Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 4сынып Әдебиеттік оқу Түркістан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

4сынып Әдебиеттік оқу Түркістан

библиотека
материалов

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңімен таныстырып, тарих пәні арқылы жан-жақты мәлімет беріп, өлеңнің құрылысы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, топпен жұмыс, суреттеу, салыстырмалы әдіс, «Кубизм» стратегиясы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, кіріктірілген танымдық сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің, Қожа Ахмет Йасауидің суреттері.

Пәнаралық байланыс: М.Жұмабаевтың өмір жолы, ҚР картасы, 4.Музыка: Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мағжан Жұмабаев туралы кластер жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі болған. Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.  Бұл тақырып аясында біз ақынның «Түркістан» өлеңімен танысып, олардың мазмұны, құрылысы, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталамыз. 

II. Ой қозғау. Сабақтың тақырыбын шығару

М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

М.Жұмабаев.

- Ақынның осы өлең жолдарында не туралы айтылады?

III. Мағынаны ажырату. (Жаңа сабақты өту)

1. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Бүгінгі сабағымыз – дәстүрлі емес, тарих пәнімен кіріктірілген танымдық сабағы. Сабақта біз М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңімен танысып, мәліметтерді пайдалана отырып, білімдерімізді шыңдаймыз. Өлеңмен таныспас бұрын ежелгі, қасиетті Түркістан қаласының тарихымен таныстыру.

2. Түркістан қаласымен таныстыру. Түркістанның картасы, Түркістан мен Меккенің суреттері

Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.

Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады.

3. Жаңа сөздерді меңгерту

Жаңа сөздермен жұмыс.

4. Оқулықтағы өлеңмен таныстыру Сонымен біз міне, көздің жауын алып тұрған әдемі, сұлу да сырлы Түркістан қаласымен таныстық.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Кубизмдік тапсырмалар:

Қазір «Кубизм» стратегиясы бойынша топтармен мынадай тапсырмаларды орындаймыз. Куб 6 қырдан тұрады. Осы кубтың қай қыры қай топқа қараса, сол топ сол қырдың тапсырмаларын орындайды.

(Кубты айналдырып отыру керек).

«Кубизм» стратегиясы

1-қыры – Зерттеңіз

Өлең бойынша сатылай кешенді талдау жасап, зерттеңдер. 
1. Авторы: Мағжан Жұмабаев.
2. Тақырып: «Түркістан» өлеңі,  бұл - тарихи туындының іргетасы, тарихи шығарма. Тарихи шығарма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың 
сәулесі. 
3. Жанр түрі: өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір 
өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып 
келетін өрнекті сөз жүйесі. 
4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін 
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан 
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. 
7. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: өлеңде туған жерді, Отанды сүю, қорғау, тарихи тұлғаларды біліп, оларды құрметтеу.

2-қыры – Суреттеңіз

Түркістандағы тарихи ұлы тұлға Қожа Ахмет Йасауи кесенесін суреттеңіз.Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің суреті

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған. Бұл құрылысты салуды Әмір Темір шебер Мәулен Ғұбайдолла Садырға тапсырды. Осы құрылыс 10 жыл салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.

Кесененің қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен көмкерілген.

3-қыры – Салыстырыңыз

Қазақстанның Елордасы болған Түркістан мен Астана қалаларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.

V. Ой толғаныс. Жаңа сабақты қорыту.

6-қыры – Байланыстырыңыз (ассоциация)

Өлеңдегі тарихи тұлғаларды атаңыз.

тарихи тұлғаларды атаңыз

Шыңғыс хан

hello_html_353dff75.gifhello_html_762abdd4.gif


hello_html_6b11c135.gifhello_html_m329c5344.gifҚасым хан Абылай хан

hello_html_m6228d09d.gifhello_html_m77dae311.gifhello_html_4641c3ba.gif


Есім хан Кенесары хан Әл-Фараби


Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі болған. Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға

Түркістан қаласы - тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі. Ақын тарих қойнауына терең үңіледі.. Ата-бабаларымыздың тарихын білу – әрбір адамның парызы.

VI. Үйге тапсырма

VII. Оқушылардың білімін бағалау
















Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров729
Номер материала ДВ-364501
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх