Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 2 сынып Әдебиеттік оқу "Төрт түлік туралы жырлар. Қой" ашық сабақ

2 сынып Әдебиеттік оқу "Төрт түлік туралы жырлар. Қой" ашық сабақ



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Төрт түлік туралы жырлар. Қой

Сабақтың мақсаты: оқушыларды төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдерін қалай шақырту керектігін, атасын, оларды бағатын адамдардың қалай аталатынын сәйкестендіру тестісі арқылы орындату, өленді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Білімділігі: мал дәрігері туралы әңгімелей отырып, мамандық туралы бағдар беру. Тәрбиелігі: ұлттық салт – дәстүрді, ұлттық тағам түрлерін, бұйымдарды білуге үйрету. Дамытушылығы: тіл байлығын арттыру, өз сөздерімен байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін мазмұндау.

Ертегіден алар қорытындымыз не? «Ұрлық түбі қорлық» дегенді қалай түсінесіңдер? Ұрлық істемей таза жолмен жүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

3. Жаңа сабақ.

Біздің ата-бабаларымыз да еңбекпен күнелткен. Қазақ халқының  ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу екенін білесіңдер. Жазғы каникулда ауылға, ата-әжелеріңе барғанда көрген боларсыңдар.

- Төрт түлік малды кім атап береді? Малды не үшін өсіреді?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Төрт түлік мал туралы жырлар. Қой»

Мұғалім: Төрт түлік туралы жырлар да ертегілер сияқты ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.

Сұрақтар:  1. Төрт түліктің төлдерін атаңдар.

                   2. Төрт түліктің пірлерін атаңдар.

                   3. Төрт түлік қалай дыбыстайды.

                   4. Ата-бабамыз неліктен осы кәсіпті таңдаған екен?

Дәптермен жұмыс.

Қойдың атаулары: қозы→ марқа→ тоқты→ тұсақ→ саулық.

Төрт түліктің адамға беретін тағамдарын жаз.

Қосымша деректер: Қой туралы әңгіме. «Әз жүру» – халық даналығы. Халық санатында наурыздың 20 – 22 – сі аралығында «әз жүру» деген ұғым бар. Ол әуеде болар – болмас діріл мен гүжілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді. Әздің жүрегінің тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді. Олар жайылып жүргенін қоя салып, көкке қарап жамырай маңырап қоя береді. Шопан оны көріп мәз болады. «Әз болмай. Мәз болмайды» деген мақал содан қалған.

Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.      


Сабақты қорыту. Тыйым сөздерді білу қажет.

Мал сүйегін пешке салма.

Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.

Ақты төкпе Малды теппе

Малға теріс мінбе

Малдың басынан ұрма

Үйге тапсырма: «Қой» өлеңін жаттау.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров515
Номер материала ДВ-062439
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх