Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / 8 сынып бойынша сабақ жоспары "Сарыарқа"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

8 сынып бойынша сабақ жоспары "Сарыарқа"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы. Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Сарыарқаның физикалық географиялық орны, геологиялық құрылысының күрделілігі, органикалық дүниесінің және пайдалы қазбаларының байлығын, сұлу табиғи аймақ екенін түсіндіру.
Міндеттері: Мазмұнға байланысты міндеттері: Сарыарқаның физикалық географиялық орнына, геологиялық құрылысына, органикалық дүниесіне, пайдалы қазбаларына сипаттама беру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:
Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерттеп, талдау жасайды.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері: Оқушылар бірін - бірі оқытуда:
Жұппен, топпен түсініп оқып талдайды;
Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды;
Топтастарының сұрағына жауап береді;
Қорытынды шығарады.
Сабақтың әдістері: ассоциация құру, өз ара бірін - бірі оқыту, ДЖИГСО - 1, ұқсастық және даралық, семантикалық кесте, көркем әдебиеттерден Сарыарқаның сұлу табиғатына байланысты өлеңдерді оқу, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық географиялық картасы, интерактивті тақта, Сарыарқаның фото суреттерімен көркем әдебиет көрмесі, кескін карта, Сарыарқа күйінің үнтаспасы

Сабақтың барысы:
1. Үй тапсырмасын тексеру
Жедел жауап
1. Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қазақстан аумағын неше аймаққа бөледі?
2. Каспий маңы ойпаты қай жазыққа кіреді?
3. Шығыс Еуропа өзендерін ата.
4. Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейін алып жатқан жазық.
5. Батыс Сібір жазығының қай бөлігі Қазақстанға кіреді?
6. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері.
2. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың бұрынғы алған білімін анықтау үшін « Қазақстанның табиғат аймақтары» деген сөзге ассоциация, осыдан кейін «Сарыарқа» деген сөзге ассоциация құрастыру
3.. Мағынаны ажырату. Өзара (бірін - бірі оқыту)
Сарыарқа мәтінін оқытып талдау жасайды. Мәтінді жеке алып оқиды, пікір алмасады, топпен негізін анықтайды. мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін топтан бір оқушы оқыған бөлікті қорытындылап айтады.
Әрбір топқа жеке - жеке тапсырмалар беріледі. Мұғалім слайд арқылы қысқаша қорытындылап көрсетеді.
1 - топқа
ДЖИГСО - 1
Тақырыпшаларды суреттеп салу (картамен жұмыс жүргізу)
1. Географиялық орны (атлас картадан тауып, кескін картаға салады)
2. Жер бедері. Ең биік нүктесін салу.
3. Пайдалы қазбалары.
4. Өзендері, көлдері
2 - топқа
Ұқсастық және даралық
Шығыс Еуропа мен Тұран жазығының ұқсастығын және даралығын анықтау.
3 - топқа
Сәйкестендіру кестесін толтыру
4 - топқа
Суретпен жұмыс
Топ оқушыларына Ұлытау таулары, Оқжетпес тақырыбында суреттер беріледі. Сол суретке қарап әңгіме құрастыру.
Үнтаспадан «Сарыарқа» күйі тыңдалады және «Сарыарқа» күйінің шығу тарихы, Сарыарқаның сұлу табиғатына байланысты шығарылған ақын жазушылардың өлеңдері оқылады.
Барлық топ оқушыларына тест тапсырмалары беріледі, оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: Сарыарқа

Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров782
Номер материала ДВ-453954
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх