің жағдайына байланысты жорықтық және ұрыстық ретте болуы мүмкін.

Бөлімшенің жорықтық реті – лек. Ол маршта, ізіне түсу, маневр жасау кезінде қолданылады және шапшаң жылдамдықпен ілгерілеуді және ұрыстық ретке шапшаң жайылуды қамтамасыз етуге тиіс. Жорықтық ретте бөлімше бір-бірден не екіден лек түзіп сапталуы мүмкін. ЖҰМ-да (БТР-де) болғанда бөлімше взводтың құрамында ілгерілейді, онда машиналар белгіленген арақышықтықты сақтап бірінің соңынан бірі жүреді.

Үрыстық рет – бөлімшенің ұрыс жүргізу үшін тізілуі.

hello_html_m621b3d38.pngШабуылда жаяу ретпен шабуылдауда бөлімшенің ұрыстық
реті тізбектен және ЖҰМ-нан (БТР-ден) тұрады. Тізбектегі
сарбаздардың арасындағы аралық 6-8 метр (10-12 адым). Егер
бөлімшенің тізбегінде жеті адам шабуылдайтын болса, онда
әлгіндей аралықтар кезінде бөлімшенің шабуылының
маңдайшебі 50 метрге дейін (6-8 метр х 7) болады. ЖҰМ (БТР)
төңіректің ой-қырын пайдаланып, таса-тасаның арасымен
тізбектің соңынан, өз қаруынан атқылау арқылы арқылы
шабуылдаушы танктер мен жеке құрамды сенімді қолдауды
Мотоаткыштар бел!мшесінің тізбекке жазылуы: қамтамасыз ететіндей қашықтыққа ілеседі,сондай-ақ қаптал-

а—жаяуланудан кейш; э—лектен б1р-б!рден да жүреді, ал тұрақтандырылған қаруы бар жаяу әскер ұрыс
машиналары тікелей өз бөлімше-нің тізбегінде шабуылдайды.

Бөлімше тізбекке ЖҰМ-нан (БТР-ден) түсіп жаяулағаннан кейін не лектен жайылады. Жаяулап шабуылдағанда мотоатқыш бөлімше танктің соңынан 100-200 м кейіндеп ілгерілейді, мұның өзі жеке құрамның өз артиллериясының снарядтарының жарылуынан қауіпсіз болуын және танктердің ілгерілеуін атыс құралының атқылауымен сенімді қолдауды қамтамасыз етеді. МАБ-ше үшін артиллерияның атысынан қауіпсіз қашықтық жаяу шабуылдау кезінде – 400 м (гранаттардың жарылуынан – 200 м), ЖҰМ-да (БТР-де) – 300 м және танктер үшін – 200 м деп есептеледі.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Мотоатқыштар бөлімшесі көршілес бөлімшелермен өзара қимылда жүзеге асырады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Сондықтан ол бөлімшені және атысты шеберлікпен және сенімді түрде басқара білуі қажет. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.

Бөлімшені басқару - бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.

Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.

Атысты басқарудың тәсілдері. Командир жауынгерлер мен бөлімшелер қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі. Жалаушалар ұзындығы 40см таяқшаға орнатылады. Жалаушаның өлшемі 32х22см сары (ақ) және қызыл түсті болады. Ақ, қызыл және жасыл түсті қол шамдар қолданылады.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс бөлімше үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек. Түнде жарық бүркенішімен дыбыс бүркеніші үлкен мәнге ие болады.

БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев





Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

      1. жылы.


Сабақтың тақырыбы: Инженерлік бекіністер, ҚР-ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі миналары,олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, жасырынған миналарды анықтау, табу тәсілдері.

  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналарды қолдана алу қабілеттерін меңгерту, ой-өрісін кеңіту.

  2. Уақыты: 45 минут.

  3. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

- Бөлімшенің жорықтық реті дегеніміз не?

- Бөлімшенің ұрыстық реті дегеніміз не?

- Сарбаздың ұрыстағы міндеттері?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Инженерлік бекіністер, ҚР-ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы

негізгі миналары,олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету
механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, жасырынған миналарды анықтау, табу
тәсілдері.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттер қандай материалдардан жасалады?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттер.қандай мақсаттарға арналып бөлінеді?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттердің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттерді орналастыру орны қалай таңдалады?

- Жаяу әскерге қарсы миналар қалай бөлінеді?

- Жаяу әскерге қарсы миналар қалай орналастырылады?

- Жаяу әскерге қарсы минаның құрылысы туралы айтыңдар.

- Миналарды залалсыздандыру туралы айтыңдар.

ТД. Т-4. Инженерлік бекіністер, ҚР-ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі
миналары, олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету
механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, жасырынған миналарды анықтау, табу
тәсілдері.

Жарылмайтын инженерлік бөгеттер.

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз - қарсыласқа шығын келтіру, оның жүрісін бөгеу, айла қолдануын қиындату және артиллерия, танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар, ғимараттар мен бөгеттер.

Жарылмайтын бөгеттер топырақ, ағаш, ағаш-топырақ, металл, тас, бетон, темір-бетон, мұз, қардан жасалады.

Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы, көлікке қарсы, десантқа қарсы, аралас болып бөлінеді.

Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:

  1. стационарлы (орлар, үйінділер, баррикадалар, сым темір қақпалар және т.б.)

  2. тасымалы (сым темір ширатпалар, тікенді сымдардан, бөренеден айқастырып жасалған тосқауыл, бөгет, керме ағаш)

Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланысты атыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.

Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы, тікбұрышты және үшбұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге - байқалмайтын сым торлар, сым ширатпалар, тез қондырылатын тікенекті сым бөгеттер, сым торлар, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.

Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт (пакет) элементтерден жасалып орнатылады. Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1,2 м дейін, ұзындығы мен ені 10 м, биіктігі 90см болатын тор кеңістік пайда болады.

Иректі сымдар жергілікті жерге ені бойынша 2-3 қатардан, биіктігі бойынша 1-2 қабаттан орналастырылады. Орнатылған соң әр ирек ұзындығы 10 м, биіктігі 90 см цилиндр тәрізді болады.

Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады.

Сым торлар - биік және аласа қазықшаларға созылып тартылады.

Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде, ені 3-5 м, биіктігі 1,2 м кеңістік тор жасай орналастырылады.

Аласа қазықшаларға созылған сым тордың ені 6 м жетеді. Ұзындығы 70 см қазықшалардың бір-бірінен қашықтығы 1,5 м, жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Сымды қоршаулар тікенді сымның бес жібімен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады (үшеуі - көлденең, екеуі - диагональ бойынша).

Күшейтілген сымды қоршау - екі-үш көлденең сым бекітілген, қазықшалармен күшейтілген әдеттегі сымды қоршау. Созылымдары арасы 1,5 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан қағылған кіші қазықшаға бекітіледі.

Тікенектер мен керме ағаштар - тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға, орларға, бөгеттердегі өтпелерге қондырылатын тасымалы ретінде қолданылады.


Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналар.

ҚР ҚК негізгі миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы


Жаяу әскерге қарсы миналар қарсыластың тірі күшіне қарсы жергілікті жерді миналауға арналған.

Жаяу әскерге қарсы миналар фугасты және жарықшақты әсерлі миналарға бөлінеді, олар жарылғыш заттың ЖЗ заряды және корпусының жарықшақты әсерінен адамды жояды.

Миналар - ұрыстық жағдайы, жер бедеріне байланысты топыраққа, топырақтың бетіне, қарға немесе топырақ бетінен биіктікте орналастырылады.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату, тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату, өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы мен жеке миналар түрінде жасалады.

Мина - жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар, бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғаш заттың заряды.

Миналар - танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығару, қарсыластың адам күшін жою, әр түрлі объектілер мен басқа да нысаналарды қиратуға арналған.

Минаның негізгі элементтері: жарылғыш заттың заряды; жарылғыш; қозғалтқыш құрылғысы; корпус.

Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе объектіні негізгі қирату қуатын таратушы болып табылады.

Заряд екі бөлшектен: негізгі зарядтан; аралық детонатордан тұрады.

Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен объектіні қирату деңгейіне байланысты. Мысалы, ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе, танкіге қарсы миналарда ондық килограммен, ал ірі объектілерді қирату үшін жүздеген килограмм немесе тоннамен есептелуі мүмкін.

Жарылғыш минадағы жарылғыш заттың зарядын қыздыруға арналған. Ол бір-біріне қосылған соққыш-ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.

Жарылғыш зарядтың заряды бар, бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталып, осы түрінде зауыттарда өндіріледі, қоймаларда сақталады және кез келген көлікпен тасымалданады. Толық жарақталған миналарда енгізілген жарылғыш-электродетонатор болады.

Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.

Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:

  • үстінен басу қақпағы;

  • қазықша;

  • керме сым;

  • басқару сымдары және т.б.

Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы жарықшақты миналардың корпусы, сонымен қатар қарсыластың тірі күшін корпус жарықшақтарымен жоюға аранлған.

Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадан және басқа материалдардан жасалады.

Миналар жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа жер үстіндегі жылжымалы техникасын жойап құрту мақсатында жергілікті жерді миналауға арналған.

Танкіге қарсы миналар:

  • шынжыр табанға қарсы;

  • түпастыға қарсы;

  • бортқа қарсы болып бөлінеді.

Шынжыр табанға қарсы миналар тек танк жүріп келіп шынжыр табанымен басқан кезде ғана жарылып, жарылыс кезінде танк түбін қиратып, оны тоқтатады.

Түпастыға қарсы миналар танк шынжыр табаны және түбімен басқан кезде танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып, оны тоқтатады.

Жарылу күші, кгс/с қолданылатын жарғышпен анықталады.

Қолданудың температуралық диапазоны -50град +50 градусқа дейін.

Орналастыру тәсілі механизация құралдарымен және қолмен атқарылады.

Миналар жергілікті жерлерде топырақ жағдайына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады. Миналар тікелей топырақ бетінде немесе топыраққа көміліп орналастылуы мүмкін.

Топырақ бетіне мина орналастыру төмендегі жағдайларда жүргізіледі:

  • өте қатты топырақты жерлерде;

  • қарсыластың шабуылдаушы танкілеріне ұрыс барысында тікелей миналау.

Минаны топыраққа қондыру кезінде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек. Миналарға арналған шұңқырлар көлемі 0,6х0,6м болады және олар қарсылас жағынан жабылады.

Танкіге қарсы үстінен басу әрекеттік миналар шұңқырларға қақпағы қатты топырақтан 2-3 см шығып тұратындай етіп, ал бос топырақты оның бетімен бірдей тегіс етіп орналастырылады.

Жолдарда миналар қатты топырақта, жол материалдарымен бүркемеленіп орналастырылады. Ми батпақты жерлерде мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай, қазықша немесе құрғақ бұтақтар салынады.

Қазықша жарғышы бар миналар қалың шөп; ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да, 5-8 см қалыңдықтағы топырақ үйіндісімен бүркемеленеді. Шұңқыр қазылған кезде шығарылған топырақ минаны бүркемелеуге, ал қалғаны жергілікті жердің ой-шұңқырына тасталады.

Танкіге қарсы ТМ-57 минасы.

ТМ -57 минасы:

  • бастырма қақпағы бар корпустан;

  • зарядтан;

  • МВЗ-57; МВ-57; МВШ-57 жарылғыштарының біреуінен тұрады.

Корпусы болаттан жасалады, бастырма қақпағы бар. Қақпағының ортасында жарғышты бұрап кіргізетін саңылау болады. Бүйірінде электродетонаторға арналған кертікті тұтандырғыш ұясы бар. Мина түбінде тасымалдауға арналған тұтқасы болады.

Минаның әрекет принціпі.

Қойылған минаның үстінен басқан кезде қақпақ майысады және жарғыш пен мина қақпағы төмен түседі, жарғыштың соққы механизмі минаның диафрагмасына тіреледі; бұл кезде мұрындық қиылады, соққы босатылады. Соққы серпінінің әсерінен соққыш капсюль-детонаторды теседі де, ол да мина да жарылады.

ТМ-62 минасының құрылысы.

Толық жарақталмаған ТМ-62 сериялы миналар - корпусқа бекітілген ЖЗ заряды бар, жарғыш астында жүйелі тесіктері бар корпуссыз не қабықты миналар. Сақтау кезінде тесіктер пластмасса не полиэтилен тығынымен жабылады. ТМ-62 минасы: зарядпен жарақталған корпустан;МВЧ-62, МВЗ-62 немесе МВШ-62 жарылғыштарының біреуінен тұрады.

Жаяу әскерге қарсы миналардың негізгі тактика-техникалық сипаттамалары:


Миналар маркасының сипаты

ПМД-6М

ПМН



ПМН-2

ПОМЗ-2М

ОЗМ-72

Мина түрі

Фугасты

Фугасты

Фугасты

Жарық-шақты

Жарық-шақты

Мина массасы, г

490

550

400

1200

5000

ЖЗ зарядының түрі мен массасы

Тротил, 200

Тротил,

200

ТГ-40,

100

0,075

0,66

Корпусының түрі

Ағаш

Пластмасса

Пластмасса

Металл

Металл

Жарылғыш түрі

МУВ

Құрастырмалы

Құрастырмалы

МУВ-2

МУВ-4

Күші, кг

6

8-25

5-25

0,5

-

Қою тәсілі

Қолмен

Қолмен

Қолмен

Қолмен

Қолмен

ПМН минасының құрылымы.

ПМН минасы: корпустан; ЖЗ зарядынан; жетектен; сақтандырғыш-механизмнен тұрады.

Корпус ЖЗ мина механизмдерін орналастыруға қызмет етеді. Ол пластмассадан жасалған, цилиндр формасы бар, үстінен қақпақпен жабылады. Корпуста сақтандырғыш-детонатор механизмі элементтерін орналастыруға арналған екі арнасы бар. Заряды - тротил мен гексоген қоспасы (ТГ-40).

Жетек серіппелі тығырыққа сүйенген пластмасса тетікке қосылады.

Сақтандырғыш-детонаторлық механизм атыс тізбегін бұзып, минаның сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Миналарды залалсыздандыруға егер олар алынатын қалыпта болса ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналар, қақпағы, жарғыштары, корпустары зақымданған миналар, артиллериялық снаряд жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тыйым салынады. Мұндай миналар сол орнында жарғыш заттардың бастырма зарядтары жарылысымен жойылады.

Алынбауы толық дәлелденбеген миналарды қойылған жерінен тармақ көмегімен қауіпсіз қашықтыққа немесе бойтасаға әкетіп сонан соң залалсыздандырылады немесе жойылады.


БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев







































Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

18.10.2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздардың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі әрекет.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жауынгердің ұрыстағы міндеттерін және ұрыстағы іс-әрекетін үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттер қандай материалдардан жасалады?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттер.қандай мақсаттарға арналып бөлінеді?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттердің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Жарылмайтын инженерлік бөгеттерді орналастыру орны қалай таңдалады?

- Жаяу әскерге қарсы миналар қалай бөлінеді?

- Жаяу әскерге қарсы миналар қалай орналастырылады?

- Жаяу әскерге қарсы минаның құрылысы туралы айтыңдар.

- Миналарды залалсыздандыру туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздардың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі
әрекет.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?

  • ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады?

  • миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.

  • инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?

  • радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады?

  • жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?


ТД. Т-5. Жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздардың қозғалу тәсілдері,

ядролық жарылыс кезіндегі әрекет.


Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк жәңе машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т. б. табысты қимылына байланысты болады.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін қорғаныс тұрақты және берік болады.

Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.

Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.

Бұл міндеттерді табысты орындау үшін жауынгер табанды түрде оқып, табанды түрде жаттығып, жоғары моральдық- жауынгерлік қасиеттерді меңгеруі және өзінің дене дайындығы мен шыдамдылығын, төзімділігін көтеруі тиіс.

Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.

Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.

Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20 - 40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып , белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.

Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек. Жер бауырлай жылжу кезінде басты жоғары көтеруге болмайды.

Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет. Бұл кезде қаруды жер бауырлай еңбектеп жылжудағы сияқты ұстау керек.

Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.

Жер бауырлай жылжу кезінде жауынгер үнемі ұрыс алаңын бақылай отырып және кез- келген уақытта оқ атуға дайын болуы тиіс.

Бөгттерден (өзен, жыра, батпақ жәнет.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабул екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жіргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.

Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.

Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі(төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; иналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.

Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күиәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек.

Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауінгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қоғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.

Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.

Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.

Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, қзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Оқпана жергілікті жердегі шым қыртысымен, шөптермен, ал қыста қарменен бүркемеленеді.Зақымданған жерде орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталынады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек.


БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев















бар

Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

20.10.2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және оқпанадан шығып қозғалу тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаттарымен, қарумен ату және қоян-қолтық ұрыс кезінде).

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жауынгерлердің шабуыл кезіндегі іс- әрекеттерді дұрыс

орындай алу шеберлігін арттыру, шапшаңдығын дамыту.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  3. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

- ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?

  • ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады?

  • миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.

  • инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?

  • радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады?

  • жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және
оқпанадан шығып қозғалу тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаттарымен,
қарумен ату және қоян-қолтық ұрыс кезінде).

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

- төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар


ТД. Т-6. Шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және оқпанадан шығып қозғалу тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаттарымен, қарумен ату және қоян-қолтық ұрыс кезінде).


Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамсдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс.Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.

Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.






БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев














бар

Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

25.10.2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану ке-
    зінде ату позициясынан (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау және жасыру.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қорғаныстығы жауынгердің міндеттерін дұрыс орындай алу

шеберлігін арттыру, әскери шеберлігін дамыту.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  3. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

- төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану ке-
зінде ату позициясынан (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған
оқпананы жабдықтау және жасыру.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

- ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?


ТД. Т-7. Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясынан (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау және жасыру.


Жауынгер қорғаныста - өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қа-руын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана оты-рып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.


Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағ-дарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілардің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде қай өз бетінше командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.

Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жату қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет.
Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек.


Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.

Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр табаны астына гранатты лақтырады. Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне гранатаны лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан ату арқылы жояды.

Қарсыластың жаяу әскері оқпанаға 30-40м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлері қорғаныстың алдыңғы шебіне шықса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгімен және дүмбімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды.












БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев


















бар Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

27.10.2014 жылы.



  1. Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға орынды таңдау және арналған
    орынды таңдау мен жабдықтауға қойылатын талаптар,жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бақылаушы жауынгердің міндеттерімен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу,
оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

- ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға орынды таңдау және арналған
орынды таңдау мен жабдықтауға қойылатын талаптар,жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері
және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша
мәлімдеу тәртібі.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бақылаушының міндеттері қандай?

  • бақылаушы қайда орналасады?

  • бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?

  • бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?


ТД. Т-8. Бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға орынды таңдау және арналған орынды таңдау мен жабдықтауға қойылатын талаптар,жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі.


Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу.

Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз(компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.

Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны – оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді. Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті.

Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс ай-мақты байқайды.

Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.

Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б.


Бақылау журналындағы жазу формасы


Бағдарлау уақыты

Қайда, не байқалды

Кімге, қашан баяндалды.

6сағ 10мин

«Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын,

бұта арасында – «бақылаушы»

Бөлімше командиріне

7сағ 20мин

Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк»

Бөлімше командиріне


Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады.









БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев










бар Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

6.12.2014 жылы.



Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі:Оқушыларды автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдеріне үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың автоматтан ата алу қабілеттерін дамыту, қаруды меңгере

алу деңгейін арттыру.

Б). Тәрбиелігі: Оқушыларды ептілікке , шапшаңдыққа, батыл ер жүректікке тәрбиелеу.


Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, автоматтың макеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.


ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • жарықшақты қол гранатын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі?

  • түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады?

  • лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар.

  • Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ: АЕ. Т-1. Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

Оқу сұрақтары:

1. Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.

1-ші оқу сұрағы 25 мин АЕ. Т-1. Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

Жалпы ережелер.

Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен қоса тасымалданады.

Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден әр түрлі жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.

Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет.

Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Автоматшы (пулеметші) (Ахмедовке) ату орны анау жерде – ұрысқа!» Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.

Ату орнын ауыстыру үшін: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт – алға!» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.

Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады.

Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.

Әрбір автоматшы (пулеметші) ату үшін ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін біріңғай жағдай жасауы қажет.

Автоматтан (пулеметтен) ату – атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатуда құралады.

Атысқа оңтайлану.

Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға – адым бас!», содан кейін «Оқта!», ал керек болған жағдайда: «Оқта!» пәрменінің алдында атыс орны көрсетіледі.

Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.

  1. «Белдікке» жағдайындағы автомат үшін – оң қолды белдіктің бойымен жоғары көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстайды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жылжиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол қолының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол қолдың алақанында ұсталады.

  2. Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін – сол қолмен құндағының астынан және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.

Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.

Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:

  1. егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.

  2. егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.

«Кеудеге» жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рұқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұрады.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?

  • Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау қажет?

  • Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін пайдаланады?

  • Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде қандай жағдайда ұсталынып тұрады?

  • Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.

  • Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 5.2



БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев


бар

Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

8.12.2014 жылы.


Сабақтың тақырыбы: Атысты жүргізу.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі:Оқушыларға атыс жүргізу кезіндегі тәсілдерді үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың атыс жүргізу кезіндегі тәсілдерді дұрыс меңгере алу

қабілетін дамыту, білім деңгейін арттыру.

Б). Тәрбиелігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, елін жерін қорғай алатын азаматтар болуға ,өз елінің

патриоты болуға тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: Автомат макеті, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.


ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?

  • Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау қажет?

  • Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін пайдаланады?

  • Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде қандай жағдайда ұсталынып тұрады?

  • Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.

  • Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ: АЕ. Т-3. Атысты жүргізу.

Оқу сұрақтары:

  1. Атысты жүргізу.


ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.

1-ші оқу сұрағы 25 мин. АЕ. Т-3. Атысты жүргізу.

Автоматтан (пулеметтен) ату пәрмен бойынша немесе қойылған тапсырма мен жағдайға байланысты және өздігінен жүргізіледі.

Оқ атуға арналған пәрменде: кімге ату керек, нысана, көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетіледі. Мысалы: «Мынадай автоматшыға (пулеметшіге), төрт бақылаушы бойымен, нысана түбіне – ат!», «Бөлімше, бес лекпен, беліне – ат!».

400 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде көздеуіш пен көздеу нүктесі көрсетілмеуі мүмкін. Мысалы: «Автоматшы (пулеметші), шабуылдаушы жаяу әскерді – ат!». Бұл пәрменде автоматшы (пулеметші) 4 немесе «П» көздеуішімен атады, ал көздеу нүктесін өзі таңдайды.

Атысты жүргізу (ату) мыналарды қамтиды: көздеуіш пе ауыстырғышты қою, көздеу, шүріппені босату және атыс кезінде автоматты ұстап тұру.

Көздуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып, қамытшаны көздеуіш тақтасының бойындағы санға оның алдыңғы қырын қажет бөлікпен үйлескенше жылжытады. Пулеметте көздеуішті қою көздеуіш тақтасының ішкі жағындағы шкала бойынша жүргізіледі.

Ауыстырғышты талап етілетін атыс түріне қою үшін оң қолдың бас бармағымен ауыстырғыштың шығыңқысын басып, ауыстырғышты автоматты атыс жүргізу үшін, бірінші шертпеге дейін – автоматты түрде атыс жүргізу үшін, екінші шертпеге дейін – жекелей атыс жүргізу үшін төмен бұрады.

«Автоматты (пулеметті) орнықтыру үшін оны сол қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап және нысананы көзден таса қылмастан, құндақты иыққа оның бүкіл желкелігімен тығыз қабысқанын сезінетіндей етіп иыққа тірейді. Оң қолдың сұқ саусағы ағытқыш ілмекке салынады.

Бұл ретте екі шынтақ, шамамен, иықтар енінде жерге тіреледі, бас сәл алға еңкейтіліп, мойын сірестірілмей, оң жақ шеке құндаққа тигізіледі.

Автоматты оқжатардан не құндақтан сол қолмен, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.

Пулеметті ұстау: жатып ату, оқпанадан тұрып немесе тізерлеп ату кезінде – сол қолмен дүм мойнынан не дүм астынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан тізерлеп және оқпанадан тыс тұрып ату кезінде – сол қолмен құндақтан немесе оқжатардан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқадан ұстайды.

Автоматты орнықтыру кезінде шынтақтар:

  • жерге мейлінше ыңғайлы жағдайда қойылады;

  • сол қолдың шынтағы сол аяқтың тізе маңындағы бұлшық етке қойылады, ал оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі;

  • сол қол шынтағы гранат салатын сөмкенің қасындағы бүйірге қысылады, егер автомат (пулемет) оқжатардан ұсталса, оң қол шынтағы иық биіктігіне сәйкес көтеріледі.

Егер автоматты орнықтыру кезінде ату үшін автоматты (пулеметті) мықты ұстап тұруға арналған бау қолданылса, онда бау автоматты құндаққа қысатындай сол қол білезігіне орналастырылуы керек.

Егер дүмдегі бау атыс кезінде автоматты (пулеметті) мықтап ұстап тұру үшін қолданылатын болса, онда бауды сол қол саусақтарының астына ол оны құндақтарына қатты қысатындай етіп орнату керек.

Көздеу бір көзбен жүзеге асырылады. Көзделетін көзді таңдау туралы мәселе жетекші көз деп аталатынды анықтау жолымен жүргізіледі. Бұл үшін бір бет қағазды диаметрі 2,5-3см етіп дөңгелектеп тесіп, қағазды созған қолда ұстап тұрып, басты қозғалтпай, екі көзбен жарықта орнатылған нысанаға қарау керек. Содан кейін кезекпен оң және сол көзді жұмып, нысананы қадағалау керек. Егер сол көзді жұмғанда нысана көрінген болса, ал оң көзді жұмғанда, ол қағаздың тасасында қалса, онда атқыштың жетекші көзі оң көз болғаны.

Көздеу үшін сол көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қарауыл ойық ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғары шеттерімен бірдей болуы, яғни тегіс қарауыл алынатындай етіп бұрау керек.

Дем шығарған тынысты тоқтатып, шынтақты қозғау, ал егер қажет болса, дене мен аяқты қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтың бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басады.

Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры көлбеу жағдайда болуын қадағалау керек.

Шүріппені ағыту үшін автоматты (пулеметті) құндағынан немесе оқжатарынан нық ұстап, ал оң қолмен, демді ішке тартып, шүріппе ұрыстық қайырмадан ағытылығанша, яғни атыс болғанша, ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Егер көздеу кезінде тегіс қарауыл көздеу нүктесінен едәуір ауытқыса, ағытқыш ілмекке түсетін қысымды күшейтпей де, бәсеңдетпей де, көздеуді дәлдеп және ағытқыш ілмекке қайтадан күш түсіру керек.

Шүріппені ағытқанда, тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне назар аударуға болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі кезінде ағытқыш ілмекті соңына дейін басуға тырысқаннан, ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.

Түйдектете ату кезінде автоматтың құндағын иыққа қысқан күйінде нық ұстап, шынтақтардың жағдайын өзгертпей, көздеуіштің ойығында тегіс қарауылды көздеу нүктесімен дәлденуін сақтау керек. Ауқымды нысананы түйдектей ату кезінде тегіс қарауылды нысананың бірінен екіншісіне баяу ауыстыру керек. Жатып ату кезінде автоматтың оқжатарын жерге тіреуге рұқсат беріледі.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Атысты жүргізуде қандай тәсілдер қолданылады?

  • Автоматтың көздеуіші мен нысана көздеуіші қалай қойылады?

  • Автоматтан (пулеметтен) ату кезінде көздеуге арналған тегіс қарауыл туралы айтыңдар.

  • Атыс жүргізу кезінде автоматты (пулеметті) орнықтырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 5.3.

БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев

Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

13.12.2014 жылы.


Сабақтың тақырыбы: АЕ. Т-4. Атысты тоқтату.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі:Оқушыларды атысты тоқтату шарттарымен таныстыру.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың атысты «Тоқтат» пәрмендерін дұрыс орындай алу қабілеттерін

дамыту, ептілік деңгейін арттыру.

Б). Тәрбиелігі: Оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру,әскери тәртіпті дұрыс орындай алуға

тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: Автомат макеті, АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.


ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.


  • Атысты жүргізуде қандай тәсілдер қолданылады?

  • Автоматтың көздеуіші мен нысана көздеуіші қалай қойылады?

  • Автоматтан (пулеметтен) ату кезінде көздеуге арналған тегіс қарауыл туралы айтыңдар.

  • Атыс жүргізу кезінде автоматты (пулеметті) орнықтырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?

ІІІ.Жаңа сабақ: АЕ. Т-4. Атысты тоқтату.


Оқу сұрақтары:

  1. Атысты тоқтату.

ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.

1-ші оқу сұрағы 25 мин. АЕ. Т-4. Атысты тоқтату.

Жағдайға байланысты атысты тоқтату уақытша және толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату үшін «Тоқтат!», ол жалғасу жағдайында: «Атысты тоқтат!» пәрмендері беріледі. Бұл пәрмендер бойынша автоматшы (пулеметші) ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды, қажет болса, оқжатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін:

  • автоматтан (пулеметтен) оқжатарды алу;

  • жарақталған оқжатарды қосу керек.

Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалмаған болса, оқталған оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосқаннан кейін, автомат сақтандырғыштан босатылады, бекітпе жақтауы шегіне дейін кері шегеріліп жіберіледі де, автомат қайтадан сақтандырғышқа қойылады.

Атысты толық тоқтату үшін: «Тоқтат!» пәрменінен кейін бұған қоса: «Оғын ал!» пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа көздеуішін «П»-ға, ал пулеметте көздеуішті 1-ге және 0-ге қойып, оғын алады. Жатып ату кезінде дүм жерге түсіріледі, ал автоматтың ауыз жағы сол жақ иыққа салынып, жауынгер жағдайға сәйкес әрекет жасайды.

Оқпанадан атыс жүргізу кезінде оғы алынған соң, автомат оқпананың топырақ қалқасына бекітпе жақтаудың тұтқасымен төмен қарай қойылуы мүмкін.

Автоматтың (пулеметтің) оғын алу үшін:

  • оқжатарды алу;

  • автоматты (пулеметті) сақтандырғыштан түсіру;

  • бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, кері қарай апарып, патронды оқтықтан шығарып, бекітпе жақтауын босату;

  • ағытқыш ілмекті басу;

  • автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қою, егер ату тұрған жағдайда жүргізілсе, оны «белдікке» алу немесе егер ату жатып жүргізілсе, жерге қою;

  • оқтықтан шығарылған патрондарды жинап алу керек.

Оқжатардан патрондарды алу үшін оқжатардың өңешін жоғары ұстап, тірек шығыңқысын өзіне қаратып, сол қолға алады, оң қолмен патрон көмегімен патрондарды бір-бірлеп оқжатардан сыртқа қарай шығарады, бұдан кейін оқжатарды автоматқа қайта қосып, жұмсалмаған патрондарды жинап алады.

Тұру үшін екі қолын кеудеге тартып, автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап тұрып, сонымен бірге екі аяқты бірге қосып, қолды дереу түзете, кеудені жерден көтеріп, оң (сол) аяқты алға қарай апарады, тез тұрады да, әрекет жасайды.

Оғын алғаннан кейін, егер қажет болса, автомат «Қаруды-қаруға!» пәрмені бойынша қаралады.

Бұл пәрмен бойынша:

  • жатып ату жағдайында: оқжатар алынып, оны автоматтың жанына өңешін өзіне қаратып қояды, автоматты (пулеметті) сақтандырғыштан босатып, бекітпе жақтауын артқа тартып, автоматты біршама солға бұрады;

  • түрегеп тұрып ату жағдайында: автоматты (пулеметті) сол қолмен астынан құндағынан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатарды ажыратып алады, оны дөңес жағымен сыртқа қаратып, бергішін жоғары беріп, сол қолға ауыстырады, сол қол саусақтарымен оқжатарды автоматтың құндағына қысып, автоматты біршама солға бұрады. Командир оқтық пен оқжатарды қараған соң бекітпе жақтауын алға жібереді, шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады және автомат (пулемет) сақтандырғышқа қойылады; одан кейін оқжатары қосылып, автомат «белдікке» жағдайына алынады.

Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері.

Автоматшы (пулеметші) ату үшін тіреу немесе таса биіктігіне байланысты жатып ату, тізерлеп және түрегеп тұрып ату жағдайларында орналасады.

Тіреуден ату үшін автоматты құндағымен тіреуге тіреп қойып, оны сол қолмен оқжатарынан немесе құндағынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап тұрады.

Тіреуден пулеметші ату үшін тіреу пулемет механизмдерінің жұмысына кедергі жасамайтындай оны құндағымен тіреуге тірейді; тіреу сирағы тіреудің алдына еркін тұрады немесе олар қатталған күйде болады.

Ағаш, құрылыс бұрышы және т.б. тасалар артынан ату үшін автоматшы таса қарсылас оғынан қорғайтындай етіп сүйенеді. Автомат (пулемет) тасаланбай ату кезіндегідей ұсталынып тұрады.

Шағын таса (жатып атуға арналған оқпана, төбешік) артынан ату кезінде таса артында орналасады.

Оқпанадан немесе ордан ату үшін денені оқпана қабырғасына сүйеп, қол шынтақтарын жерге тірейді, ал дүмді иыққа нық қысады; мұнда атысты тіреуден де, қолмен де немесе оқжатарды топыраққа тірей жүргізуге де болады.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Автоматшы (пулеметші) атысты уақытша немесе толықтай тоқтату үшін не істеу керек?

  • Автоматтың (пулеметтің) оғын алу ретін айтыңдар.

  • Автоматшының (пулеметшінің) «Қаруды – қаруға!» пәрмені бойынша жатып ату әрекеті тұрып не жатып атудан несімен ерекшелінеді?

  • Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері жайлы айтып беріңдер.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 5.4.




БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев





Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

15.12.2014 жылы.




Сабақтың тақырыбы: Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі:Оқушыларға жүріп келе жатып ату тәсілдерін үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың жүріп келе жатып ату тәсілдерін практикалық тәсілдерді меңгере

отырып ептілік қабілеттерін дамыту.

Б). Тәрбиелігі:Оқушылар теориялық оқыта отырып шапшаңдыққа, жерін қорғай отыратын егемен

елдің патриоты болуға тәрбиелеу.


Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: Автомат макеті, АӘД оқулығы.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.


ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Автоматшы (пулеметші) атысты уақытша немесе толықтай тоқтату үшін не істеу керек?

  • Автоматтың (пулеметтің) оғын алу ретін айтыңдар.

  • Автоматшының (пулеметшінің) «Қаруды – қаруға!» пәрмені бойынша жатып ату әрекеті тұрып не жатып атудан несімен ерекшелінеді?

  • Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері жайлы айтып беріңдер.


ІІІ. Жаңа сабақ: АЕ. Т-5. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

Оқу сұрақтары:

  1. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.


ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.


1-ші оқу сұрағы 25 мин. АЕ. Т-5. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.


Жүріп келе жатып автоматтан (пулеметтен) ату – көтеріп не дүмді бүйірге қысу арқылы жүргізіледі.

Көтеріп атуды қысқа аялдамамен және жүріп келе жатып жүргізуге болады.

Қысқа аялдама жасап автоматты көтеріп алып ату үшін – тоқтап және сол аяғын жерге қойып, сонымен бір уақытта дүмді иыққа тіреп көтереді; оң аяғын қоймастан көздеп, кезекпен бір-екі атыс жүргізеді де, автоматты (пулеметті) түсіріп, қозғалысын жалғастырады.

Жүріп келе жатып автоматты (пулеметті) көтере ату үшін - автоматты (пулеметті) иыққа көтеріп, оны нысанаға бағыттай отырып, қозғалысын тоқтатпастан атыс жүргізеді.

Дүмді бүйірге қысып ату аялдамасыз жүргізіледі. Ол үшін – оң қолмен дүмді оң жаққа тіреусіз немесе оң қолдың иық бөлігіндегі шынтаққа ілмегін тірей қысу керек. Егер дүмі күрделі болса, автоматты оң қолмен бүйірге үңғы қорабы мен тапанша тұтқасынан қысады да, сол қолмен автоматты сағағынан ұстайды.

Пулеметтен ату кезінде, сонымен бірге бауды сол иықтан асыра тастайды.

Автоматты (пулеметті) нысанаға бағыттап, қозғалысын тоқтатпастан атады.

Жүріп келе жатып ату кезінде автоматты (пулеметті) қайта оқтауды қозғалысты тоқтатпастан жүргізеді.

Әуе нысаналарын ату тәсілдері.

Әуе нысаналарын автоматтан (пулеметтен) ашық жерлерде ату – жатып, тізерлеп және ату үшін ыңғайлы қалыпта орналасады (тұрып, жартылай бүгіліп, тізерлей).


Орда тұрып әуе нысаналарын ату былай жүргізіледі:

  • сол қолдың иығы мен автоматты ордың алдыңғы қырына немесе байланыс жолына тірейді; егер көтерілу бұрышы жеткіліксіз болса, онда отырып атады;

  • арқаны тірей және сол аяқты ор қырына тірей ату; сол аяқты мейлінше көтеріп, оның табанын ордың қарсы жақ қырына тіреп, жеңіл отырады. Автоматты (пулеметті) тұрып атқан кездегідей ұстайды, бірақ сол қолдың шынтағын сол аяқтың жамбасына тірейді немесе аздап алға қояды.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?

  • Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?

  • Автоматшы (пулеметші) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?

  • әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 5.5.







БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев








Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

20.12.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Сап түрлері және олардың элементтері,алдын-ала және орындауға бері-
    летін пәрмендер, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі және саптағы міндеттері, бір орында тұрып сәлем берген әскеримен сәлемдесу.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өкізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық жарғы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?

  • Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?

  • Автоматшы (пулеметші) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?

  • әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Сап элеметтерін атаңдар.

  • Сапты басқару қалай орындалады?

  • Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

  • Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?


СД. Т-1. САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.

Сап және оның элементтері.


Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.

Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.

Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.

Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.


Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.


Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т. б.

Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.


Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.


Әскери қызметші:

  • өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;

  • нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;

  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

  • бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.


Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.


Аға шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.





БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев





Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

22.12.2014 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр» пәрмендерін орындау.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік ұүралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Сап элеметтерін атаңдар.

  • Сапты басқару қалай орындалады?

  • Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

  • Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?


СД. Т-2. Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.

Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – саптал».

Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.



БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев




Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

27.12.2014 жылы.





  1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында бұрылу, саптық тұрыс,бір қатардан екі қатарға сап құру және
    қайтадан бір қатарға сап құру.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Орнында тұрғандағы бұрылыстар.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Орнында тұрғандағы бұрылыстар қалай орындалады?

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

  • бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.


СД. Т-3. Бір орында бұрылу, саптық тұрыс,бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру.


Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

  • бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;

  • екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.

  • Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.


Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру.


Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.

«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.

«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.

Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.

Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».

Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.










БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев


























Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

12.01.2015 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Орнында тұрғандағы бұрылыстар қалай орындалады?

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?

  • бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

  • Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

  • Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?

  • Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

  • Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?


СД. Т-4. Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 - 180 адым, адымның шамасы 70 – 80см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 - 120 адым, адымның шамасы 85–90см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.

Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Қозғалыстағы бұрылыстар.


Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа – бұ-рыл!», пәрмендері бойынша орындалады.

Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағытта жалғастыру керек.

Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.











БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев

















Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

17.01.2015 жылы.




  1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау,
    сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір орында және қозғалыстағы сәлемдесу тәсілдерін көрсету және үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық жарғы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?

  • Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?

  • Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?

  • Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

  • Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау,
сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери сәлемдесу орында тұрып қалай орындалады?

  • Әскери сәлемдесу қозғалыста қалай орындалады?

  • Бас киіммен және бас киімсіз сәлемдесу қалай орындалады?

  • Сәлемдесуге қозғалыста жауап қату?


СД.Т-5. Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

Әскери сәлемдесуді нық және жарқын орындалады.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін ол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңына бұрыла тұрып, оның бетіне қарау керек.

Егер бас киім киелген болса, сондай-ақ саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек. Басты бастық жаққа бұрған кезде қолдың бас киімдегі орналасуы өзгеріссіз қалады.

Бастық әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда, басты тік ұстау керек және сонымен бір мезгілдер қолды түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары қозғалыс кезінде бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде орындау үшін бір мезгілде аяқты қоя отырып қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оның бетіне қарау керек. Бастық өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстап, қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.

Бас киіммен тұрғанда аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай жанда ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап оң қолды түсіру керек.

Бастықты басып озғанда әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап оң қолды түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.


Сәлемдесуге қозғалыста жауап қату.


Саппен қозғалыстағы әскери сәлемдесуді орындау үшін бөлімше командирі бастыққа дейін 10-15 адым жерде «Бөлімше, ТІКТЕЛ, ОҢҒА (СОЛҒА) ТҮЗУЛЕН» пәрменін береді. «ТІКТЕЛ» пәрме-ні бойынша саптағы барлық әскери қызметшілер саптық адымға көшеді, ал «ОҢҒА (СОЛҒА) ТҮЗУЛЕН» пәрмені бойынша бір мезгілде бастарын бастық жаққа бұрады және қарусыз бос қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады.

Бастық жүріп өтісімен немесе «Еркін» пәрмені бойынша бөлімшенің командирі «Еркін» пәрменін береді және қолын түсіреді.

Бастық сәлемдескенде немесе алғыс айтқанда әскери қызметшілер қатты, анық, бір дауыспен жауап береді. Қозғалыс кезінде барлық әскери қызметшілер сол аяқтарын жерге қоя отырып, әрбір адыммен сөздерді айтып жауап береді.












БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев

































Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

19.01.2015 жылы.




1. Сабақтың тақырыбы: Саптан шығу, бастыққа келу және қайта сапқа тұру.

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптан шығу, бастыққа келу және қайта сапқа тұру тәсілдерін көрсету мен үйрету.

  1. Уақыты: 45 минут.

  2. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  3. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық жарғы.

  4. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Әскери сәлемдесу орында тұрып қалай орындалады?

  • Әскери сәлемдесу қозғалыста қалай орындалады?

  • Бас киіммен және бас киімсіз сәлемдесу қалай орындалады?

  • Сәлемдесуге қозғалыста жауап қату?

б) Негізгі бөлім – 22 минут. Саптан шығу, бастыққа келу және қайта сапқа тұру.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери қызметші саптан шығу үшін қандай пәрмен беріледі?

  • «Саптан осыншама адам алға шық!» немесе «Маған кел!» («Жүгіріп бері кел!») пәрмендері бойынша әскери қызметші қандай әрекеттер жасауы керек?

  • «Сапқа тұр!» пәрмені берілгендегі әскери қызметшінің әрекеті жайлы айтыңдар.

  • Бастыққа қарумен келген және кеткен кезде қару қандай жағдайға алынады?

  • Қарумен қозғалыс және бұрылыс жасау кезінде қару қандай жағдайға алынады?


СД.Т-6. Саптан шығу, бастыққа келу және қайта сапқа тұру.


Әскери қызметші саптан шығуы үшін мынадай пәрмен беріледі.

Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. Саптан осыншама адым алға шық!» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов, бері кел (жүгіріп бері кел)!»

Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, «Мен!» – деп, саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша: «Құп болады!» – деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады. Екінші пәрмен бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөнінде баяндайды. Мысалы: «Лейтенант мырза! Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе Капитан мырза! Сержант Омаров, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».

Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.

Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы әскери қызметші тұрады.

Екіден, үштен, төрттен тұратын лектен әскери қызметші шыққан кезде ол саптан саптың жақын шетінен, алдын ала оңға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады.

Саптан әскери қызметші қарумен шыққан кезде, қозғалыстың басталуы кезінде «аяққа» күйіне алынатын «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді.

Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі: Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов, сапқа тұр!» немесе тек «Сапқа тұр!».

Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші: «Қатардағы жауынгер Әлімов!» деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және «Мен!» – деп жауап береді, ал «Сапқа тұр!» пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйінде қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп: «Құп болады»-деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады.

Егер тек қана : «Сапқа тұр!» пәрмені берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады. Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін, қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталынған күймен алынады.

Әскери қызметші саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі-үш адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып, бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын түсіреді.

Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұстау күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.

Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде, кетуге рұқсат алып, оң қолын бас киіміне қойып: «Құп болады!» - деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді.

Бастық әскери қызметшіге сапқа қайтуға пәрмен немесе рұқсат бергенде, қолын бас киіміне апарады және оны түсіреді.








БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев























Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

24.01.2015 жылы.



Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлану, бағдарлау туралы түсінік, көкжиек тұстарын қомпас бойынша, аспан белгілері және жергілікті жер бедері бойынша анықтау, өзінің орналасқан жері туралы мәлемдеме беру.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі: Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарланудың тәсілдеріне үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың жергілікті жерде картасыз бағдарлану тәсілдерін дұрыс меңгере алу қабілетін дамыту,бағдарлануда дұрыс әдістерді меңгеруін арттыру.

Б). Тәрбиелігі: Оқушыларды ептілікке, дұрыс шешім қабылдай алуға, елін жерін қорғай алатын азаматтар болуға тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, алаң.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Әскери қызметші саптан шығу үшін қандай пәрмен беріледі?

  • «Саптан осыншама адам алға шық!» немесе «Маған кел!» («Жүгіріп бері кел!») пәрмендері бойынша әскери қызметші қандай әрекеттер жасауы керек?

  • «Сапқа тұр!» пәрмені берілгендегі әскери қызметшінің әрекеті жайлы айтыңдар.

  • Бастыққа қарумен келген және кеткен кезде қару қандай жағдайға алынады?

  • Қарумен қозғалыс және бұрылыс жасау кезінде қару қандай жағдайға алынады?

ІІІ. Жаңа сабақ: ӘТ. Т-1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану, бағдарлау туралы түсінік, көкжиек тұстарын қомпас бойынша, аспан белгілері және жергілікті жер бедері бойынша анықтау, өзінің орналасқан жері туралы мәлемдеме беру.

Оқу сұрақтары:

1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.

1-ші оқу сұрағы 25 мин. ӘТ. Т-1 Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.


Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.

Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.

Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.

Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.

Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.

Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.

Бағдарлану туралы түсінік.

Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.

Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.

Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.

Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.

Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.

Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.

Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.

Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.

Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады.

Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.

Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.

Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.

Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.

Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.

Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).


Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери топография нені зерделейді?

  • Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?

  • Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?

  • Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?

  • Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 7.1.



БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев


Бекітемін

Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов

26.01.2015 жылы.


Сабақтың тақырыбы: Магниттік азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұс-
тары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі: Оқушыларға азимут бойынша қозғалыс жасауды үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың азимут бойынша қозғалыс жасай алу жолдарын меңгерту, азимут бойынша қозғалыс жасай алу қабілеттерін дамыту.

Б). Тәрбиелігі: Оқушыларды оқыта отырып шапшаңдыққа, ептілікке, елін жерін қорғай алатын азаматтар болуға тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, алаң.

Көрнекілік құралдар: Құлабыз, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Әскери топография нені зерделейді?

  • Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?

  • Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?

  • Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?

  • Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ: ӘТ. Т-2. Магниттік азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұс-
тары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

Оқу сұрақтары: 1. Азимут бойынша қозғалыс.

ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.


1-ші оқу сұрағы 25 мин. ӘТ. Т-2. Магниттік азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

Азимут туралы түсінік.

Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі.

А=М+(+ - б).

Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек (құлабызды бұрып, меңзердің солтүстік ұшын лимб нөлдің бөлік белгісіне сыйыстыру). Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрап, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді (құлабыздың нысана бойын затқа сыйыстыру көзқарасты көп қайтара нысана бойын затқа кейін ауыстырумен қол жеткізіледі) осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.

Кері азимут – ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180 град. айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180 градустан кіші болса алынады.

Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы – ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады.

Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.

Азимут бойынша жылжу.

Азимут бойынша жылжудың мәні – құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады.

Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері

Маршруттың учаскесі

Магниттік азимут,

Градустар

Жұп адымдығы қашықтық

Сарай - мұнара

80

610

Мұнара қорған

88

580

Қорған – жеке тұрған ағаш

78

550

Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі.

Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау (қосалқы) бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.

Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы жерлерде тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болғанда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады.

Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзермен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.

Қыс мезгілінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.

Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бөгеттен қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады.

Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10-ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Азимут деген не?

  • Магниттік азимуттың ақиқат азимуттан айырмашылығы қандай?

  • Түзу және кері азимутқа анықтама беріңдер.

  • Азимут бойынша қозғалыс үшін қандай мәліметтер керек?

  • Берілген азимут бойынша затқа бағыт қалай анықталады?

  • Азимут бойынша қозғалу ретін айтып беріңдер.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 7.2.

БӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев










Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2727
Номер материала ДВ-376540
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх