Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / 9 сынып қазақ тілінен сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

9 сынып қазақ тілінен сабақ жоспары

библиотека
материалов

Пәні: қазақ тілі. Сыныбы: 9 «Б». Мерзімі:



Сабақтың тақырыбы: «Дастарқан – отбасының дарқандығы»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: қазақтың дастарқаны, ұлттық тағамдары жайлы тереңірек мағлұмат беру, ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру, сын тұрғысынан ойлау тәсілдері арқылы оқушылардың танымын, өз бетімен әрекет ету дағдысын дамыту, тілдесім әрекетіне жетелеу, кейбір этнолигвистикалық атаулармен таныстыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) Дамытушылық: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін, ауызекі сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын молайту, сауаттылықтарын жетілдіру, қазақ салт-дәстүрлерінің өміршеңдігі туралы ұғымды, шығармашылық қабілеттерін, оқушылардың бейнелі, сын тұрғысынан ойлау жүйесін дамыту, топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу, салыстыру, ой қозғау, мәселелік сұрақтар арқылы өз пікірін ашық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың іс-әрекеттерін басқару арқылы ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, оларға өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игертіп, берілген материалды өздігінен талдауға, көркем сөйлеуге үйрету;

б) Тәрбиелік: тапсырмаларды орындау кезінде топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, қазақтың дастарқанын және дәстүрлерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелей отыра, қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың формасы: топтық.

Сабақтың түрі: оқушының білімін бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

  1. Перцептивтік аспект (білімді беру): ауызша (түсіндіру, баяндау, әңгіме, сұхбат, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту), көрнекілік (көрсету, кесте, суреттер), практикалық (жазбаша жұмыстар, мәтінмен жұмыс).

  2. Гностикалық аспект (проблемалық іздендіру): демонстрациялық түсіндіру, эвристикалық, проблемалық.

  3. Логикалық аспект (мінездеме беретін ойлау операциялары): салыстыру, талдау, СТО стратегиялары.

  4. Басқару аспектісі (оқушының оқу-тәрбие қызметіндегі өздігінен жұмыс істеу қабілетінің деңгейі): мұғалімнің басқаруымен жұмыс, өздік жұмыс, топтық жұмыс.

  5. Бақылау аспектісі: ауызша, жазбаша, жалпы, топтық, жеке, қорытынды, өзіндік, критерий бойынша бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, кескін-суреттер, слайд, оқулық, бағалау парақшалары, үлестірмелі карточкалар, стикерлер, аудио, бейнекөрініс.

Сабақтың техникалық жабдықталуы: Microsoft Power Point бағдарламасы, проектор, динамиктер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, этнолингвистика, этнопедагогика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Артықова Т., Боранбай М. Қазақ тілі: Оқулық. Алматы: Атамұра, 2013.

  2. Артықова Т., Боранбай М. Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі. Алматы: Атамұра, 2013.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы.

  4. Wiki беттерінен жүктелген дереккөздер.

Сабақтың барысы:

1 слайд (сабақтың тақырыбы)


І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

- Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! (оқушылар мұғаліммен және қонақтармен амандасады).


1 бейнекөрініс. «Қазақтың дастарқаны».


- Құрметті оқушылар, жаңағы көріністен байқағандарыңыздай, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? Дұрыс айтасыңдар – «Қазатың дастарқаны – отбасының дарқандығы».

2 слайд (Шашу)

  • Есть такой обычай у казахов - «Шашу» (осыпание). Во время радостного события на виновников торжества бросают конфеты, сладости. Казахи верят, что сладости, подобранные во время «Шашу», приносят удачу (әуен ойналып, шашу шашылады).


б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топтармен таныстыру.

- Балалар, бүгінгі сабақта сендермен топ бойынша жұмыс жасаймыз.

І топ – «Шаңырақ»;

ІІ топ – «Руханият».

(Әр топтың басшысы төменде берілген критерийлер бойынша өз тобының мүшелерін бағалайды, сабақ соңында мұғалімге көрсетіп, қорытынды баға шығарылады).

Критерий бойынша бағалау

Оқушы аты-жөні 9 «Б»

Топ №_

Топтағы жұмысқа қатысу

Сұрақ-жауап кезінде

Тапсырманы орындау кезінде

Өзін-өзі бағалау





Қоры-тынды баға


3

4

5

3

4

5

3

4

5

3

4

5

Ұпай саны

1

















2
















3
















4
















5
















6
















ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау:

а) Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды аударып, мағынасын түсіндіріңдер:

3 слайд (І топтың тапсырмасы)

І топ («Шаңырақ»):

  • Асты жамандамайды.

  • Қол жумай, ас ішпейді.

  • Дастархан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды.

  • Ауызанда тамақ тұрғанда сөйлемейді.

  • Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді.

  • Тамақ үстінен аттамайды.

  • Түнде тамақтың бетін жауып қояды.

4 слайд (ІІ топтың тапсырмасы)


ІІ топ («Руханият»):

  • Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.

  • Әкесі бар адам бас ұстамайды.

  • Суды қарызға сұрамайды.

  • Дастарханда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды.

  • Жасына қарай отырады, жағына қарай сөйлейді.

  • Дастарқанның көркі – нан.

ІІІ. Жаңа сабақ:

5 слайд (Жаңа сөздер)

а) Сөздік жұмысы (65-бет). Жаңа сөздерді оқып, әр топ 3 сөзбен сөз тіркестерін құрастырады.

қағида – принцип

татуластыру – сплотить

мырзалық – щедрость

бағалау – оценить

қастерлеу – почитать

жөн-жосық – порядок, правила, касающиеся обычаев

жомарт – щедрый

ас – адамның арқауы – еда придает силы человеку

кепиет – святость

қасиет – природное свойство, особенность

құдірет – мощь

кие – святыня, святость

ә) Мәтінмен жұмыс (2-тапсырма, 64-бет. Оқушылар мәтінді оқып, оны қысқаша мазмұндайды.

І топ – 1-азат жолды оқып, мазмұндайды; ІІ топқа сұрақтар қояды; ІІ топтың сұрақтарына жауап береді.

ІІ топ – 2-азат жолды оқып, мазмұндайды; І топқа сұрақтар қояды; І топтың сұрақтарына жауап береді.

6 слайд («Дұрыс жауабын тап» тапсырмасы)

б) Жазбаша жұмыс (Екі топқа үлестірмелі карточкалар таратылады. Мақсаты: берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, дәптерге жазып қою).

І топ («Шаңырақ»):

1. Бие сүтінен ашытылып жасалады (Қымыз).

2. Түйе сүтінен жасалатын дәмді, жұмсақ, майлы сусын (Шұбат).

3. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті (Уыз).

ІІ топ («Руханият»):

1. Майға қуырылған ұсақ ет. Көбінесе, ірі қараның, қойдың майлы етіне өкпе-бауыр қосып қуырады (Қуырдақ).

2. Дастарқанның басты асы. Бұл сөз қазақ тілінде бауырмал, үйірсек деген мағынаны береді. Ұнға сүт, май, жұмыртқа қосып иленеді де, майға қуырылады (Бауырсақ).

3. Қазақтың ең негізгі ұлттық тағамы (Қазақша ет).

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

7 слайд («Дұрыс немесе қате» ойыны)

а) «Дұрыс немесе қате» ойыны (Екі топқа да бірдей қазақша мақал-мәтелдер мен олардың орысша баламалары оқылады. Мақсаты: мақал баламасының дұрыс-бұрыстығын табу).

І топ («Шаңырақ»):

1. Ет дегенде бет бар ма - Сытому не понять цену хлеба куску (қате).

2. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды - Где пища водится, там болезнь не заводится (дұрыс).

3. Ас қадірін тоқ білмейді - Дом без гостей могиле подобен,

Не тронутая гостем еда отраве подобна (қате).

4.Ат - адамның қанаты, Ас - адамның қуатыКонь - крылья человека, а в хлебе – его сила (дұрыс).

8 слайд («Дұрыс немесе қате» ойыны)

ІІ топ («Руханият»):

1. Кісі кірмеген үй көрмен тең. Ішілмеген ас умен тең - Когда в семье лад, все вкусно подряд (қате).

2. Тату үйдің тамағы тәттіПри виде мяса аппетит о приличьях забывает (қате).

3. Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады - Сытый крепко спит, а от голодного сон бежит (дұрыс).

4. Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім - Если мясо вкус потеряет, Воровство смысл утеряет (ақиқат).


9 слайд (Ассоциациялық кластер)

Ү. Сабақты қорыту кезеңі:


- Балалар, сабағымызды түйіндеу үшін «дастарқан» («Шаңырақ») және «қонақ» («Руханият») сөздеріне топпен ассоциациялық кластер құрып, оны қорғаймыз.

1 топ – дастарқан;

ІІ топ – қонақ.


Әр топ кластер құрып, оны екі оқушы қорғайды.


ҮІ. Оқушы білімін бағалау. Критерий бойынша бағалау парақшалары арқылы оқушылар бағаланады. Топ басшысының комментарийі.


ҮІІ. Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып қояды.


ҮІІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, балалар, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ата салтын сабақта ғана емес, күнделікті тұрмыста да ескеріп, сақтап жүрейік!








































І топтың тапсырмасы


Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды аударып, мағынасын түсіндіріңдер


І топ «Шаңырақ»:

  • Асты жамандамайды.

  • Қол жумай, ас ішпейді.

  • Дастархан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды.

  • Ауызанда тамақ тұрғанда сөйлемейді.

  • Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді.

  • Тамақ үстінен аттамайды.

  • Түнде тамақтың бетін жауып қояды.


ІІ топтың тапсырмасы


Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдарды аударып, мағынасын түсіндіріңдер


ІІ топ «Руханият»:

  • Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.

  • Әкесі бар адам бас ұстамайды.

  • Суды қарызға сұрамайды.

  • Дастарханда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды.

  • Жасына қарай отырады, жағына қарай сөйлейді.

  • Дастарқанның көркі – нан.


«Дұрыс жауабын тап» тапсырмасы


І топ «Шаңырақ»: Жақшаның ішіне дұрыс жауабын жазыңдар.


1. Бие сүтінен ашытылып жасалады. Бұл сусын қалай аталады? ( )

2. Түйе сүтінен жасалатын дәмді, жұмсақ, майлы сусын. ( )

3. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті ( )




«Дұрыс жауабын тап» тапсырмасы


ІІ топ «Руханият»: Жақшаның ішіне дұрыс жауабын жазыңдар.


1. Майға қуырылған ұсақ ет. Көбінесе, ірі қараның, қойдың майлы етіне өкпе-бауыр қосып қуырады. Ол не? ( )

2. Дастарқанның басты асы. Бұл сөз қазақ тілінде бауырмал, үйірсек деген мағынаны береді. Ұнға сүт, май, жұмыртқа қосып иленеді де,

майға қуырылады. ( )

3. Қазақтың ең негізгі ұлттық тағамы. ( )




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1155
Номер материала ДВ-339958
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх