Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / 6 -сынып. әдептен озбайық

6 -сынып. әдептен озбайық

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың жоспары

Сыныбы: 6 № 10 Тақырыбы: Әдептен озбайық

Мұғалімі: Т.М.Маликова

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыпайлық, ізеттілік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дұрыс әрекет арқылы әдепті болуды, жағымды қарым-қатынас құруды үйрету.

Міндеттері:

Оқушыларға әдепті болу, әдептілік туралы білімдерін қалыптастыру;

Оқушылардың бойында ізеттлік қасиетін дамыту;

Оқушыларды сыпайлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Ресурстар (дерексөздер)

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

орманға саяхат (тыныштық сәті)

Үй тапсырмасын тексеру

Сұлулық сезімдері

Оқулық 75 бет


Жағымды ой пікір

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

1.Қалай ойлайсыңдар әдепсіз бала қақсатар деп неге айтылған?

2. Мысал келтіріңдерші

Мақал

Әңгімелеу Әдеп Ы.Алтынсарин

Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: «Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» – дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін», – дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған:

«Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» – дейді. Сүлеймен оған, «Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», – деп уәде береді.

Бір мен нөл”

Бір ғұлама тақтаға түзу бір сызық сызып: «бұл недеп сұрапты. Сонда шәкірттерінің бірі «бір саны» дес, бірі «түзу сызық» депті. Сонда ұстаздары: «Жоқ, бұл әдеп» депті. Артынан бір нөл қосып «бұл недесе, «нөл» депті шәкірттері. Сонда ұстаздары: «жоқ, бұл білім депті. Тағы бір нөл қосып, оның ақыл екенін, тағы бір нөл қосып хикмет, сосынғы нөлдің өнер екенін айтыпты. Сосын ұстаздары алдындағы сызықты өшіріп, «енді не болдыдесе, шәкірттері кілең нөл қалғанын айтады. Мұның мәнісін ғұлама: «Егер сенің әдебің болмаса, онда білімің де, ақылың да, өнерің де нөл» деп түсіндіріпті.

оқулық 72 бет

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеміз.
1 - топ «Ұқыпты бала»
2 - топ «Ұқыпсыз бала»
3 - топ «Мен әдепті баламын» берілген тақырыптар бойынша тірек - сызба құрастыру.
Есіңе сақта:
- Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
- Басқалардың өзіңмен қалай қарым - қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.
- Сыпайы достық пейілмен сәлемдес.
- Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.

«Сиқырлы доп» ойынын ойнау. Балалар дөңгелене тұрып, «Сиқырлы допты» бір-біріне лақтырып әдептілік белгілерін айтады.


Дәптер , ватман, түрлі түсті карандаш, доп

Топпен ән айту Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өрісі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


үн таспа

Үйге тапсырма

Әдептілік туралы мақал, нақыл сөздер жазып келу, “Тістелген алма” ел ауызынан оқу

Оқулық 75 бет

Сабақтың қорытынды сәті

1.Бүгінгі сабақта сендер не үйрендіңдер?

2. Қандай ой түйдіңдер?





Сабақтың жоспары

Сабақ:11 Сыныбы: 6 Пән:Өзін-өзі тану Мерзімі:19.11.2015

Мектебі: Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп Тақырыбы: Әдептен озбайық

Мұғалім: Маликова Талшын Маликовна

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Байсалдылық,шыдамдылық, сабырлық

Оқушылар саны:25

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға әдептілік туралы түсінік беру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушылардың әдептілік,байсалдылық туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды сабырлы,шыдамды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Мұғалім: - Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Әдістемелік нұсқаулық


Үй тапсырмасын тексеру

Тістелген алма” ел ауызынан оқып келу

Сұрақтар:

1.Жігітке мінездеме береміз?

2. Жігіт өзін не үшін кінәлады?

3.Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

4.Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеттері бар?

Өзін-өзі тану

6-сынып оқулық 37 бет


Жағымды ой пікір

Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

Мақал

Сұрақтар:

1.Әдеп дегеніміз не?

2. Әдепті болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

3.Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Интернет желісі







Оқиғаларды әңгімелеу «Әли мен Айя». Дастархан басындағы әдептілігі»

1.Бұл мульт топтамасында қандай қасиеттерді байқадыңдар?

2.Әли мен Айяға атасы қандай әдептілікті үйретті?


Бейнетаспа

«Әли мен Айя Дастархан басындағы әдептілігі»

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды әдепті сөздер арқылы топқа бөлу. «ИНАБАТ», «ҚАМҚОР», «ӘДЕП»,«РАХМЕТ»

«Әдептілік әліппесін” оқып осы өлең жолдарынан түсінгенін постерге суреттейді, қорғайды.

Әдептілік әліппесі

Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты,
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр-салақ болмағын
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлқып түймені
Ашуланбай, долданып,
Жауап бергін ойланып
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима,
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме,
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып, құр қаңғырма!
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдар шамның ал «тілін»
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

Дәптер,постер, түрлі- түсті карандаш




























Топпен ән айту

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өрісі аспағандар



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.



Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.



Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.



Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

«Жақсы адамдар»

әні

Үйге тапсырмасы

Әдептілік туралы мақал, нақыл сөздер жазып келу, М.Мақатаевтың “Көшеде” өлеңін жаттау.

Өзін-өзі тану

6-сынып оқулық 40- бет

Сабақтың қорытынды сәті

1.Тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?


Баяу әуен


Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров457
Номер материала ДВ-365149
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх