Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 4-сынып ана тілі пәнінен "Дүниеде жамандық неден?" тақырыбына сабақ жоспары

4-сынып ана тілі пәнінен "Дүниеде жамандық неден?" тақырыбына сабақ жоспары


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Дүниеде жамандық неден? Ыбырай Алтынсарин.

Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?» атты әңгімесі бойынша өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; қыйындықтан қорықпайтын, жақсылық пен жамандықты ажырата білетін, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, қәне кім жақсылық-жамандық туралы мақал-мәтелдер біледі? («Жаманға жан жуымас, «Жақсы – ай мен күндей, Әлемге бірдей», «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ», «Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды», «Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы жер – жанның тынысы» т.б.).

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Үш ағартушының бірі - Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы, аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан.«Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған. 2. Оқулықпен жұмыс. А) Ыбырай Алтынсарин мынадай өсиет сөз айтқан. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»Мәтінді түсініп, тізбектей жалғастырып оқу. 3.Сөздік жұмыс. Ақжүрек – адал, ақ ниетті. Байлаулы – біреуге, бір нәрсеге тәуелді, меншікті. 4. Мәтіннен автор ойын тауып оқы.(соңғы азат жол).

ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Өз сөзіңмен айтып көр.

  1. Адам ой – әрекетінің екі түрін мына кестеге сүйеніп жазып шық.

Сергіту сәті «Атын айт» ойыны

Жақсылық

Жамандық

Қанағат, рақым, талап, еңбек, адамгершілігі мол, кішіпейіл, сыпайы, ақжарқын, ақжүрек, ыныштық.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, дарақылық, аштық

Ү. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Осы айтылғандардың қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Автор өзінің айтайын деген қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді? Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?

Жамандық неден екенін дәлелдеуге тырысатын аң-құстардың аттарын торкөзге жаз.

































ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров496
Номер материала ДВ-151554
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх