Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 7 сынып қарым-қатынас мәдениеті

7 сынып қарым-қатынас мәдениеті

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ: 10 Күні: 18. 11. 2015 Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Қарым-қатынас мәдениеті».

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері:Ұстамдылық,сыпайылық,шыдамдылық

Мұғалім: Маликова Талшын Маликовна

Сынып: 7 Оқушылар саны:27

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: 
1.Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасауды үйрету арқылы ұстамдылық қасиеті туралы білім беру;

2.Жағымды қарым-қатынас жасауда сыпайылық қасиетін дамыту;

3. Оқушыларды ізгілікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Орманғаойша серуен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!

Әдістемелік нұсқаулық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Бақытты адамның көйлегі » ертегісін оқып әңгімелеуге берілген.

1.Патшаның мазасын алған қандай ой?

2.Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?

3.Қойшының бақыты неде екен?

«Өзін-өзі тану»оқулығы

7-сынып




ІІІ.Жағымды ой пікір (дәйексөз)

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым – қатынасы» 

А. Линкольн

1.Қарым – қатынас дегеніміз не?

2.Адам өмірі дегеніміз не?

3.Жағымды қарым-қатынас жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Авраам Линкольн -Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры.





V. Оқиға айту (әңгіме).Шуақты күндер
Жап - жаңа жылтыраған көп шегені құрылысқа әкеліпті. Оларды жас шебер жігіт көріп: Пах - пах, неткен әдемі еді, біркелкі түзуін ай»,- деп қызыға сүйсініпті. Шегелер өздерін мақтағанға қуанып «енді тезірек жұмысқа кіріссек екен, сонда мына жас шебер біздің мықты беріктігімізді де көрер еді»,- десіп жымыңдай сыбырласыпты. Солардың ішінде бір шегенің қырсығы ұстап, өз - өзінен тас - талқан болыпты. Неге мен басқалармен бірдей болуым керек, мен бұлардан артықпын. Сондықтан бөлек кеткенім жөн, әйтпесе менің ерекшелігім көрінбей, көптің бірі болып қаламын», деп, жолдастарының қатарынан секіріп түсіп, кетіп қалады. Ал шындығында, қырсық шегенің өз құрбыларынан титтей де айырмашылығы жоқ екен. Содан не дейсің, әлгі шеге салынып жатқан үлкен құрылысты аралап келе жатады.
Құрылыс болған соң, әрине, жұмыс көп, талай жерге шеге керек, бірақ қырсық шегенің еш орнына бұрлығысы келмейді. Қалпағын қырлап киіп, түзу аяқтарын тәкаппарлана адымдап жүре береді. Бір күні, найзағай ойнап, аспан гүрілдеп қалың жаңбыр жауады. Жас шебер қатары бұзылмай тұрған көп шегені құрғақ, қалқа жерге кіргізіп, дұрыстап үстін жауып қояды. Ал қырсық шеге қайтті дейсің ауыздықсыз ат секілді лағып, мақсатсыз қыдырып жүріп, жауынның астында қалады. Қайда тығыларын білмей бұлай - бұлай безектеп, жалғыз өзі жол таба алмай сүмектей су болады. Ол аз дегендей жүгіріп бара жатқан біреу белінен басып кетеді. Қырсық шеге сол жатқанынан мол жатады. Балшықтың астында қанша уақыт болғанын өзі де білмейді, жер жотасынан күннің ыстығы өтіп, бүкіл денесі күйіп бара жатқанда ғана көзін зорға ашып, есін әрең жияды. Өзіне қараса, адам танымастай өзгеріп кетіпті. Қалпағы мыжырылған, бұрынғы едірейіп тұратын қыры салтақ - салтақ, белі шодырайып, іші қабысып, екі бүктетіліп қалыпты. Тұрып жүрейін десе тұра алмайды, ұмтылады, ышқынады, бірақ қозғалуға шама жоқ. Қырсық өзінің бейшара түріне күйініп, көзінің жасын көлдетеді. Амал қанша, одан жеңілдік болмайды. Неге осындай дәрменсіз, сорлы күйге ұшырадым деп ойлайды. Бәленің бәрі - жолдастарын менсінбей, олардан бөлініп кеткен соң басталған екен. Соны түсініп, енді қайтсе де құрбыларына жеткісі келеді. Алайда айтуға оңай болғанымен, орындалуы қиын еді. Неге десең, бұрынғыдай тік басып жүре алмайды. Бірде еңбектеп, бірде жамбасымен сырғи сүйретіліп, шаршап, қажып тот басып, баяғы құрылысқа әрең жетеді.
Алғашында жолдастарының ешқайсысын таба алмайды. Оларда мен секілді жалғыз - жалғыздан тарап кетіп, құрыған болар деп ойлайды. Алайда біраз жатып жан-жағына зер салып қарайды. Ол өзінің жолдастарының бірқатарын жаңадан салынған ғимараттың есіктерінің жақтауларынан, енді бірқатарын үйдің шатырларында әрқайсысы ерекше өз орындарын алып тұрғанын көреді. Бір ғажабы олардың көңіл-күйлері бұрынғыдан да көңілді, өңдері өте ажарлы көрінді. Сонда тәкаппар шеге мен де осылардай өз орнымды тауып, халыққа пайдамды тигізер едім деп армандайды.
Осылай ол біраз жатады. Ол іске жарамсыз болғандықтан оны ешбір шебер пайдасына жарата қоймайды. Күндердің бір күнінде бір жас шебер қисық шегені алып, төске салып, әбден жанын шығарып, балғамен ұрып түзетеді. Содан соң оны апарып киім ілгішке тағып қояды. Содан әлгі шеге елге қызмет етіп, пайдаға жарап тұрғанына өте қуанышты болады.

Сұрақтар:
1.Ақылды адамның қолына түспегенде шегенің тағдыры қалай болар еді деп ойлайсыңдар?

2.Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме?

  • 3.Шегенің мінезі туралы не ойлайсыңдар?

  • 4.Қарым – қатынаста осындай мінезбен жетістікке жетуге бола ма?»

Интернет желісі

VІ. Шығармашылық жұмыс. Жағдаятты шешуді көрініспен бейнелеу.

Жағдаят №1

Сіз жан құрбыңызбен 16-шы желтоқсанға байланысты мектептегі мерекелік шараны ұйымдастырушы ретінде бекітілдіңіз. Екінші күні осы мерекелік шараның жоспарын өзіңізше өте жақсы деп құрып, құрбыңызға таныстырдыңыз. Құрбыңызда жоспарын жақсы үлгі ретінде ұсынды. Құрбыңыздың жоспары ұнағанымен, сіз шараны өз жоспарыңызбен өткізуді дұрыс деп есептедіңіз. Сол арада араңызда түсініспеушілік пайда болды.

Құрбыңыз: “Неге үнемі сенің айтқаныңдай болуы керек?” деп, бөлмеден ашулы күйде шығып кетті. Мерекелік шараның өтуіне екі-ақ күн қалды. Ол тек жұмыстағы серіктесіңіз емес, жақсы сырласыңыз болғандықтан, сізге осы жағдай маза бермеді. Сіздің әрекетіңіз?

Жағдаят №2

Сен ата- анаңның тұңғыш перзентісің. Ата- анаң саған үлкен сенім артады, мақтан етеді. Кез - келген мәселені сенімен еркін, ашық талдай алады. Қарым - қатынастарың өте жоғары деңгейде. Бірде ата - анаң саған өте жауапты іс тапсырды, бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол істі уақытында орындай алмадың. Оны білген анаң саған реніш білдірді. Қарым - қатынасыңызда түсініспеушілік пайда болды. Енді не істейсіз?

Жағдаят №3

7- сынып оқушылары өздеріне жаңадан тағайындалған сынып жетекшілеріне қызығушылық танытты. Бұрынғы сынып жетекшілерімен істеген істерін айтты. Олар биылда солай істеуді, ұйымдастыруды ұсынды. Бірақ сынып жетекшісі жұмысты «өз жоспарымен» жүргізетінін айтты. Балалардың сынып жетекшілеріне қызығушылықтары бұрынғы жетекшілерінедей болмады. Олар өз ұсыныстарын айтпады. Ал сынып жетекшісіне өз жоспарын орындау күннен күнге қиындай түсті.

Осы жағдайдағы қарым- қатынасты талдаңыз?

Жағдаят №4

Саматтың ата-анасы баласының жан - жақты дамуына көп көңіл бөледі. Ол мектеп жанындағы спорт секцияларына қатысады. Ал кешкісін анасы баласына музыка үйретеді. Бәрі Саматтың дарындылығына таң қалып, болашағы бар деп жүрді. Шынында ол алғашқы екі тоқсан бойынша «5»- ке оқып жүрді. Ал екінші жарты жылдықта сабақ үлгірімі күрт төмендеп кетті. Спорт та өз жайында қалды. Анасы сәл дауыс көтерсе, достарының үйіне кетіп қалатынды шығарды.

Саматтың бұл әрекетіне не себеп болды деп ойлайсыз?

4 топ өз жағдаяттарын талдап, шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.


VІІ. Топпен ән айту

Жан-досым(Т.Молдағалиев)

  1. Iздегендетабылатынқасыңнан,
    Көңілібарқызғалдақтайашылған.
    Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
    Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!


  1. Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
    Қатар жүріп сырымызды санаштық.
    Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
    Адассақта бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!


  1. Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
    Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
    Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
    Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

«Жігіттер» тобы

«Жан досым»

VІІІ.Үй тапсырмасы:

Д.Дефо «Робинзон Крузо» әңгімесін оқу.

7- сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

C.Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Баяу музыка қосылады.



Сабақ: 11 Күні: Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Қарым-қатынас мәдениеті».

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері:Ұстамдылық,сыпайылық,шыдамдылық

Мұғалім: Маликова Талшын Маликовна

Сынып: 7 Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: 
1.Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасауды үйрету арқылы ұстамдылық қасиеті туралы білім беру;

2.Жағымды қарым-қатынас жасауда сыпайылық қасиетін дамыту;

3. Оқушыларды ізгілікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Орманғаойша серуен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!

Әдістемелік нұсқаулық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Д.Дефо «Робинзон Крузо» әңгімесін оқу.

«Өзін-өзі тану»оқулығы

7-сынып

ІІІ.Жағымды ой пікір (дәйексөз)

Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

Джон Дэвисон Рокфеллер

Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) — америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп.

Филантроп деп әрқашан айналасына қайрымдылық,жәрдем көрсетіп жүретін адамды айтады

V. Оқиға айту (әңгіме).

Екі дос пен қария

Аңыз

  • Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

  • Бір күні олар бірге отырып,ұлы ерліктер жасау туралы армандайды,соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғарылайды деп отырғанда,сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

  • Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан,ұзақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді.Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрады да,су әкеліп береді.Ал Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

  • Тағы бірде достар төбе басында отырса,оларға қария келеді де,тамақ сұрайды.

  • -Бөгет жасама,-дейді оған Арман,-сен бар болғаны қария ғанасың,ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

  • Ал оның досы болса орнынан тұрып,киіз үйден нан әкеліп,оны қарияға берді.Қарияға Сауранға алғысын айтады да,былай дейді:

  • -Қалтасы тесік жан ғана кедей емес.Кімнің жан дүниесі бос болса,сол кедей.Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес,айналысындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

  • Сірә,Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді?Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны,қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.

  • Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт келтіруге мұршасы болмады.Ол қарттар мен ауруларға көмектесті,әлсіздерді жұбатты.

  • Уақыт өтіп жатты.Достардың біреуі мылжың,сараң болды.Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан,ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды.Қайырымды да,ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады.Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен аттаған дейді.Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.

Интернет желісі

VІ. Шығармашылық жұмыс.

«Мен саған сенемін» ойыны
Шарты: Барлық қатысушылар екіге бөлініп, қарама - қарсы қарап, көздерін бір - бірінен алмай, мынадай сөздер айтады, мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені, сен жақсы адамсың».

Адамдармен қарым-қатынас жасағанда шын қөңілмен ниет таныту керек. Қарым қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан ғөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты. 
- Ауырып келген оқушы сыныпқа келсе,оның партасына жаңадан келген оқушы отырып қойыпты. Ауырып келген оқушы қарым қатынасты бұйрық беруден бастайды: « Тез арада менің партамды босат!» 
Екі адамның карым катынасы тұралы сахналау, пікірлесу. 
-Айгүл мен Айнаш сыныптас. Олардың әдебиет кітабі біреу. Оқытушы оқулықтан ертең оқып келуге тапсырма берді. Олардың арасында кім оқулықпен бірінші сабаққа дайындалуы қажет екендігі жөнінде келіспеушілік пайда болды. 
Сахналау, пікірлесу. 
- Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын Арман топтың атынан емес өз атынан айтты. Арманға оқушылар бұл жұмыс шарттың бұзғандық екенін ескерткені сол еді, ол ескертудікінә тағу деп қабылдап , ренжіп қалды. 
Сахналау, пікірлесу.


VІІ. Топпен ән айту

Жан-досым(Т.Молдағалиев)

  1. Iздегендетабылатынқасыңнан,
    Көңілібарқызғалдақтайашылған.
    Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
    Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!


  1. Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
    Қатар жүріп сырымызды санаштық.
    Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
    Адассақта бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!


  1. Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
    Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
    Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
    Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

«Жігіттер» тобы

«Жан досым»

VІІІ.Үй тапсырмасы:

Теректің асқақтығы өсиет әңгіме

7- сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

C.Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Баяу музыка қосылады.





























Сабақ: 12 Күні: Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Қарым-қатынас мәдениеті».

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері:Ұстамдылық,сыпайылық,шыдамдылық

Мұғалім: Маликова Талшын Маликовна

Сынып: 7 Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: 
1.Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасауды үйрету арқылы ұстамдылық қасиеті туралы білім беру;

2.Жағымды қарым-қатынас жасауда сыпайылық қасиетін дамыту;

3. Оқушыларды ізгілікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Орманғаойша серуен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!

Әдістемелік нұсқаулық


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Теректің асқақтығы өсиет әңгіме

«Өзін-өзі тану»оқулығы

7-сынып

ІІІ.Жағымды ой пікір (дәйексөз)

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Михаил Литвак

Михаил Ефи́мович Литва́к-психолог,

 психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты

V. Оқиға айту (әңгіме).

Сурет Ж.Дәуренбаев.
Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.
- Қалаған суреттеріңді салып келіңдер, -деді. 
Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да: 
- Ұқсамайды!-деді бірден. 
Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады. 
Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады. 
Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:
- Әжемнің түрі қара!Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты. 
Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да: 
- Әзкентай, қағазыңды бері әкелші, -деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды. 
- Енді менің алақанымды сызып шықшы, -деді атасы. 
Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты. 
Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты. 
Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті. 
- Міне, атамның алақаны,- деді. 
Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады. 
- Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған , құдық қазған , бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!.
Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...

Сұрақтар:
1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
2. Азаматтың ашуының басталуына не себеп болды?
Қорытынды:
- Олай болса, балалар, ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шеше білейік.

Интернет желісі

VІ. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың шығармашылықтарын қандай дәрежеде екенін байқау үшін «Дос қандай болу керек?» деген тақырыпта постер қорғату.


VІІ. Топпен ән айту

Жан-досым(Т.Молдағалиев)

  1. Iздегендетабылатынқасыңнан,
    Көңілібарқызғалдақтайашылған.
    Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
    Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!


  1. Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
    Қатар жүріп сырымызды санаштық.
    Жолтапсақтабiргежүрiпжолтаптық,
    Адассақта бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!


  1. Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
    Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
    Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
    Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесін!

«Жігіттер» тобы

«Жан досым»

VІІІ.Үй тапсырмасы:

З.Ахметова 50 бет оқу

7- сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы

C.Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Баяу музыка қосылады.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров739
Номер материала ДВ-365157
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх