Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы2 сынып қазақ тілі сабағынан ашық сабақ " Сұраулы сөйлем"

2 сынып қазақ тілі сабағынан ашық сабақ " Сұраулы сөйлем"

Скачать материал

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: (1 слайд)

Білімділік: Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлай білуге, әдепті ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап,оқыту, әңгімелету

Көрнекілігі:слайд, суреттер, оқулық,тірек-сызба

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

    1) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру.

    1) «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны.

III. Жаңа сабақ

1)       Жұмбақ

2)       «Зейінді болсаң, тез ойлан!» ойыны

3)       Оқулықпен жұмыс

4)       Дәптермен жұмыс

IV.Сергіту сәті

V. Тақтамен жұмыс

VI. Шығармашылық жұмыс

1.Жаңылтпаш

VII. Қорытынды

VIII. Үй тапсырмасы

IX. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

    1) Психологиялық дайындық   (2 слайд)

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабақта,

Жүректен ақ жол тілейік.

-         Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.

Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіреміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (3 слайд)

1) Үйге қандай тапсырма берілді?

174 – жаттығу. Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.

2) Үй тапсырмасын бекіту.

- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Сөйлем)

Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр» (4 слайд)

1. Сөйлем аяқталған ....(ойды білдіреді)

2. Сөйлем сөзден .... (құралады)

3. Сөйлемнің бірінші сөзі .... (бас әріптен басталып жазылады)

4. Сөйлемнің соңына .... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)

5. Сөйлемдегі сөздер .... (бөлек жазылады)

6. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем .... (хабарлы сөйлем)

7. Хабарлы сөйлемнің соңына .... (нүкте қойылады)

III. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме (5 слайд)

-Балалар, менің сендерге мынадай жұмбағым бар.

1) Жұмбақ   (6 слайд)

Екі К күресті,

Арқаларын тіресті.

- Бұл қай әріп?

-Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық.

-Жарас жарыста жеңіске жетті.

-Жазира жазу жазды.

-Жандос жұмбақ жасырды.

Енді сұрақтарға жауап берейік.

-Сендер жаңа қандай сөйлем құрадыңдар?

-Хабарлы сөйлем.

-Ал, енді осы сөйлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.

2) «Зейінді болсаң, тез ойлан!»  (7 слайд)

-Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелерді білеміз?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Қар қалай жауып тұр?

-Неге күн суық?

-Аспан неге көкпеңбек?

-Таулар неге тым биік?

-Мен не істедім?

-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым.

-Ал, ол сұрақтарды не үшін қойдым?

-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым.

-Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?

    Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. (8 слайд)

   Мысалы:  Сенің атың кім?

Оқулықтағы ережені хормен оқыту.

Тірек-сызба арқылы көрейік. (9 слайд)

-Балалар, жаңағы сұрақтарға сендер шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін менің сендерге айтар кеңесім: «Бұл кім? Бұл не?» және «Негеш», «Бәрін білгім келеді», «Балалар энциклопедиясы» сияқты кітаптардан ізденуге болады.

3) Оқулықпен жұмыс: (10 слайд)

1. Күн жадын жазу.

2. Көркем жазу.

(Б әріпін дәптерлеріне әдемі жазу)

175-жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру. (11 слайд)

-Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?

-Өлеңдерде не туралы айтылған?

-Аққу туралы не білеміз?

Аққу-сұлу, нәзік құс. Көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Ол-сақ құс. Аққу-киелі құс.

Дәптермен жұмыс: (12 слайд)

Әрі қарай орындайтын жаттығуларымыз сұраулы сөйлемге байланысты болмақ.

176-жаттығу. Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту. (13 слайд)

-Көке, мынау не төбешік? (14 слайд)

-Илеу деген не?

-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?

-Олар тату тұра ма?

-Құмырсқа туралы не білеміз? Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды. (15 слайд)

-Тақырыптың «Табиғат тәрбиесі» деп аталуы не себепті?

    Құмырсқа – тірі жәндік. Мәтіннен ұққанымыздай құмырсқалар ұйымшыл тату, еңбекқор. Мекені - илеу. Адамзат баласына тәрбие қандай болса, құмырсқаларда да табиғат тәрбиесі бар.

IV.Сергіту сәті (16 слайд)

V. Тақтамен жұмыс (17слайд)

177-жаттығу. Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса. (18 слайд)

 

-Сабақтың басталатын уақытын; Сабақ сағат нешеде басталады? (19 слайд)

-Сыныптағы кезекшінің есімін; Бүгін кезекші кім?

-Асқардың сабаққа кешігу себебін; Асқар сабаққа неге кешікті?

-Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын; Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

178-жаттығу. (20 слайд)

1.Іштен оқыту.

2.Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.

-Бұлттар қайда қонады?                 (21 слайд)

-Бұлттар-таудың қонағы.

-Құстар қайда қонады?

-Құстар-талдың қонағы.

-Қаңбақ қайда қонады?

-Қаңбақ - сайдың қонағы.

-Қармақ қайда қонады?

-Қармақ - судың қонағы.

                                           (Несіпбек Айтов)

-Қандай сөйлем оқыдыңдар?

-Сұраулы сөйлем қалай оқылады?

VI. Шығармашылық жұмыс. Сұраулы сөйлемге айналдыр. (22 слайд)

1. Сәуле кітапханаға барды.

2. Қасқыр-жыртқыш аң.

3. Анар қалада тұрады.

1. Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айт. (23 слайд)

Көже пісті

Көжені неше кісі ішті?

Неше кесе ішті?

Сөйлемдердің қайсысы хабарлы, қайсысы сұраулы екенін тап.

VII. Қорытынды. (24 слайд)

  Балалар мына тақтада жылбасына таласқан жануарлардың суреттері ілінген. Ол жануарларды бір-бірден таңдап, артындағы сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін биылғы жыл иесі суреттердің астынан шығады.

1. Мәтін дегеніміз не?

2.Мәтіннің қандай түрлері болады?

3. «Біздің сынып» туралы сипаттау мәтінін құрап көр.

4.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

5.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

6.Сөйлем дегеніміз не?

7.Сөйлем нешеге бөлінеді?

8.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

9. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

10.Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?

11.Сұраулы сөйлемге мысал келтір.

-Жақсы балалар, сендердің жауап берген жауаптарыңның арқасында биылғы жылдың иесі шықты. Иә, балалар биылғы жыл иесі кім екен?

- Мешін.

-Иә,балалар дұрыс айтасыңдар. Биылғы жыл иесі мешін екен.

Балалар биылғы жыл иесі бізге бос келмепті қолында хаты бар. Мен сендерге оқып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.

  -Балалар, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әліде толықтыратын боласыңдар.

-Балалар, ұстаздарға қандай уәде береміз?  (25 слайд)

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

VIII. Үй тапсырмасы. 65-бет ережені жаттау.179-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазу.

(26 слайд)

IX. Бағалау. (27 слайд)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ  2-сынып

 

Пәні :қазақ тілі

 

 

 

Тақырыбы:Сұраулы сөйлем

 

 

 

 

 

 

 

                                         Пән мұғалімі:АлинаА.Б.

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2 сынып қазақ тілі сабағынан ашық сабақ " Сұраулы сөйлем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 693 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 6663
    • DOCX 49.5 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серікболова Сандугаш Серікболқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14983
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 31 региона

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 38 регионов

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе