764402
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Физика Другие методич. материалы8 сынып "архитектуралық физика" таңдау курсы

8 сынып "архитектуралық физика" таңдау курсы

библиотека
материалов

Зырян қаласы «№9 орта мекатеп»









Архитектуралық физика

(таңдау курсы)





















КІРІСПЕ

Қалалар мен ірі қоныстанған мекендер ғимараттары мен үймереттерінің инженерлік жүйелері жылумен қамтамасыз етіледі. Жылумен қамту халық шаруашылығының негізгі бір саласы, ол күрделі инженерлік құрылымдар болып саналады. Жылумен қамту жүйесінің жылу көзі ретінде жылу электр орталығы жəне қазандық болады, осыған байланысты жылу энергиясын өндірудің араластырылған жəне бөлек тəсілдерін айырады. Егер жылумен қамту ЖЭО-нан болса, жылу мен электр энергиялары араластырылған тəсілімен өндіріледі, ал жылумен қамту орталықтандырылған болып саналады. Оқушылар

Коммуналдық - тұрмыстық жəне технологиялық тұтынушылардың мұқтаждықтары үшін жылу энергиясының көздері қазандықтар (жылу өндіргіш қондырғылар) болып табылады. Жылутасымалдағыш жылу желілерінің беретін құбыры арқылы ғимараттардың жылыту, желдету жəне ыстық сумен қамту жүйелеріне беріледі, ал қайтатын құбыры арқылы су тұтынушылардан қазандыққа қайта оралады. Өндірілген жылудың ең көп мөлшері ғимараттар мен үймереттердің жылыту жүйелеріне пайдаланады. Жылыту жүйесінің жылу жүктемесін анықтау үшін қарастырылатын қалалар немесе ірі қоныстанған мекендердің ең суық бес күндіктің ауа температурасы қабылданады, ол сыртқы ауаның есепті температурасы (t'o) деп аталады. Жылыту жүйесінің жұмыс басталуы немесе тоқтатылуы сыртқы ауа 4 температурасына (+8оС) байланысты, сондықтан (+8оС÷ t'o) температуралар аралығы жылытылатын мерзім деп саналады. Ыстық сумен қамту жүйесінде жылу жүктемесі пайдаланатын адамдар санына байланысты үздіксіз өзгеріп тұрады. Тұтынушылардың жылу жүктемелерін тұрақты ұстап тұру үшін жылу желілерінің гидравликалық тəртібі автоматты түрде реттеледі. Жылу желілерінің құрамына жылу құбырлары, температуралық ұзартуларды қабылдайытын теңелткіштер, жылжымалы жəне жылжымайтын тіреулер, арнайы камералар мен павильондарда орналастырылған өлшеуші, реттеуші жəне қорғаушы жабдықтар, сорғыш бекеттері, аудандық жылу пунктері (АЖП) жəне жергілікті жылу пунктері (ЖЖП) кіреді. Орталықтандырылған жылумен қамтуда жылу желілерінің ұзындығы ондаған шаршы метрлерді құрайды, орташа жұмыс атқаратын радиусы 15÷30 км, ал бас магистраль құбырларының диаметрі 1400 мм-ге жетеді. Жылу құбырларын жер астында өткізбейтін, жартылай өткізілетін каналдар мен коллекторларда жəне каналсыз салады. Жылу құбырлары бойынша жылутасмалдағыштың қозғалуы кезінде жылу жоғалуын азайту үшін оларды жылумен оқшалауды қарастырады. Жылумен қамтудың гидравликалық жəне жылулық тəртіптерін басқару үшін, оны автоматтандырады, ал жылу жүктемесі тұтынушылардың талаптарына сəйкес реттеледі. Жылу жіберуді қойылатын талапқа сəйкес ұстап тұру үшін жылу көздерінде орталық сапалы реттеу қолданылады. Жылумен қамтудың жоғары сапасына орталық реттеуді ғана пайдалануға болмайды, сондықтан жылу орындары мен тұтынушыларда қосымша жергілікті реттеу жəне автоматтандырылған реттеуіштер қолданылады. Құрылыс саласына «Инженерлік жүйелер жəне желілер» мамандығы бойынша мамандар дайындауында студенттерге оқытылатын «Жылумен қамту» пəнінің маңызы зор. Бұл пəн оқу процесінде басқа пəндермен тығыз байланысты, олар - жылуалмасу, гидравлика, инженерлік механика, жылу өндіргіш қондырғылары, жылыту, желдету, газбен жабдықтау.

мақсаты - болашақ мамандарға жылумен қамту жүйелері туралы толық мəлімет беру, жылу желілерінің сұлбаларымен таныстыру жəне есептерін шешудегі тəжірибелік білімдерін кеңейту.



Пəннің міндеті міндеті: жылу электр станцияларының станцияларының теориялық теориялық негіздерін негіздерін оқу;

- атом электр станцияларының станцияларының жұмыс принципімен принципімен танысу;

- жылу мен электр энергия энергия өндірісінің өндірісінің технологи технологиялық үрдісін үрдісін қарастыру қарастыру;

- қиын жылу сұлбаларын сұлбаларын есептеп есептеп үйрену;

- есептеу есептеу əдісі мен негізгі негізгі жəне қосымша қосымша қондырғыларды қондырғыларды жобалау жобалау əдісін үйрену




















Мазмұны

1.Қалалар мен қоныстанған елді мекендердің жылумен қамту жүйелері үш сатыдан: жылу энергиясын дайындаудан, тасымалдаудан жəне пайдаланудан тұрады. Жылу көзінде дайындалған жылу энергиясы (жылутасымалдағыш) жылу желілерінің құбырлары арқылы тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың жылу пайдаланатын инженерлік жүйелеріне жəне өндірістік кəсіпорындарының технологиялық қажеттіліктеріне тасымалданады. Инженерлік жүйелер ретінде жылыту, желдету, ауа баптау жəне ыстық сумен қамту жүйелері қарастырылады, олар пайдаланатын жылутасымалдағыш шығыны - жылу жүктемелері деп саналады. Жылу пайдаланатын тұтынушылардың əртүрлі тұтыну сипаттары бар. Ғимараттардың жылыту жəне желдету жүйелері тек жылытылатын мерзімде жұмыс атқарады, яғни жылу 15 қазаннан 15 сəуірге дейін беріледі, ал ыстық сумен қамту жүйелері мен кəсіпорындарының технологиялық процестеріне жылу күнделікті жыл бойында пайдалануда. Жылу тұтыну сипаттары бойынша жылу жүктемелерін: маусымдық жəне жыл бойындағы деп екі топқа бөлуге болады. Маусымдық жылу жүктемелері климаттық жағдайларға байланысты, себебі жылытылатын мерзімде жылу шығыны сыртқы ауа температурасына байланысты өзгереді. Негізгі маусымдық жылу жүктемелеріне əртүрлі ғимараттар мен үймереттердің жылытуына, желдетуіне жəне ауа баптауына пайдаланатын жылу жүктемелері жатады, олардың жылу шығындары тəулік бойынша тұрақты, ал жыл бойында өзгерісті болады. Жыл бойындағы жылу жүктемелеріне тұрғын үйлердің ыстық сумен қамту жүйелері, қоғамдық ғимараттардың коммуналды – тұрмыстық жəне өндірістік кəсіпорындардың технологиялық қажеттіліктері қарайды. Ыстық сумен қамту жүйелерінің жүктемесі тұтынушылардың құрылымдары мен олардың тағайындалуымен анықталады. Жыл бойындағы жылу жүктемелері негізінен сыртқы ауа температурасына байланысты емес (немесе өте аз байланысы), олардың жылу шығындары жыл бойы тұрақты, ал тəулік бойы өзгерісті болып саналады. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінде маусымдық жəне жыл бойындағы жылу жүктемелері қарастырылады. Тұрғын жəне қоғамдық ғимаратарының жылытылатын мерзімінің ұзақтылығы сыртқы ауа температурасы (+8оС) -дан төмен болуымен анықталады. 6 Сондықтан жылыту жүйесінің жылу жүктемесі сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты: (+8оС) кезінде минималды, ал есепті (t'o) кезінде максималды.


2. ЖЭО-ның қазанында отынның жану кезінде химиялық энергиясы жылу энергиясына айналуы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда отынның жанатын элементтері тотықтандырғышпен қосылады (ауаның өттегісімен), соның нəтижесінде жанудың газ тəрізді өнімдері пайда болады да көп жылу бөлініп шығады, ол қазан қондырғысында айналатын жұмыс денесіне беріледі. Булы қазанынан жоғары қысыммен бу турбинаға келіп түседі, онда ол турбина мен электр тоғын өндіретін роторды айналдырады. Сондықтан жұмыс атқаратын дененің жылуы (сулы бу) турбинадағы будың кеңею кезінде электрэнергияны шығару үшін, ал будың жасырын жылуы жылытқыштарда желілік суды қыздыру үшін қолданылады. ЖЭО-да орнатылған турбинадағы будың барлығы конденсаторға (КД) келіп түспейді, 0,25÷0,6 МПа қысымды будың бір бөлігі алынады да тұтынушыларға жіберіледі, будың қысымы төмендейді, кеңею кезінде жəне турбинадан шыққан кезде 0,003÷004 МПа-ға жетеді сосын конденсаторға келіп түседі. Бу конденсатқа айналған соң конденсат құбырлары арқылы, жылуын судың қоректендіруші су 14 қыздырғыштарына беріп, қайтадан булану үшін қазанға келеді. Жоғары потенциалды жылу электр энергиясын өндіру үшін, ал төменгі потенциалды жылу – жылумен қамту үшін қолданылады, бұл жылу мен электр энергияларын араластырылып өндіру тəсілі. Жылу мен электр энергияларын араластырылып өндіруде ЖЭО-ның сұлбалары мен құрылғылары жылумен қамту жүйесінің түріне байланысты (ашық немесе жабық). Жабық жылумен қамту жүйесінің сулы жылу желілеріне суды үш сатылы дайындаудың принципиалды сұлбасы 2.1-суретте келтірілген. 2.1-сурет. Жылу мен электр энергияларын араластырылу тəсілімен өндірудің принципиалды сұлбасы: 1 - жоғары қысымды бу қазаны; 2 - конденсатты бу турбинасы; 3 - бу турбинасының конденсаторы; 4 - бу қазаны; 5 - жылуфикациялық бу турбинасы; 6 - бу турбинасының конденсаторы; 7 - желілік судың негізгі жылытқыштары; 8 - РОУ1; 9 - РОУ2; 10 - желілік судың пикті жылытқышы; 11 - бу сепараторы;12 - пикті сужылытқыш қазаны; 13 - желілік сорғыш; 14 - толтырғыш сорғыш; 15 - конденсатты сорғыш Орталықтандырылған жылумен қамтудың жоғарғы түрі болып жылуфикация саналады. Жылуфикация дегеніміз жылу жəне электр энергияларын араластырып өндіру негізінде жылумен қамту болып табылады. Жылуфикацияда бу пайдалануы негізделгені тиімдірек, оның «бастапқы» қысымы - 0,6 МПа диапазонында электр тоғын өндіреді, содан кейін жылу тұтынушыларға беріледі. Жылумен қамтудың жылу жүктемесі 500 МВт немесе одан жоғары болған жағдайда жылуфикация тиімді болып есептеледі.


3. Тұтынушыларды сулы жылумен қамту жүйелеріне қосу Жылу желілерінен жергілікті жылутұтынушыларға жылутасымалдағыш тікелей немесе жылуалмастырғыш арқылы беріледі, жалғастыру сұлбасы жылыту жүйесіне байланысты қабылданады. Бір тасымалдағыш жылу желісінде де, жылыту жүйесінде де айналып жүрүі мүмкін, бұның салдарынан жергілікті жылыту жүйелеріндегі қысым сыртқы жылу желілеріндегі қысым тәртібімен анықталады. Тәуелсіз қосу сұлбаларында жылу желісінен жылу жергілікті жылыту жүйесінің жылуалмастырғышына келіп түседі, онда оның жылуы тек толтыратын суды жылыту үшін қолданылады. Бұл кезде желілік су да жергілікті жылыту жүйесіндегі су да қыздырғыштың жылулық бетімен бөлінген, міне осылай жылу желісі мен жылыту жүйесі бір-бірінен гидравликалық жағынан толық оқшауланған. Мұндай жағдай жылу желілеріндегі көтерілген немесе төмендетілген қысымнан жергілікті қондырғыларды қорғайды, желідегі артық қысым жылыту құралдарды бұзуы немесе жергілікті жылыту жүйелерін қопсытуы мүмкін. Жергілікті жылыту жүйелерінің құралдарының қысым сенімділігінен артпаған жағдайда жылу желілеріне тәуелді қосылуы қолданылады. Жылыту аспаптары шойын радиаторлар 0,6 МПа-ға дейінгі артық қысымға, болат конвекторлар 1,0 МПа-ға дейін, алюминділер 0,9 МПа-ға дейін шығарылады.


4. ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ Жылумен қамту жүйелері негізгі буынының бірі болып жылу желілері саналады. Жылу желілері жылу көзінде өндірілген жылутасымалдағышты ғимаратардың жергілікті тұтынушыларына тасымалдайды. Тұтышылардың жалпы жылу жүктемесіне байланысты жылу көзінің түрі (ЖЭО немесе АҚ) таңдалады жəне қаланың жел раушанына қатысты ауа бассейнін қорғау шартымен жылу көзінің орны қабылданады. Жылу желілерін жобалау үшін: - қала аудандарының бас жобасы және құрылымының сипаты; - жергілікті топографиялық шарттары; - жерасты және жер бетіндегі басқа инженерлік желілер мен құрылымдарының орналасуы; - жер қасиетінің сипаттамасы және олардың тереңдігі; - жер суының тұру биіктігін және т.б. анықтайтын мәліметтер қажет. Осы мәліметтер дайындалғаннан кейін жылумен қамтуды жобалау кезінде бірінші кезекте жылу көзінен тұтынушыларға дейін жылу желілерінің өтетін жолы (трассасы) қарастырылады. Жылу желілерінің трассасы инженерлік жүйелеріне берілген техникалық кешенінің қызыл сызығына параллельді, жасыл алаң мен жол жүрісі аймағынан бөлек қарастыру керек. Құбырларды трамвай сызықтарынан, электрлік темір жолдарынан, тұрақты тоқтан, сорғыш кабельдерден жəне шатасқан тоқ құбырларымен қақтығыспас үшін аулақ салу керек. Жылу желілерінің трассасын таңдауда: жылумен қамту жүйесінің сенімділігі; мүмкін болатын бұзылулар мен апаттарды жедел жою; қызмет көрсетуші жұмысшылардың қауіпсіздігі; жылу желісінің ең аз ұзындығы мен оны құрастыру жұмысының минимальді көлемі сияқты негізгі шарттарға көңіл аудару керек. Сулы жылу жүйелері құбырлар диаметрлері жəне тағайындалуы бойынша: магистральді жəне ажыратылатын болып бөлінеді. Магистральді жүйеге жылу көзінен жылу қабылдайтын аудандарды байланыстыратын құбырлар қарайды. Магистральді жылу желілері конфигурациясы бойынша жəне есептік негізі мен пайдалануына байланысты радиалды жəне шеңберлі болады.


5. ЖЫЛУ ЖҮКТЕМЕЛЕРІН РЕТТЕУ Тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың жылу жүктемелері тұрақты емес, уақыт бойынша өзгерудің өз заңдылықтары бар. Маусымдық жылу жүктемелері - жылыту, желдету мен ауа баптау негізінен сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты және тәулік ішінде өзгеруімен де сипатталады. Жыл бойындағы жылу жүктемелері - ыстық сумен қамту және өндірістік кәсіпорындарында технологиялық жүктеу, керісінше, жыл бойында тұрақты, бірақ тәулік ішінде өзгереді. Міне, осылай жылу жіберудің нақты тәртібін талап етеді. Жылумен қамту желілеріне қосылған жылу тұтынушылардың талаптарына сәйкес жылудың параметрлерін өзгерту жылу жіберуді реттеу деп аталады. Жылу жіберуді талапқа сай нақты реттеу халық шаруашылығындағы маңызды іс-шара болып табылады, өйткені жылу мен отынның үнемделуін, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың санитарлық-гигеналық қойылатын талаптарды, толығырық қанағаттандыру үшін жылумен қамту сапасын көтеруді және өндірістік кәсіпорындардың технологиялық апараттарының жылу тәртібін қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде жылу жіберуді реттеу ЖЭО-да немесе аудан қазандықтарында жүзеге асатын орталық, ОЖП-да топтық, ЖЖП-да жергілікті және ЖЖО-дағы құралдардан тікелей жылу тұтынатын жеке болып бөлінеді. Мұндай сатылық реттеу кезінде жылудың ең жақсы сапасы қамтамасыз етіледі. Орталық, топтық, жергілікті және жеке реттеудің үйлесімділігі сипаты бойынша әртүрлі жылу жүктемелерін бір жылу құбырымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Орталық сапасын реттеу кезінде жылумен қамту жүйелерінде тұрғын-комуналдық сектордың жылу 68 жүктемесі басым болса (65%-дан аса), біріккен жылыту және ыстық сумен қамту жүктемелері бойынша реттеу жүргізу керек. Тұрғын- комуналдық сектордың жинақтық жылу жүктемесі 65%-дан кем емес, ал ыстық сумен қамту жүктемесі жылытудың есептік жүктемесінен 15%-дан кем болмауы тиіс - реттеу жылыту жүктемесі бойынша жүргізіледі. Екі жағдайда да жылу жіберудің орталық сапалы реттеуі тұтынушылардың ыстық сумен қамту жүйелеріне келетін суды жылытуға қажетті беретін құбырдағы судың ең төмен температураларымен шектеледі: - жабық жылумен қамту жүйелері үшін 70°С-тан кем емес; - ашық жылумен қамту жүйелері үшін 60°С-тан кем емес. Бір жылу көзінен тұрғын аудандары мен кәсіпорындарына бөлек- бөлек, сулы жылумен қамту жүйелері үшін: - тұрғын аудандарға біріккен жылыту және ыстық сумен қамту жүктемелері бойынша; - кәсіпорындарға жылыту жүктемесі бойынша су темперасының әртүрлі графиктері қарастырылады.


6. ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ 4.1. Ыстық сумен қамту жүйелерінің сипаттамалары мен топтастыруы Заманның талабы - адамның күнделікті өміріне жайлы жағдай жасау. Соның бір бағыты тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарында ыстық сумен қамту жүйелерін қарастыру, сондықтан бұл мәселе игерілуіне көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты қалалар мен қоныстанған елді мекендердің жылумен қамту жүйелерінің жылу жүктемелері көбейеді. Қазіргі уақытта тұрғын, мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен қамтудың үлесіне жылу энергиясының жалпы шығынының 40÷60%-ы тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60%-дан жоғары. Қазақстан Республикасының тұрғын-коммуналдық щаруашылығының даму жоспары бойынша ЖЭО мен аудандық қазандықтардағы орталықтандырылған ыстық су дайындауды оның барлық қажеттілігінің 90%-на дейін жеткізу көзделуде. Ыстық судың температурасы санитарлы-гигиеналық талаптармен негізделеді. Төменгі шек ретінде көптеген ауру тасығыш бактериялар жоятын «пастеризация температурасы» деп аталатын мəн қабылданады, ол 60°С-қа тең; ал жоғарғы шек ретінде тұтынушыларды күйіп қалудан сақтау мақсатында 75°С температура алынады. Бірақ норма бойынша қыздырғыштан кейінгі температура емес, су тарату нүктелеріндегі судың температурасы қабылданады: 50°С-тан төмен емес — жабық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін; 60°С-тан төмен емес — ашық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері үшін; 75°С-тан аспайтын — жоғарыда қарастырылған барлық жағдайлар үшін. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ыстық судың температурасы норма бойынша 37°С-тан аспауы керек. 32 Тұтынушыларға жоғары температурадағы ыстық су қажет болатын қоғамдық тамақтану мекемелерінде жергілікті суқыздырғыштарды қарастырған жөн. Суқыздырғыш қондырғыларынан немесе суараластырғыштан шығатын ыстық су температурасының төменгі көрсеткіштерін бақылау керек: - жабық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін: t = 50+(10¸15)C°;


7. ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ 3.1. Жылумен қамту жүйелерінің түрлері Жылумен қамту жүйелері үш негізгі буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады: жылу көзі, жылу желілері, ғимараттардың жылутұтынудың жергілікті жүйелері. Жылумен қамту жүйелері: - жылу көзінің түріне жəне əсер ету радиусына байланысты; - жылутасымалдағыштың түріне байланысты; - ыстық сумен қамту жүйесіне ыстық су беру əдісіне байланысты; - құбырлар санына байланысты; - жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруға байланысты; - тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету əдісіне байланысты топтастырылады. Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне жəне əсер ету радиусы бойынша жергілікті, орталық жəне орталықтандырылған болуы мүмкін. Жергілікті - жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық ғимараттарда бірігіп бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе ретінде электр немесе газ пештері арқылы жылытылатын жүйелері мысал бола алады. Орталық - бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты жылумен қамту. Мысалы, ғимараттың жер төлесінде немесе жеке тұрған қазандықта орнатылған қазаннан жылу алатын жылыту жүйесі. Орталықтандырылған - бір жылу көзінен жылуэлектрорталығынан (ЖЭО) немесе аудан қазандықтарынан (АҚ ) бірнеше ғимараттарға жылу беріледі. Жылу көзінде өндірілетін жылутасымалдағыш су немесе сулы бу түрлері болуы мүмкін, осыған байланысты жылумен қамту жүйелері сулы немесе булы болады. Жылумен қамтудың сулы жүйелері негізінде тұрғын жəне қоғамдық ғимаратардың жылыту, желдету жəне ыстық сумен қамту жүйелері үшін қолданылады. Жылумен қамтудың булы жүйелері өндірістік кəсіпорындар үшін қолданылады. Аудандық қазандықтарда булы немесе суыстқыш қазандары қолданылады, олар энергияның тек бір түрін - жылуды өндіреді. Тұтынушылар бұл жылу энергиясын бу немесе ыстық су түрінде алып ғимараттарды жылытуға қолданады. Жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруына байланысты жылумен қамту жүйелері тұйық, жартылай тұйық және тұйықталмаған болуы мүмкін. Тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың жылуын жартылай ғана пайдаланады, ал 20 тасымалдағыш өзі жылуының қалған мөлшерімен жылу көзіне кері қайтады, онда ол қайтадан жылумен толығады (екі құбырлы жабық жүйелер). Тұйық сулы жүйелер жабық жылумен қамтуға қарайды, ал тұйықталмағандар ашық жүйелеріне жатады. Жартылай тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың өзін де, ондағы бар жылуды да тұтынушыда толығымен қолданады. Абоненттік ендірімде жылу жүйелерінен жылу тұтынудың жергілікті жүйелеріне ауысады. Бұл жағдайда көбінесе, ыстық сумен қамту жүйелері үшін су дайындауға жергілікті жылыту жүйелері мен желдету жүйелерінде қолданылмай қалған жылу пайдаға асырылады. Өндірімде жылу көлемі мен потенциалы жергілікті реттеледі де, осы жүйелердің жұмысына бақылау жүргізіледі. Жылу желілеріндегі жылу құбырларының санына байланысты жылумен қамту жүйелері - бір, екі, үш, төрт және көп құбырлы болуы мүмкін. Жылумен қамту жүйелері құбырлар санына байланысты бір құбырлы және көп құбырлы болуы мүмкін, кеңінен қолданылатыны - екі құбырлы жылу желілері. Тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісі бойынша жылумен қамту жүйелері бір және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы жылумен қамту жүйелерінде тұтынушылар жылу желілеріне тікелей қосылады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР ҚНжЕ 2.04.01-2001 Құрылыстық климатология. -Астана: ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті, 2002. –113 б.

2. ҚР ҚН 4.02-103-2002. Жылумен жабдықтаудың автономды көздерін жобалау. -Астана: ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі және ТҚШ комитеті, 2002. –32 б.

3. ҚР ҚН 2.04.-21-2004. Энерготұтыну және ғимараттарды жылулық қорғау. -Астана: ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі және ТҚШ комитеті, 2004. –40 б.

К. М. Нұрпейісова ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ 2013жыл

Интернет сайдтар

Курс профессиональной переподготовки
Учитель физики
Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»
Курс профессиональной переподготовки «Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «ЕГЭ по физике: методика решения задач»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.