Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы4 сынып ашык сабак

4 сынып ашык сабак

Скачать материал

                  Әкем,шешем және мен
 Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

Оқушылардың өмірге, әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру дамыту.
Құралдар: 2 доп, қол күресіне арналған үстел, дартс, қой асықтары.

Өтілу орны: Спорт зал.
Өтілу барысы:
І-ж: Құрметті оқушылар
: « Көңілді старт» атты  сайысымызға хош келдіңіздер.Сайысқа 3-4 сынып  оқушыларынан құралғанжәне олардың ата-аналары қатысқалы отыр.  «Денсаулық» және «Шымыр» топтары қатысады.
2-ж: Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырың сен ұқсаң,
Жалқаулық досың болмағай

1 ж: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда –


Әділ- қазы алқасы сайланады.
ІІ-ж: - Енді әр топтың таныстыру сәтіне кезек береміз.
Іт. Біздің топтың аты: «
Денсаулық»
Ұранымыз : « Салауатты өмір салтын сақтайық, Ел үмітін ақтайық»
ІІт. Біздің топтың аты: « Шымыр»
Ұранымыз : « Шынықсаң - шымыр боласың»

1-ж: Сайысымызды бастамас бұрын «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- Қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?
Бала:- Қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- Ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Әр топ ақылдасып, өз ойларын айтады. Әділ қазы алқасы пікірлері құнды шыққан топтарға ұпай береді.

2 ж. Келесі сайысымыз - үй тапсырмасы деп аталады. Қазір әр топ денсаулыққа пайдалы, зиянды әдеттер туралы сөз қозғайтын болады. Жеребе арқылы топтар таңдаған тақырыптарын қорғайды.
1-жүргізуші: «Бірінші байлық - денсаулық» деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі әр адамның хал ахуалы «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт.

2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиясында: «Қазақстан азаматтары мен балаларымызды құқығын қорғайтын, борышын биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет: біздің оқушыларымыз дені сау, саналы білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өтуі тиіс» - деп айтқан болатын.

1-ж: Қазір оқушылардың хабарламаларын тыңдап алайық.
2 оқушы хабарлама жасайды:
1- Оқушы: Халық даналығында «Денсаулық - зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден - ақ білген.

2-
оқушы: Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі сабақ береді, қабілетін анықтап, қай спортқа талабы барын қадағалап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, дойбы, хоккей, бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Үлек пен тайлақ», «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

1-ж: Олай болса, кезекті спорттық сайыстарға берелік.
І. Қол күрес – білек күштерін сынау. Бұл кезеңде сайыскер топтан 3 оқушыдан шығып әр бір мүшесі қарсы топтың әрбір мүшесімен қол күрестіреді. (Жеңген топтың мүшесін хабарлап отыру қажет)
ІI. Келесі кезең «Әтештер» сайысы деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер шеңберден бір- бірін итеріп шығаруы қажет. Әр топтан 3 оқушы шығады.

ІІI. Дартс – 3 дартс жебесін 3 м жердегі нысанаға тигізу. Нысанаға қадалмаған дартс жебесі есепке алынбайды. Әр топтан 3 оқушыдан шығады.
ІV. Эстафеталық жарыс - белгіленген межеге дейін жүгіріп бару.
V. Эстафеталық жарыс - белгіленген межеге дейін жүгіріп доп апару.
VІ. Допты бастан беру.
VII . Допты аяқ арасынан беру.
VIII. Асық ату.


1-ж: Мен «
Денсаулық » тобына сұрақ қойғым келіп тұр.
Денсаулық дегенді қалай түсінесің?
Денсаулықтың, аяғыңның, тісіңнің қадірін қашан білесің?
Тіс дәрігерін кім деп атайды?
2-Ж: Мен «Шымыр» тобына сұрақ қойғым келіп тұр.
Жеке бас гигиенасын ата
«Тазалық - денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесің?
Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіз?

1- ж: - Уақытын босқа өткiзетiн адам жалығады, жаны шаршайды. Мұндайда оның жаны темiрдiң тотығуындай тот басады. Сол үшiн спортпен , сергек қимыл-әрекеттермен айналысу қажет. Рұқсат етілген спорт түрiмен айналысу адамның сергiп, жан-тәнiнiң тынығуына жол ашады. Өмiрiмiздiң бос уақыттары спортпен толықтырылғаны құба- құп..

2-ж: Спорттың пайдалары әр түрлi: дененi шымыр қылады, дұрыс тәрбиеленуге септiгiн тигiзедi, басқа адамдармен қарым-қатынастар орнатуға жол ашады, бойында сенiмдiлiк пен шыншылдықты дарытады, өзiн-өзi қолға алып, шығармашылық қасиеттерiн күшейтедi. Айта кетсек, спорт өмiрде өз орнын табуға, тұлға ретiнде қалыптасуға, қоршаған ортамен қатынас арқылы өз күшi мен неге шамасы жететiнiн түсiнуге итермелейдi.

1-ж: - Спорт адамға кiшiпейiл, кешiрiмдi болуға, сәттiлiктер мен жеңiстi қарапайым қабылдап, тәкәппарланбауға үйретедi. Осыған қоса, басқа түскен қайғылар мен жеңiлiстерге қарсы сабырлыққа бейiмдейдi. Сол арқылы, қандай жағдай болмасын, адам үмiтсiздiк тұманында адаспай сыртқы әлемнен оқшаулыққа түспей әрi өз қателiгiн ешкімнен көрмей саламатты өмiр сүрудi насихаттайды.
  Сайыстың қорытындысын шығарып, топтарды марапаттау үшін сөзді әділ-қазыларға береміз.

Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз
.Олай болса  деніміз сау,білімді ұрпақ болып ер жетейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

№103 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкем,шешем және мен
(эстафеталық жарыс)

 

 

 

 

 

Орындаған  :                    Г.Алиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "4 сынып ашык сабак"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 1118
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гульайым Биенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гульайым Биенбаевна
    Алиева Гульайым Биенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4861
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 593 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 219 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе