Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / "11 сынып әдістемелік құрал"

"11 сынып әдістемелік құрал"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ № 1

Тақырыбы: Кіріспе. Техникалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

  • 11-сынып информатика курсының мақсатттары және тапсырмаларымен танысу;

  • жұмыс орнын ұйымдастыруды үйрету

Оқушылар білуі тиіс: компьютермен жұмыс істеудегі мүмкін болатын зардап салдарын, программаның интерфейсінің қолданушыға әсер етуін ескеруді.

Оқушылар үйренуі тиіс: өзінің жұмыс орнында қалай жұмыс істеу керектігіне байланысты қойылатын сұрақтарға жауап бере алуды.



Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Қазіргі заманда адамзат техникалық құралдары қолдануға міндетті. Қолданушы техниканы тиімді түрде қолдануда оның мүмкіндіктерін білуі, программа орната алуы, қолдана білуі қажет. Желілік технологиялардың екпінді дамуында, электронды қызмет көрсету шоғырының кеңеюінде программалар және мәліметтер қауіпсіздігі үлкен рөл ойнайды.

Бұл оқу жылында информатика сабақтарында келесі бөлімдер мен тақырыптар қарастырылады.

Бұл оқу жылында информатика сабақтарында келесі бөлімдер мен тақырыптар қарастырылады:

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер: ақпараттық қауіпсіздіктің не екендігі, компьютерлік құқықбұзушылықтың кейбір түрлері, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық сұрақтары, авторлық құқықтың қорғанысы.

  • «Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы » бөлімінде келесі тақырыптар болады.: ақпараттық қамтамасыз ету, ОЖ құралдарымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, компьютерлік вирустар.

  • Одан кейін үш үлкен бөлімді оқисыңдар: Векторлық графика, растрлық графика, электронды басылымдар және полиграфикалық басылымдарды дайындау. сендер компьютерлік графиканың (логотиптерді, эмблемаларды, ашықхаттарды, фотосуреттерді және т.б.) әр түрлі түрлерін құруды , редакциялауға қолдануды және полиграфиялық (брошюра, газет т.б ) басылымдарды беттеуді үйренесіңдер.

сендерге әрине, өткен жылы алған білімдерің қажет болады.

Оқулықпен жұмыс істеу жүйесі сол қалпында қала береді. Параграфта

ұсынылған мәліметті оқып –үйрену тапсырмалары деңгей бойынша орналасқан тәжірибелік жұмысты жүргізумен тіркеледі. Бақылау сұрақтары тізімінде жауапқа арналған сыртқы қордағы ақпараттарды өздігінен іздеуді талап ететін сұрақтар мен тапсырмаларды кезіктіресіңдер. Тараудың негізгі мазмұнын қорытындылауда жоба тақырыптары ұсыныылдады. (жобалық іс –әрекетпен жұмыс істеуге оқулық бойынша 7 сағат бөлінген) Жобамен жұмыс істеу программада жұмыстың оқытылған түрін қабылдауға мүмкіндік беруімен қабылдауларын сипаттауға, мұғаліммімен бірлесе жұмыс жасай отырып, сабақ оқуға мүмкіндік береді.

Техникалық қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыр.

Әдетте техникалық қауіпсіздігі ережелері әр оқу жылының басында қайталанады және бұған компьютер алданда тәжірибелік жұмыс жасау барысында қайта оралып отырады. 11-сынып оқушыларына топтық жұмыс ұйымдастырып, ол жұмыс нәтижелерін қорытынды жобада қолдануды ұсынуға болады ( өз сайттарының жеке парағында) немесе информатика кабинетін ең үздік безендіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастыруға болады.

Алдын ала оқушыларға параграфтың мәтінін оқуға және ондағы тәжірибелік тапсырмаларды орындауға уақыт беріңіз.

топта ұйымдастыру жұмысының нұсқалары:

  • Информатика кабинетіне арнап «Компьютер алдындағы қауіпсіз жұмыс» тақырыбына өз беттерінше плакат құру.

  • Кестені толтыру (оң жағын оқушылар толтырады)


ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

жұмыс орнында

шауыл болмауы қажет

жұмыс үстелі (парта)

болмауы қажет

монитор экраны

жылтырап тұрмауы қажет



Компьютермен ұзақ жұмыс істеуі кезінде

ҚАЖЕТ

биіктігі реттелетін және арқаны жақсы ұстайтын орындықтың болу

жиі-жиі үзіліс жасау, физикалық жаттығулар жасау және көзге арналған жаттығулар жасау

бөлмеде ықтималды микроклиматты қадағалау (температура, желдетілу және т.б.)

...



  • Компьютер алдында дұрыс емес жұмыс істеуі жағдайына мысалдар келтіру және оларға ойын ұйымдастыру және оларды суреттеу.

  • Төменгі сынып оқушыларына «Компьютер алдындағы қауіпсіз жұмыс» тақырыбына хабарлама / тұсаукесер дайындау және т.б.

IV Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмалардың топтарда орындалуы

V Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын бағалау

VІ Үй тапсырмасы

Оқулықтан тақырып бойынша мәліметті оқып білу.





























































Сабақ № 2

Тақырыбы: Компьютерлік құқықбұзушылық түрлері

Сабақтың мақсаты:

  • компютерлік құқықбұзушылықты қарастыру (киберқылмыс), киберқылмыс түрлері.

Оқушылар білуі тиіс: ақпараттық қауіпсіздіктің не екендігін, « құпиялылық », «тұтастық», «қолжетімділік», ақпарат терминдерінің мағынасын; түпнұсқаландыруды, жүгінудегі қолжетімділікті басқаруды, ақпараттық қылмысты , киберқылмысты

Оқушылар үйренуі тиіс: сайтты жасандылықтан ажырата білуді, киберқылмыстың мәнісін сипаттауды және мысалдар келтіруді (фишинг, спуфинг, киберсквоттинг, DoS и Ddos – шабуылдар және т.б.) киберқауіп қатер және компьютерлік жүйеге шабуыл туралы берілгендерді талдауы .



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ. Білімді өзектендіру

Тест сұрақтарын талқылаудан бастауыңызға болады.

П 1 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің кілттері.

1

2

3

4

5

В

С

А

В

В


-Берілген мәліметтерінде құпиялылықты сақтау үшін қандай әрекеттер қолданасыңдар?

IV. Жаңа материалдарды түсіндіру

Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздікті қалай түсінетіндігін айтуға мүмкіндік беріңіз. Кейін « құпиялылық» «тұтастық», «қолжетімділік», ақпарат терминдерінің мағынасына анықтама беріңіз және мағынасын талдаңыздар.

Оқушының Интернет желісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің қандай қатерлерге соқтығысып қалуы мүмкін болатынын талқылаңыз; бірнеше қолданушының компьютермен жұмыс істеуі кезінде қауіпсіздіктің қандай қатерлері туындауы мүмкін (тасымалдаушының физикалық жарақат алауын)

Оқушылардан компьютерлік қылмыстың не екендігі туралы сұраңыз. Оқулықтағы (2016 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының ақпараттық, қауіпсіздік тұжырымдамасы) анықтамамен салыстыруға мүмкіндік беріңіз.

V. Тәжірибелік жұмыс

Тәжірибелік жұмыстың тапсырмасын оқулықтан орындау (жылдам Интернетке қосылу, егер ондай мүмкіндік болмаса, оқушыларға алдын ала сақталған беттерді немесе қағаз жүзіндегі нұсқасын беріңіз)

VІ. Қорытындылау

VІІ. Үй тапсырмасы

п 1-ді оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру және тапсырмаларды орындау.



































Сабақ № 3 Ақпаратты құқықты қорғау

Сабақтың мақсаты:

Заңдарды әзірлеу – ақпаратты қорғаудың бірден –бір ұйымдасқан әдісі екенін білу және ақпараттандыру туралы заңның негізгі қосымшаларымен және авторлық құқық заңымен танысу

Оқушылар білуі тиіс: авторлық құқықтың нысаны не екендігін, ПЖ және желіден алынған ақпаратқа қолданылатын авторлық құқық туралы заңның баптары туралы .

Оқушылар үйренуі тиіс: авторлық құқықтың нысаны не екендігін, ПЖ және желіден алынған ақпаратқа қолданылатын авторлық құқық туралы заңның баптары туралы.

Оқушылар үйренуі тиіс: желіден алынған ақпаратқа дұрыс сілтеме жіберу.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқушылар сенімділіктің (бұл дерексөзінің тізімі немесе «ғылыми журнал Уикипедиядағы баптар қағидасы бойынша») азаюын бір реттілікпен орналастыратын дерексөз тізімдерін ұсыныңыз

IV Жаңа материалды түсіндіру

Мәселенің қойылымы

Оқушы әртүрлі дерексөздердегі сілтемелердің стандарттарымен таныс (орыс тілі курсынан оқу жобасы бойынша биолографиялық тізім құрған)

Оқушыларға дұрыс рәсімделген (сілтемелердің бірнеше мысалдарын дайындаңыз, олардың дұрыс рәсімделуі – ескертпе немесе тұсаукесерді)деп есептелінген электронды қорларға сілтемелерді таңдауға рұқсат етіңіз

Оқушыларға өз ойларын айтуға және мына сұрақтар бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беріңіз

  1. мәліметті қалай таңдау керек?

  2. Авторға сілтемені жіберу міндетті ме?

  3. Тұсаукесерде сілтеменің болуы міндетті ме?

  4. Қорға жүгінгендегі күнді көрсету қажет пе? Неге?

Интернет желісіндегі авторлық құқықтың әрекетін талқылаңыз Мысалға, оқушы фильмді қандай жолмен көреді (онлайн, жүктейді, қандай қорлармен) Әдістердің қайсысы заңды, қайсысы заңды емес? Жай ғана көшіріп қоюға және суретті Интернеттен алып қоюға бола ма?

Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуге, авторлық құқық нысандарының не екендігін анықтауға, басқалай акттармен қорғалған, авторлық құқық заңдарының әсеріне түспейтін нысандарға өзінің мысалдарын келтіруге мүмкіндік беріңіз.

Автордың рұқсатынсыз шығармаларының Интернет желісіне орналастыру себебі бойынша автор тарапынан туындайтын дау туралы бірнеше мысалдарын дайындаңыз (мысалға, «Мошков кітапханасы» қарсы талаптары)

Арнайы программаларды (дайын нәтижелерді тексеруге немесе оқушының сабақта өздігінен тәжірибелік жұмысқа уақыты болмаса) қолдана отырып, бірнеше мәтінді плагиатқа тексеруге дайындаңыз. Тексерулердің алынған нәтижелерінің қаншалықты көшірілмегенін талқылаңыз.

Авторлқы құқық туралы заңның қорғалатынын және лицензия шарттарын қолданушының орындауға міндетті программаларға назар аударыңыз.

Ақпаратты қорғаудың тағы да қандай әдістері бар екендігін талқылаңыз. Оқушыларға заң шығарушы қызметтеріне сәйкес (программалық, ақпараттық немесе ұйымдық ) тобына бөлуді ұсыныңыз. Тұсаукесерді қорытындылау үшін интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қоолданыңыз.

Оқушыларға «Электронды ақпараттық қорларды , ақпараттық жүйелерді қорғау» бап мәтінін, «Ақпараттандыру туралы» заңның оқуға мүмкіндік беріңіз. Олар кез-келген ақпарат біреудің жекеменшігі болып табылады деген қорытындыға келуі керек. сондықтан ақпаратты қорғау, жекеменшікті қорғауға сәйкес жекеменшік құқығының бұзылуы қудаланады және бас бостандығынан айырылуға дейін жазаланады.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырманы орындалуы

VІ Қорытындылау

Қандай сұрақтар қалды туындады? Келесі сабаққа мәселенің мақсат – міндеттерін қою –шағын жобаларды қорғау сабағы . Жобалардың тақырыбын таңдау.

Оқушы зерттеуге арналған тақырыпты өзі ұсынуына болады. Өзіндік зерттеуге болжам жасайтын шағын жоба тақырыптарын ұсыныңыз және дайындаңыз. Мысалға, «Авторлық құқық туралы заң мен сабақтас құқықты салыстыру Қазақстан(және Ақпаратты қорғау туралы заң (Ұлыбритания)»

VІІ Үй тапсырмсы

п2 ні оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру және тапсырмаларды орындау, тақырып бойынша шағын жоба дайындау.







Сабақ № 4

Тақырыбы: Шағын жобаларды қорғау.


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға « Компьютерлік құқықбұзушылық түрлері» және «Ақпаратты құқықты қорғау» тақырыптары бойынша шағын жобаларды қорғау.


Мазмұнда оқушының жеке бағалауындағы әртүрлі дерексөзінен алынған ақпараттар қолданылуы мүмкін. Сілтемелермен дұрыс рәсімделген әдеби қорлар тізімі болуы міндетті.

Бағалаудың ең басты критерийі – мазмұндаманың тақырыппен сәйкес келуі, тақырыптың қаншалықты терең ашылғанына мән беру қажет.





Сабақ № 5

Тақырыбы: Программалық жабдықтамалардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар білуі тиіс: программалық жабдықтама қандай белгі бойынша жіктелуін программаларды орнату және жою әдістерін.

Оқушылар үйренуі тиіс. ППЖ және ЖПЖ арасындағы айырмашылықты түсіндіру: олардың компьютерлеріне орнатылған программалық жабдықтама нұсқасын анықтау жүйенің техникалық параметрлері мен орнатылатын программалық жабдықтаманың сәйкестігін анықтау; Windows ОЖ –не программалар орнату және жою

Сабақ барысы:

І Ұймдастыру

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Жарлықтарды қолдану (программаның атауы) және программаның тағайындалуы және сипатталуы . Программалар тізімін құрыңыз, оның ішіне зиян келтіретін программалар, арнайы (кітапханалық, бухгалтерлік), жарнамалық ПЖ кіргізуге болады. Оқушыларға программа аты мен өзі атқаратын қызметінің сәйкестігін анықтауды ұсыныңыз.

Оқушыларға программа атын түр бойынша (топтың программасын қандай белгі бойынша жіктелу керектігін өздері таңдайды) жіктелуін сұраңыз. Топ жұмысының нәтижесінде бір программа ПЖ (мысалға тағайындалу бойынша қолданбалы) әртүрлі түрлеріне жататыны туралы шығуы керек.

IV Жаңа материалды түсіндіру

Информатиканы оқып –үйренуде оқушылар әлі күнге дейін программаны тек тағайындалуы бойынша жіктейді. Басқа да ерекшеліктерді тұжырымдаңыз: мүмкін болса басқа платформаға көшу.

Сыныпта бақылау сұрақтарының 4- тапсырмасынан кестені және параграфтан кейін сұрақтарды толтыруды бастаңыз.

Талқылаңыз

  • Лицензияның әртүрлі типі . Оқушыларға білім беретін мекемелер мен сыныптардағы компьютерлерде программалар қандай лицензиямен (жеке пайдаланушы үшін Microsoft компаниясы ұсынады) орнатылған.

  • Программалық қамтамасыз етудің тіршілік циклі дегеніміз не? Программа нұсқасы не нәрсні көрсетеді?

  • Оқушылардың үйіндегі компьютерлерде, сыныптарда апрограммалық жабдықтамалардың қандай түрі орнатылғанын талқылаңыз.

Оқушылар кейбір программалар ПЖ-ның ең кіші жиынына кіреді және тәжірибелік түрде барлық қолданбалы компьютерлерде орнатылады деген қорытындыға келуі керек.

Оқушыларға алдағы уақытта қолданылатын қажетті программаларды (әйтпесе орнату үдерісін көрсету, симуляторды қолданыңыз)орнатуға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың назарын мына нәрсеге аудартқан жөн: программаны орнатпса бұрын техникалық құралдың ең кіші талаптармен сәйкестігіне көз жеткізіңіз, программа разрядтылығы компьютердің разрядымен сәйкес келуі керек.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды оқулықтан орындау. Тұсаукесерде программаның мысалына көшетін топтастыру сұлбасының болуы қажет (аты , міндеті, скриншот)

VI Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын компьютермен бағалау.

VII үй тапсырмасы

§3-ті оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру

Қосымша тапсырма : экология туралы ақпарат табу.

§3 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімнің тест кілттері:



1

2

3

4

5

А

С

С

А

Д



6 – сабақ. Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйе құралдары мен қамтамасыз ету.

Сабақтың мақсаты:

  • ақпараттың қауіпсіздік шараларымен, программалық және ұйымдастырумен танысу.

Оқушылар білуі тиіс: қандай құралдар Windows ОЖ программалардың және қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі үшін жұмыс атқаратын – брандмауэр қызметін, жүйелі түрдегі программаның жаңартылуы, бөлек мүмкіндіктерді ұйымдастыру, сенімді құпия сөздің қасиеті, бума және дискілерді цифрлау. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қандай құралдары Windows ОЖ ,MS Word пен басқарудағы программалармен беріледі.

Оқушылар үйренуі тиіс: брандмауэрді қосу/ өшіру және баптау, программа жаңартылуының кестесін орнату, сенімді құпия сөзді қалыптастыру, MS Word қауіпсіздік параметрлерін дайындау, жүйені қалпына келтіру нүктесін құру.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Биометрикалық мәліметтерді қолдану туралы бейне дайындаңыз. Оқушылардан әртүрлі ұйымдардан (қажеттілігі болып жатса тізімді дайындаңыз) жиналатын биометрикалық мәліметтердің түрлерін есептеп шығаруын сұраңыз.

Саусақ таңбасын қалай түсіруге болатындығы және көз торының сканерленуі жайлы мәліметтер беріңіз. Оқушылар топтарында «қолдаушы » және «қарсы» дәлелдерін дайындайды, оларды сыныпқа көрсетеді.

IV Жаңа материалды түсіндіру

Бар болатын қорлардың тәуелділігінен және оқушылардың дайындықтарынан, Windows ОЖ қауіпсіздікті қорғау ұйымдары бойынша барлық мүмкіндіктерін біртіндеп анықтап қарауыңызға болады. Әр кезеңде оқушыларды жұппен немесе топпен өз беттерінше проблемалық жағдайлрды шешу жұмыстарын ұйымдастыру және сол проблеманың шешімін сыныптағы оқушылармен бірге талқылауды жүзеге асыру.

Мысалға, проблемалық жағдайдың құрылуы және тақырып бойынша талқылануы. Құпия сөздер төменде келтірілгендей болуы мүмкін.

Құпия сөдер тізімін (мысалы, топ -500 http://www.securrity.ru/ worstpwdz.html қолданыңыз)дайындаңыз. Оқушылардан тізімді өңдеуін және сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

  • Көбінесе қандай құпия сөздер қолданылады?

  • Олар қаншалықты танымал?

  • рassword сөзі құпия сөз ретінде қаншалықты таралған?

  • 1234 сандарының үйлесімі қаншалықты жиі қолданылды?

  • Тізімнен өзіңнің (немесе ұқсас ) құпия сөзіңді кезіктірдің бе?

  • Құпия сөздерді қалай білуге болады?

Алдағы уақыттағы сұрақтар, құпия сөздің қолданылуын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің алғашқы кезеңі ретінде талқыланады:

Сендерге қандай жағдайда құпия сөзді міндетті түрде құруға тура келеді?

  • Бірдей құпия сөздер қолдануға бола ма?

  • LastPass типіндегі программаларды қолдануға бола ма?

  • Интернетте құпия сөздің сенімді екендігін тексеретін көптеген программалар бар – пошталық сайттың көпшілігі тіркеу кезінде құпия сөздің сенімділігін тексереді. Құпия сөздің сенімділігін тексеретін барлық программалар сенуге тұрарлықтай ма?

  • «Қауіпсіз» құпия сөзі қандай символардан тұруы қажет? Қанша символ болғаны жеткілікті?

  • Оқушылардан сенімді құпия сөз орнатуын сұраңыз. Кириллица таңбаларының және құпия сөздегі арнайы символдардың қолданылуына назар аударыңыз. Құпия сөздердің ASCII: kUµ!¶00 Wf©$0k#»g¤5ªrd

V Тәжірибелік жұмыс

Тәжірибелік жұмысты оқулықтан орындау.

VІ Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын компьютермен бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§4-ті оқу, тәжірибелік жұмыстың орындалуын қорытындылау, бақылау сұрақтарына жауап беру.

§4 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

6

7

8

д

А

Д

Д

А

С

С

С

7 – сабақ. Компьютерлік вирустар

Сабақтың мақсаты:

  • Вирусқа қарсы программалық жабдықтаманы қолданып және орнатып үйрену

Оқушылар білуі тиіс: вирустар мен зиян келтіретін программалардың айырмашылықтарын, вирус түрлерінің белгілерін, компьютерге зақымдау белгілері, вирустар мен зиян келтіретін программалардың таралуының әдістері, вирусқа қарсы программалрдың түрлері.

Оқушылар үйренуі тиіс: компьютерге зақымдаудың мүмкін болатын зардаптарын, сақтандыру шараларын және зақымдау кезіндегі әсерлерді сипаттау; вирусқа қарсы программалық жабдықтаманы қолдану.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру кезеңі

Сұрақтар

  1. Желіде жұмыс істеу кезінде компьютерге вирусты қалай зақымдамауға болады?

  2. OC Windows және қолданбалы программаларда вирустан қорғауға арналған қандай құралдар бар?

IV Жаңа материалды түсіндіру

Оқушылар информатика курсынан және өмірлік тәжірибесінен компютерлік вирустың не екенін, компьютерге қалай зақымдамауға болатынын, сақтандыру шаралары мен вирустармен қалай күресуге болатынын біледі.

Сабақтың жаңадан қосылғаны: вирустардың жіктелу белгілері, бірнеше вирустар жұмысының сипаттамасы, программалық жабдықтамаға зиян келтіретін вирустардан, червьтерден айырмашылығы.

Сұрақтар талқылау:

Зиян келтіреті программалар мен вирустардан қорғану негізінде программалық жабдықтама дистрибутивінің көшірмесін жасауға, оларға лицензиясы бар кілттер жасауға бола ма?

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау.

VІ Қорытындылау

VІІ Үй тапсырмасы

§5-ті оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

§5 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

Д

А

С

Д

С


8 – сабақ. Шағын жобаларды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

  • Қойылымның кеңейтілуі және «Компьютерлік вирустар», «Программалық жабдықтаманың түрлері», «Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйемен қорғау» тақырыптары бойынша білімді тереңдеу.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою


Жобаны кез келген түсінік бойынша ұсынуыңызға болады. Бұл эссе, реферат, баяндама, тұсаукесер және т.б. түрінде болуы мүмкін. Мазмұнда ақпараттар оқушының және бағалауындағы әртүрлі дерексөзінен қолданылуы мүмкін. Сілтемелермен дұрыс рәсімделген әдеби қорлар тізімі болуы міндетті.

Бағалау критерийі (алдыңғы сабақта алдын ала талқылау қажет) – мазмұндаманың тақырыппен сәйкес келуі, тақырыптың қаншалықты терең ашылғаны.

Бұл қорытынды сабақ алғашқы екі тарауға негізделген. Осы сабақта тоқсандық қорытынды болғаны шығарған тиімді болады. Сондықтан сабақ үстінде бақылау (мысалға , оқытылған параграфтардан «өзіңді тексер» бөлімі бойынша тестілеу сұрақтары) жүргізуге болады.


9 – сабақ. Inkscape векторлық графиканы өңдеу редакторы.

Сабақтың мақсаты

  • Inkscape редакторының интерфейсімен және редактордағы векторлық суреттермен жұмыс істеу қызметімен танысу.

Оқушылар үйренуі тиіс:Іnkscape редакторы терезесінің элементтерін; векторлық редактордың негізгі мүмкіндіктерін; кескінді сақтау бұйрықтарын, кескін пішімдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: программа орнатуды , Іnkscape программасында жұмысты жүктеуді және аяқтауды; құжат баптауларын жасауды, кескіндерді әртүрлі формада сақтауды; сурет салу құралдарының көмегімен қарапайым сурет салуды және олармен амалдар (түрлену, бұру, орын ауыстыру) орындалуы.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Мұғалім оқушыларға келесілерді ұсынады:

  • редактор терезесіндегі элементтердің кескінін және атауын белгілеуді;

  • сурет салу құралдарын атауды

  • кескін бөлігін ерекшелейтін бұйрықтар топтамасын атауды;

  • Windows ОЖ –не программаларды орнату тәртібін сипаттауды.

IV Жаңа материалдарды түсіндіру

Оқушыларға (параграф мәтінінен ) құжатты құруға тәжірибелік жұмыс ұсыныңыз және келесі сұрақтардың жауаптарын сұраңыз:

  1. Жұмыс үстеліне және өз web – парақшаларыңның баннеріне түсқағаз-

дар суретін жасауда қандай параметрді пайдаланасыңдар?

  1. Құжат құру барысында, оның өлшемін орнатуға бола ма?

  2. Үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін кескінді қандай пішімде сақтаған

  3. Импорттаудың қандай жағдайында «енгізу» параметрін таңдайды?

  4. Dpi кеңейтілуіндегі суреттің, өлшемі арасындағы байланысы қандай?

  5. Нысандар қандай мақсатпен топтастырылады?

V Тәжірибелік жұмыс

Тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын оқулықтан орындау.

Қорытындылау

Компьютердегі тәжірибелік жұмыстың орындалуын бағалау.

Қорытынды жоба үшін тақырып таңдау, бағалаудың критерийін, жұмыстың кезеңдерін орындаудың мерзімін талқылау.

Оқушылар тарауды оқығаннан кейін жобамен жұмыс істеуіне және мұғалімге аралық нәтижені беруіне, сонымен қоса бірнеше жобаны орындалуына болады.

Мейлінше , оқушылардан өзінің жұмысына скриншотпен (плагиаттан қорғау) сипаттама беруін талап ету керек.

VІІ Үй тапсырмасы

Үйдегі компьютерге Іnkscape редакторын орнату

§6 –ны оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобамен жұмысты бастау, нобай сызу

§6 соңында берілетін «өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері.

1

2

3

4

5

6

С

А

С

В

С

Д










ІІ Тоқсан (7 сабақ)


Сабақ

Тақырып

Оқулық

10

Контуралды жасау және редакциялау

7

11

Мәтіндік жазбаны жасау

8

12

Нысандарды өңдеу

9

13

Қабаттарды қолдану

10

14

Сүзгілер. Кеңейтілулер

11

15-16

Жобалық іс-әрекет

12-13


10 – сабақ. Контурларды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

  • Құралдарды қолдана отырып контурлармен жұмыс жасауды үйрену, ерекшелеп бөлу контурын және контурлық әсерледі қолдануды.

Оқушылар білуі тиіс: Контур мәзіріндегі Созу, Тарту, Динамикалық тартылыс, Байланысқан тартылыс бұйрықтарының қызмтін.

Оқушылар үйренуі тиіс: Қарындаш, Перо сызу құралдарын пайдаланып, кез келген контур құруды; Түйіндер құралын пайдаланып, контур түйіндерін түзетуді, ерекшелей алуды; контурлық әсерлерді қолдана алуды.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Мұғалім «фигура» ұғымына анықтама береді. (Фигура – ол әртүрлі әдіспен өзгертуге болатын нысан.)

Сұрақтарды талқылау:

  1. Әрқашан фигуралардың көмегімен қажетті суретке қол жеткізе аламыз ба?

  2. GMP – та қандай құралдар кез-келген нысандарды салуға мүмкіндік береді? Олардың айырмашылығы неде?

  3. «Контур» түсінігіне қандай анықтама беруге болады?

  4. Контурлардан қандай амалдар шығаруға болады?

IV Жаңа материалды түсіндіру

Мұғалім Контур мәзіріндегі Созу, Тарту, Динамикалық тартылыс, Байланысқан тартылыс бұйрықтарының қызметтерінің ерекшеліктерімен таныстырады. Қадам өлшемін баптау қажеттілігіне көңіл бөледі. Бұл амалдарды оқушыларға өз компьютерлерінде орындауды және қандай жағдайда бұл амалды орындауға болатындығы туралы қорытынды шығаруды ұсынады.

Мұғалім оқушылардан ерекшелеп бөлу контурына бірнеше мысал келтірулерін сұрайды.

Мұғалім оқушыларға Тегершік контурлық әсерін зерттеуді ұсынады.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырманы деңгей бойынша орындау.

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын компьютермен бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§7-ні оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейінің орындалуын бтіру,бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобамен жұмысты жалғастыру.

§7 соңында берілетін «Өзіңді тексер» білімінің тест кілттері.

1

2

3

4

5

6

7

8

А

А

С

Д

В

С

А

А



11- сабақ. Мәтіндік жазбаны жасау

Сабақтың мақсаты:

  • Inkscape редакторында мәтінмен жұмыс істеуді үйрену.

Оқушылар білуі тиіс: мәтінді пішімдеу әдістерін; мәтін түрлерін өзгерту әдістерін: контур, блок бойынша орналастыруды, контурға түрлендіруді; байланысқан таратылыстың қызметін

Оқушылар үйренуі тиіс: қаріппараиметрін баптауды, контур бойымен мәтінді орналастыруды; мәтінді блокқа орналастыруды / шығаруды; мәтінді контурға түрлендіруді және оның түрін өзгертуді.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Сұрақтарды талқылаңыздар:

  1. Графикалық редакторда мәтінді қосу үшін қандай құрал қолданылады?

  2. Мәтінге – әсерлерді қолдануға бола ма?

ІV Жаңа материалды түсіндіру

Оқушылардан мәтінді қолдану мысалын келтіруін сұраңыз

Жазбаларға рельфтік, бедерлеу фигуралы (контур бойынша орналастыру) әсерлер қолданған жазбаны көрсетіп, қандай әсер қолданғандарын сұраңыз.

Топтағы оқушылардан мәтінге (түсі, символдар өлшемі бойынша және т.б.) қойылған талаптарды тұжырымдауды ұсыныңыз.

Блокта мәтінді контур бойынша орналастырудың мүмкіндіктерін көрсетіңіз. Контур бойынша орналастыруға (Кез келген контурға мәтін енгізуге, ол мәтінді түзетуге, қаріп параметрлерін өзгертуге бола ма?) және бірнеше блокқа мәтін орналастыруға болатындығына мән беріңіз (Бұл қандай жағдайда қолданылады, қандай пробремалар болуы мүмкін?).

Оқушыларға: мәтінді тінтуірмен жылжыту арқылы блоктан / контурдан шығаруға бола ма? –деген сұраққа жауап ізденулеріне мүмкіндік беріңіз.

Мәтінді контурға түрлендіргеннен кейін өзгертуге, түзетуге болатындығын ескертіңіз (бірақ сонда да қосымша параққа мәтіннің көшірмесін жасауын талап етіңіз)

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын компьютермен бағалау

VІІ Үй тапсырмасы

§8-ді оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейін орындап, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобамен жұмысты жалғастыру.

§8 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

D

A

D

A

D

B

D

A

D



12- сабақ. Нысандарды өңдеу

Сабақтың мақсаты:

  • графикте логикалық амалдар қызметімен танысу;

  • ерекшелеп бөлу контуры мен бетпердені пайдалануды үйрену

Оқушылар білуі тиіс: логикалық амалдардың айырмашылығын, ерекшелеп бөлу контур мен бетперде, нысандардың орналасу мүмкіндіктері.

Оқушылар үйренуі тиіс: нысандарға логикалық амалдар орындауды; әртүрлі әсерлермен ерекшелеп бөлу контурын және бетперде құруды, оларды сурет дайындауда қолдануды; нысандарды автоматты түрде орналастыру.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Сіз қандай логикалық амалдарды білесіз?(Логикалық бөлу, көбейту, айыру)

ІV Жаңа материалды түсіндіру

Сұрақ:

-Қалай ойлайсыңдар, Қосынды, Айырым, Қиылыс, Бөлу, Контурды кесу біріктірудің логикалық амалдарын орындағаннан кейін графикалық нысандар қандай өзгеріске ұшырайды?

Оқушыларға өздігінен бірнеше нысандарға логикалық амалдар орындауға және параграфтың мәтіндегі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беріңіз. Логикалық амалдармен нысан дайындамаларын сапа бойынша көбейтуіне ұсыныс жасаңыз.

Оқушыларды ерекшелеп бөлу контурымен және бетпердемен жұмыс жасау үшін алдын ала бірнеше фотосуреттің электрондық нұсқасын дайындап қою керек.

Оқушылардың назарын, Ерекшелеп бөлу контурды қолдану кезінде контурдың форманы ғана маңызды екенін, ал Бетперлердің қолдану кезінде формадан бөлек құю, текстура ескерілетінін айтыңыз және т.б.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау.

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың орындалуын компьютермен бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§9-ды оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейін орындау, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобамен жұмысты жалғастыру



13-сабақ . Қабаттарды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • компьютерлік (векторлық) графикпен жұмыс жасауда қабаттарды қолдануды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс: қабаттардың қызметін, қабаттармен жұмыс істеу әдістерін

Оқушылар үйренуі тиіс: жеке суреттерді жасау кезінде қабаттарды қолдану; клоннан өрнек жасау.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқушыларға , қабатты қалай түсінетіндігі туралы, арнайы редакторда анимацияны құру кезінде қабатты не үшін қолданылатыны туралы өз ойларын айтуға мүмкіндік беріңіз.

Қабат ерекшеліктерін сурет көмегімен көрсетеді.

IV Жаңа материалды түсіндіру.

Қабатты қолдана отырып, суретті құруды көрсетіңіз

Оқушыларға Қабат мәзіріндегі бұйрықтардың қызметтерін және қабаттар сұхбат терезесіндегі батырмалар қызметтерін таныстырылады. Батырма мен бұйрықтардың сәйкестігін орнатуын сұраңыз (тақтаны қолданыңыз)

Режім арасындағы ерекшелікті келтіріңіз

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмысты компьютермен бағалау

VІІ Үй тапсырмасы

§10 –ды оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңейлерін орындап бітіру, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобамен жұмысты жалғастыру

§10 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

В

С

В

Д

В




14- сабақ. Сүзгілер. Кеңейтілулер.


Сабақтың мақсаты:

  • Inkscape редакторының суретті редакциялаудың қосымша мүмкіндігімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: сүзгілердің қызметін, стильдің сүзгіден айырмашылығын

Оқушылар үйренуі тиіс: сүзгілерді қолдануды, сүзгіледі әртүрлі әдіспен көшіруді, сүзгіні Сүзгілер редакторында баптауды.


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқушылармен MS Word мәтіндік процессорында иллюстрациялармен жұмыс істегенде қандай әсерлер мен стильді қолдануға тура келгенін талқылаңыз

IV Жаңа материалды түсіндіру

Сүзгінің түрленудің, растрлық кескінді векторлаудың қолданылуын көрсететін суреттер дайындаңыз және т.б. Мысалы 1- суреттегідей

Оқушыларға редактордың қандай құралдарымен осындай нәтижеге жетуге болатынын анықтауды ұсыныңыз. Inkscape –тің функциясын кеңінен қолдану қажет болады деген тұжырым жасаңыз.

Оқушыларға сүзгілерді қолданудағы мысалдарды, кестелерді дайындауын ұсыныңыз:

Сүзгінің атауы

Бастапқы сурет

Сүзгіні қолданудан кейін

Сүзгі әсерінің сипаты






V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырманы деңгей бойынша орындау

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмысты компьютермен бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы §11-ді оқу, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейін орындау

кеңейтулердің қызметін сипаттау, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Жобадағы жұмысты жалғастыру.




15-16 сабақтар. Жобалық іс –әрекет.

Сабақтың мақсаты:

  • Inkscape редакторымен жұмыс істеудегі тәжірибелік және теориялық машықтарын бекіту.

Оқушылар білуі тиіс: жобаға қойылған талапты, жобаны бағалау критерийлерін

Оқушылар үйренуі тиіс : өзінің жұмысын көрсету, қойылған мақсатқа жету үшін шешілген тапсырманы сипаттау (жұмыс кезеңдері)


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

Бірінші сабақта оқушы мұғалімге жұмысының аралық нәтижесін көрсетеді, қажетті түзетулерді жүргізеді (өзара жәрдем рұқсат етіледі)

Суретті SVG кеңейтілуінде және кең таралған пішімде жоба сипаттамасын өткізеді (мәтіндік редакторда көркемдеу)

Екінші сабақ жобаларды қорғауға негізделген

ІІІ Жобаны қорғау

Оқушылар өз жобасын қалған сыныптарға көрсету барысында негізгілерге тоқталады:

  1. Олар не істеді?

  2. Оларда туындаған мәселелер;

  3. Олар несімен мақтана алады?

  4. Олар келесіде қандай жақсы нәрсе жасар еді?

  5. Олар не туралы көп білгісі келеді?

IV Қорытындылау

Жобаны бағалауды қазылар алқасына тапсыруға болады. Қазылар алқасының құрамына мұғалімдерді, оқушыларды және мектеп ұжымының өкілдерін қосқан дұрыс болады.

Жобаны бағалауда оның келесі критерийлер мен сәйкестігін ескеру керек:

каріптің сәйкестігі, құйып бояу, мәтіндегі әсерлердің бар болуы;

  • сурет түсінің үйлесімділігі;

  • айналдыра орау мен құйып бояудың әртүрлі түрлерін қолдану;

  • сурет салудың әртүрлі құралдарын қолдану;

  • әсерлерді құру (көлеңке, ашық түсті және т.б.)

  • қабаттарды қолдану

  • редактордың қосымша қызметтерін қолдану (сүзгілер, кеңейтулер);

  • композицияның күрделілігі;

  • импозицияның күрделілігі;

  • импортталған кескіндерді қолдану;

  • соңғы нұсқада мәтін қисықтарға өзгертілгендігі, барлық кескіндер топтасты-

рылғандығы

  • жұмыстың сауатты сипаттамасы.

Талаптан ауытқуға рұқсат етіледі, егер бұл шығармашылық мақсатта қажетті деп саналса. Inkscape редакторының барлық оқытылған мүмкіндіктерін меңгеруі қажетті.

Қорытындылар бойынша жұмысты қорғауды мектеп газетіне жариялауға болады.

Жартыжылдықтың қорытындысын шығару.




ІІІ тоқсан (10 сабақ)

сабақ

Тақырып

Оқулық

IV тарау. Фотосуретті жақсарту және монтаждау

17

Растрлық графиканы өңдеу редакторы

14

18

Кескінді жақсарту Түстер

15

19

Аймақтарды ерекшелеу

16

20

Бетперлерді қолдану. Фотомонтаж

17

21

Фотосуретті өңдеу

18-19

22

Басып шығаруға дайындау

18-19

23

Әсерлерді қолдану

20

24-25

Жобалық іс-әрекет

21-22

V тарау. Баспалық жүйелер.

26

Электрондық басылымдар, полиграфиялық басылымдардың жіктелуі, терминология

23

17- сабақ. Растрлық графиканы өңдеу редакторы

Сабақтың мақсаты:

  • GMP программасының интерфейсімен және растрлық илюстрациямен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерімен танысу.

Оқушылар білуі тиіс: растрлық кескіннің векторлықтан айырмашылығын, GMP программа интерфейсінің ерекшеліктерін, кескінді сақтау бұйрықтары, кескін пішімін, кескін қасиеті туралы ақпаратты алу бұйрығы, кескін өлшемінің өзгерісі, кадрлеу құралдарының қолданылуларын қабылдау, бейнелеуді.

Оқушылар үйренуі тиіс: жұмысты GMP программасы арқылы жүргізу және бітіру, кескіндерді әртүрлі пішімде сақтау, іс-әрекеттерді қайтару, кескін қасиеті туралы ақпарат алу, осы кескінді алдағы уақытта қолдану мақсатына сәйкес өлшемдерін өзгерту, кадрлеу, бейнелеу және кескінді бұру.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндетерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Графикалық қандай түрін білмейсіңдер; (растрлық, векторлық, фракталдық және үшөлшемді)

  2. Графикалық редактордың қай түрімен таныстыңдар? (Растрлық – Paint, векторлық - Inkskape. Оқушылар басқа танымал редакторларды атауы мүмкін., мысалға Coreldraw –векторлық, Photoshop – растрлық және т.б. )

  3. Әртүрлі жағдай үшін графикалық кескіннің (растрлық немесе векторлық) типін таңдаңдар. Ұйымның эмблемасын жасау үшін графикалық кескіннің қай типін қолданасыңдар? (егер ол кіші визит карточкасында және үлкен плакаттарда басылатын болса)

Растрлық кескін.

  • Векторлық кескін (дұрыс жауап)

  1. Сандық фотосуреттерді редакциялау кезінде графикалық кескіннің қай типін қолданасыңдар?

  • Растрлық кескін (дұрыс жауап).

  • Векторлық кескін

  1. Үлкейту немесе кішірейту кезіде қандай кескін сапасын жоғалтпайды?

  • Растрлық кескін

  • Векторлық кескін (дұрыс жауап)

Сонымен осы сабақтан бастап GMP графикалық редакторының мүмкіндіктері туралы оқитын боламыз.


IV Жаңа материалдарды түсіндіру

Сұрақтарды талқылау:

  1. Растрлық редактордың қандай мүмкіндіктерін білесіңдер? (Олар ескі суреттердің сапасын жоғарылатады, ақ-қара түсті суреттерді түрлі түсті суретке келтіреді, сандық суреттерді өңдейді)

  2. Кескінмен жұмыс істеу барысында интерфейстің қандай баптауларын орындаған жөн? (Іс –әрекеттер тарихын және құралдар панелін қосу)

  3. Қандай растрлық графикалық пішімді білесіңдер?

  1. ВМР (Bit Map image) – Windows операциялық жүйесі үшін әмбебап растрлық пішім.Осы пішімнің графикалық файлдары тәжірибе жүзінде барлық гарфикалық редакторлармен сүйемелденеді. Кемшілігі – файлдың көлемі өте үлкен, себебі кескіннің бүкіл нүктелер коды сақталады.

  2. GIF (Graphics Interchange Format) - түрлі операциялық жүйелердегі (Windows, Linux) растрлық операциялық файлдардың пішімі. Gif файлы ақпаратты жоғалтпай кескінді сығу жолымен құрылады. Бұл бірегей түстегі сурет аймағының кішіреюімен жүзеге асады.Пішімнің кемшілігі – түстер палитрасының шектеулігі, олардың саны 256.

  3. JPEG (Joint Photographic Expert Croup)- сканерленген суреттер мен иллюстрацияларға тиімді сығу алгоритмін қолданатын растрлық графикалық файлдардың пішімі. Бұл пішімдердің ең көп тараған түрі. Кемшілігі – файлды сығудан кейін көп ақпараттар жоғалады.

  4. PNG (Portable Network Graphic) - жоғалтпай сығуды қолданатын, аналогты GIF пішімге арналған, графикалық ақпаратты сақтауға қажетті растрлық пішім. Бұл пішімнің ерекшелігі – фонның мөлдірлігін сақтау, бұл жайлы «суретті фоннан бөлу» тақырыбын оқуда таныстырыңдар.

  5. XCF (eXperimental Computing Facility) GIMP - программасының “туыстық » пішімі. Оны жұмысты суретпен жалғастыру қажет болған жағдайларда қолданады. Басқа графикалық редакторлар бұл пішімді оқымайды.

  1. Кескіннің өлшемін қалай өлшейді?

  2. Бұруды, бейнелеуді, түрлендіруді орындау үшін қандай құралдар қызмет атқарады?

V Өтілген материалды бекіту.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Ол үшін, жұмысқа қажетті кескіндері алдын ала дайындап қою керек.

VІ Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстарды орындағаны үшін мұғалім бағаларын қояды.

VІІ Үй тапсырмасы

§14-ті оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру.

Алда тәжірибелік тапсырманы және жобаны орындау үшін оқушыларға кескін қажет болады: ақ- қара түсті фотосурет, ақауы бар фотосуреттер, фонды алмастыруға қажетті кескін. Мұғалім оқушыларға өздерінің фотосуреттерін дайындауды ұсынады.


18- сабақ. Кескінді жақсарту. Түстер

Сабақтың мақсаты:

  • Сурет түсін баптауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: сурет түсін баптайтын бұйрықтарды

Оқушылар үйренуі тиіс: түс теңгерімін, реңін, қанықтығын, ашықтығын, керегарлығын (контраст) баптауды; шегін, растрлық суреттерді пастерлеу әдістерін қолдану.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

  1. Бірегей түстегі сурет аймағының кішіреюімен, ақпараттарды 1 GIF

жоғалтпай сығуғамүмкіндік беретін, қолданатын түстер саны 256 ға тең пішім

  1. GIMP программасының «негізгі » пішімі 2 ХСF

  2. Windows операциялық жүйесінің әмбебап растрлық пішімі 3 ВМР

  3. Фон мөлдірлігін сақтауды қамтамасыз ететін және GIMP програм-4 PNG

масында ғана емес қолдану мүмкіндігінің пішімі.

  1. Пішім скнерленген фотосуреттер мен иллюстрацияларға тиімді сығу алгоритмін жүзеге асыратын растрлық графикалық файлдардың пішімі. Кемшілігі- ақпараттарды жоғалту.


§14 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

6

Д

А

В

Д

С

С


IV Білімді өзектендіру

Мұғалім түсін жақсартуды қажет ететін фотосуретті көрсетеді. Мысалы, өте күнгірт немесе анық емес кескін.

Сұрақтар:

  1. Берілген суреттерде қандай кемшіліктер бар?

  2. Бұл кемшіліктерді түзеуге бола ма? Суреттер жақсы көрінуі үшін қандай амалдар қолдануы керек?

Бүгін сабақта біз сурет үшін түстерді жақсарту амалдарын қарастырамыз.

Мысалы, ашықтығын (яркость), кереғарлығын (контраст) өзгерту.

V Жаңа материалды түсіндіру

Оқушылар өз компьютерлерінде GIMP графикалық редакторын ашып, оның сурет терезесіне жүктейді. Оқушылар жүктелген кескінге өз беттерінше бұйрықтарды орындайды.

Бұйрықтардың іс-әрекеттерінің нәтижесін талқылау.

Мұғалім оқушыларға қызыл көз әсерін алып тастауға фотосурет ұсынады.

Оқушылардан бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрайды. Оқушылармен бірге Жақсарту сүзгісінің қызметін талқылайды.

Өтілген материалды бекіту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

VІІ Қорытындылау

Сабақта жұмыстарды бағалау

VІІІ Үйге тапсырмасы

§15-ті оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру, тәжірибелік жұмысты аяқтау.

Келесі сабақта контурлы суретті бояу үшін электрондық нұсқасын дайындау.



19- сабақ. Аймақтарды ерекшелеу


Сабақтың мақсаты:

  • бөлу құралдарын пайдалану арқылы кескін аймағын бөлуді үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: ерекшеленген аймақтың қызметін, кескіннің ерекшеленген аймағына амалдар орындауды, ерекшелеу құралдарын белгілеу және оны қолданудың ерекшеліктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: «Сиқырлы таяқша» ерекшелеу құралын қолдануды, Лассоны, Тікбұрышты ерекшелеуді, Сопақша ерекшелеуді, Алдыңғы планды ерекшелеуді, «Ақылды» қайшыны, Кескін аймағының түсі бойынша ерекшелеуді.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімді өзектендіру

Сендер дайын кескінді өзгертуді білесіңдер. Кескінді өңдеуде қандай амалдар орындау қажет екенін де білесіңдер? (Кадрлеу, бейнелеу, түстік, гамманы баптау және өзгерту.)

Барлық кескінді емес, тек оның бөлігін ғана өзгертуге бола ма?

Мұғалім экранға фотосуретті көрсетеді де, оқушыларға кескіннің тек бөлігін ғана өзгертуді ұсынады (мысалы , натюрморт көрінісі немесе қалай пейзажыныңфонындағы автокөлік)

Кескін бөлігімен жұмыс істеу үшін, бұл бөлікті негізгі кескіннен бөлу қажет. Мұндай жағдайда дизайнерге бөлу құралдары көмектеседі. Бүгін біз GIMP графикалық редакторында, кескін аймағын белгілеу үшін арналған барлық құралар белгілеулерін оқимыз.

V Жаңа материалды түсіндіру

Мұғалім кескінге орындалатын амалдарды көрсетіп, ал оқушылар соны компьютерде оындайды.

Мұғалім оқушыларға § 16 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беруін сұрайды.

§ 16 соңында берілетін «өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері

1

2

3

4

5

6

С

А

В

С

Д

А


Алдыңғы нәтижелерді талдау. Мұғалім оқушылар назарын қалып –күй жолындағы еске салуды қолдануды ұсынады.

Өтілген материалды бекіту

Тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын орындау. Мұғалім алдын ала В деңгейінің тапсырмасына топтық фотосуретті жасау үшін потреттік фотосурет дайындайды. Мұғалім оқушыларға фотосуреттің өлшемінің бірдей болуын (бет бейнесінің өлшемі бірдей болу үшін) және фотосурет шешімділігі (разрешение) жақын болуын немесе оларды алдын ала өңдеп алу керек екенін ескертеді. С деңгейінің тапсырмасын орындау арқылы, оқушылар өз беттерінше виньетка жасай алатындай деңгейге жетеді.

VІІ Қорытындылау

Рефлексия . Жұмыстарды сабақта бағалау.

VІІІҮй тапсырмасы

Параграф мазмұнын оқу, бақылау сұрақтары мен тест сұрақтарына жауап беру.

Өткен сабақта жеке мұрағаттан өңдеу үшін суреттерді дайындау.



20 – сабақ. Бетперделерді қолдану. Фотомонтаж

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды бетперде қабатын қолдануға үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: бетперде қабаты не үшін арналғанын; қандай жағдайда жылдам бетпердесі қолданылатындығын.

Оқушылар үйренуі тиіс: бетпердені қолданып фотосуреттің фонын өзгерту.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

IV Білімді өзектендіру.

Сұрақтарды талқылау:

  1. Ерекшелеу құралдарын қолдану әрдайым мүмкін және ыңғайлы ма?

  2. Алмасу буферіндегі мәліметті кірістіргенде не болады? (Қабат құрылады)

  3. GIMP қабаттарымен жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктерін ұсына алады, қабаттарды қолданудың артықшылығы неде?

V Жаңа материалдарды түсіндіру.

Мұғалім оқушылардан «фотомонтаж» түсінігіне анықтама беруін ұсынады. коллаж және фотомонтаж құру үдерісіндегі айырмашылықты талқылау.

Мұғалім бетпердемен жұмыс істеуді көрсетеді, бетперденің алынатын кескінге ешқандай әсері болмайтынын және оны өшіруге немесе алып тастауға болатындығын, одан кескін құрылмайтынын айтады.

Мұғалім параграфта берілген тапсырманы бір-біріне көмек көрсете отыра орындауын ұсынады.

Өтілген материалды бекіту.

Өз бетінше тәжірибелік жұмысты орындау.

VІІ Қорытындылау

Рефлексия. Жұмыстарды сабақта бағалау.

VІІІ Үй тапсырмасы

§7 –ніоқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмасына жауап беру



21 – сабақ. Фотосуретті өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды растрлық графикалық редактордың мөртаңба, Емдік қылқалам,

өңдеу кезінде қолданылатын өңдеу мөртаңба құралдарын пайдалану

мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: Мөртаңба, Емдік қылқалам, өңдеу Мөртаңба құралдар қызметтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: Мөртаңба, Емдік қылқалам, өңдеу Мөртаңбасының құралдарын қолдануды.


Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру.

Сұрақтарды талқылау

Оқушылар кескінді жақсартудың қандай іс-әрекеттерді орындайды және ол іс – әрекеттер кескінге қандай өзгеріс енгізеді? Олар кескінге түскен дақтарды, сканерлеудегі фотосуретке түскен сынық секілді акаулардан құтылла ала ма?

IV Жаңа материалдарды түсіндіру

Мұғалім мөртаңба және Емдік қылқалам құралдарының қызметтерімен таныстырып, олардың жұмыс істеу принципінің айырмашылығын және қолдану аймағын көрсетеді: кескін бөлігі болмаған жағдайда немесе көшірмесін алу керек болғанда Мөртаңба жиі қолданылады, ал Емдік қылқалам беттегі ақауларды түзету үшін қолданылады.

Содан кейін мұғалім оқушыларға параграфта берілген тапсырмаларды орындауды ұсынады. Оқушыларға өңдеу құралдарының көптеген режімдері бар екенін ескертіп, олармен өз беттерінше байқап көруіне мүмкіндік береді.

V Өтілген материалды бекіту

1-ші тәжірибелік жұмысты орындау.

Қорытындылау

Жұмыс нәтижелерін сабақта талқылау және бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§18-19 ды оқу, 1-ші бақылау сұрағына жауап беру

Басып шығаруға фотокескін дайындау.



22 – сабақ. Басып шығаруға дайындау

Сабақтың мақсаты:

Фотосуретті басып шығаруға дайындауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс кескінді басып шығаруға дайындау кезеңдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: кескінді басып шығаруға дайындауды


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Қандай құрылғы кескінді шығаруды қамтамасыз етеді? (Монитор, проектор, принтер, плоттер, фотолаб)

  2. Өз беттерінше фотосуретті басып шығардыңдар ма (баннерлерді, плакаттарды және т.б.)?

  3. Басып шығаруда қандай проблемалар туындауы мүмкін? (Пропорцияның сәйкес келмеуі ) ол неден тәуелді?


IV Жаңа материалдарды түсіндіру

Мұғалім оқушылардың жұмысын проектордан көрсетіп, олардан бұл құрылғы кескінді өңдеуге бағалаудың қандай әсері бар екеніне қорытынды шығаруын ұсынады. Қандай шартты жағдайда мониторды баптау қажет болатынын талқылайды.

Мүмкіндігінше мұғалім бір кескінді бірнеше құрылғыда көрсетеді. Оқушыларға бірнеше фотопринтердің құрылымын салыстыру ұсынылады (басып шығару жылдамдығын бағалау, шығын материалдарының бағасын есептеу, қағаз пішімі және т.б.)

Мұғалім басқа құрылғының құрылымын көрсетеді (плоттар, фотолаб) Қарастырылған құрылғылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыруын ұсынады.

RGB жән CMYK түстік модельдердің айырмашылығы неде? (GIMP 2.8.14 түстік моделі CMYK те жоқ екенін айту)

Қосымша мұғалім LAB аппараттық –тәуелсіз моделі туралы айтуына болады.

Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, экранды түзетудің стандартты тәсілмен және әлеуметтік программаны қолданып түзетуін ұсынады (мысалы Natural Color Pro)

Мұғалім оқушыларға басып шығару құрылғысында берілген түстік профильдік баптауы бар файлды, оны компьютерде ашық тұрған қолдануын ұсынады.

V Өтілген материалды бекіту

3-5 ші тәжірибелік жұмысты орындау. Мүмкіндігінше алдын ала өңделген кес-

кінді немесе оқушылардың дайындаған кескіндерді басып шығару қажет.

Қорытындылау

Рефлексия. Жұмыстарды сабақта бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§18-19 ды оқу, 1-ші бақылау сұрағына жауап беру



23- сабақ. Әсерлерді қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • Растрлық графикалық редакторда мәтінмен жұмыс істеудің мүмкіндіктерін

көрсету

  • GIMP құралдарының көмегімен қарапайым анимация құру

Оқушылар білуі тиіс: Мәтінмен жұмыс істеу құралын тағайындау, мәтінді қалай енгізеді, авторлық қылқаламды құру әрекеттері, авторлық қылқаламның технологиясын қолдану.

Оқушылар үйренуі тиіс: авторлық қылқаламды құру және қолдану, қарапайым анимация құру.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

  1. Кескінге мәтінді қалай қосады?

  2. Мәтінді контур бойына орналастыру алгоритмін жазыңдар.

  3. Мәтіннен қылқалам жасау алгоритмін жазыңдар.

  4. Анимация деген не?

  5. Анимацияны неге қолданады?

  6. Анимация құратын қандай программаларды білесіңдер?

  7. Анимацияның қандай түрлерін білесіңдер?

  8. Қарапайым анимацияны қалай құрады?

  9. Қарапайым анимация файлы қандай пішімде сақталады?

IV Жаңа материалды түсіндіру

Мұғалім оқушыларға GIMP программасында қылқаламның үш түрін жасауға болатынын айтады: кәдімгі (түрлі түсті )қылқалам, анимацияланған деп аталады. Қарапайым қылқалам құру үшін кез келген кескінді gbr кеңейтуімен сақтап және brushes бумасына сақтасақ жеткілікті немесе Қылқаламдар редактор сұхбаты қолданылады.

Қосылған қылқаламдарды жаңарту батырмасын басу арқылы Қылқаламдар сұхбат терезесінен көруге болады.

Мұғалім оқушыларға өздерінің қылқаламдарын құруын және оны пайдалануын ұсынады.

«ТЕХТ» мәтін анимациясын құру үшін GIF файлы қанша кескін болу керек оған қанша кескін бейнелеу керек; қандай қолжетімді баптаулар бар екендігін; анимацияны қалай ойнайтынын; тиімділік қажеттілігін талдайды.

Анимация құру технологиясы:

  • Көпқабатты кескін құрылады, әр қабат анимацияның бір қадамы. Егер жүгіртпе мәтін жолағы құрылатын болса, онда әр қабатқа жаңа әріп қосылады.

  • Кескін GIF пішімінде сақталады.

  • Сақтау терезесінде қабаттар бірікпейді (әйтпесе анимация әсері жоғалады, кескін қабаттардан тұру керек).

  • Келесі сақтау терезесі, ол анимация параметрлерін баптау терезесі. Параметр- лер шексіз цикл, кадрлар арасындағы үзіліс уақыты. Кадрлар арасындағы үзіліс уақытын кейін өзгертуге болады.

  • Кескін сақталады.

  • Қайта кескін ашылады.

  • Қабаттар терезесі ашылады. Енді ондағы қабаттар емес, экранда кадрлар арасындағы үзіліс уақыты көрсетіледі.

  • Мүмкіндігінше әр кадрдың арасындағы үзіліс уақыты өзгертіледі.

  • Анимацияны көру үшін. Сүзгі Анимация Ойнату бұйрығы қолданады.

V Өтілген материалды бекіту

Тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын орындау.

Қорытындылау

Рефлексия. Жұмыстарды сабақта бағалау

VІІ Үй тапсырмасы

§20 –ны оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.



24-25 – сабақтар. Жобалық іс-әрекет

Сабақтың мақсаты:

Оқушылармен суретті өңдеу әрекеттерін және графикалық файлдарды құру

Оқушылар білуі тиіс: суретті реңдеу әрекеттерін, анимацияларды құру технологиясы, анимацияны ойнату уақытын баптау, анимацияланған файлдың көлемін кішірейтуді қабылдау.

Оқушылар үйренуі тиіс: ескі суреттерді реңдеу, gif пішімінде анимацияланған сурет құру, анимацияланған файл көлемін оңтайландыру.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат –міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқулықта қорытынды жобалық жұмысқа бірнеше нұсқа ұсынылады. Сонымен қатар мұғалім немесе оқушы тақырыпты өздері таңдай алады. Егер жұмыстың мақсаты өз кескіндерін жасау болса, онда осы екі сабақты жобаны қорғауға жұмсауға болады.

Жобаларды бағалау критерийінен басқа, келесілерді ескеру қажет:

  1. Түстік үйлесімділігін таңдау (түстердің сәйкестігі, тақырыпқа қаншалықты жақын келеді).

  2. Анимациялық файлдың тиімділігі

IV Қорытындылау

Жобаларды бағалау







26 – сабақ. Электрондық басылымдар, полиграфиялық басылымдардың жіктелуі, терминология.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды полиграфиялық басылымдармен, басылым жүйесінің терминдерімен және негізгі түсініктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: үстелдік басылым жүйесінің анықтамасын; басылым өнімнің жіктелуін, беттеу түсінігін; басылым жүйесінің қызметі мен мәтіндік процессордың айырымашылығын; бүктемені, брошораны, жарнама қағазын көркемдеу ережесін; Scribus басылым өнім

Інің түрін анықтау; үстелдік басылым жүйесіне анықтама беруді; бүктемені, брошюраны, жарнама қағазын сыртқы белгілері бойынша анықтай алуды; Scribus басылым жүйесінің шаблоны бойынша брошюраны жасау.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Мәтіндік процессор мен басылым жұйесін салыстыру мысалында мұғалім функционалды мүмкіндіктерді өткізеді.

Өзектендіру сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсыңдар, қандай программалық құралдармен кітап жасалынады?

  2. Баспа саласында мәтіндік процессордың қандай функциясын қолдануға болады?

  3. Графикалыө редактор баспада жұмыс істеу үшін керек пе?

  4. Сендер программалық – басылым жүйесімен таныссыңдар ма?

IV Жаңа материалды түсіндіру

Бұл сабақта оқушылармен бірнеше бөлімдерді оқу керек: басылым өнімнің жіктелуі, басылым жүйесінің қызметтері (олардың функциялары, қолдану аймағы); әртүрлі полиграфиялық өнімдерді көркемдеу ережесі және тәжірибелік бөлім Scribus басылым жүйесінде шаблон бойынша брошюра жасау.

Полиграфиялық басылымдардың жіктелуі

Оқушыларға полиграфиялық басылымдарды түрлі белгілері бойынша бөлінуін қарау ұсынылады. Ол үшін мұғалім оқушылармен бірге оқулық параграфынан, нақты анықтама бермей сурет мазмұнын қарастырады.

Оқушыларды 4 топқа бөлу керек. Әр топқа жүктелудің түрі беріледі.

Оқушыларға тапсырма: не екенін анықтау қажет:

  • 1- топ: кітаптық, журналдық, парақтық басылымдарын (мәліметтер)

  • 2-топ: мәтіннің бейнелеудің, мәтіндік – бейнелеудің (ақпараттың табиғатқа белгі бойынша жіктелуі);

  • 3-топ: периодтық, периодты емес, жалғастырылатын басылымдардың (басылымның периодтығы бойынша жіктелуі)

  • 4-топ: Классификацияны бүтіндей тағайындау бойынша және ақпарат сипатына қарай бөледі.

Мұғалім беттеуге анықтама береді.

Бұл анықтамада кілттік сөзі «дайын » болып табылады.

Оқушыларға сұрақтар:

  1. Неліктен беттеу үдерісіне дейін барлық мәтіндер мен иллюстрацияларды, алдын-ала дайындау қажет?

  2. Басылым жүйесінде бірден мәтінде терудің маңызы бар ма?

  3. Иллюстрацияны дайындау деген не?

  4. Басылым жүйесінде мәтінге өзгеріс енгізуге бола ма?

Басылымның міндетті атрибуттары, рәсімдеу ережелері (бүктеме, брошюра, кітап, жарнамалық парақ)

Сабақтың бұл деңгейінде басылым өнімнің әр түрлерін рәсімдеу ерекшеліктеріне толығырақ талқылайды. Брошюра мен бүктеменің айырмашылығына көңіл бөлінеді.

Шаблон бойынша брошюра жасау

Басылым жүйесінде өңдеу жұмыстарын жасауда кең таралған Scribus тегін программаны ұсынамыз. Оны құрастырушының жеке сайтынан жүктеп алуға да болады. Ол программа орысша нұсқамен беріледі, орнатылуы өте қарапайым. Берілген программаның интерфейсі өте қарапайым әрі түсінікті. Программада шаблондардың көптеген түрі берілген, ол шаблондар арқылы тәжірибесі аз қолданушы да дайын өнім жасай алады.

V Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау

Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындауына баға қою. Бірінші жартыжылдыққа қорытынды баға қою

VII Үй тапсырмасы

§23 –ті оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру.


IV Тоқсан (10 сабақ)

Сабақ

Тақырып

Оқулық§

27

Басылымды жасау және сақтау

24

28

Беттеу. Мәтінді басылымда орнату

25

29

Каріпті пішімдеу және таңдау

26

30

Иллюстрацияларды дайындау

27

31

Басылымды макеттеу

28

32

Көпбетті басылыммен жұмыс. Макетті басып шығару

29

33-34

Жобалық іс әрекет

30-31

27 – сабақ. Басылымды жасау және сақтау.


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға басылымды жасау мен сақтау әдістерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: Жаңа басылымды құру бұйрығын, жариялау бетінің пішімінің параметрін тағайындауды, басылым жүйесі терезесінің интерфейс элементін тағайындауды, басылымға блокты қоса қабылдауды, басылымның сақтау пішімін

Оқушылар үйренуі тиіс: басылымды жасауды; беттің пішімін баптауды; құжаттың параметрін баптауды; көру режімін қосуды; басылымға блокты қосу, басылымды Scribus программасынығ жеке және pdf пішімінде сақтауды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

Өткен 23- параграфқа тест сұрақтары жүргізіледі.

§23 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

5

6

7

8

С

А

В

А

В

С

А

Д


IV Білімді өзектендіру

Мұғалім

-Біз өткен сабақта Scribus программасымен танысуды бастадық. Еске түсірейік, шаблон бойынша брошюраны қалай құрдыңдар? Басылымды құрудың қандай ерекшеліктерін айта аласыңдар? Бұл сабақта жаңа басылымды құру үдерісінде көрсету, қажетті басылымды баптауларын қарастырамыз.

V Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа құжат қүру

Мұғалім оқушыға компьютерлерінде Scribus программасын ашуды ұсынып, Файл Жаңа бұйрығын таңдатады.

Жаңа құжат терезесінде оқушыларға беттің өлшемі мен бағдарын, санын, бағытталған жолдар санын қалай баптау жолдарын міндетті түрде көрсету қажет.

Терезе интерфейсі

Оқушылар өз беттерінше терезе интерфейсінің элементтерін қарастырады. Мұғалім оларға бұл жұмысқа бірнеше минут уақыт береді, одан кейін оқушыларға сұрақ қойып, ойларын біледі.

Нысандарды қарау режіміне және реттеу әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Басылымға блоктарды қосу

Оқушылар басылымдағы болк түрін анықтау беріледі (мәтіндік , сурет блогы, кестелер, графикалық элементтер)

Оқушылар кезекпен блоктың әр түрін қосады, оған ақпараттар қосуға тырысады. Мәтіндік және блоктық, сурет блогымен жұмыс алдағы сабақта толығырақ қарастырылады.

Басылымды сақтау

Басылымды сақтау үдерісінде оқушылар басылымның пішімдерін

ерекшеліктерін оқиды. Программаның пішімі – sla. Басылымды pdf пішімінде сақтау, басылымды көру үшін жіберу қажет болған жағдайда қолданылады.

Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау

VІ І Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін дәріптеу

VІІІ Үй тапсырмасы

§ 24-ті оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру



28 – сабақ. Беттеу. Мәтінді басылымда орнату

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді басылымға орналастыру және беттеу әдісін үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: Беттеу түсінігін; мәтіндік блокта жұмыс істеу әдістерін; мәтінді Қабылдау бұйрығының қызметін; мәтіндік блокта және мәтіндік редакторда мәтінді енгізу әдістерін; байланысқан мәтіндік блоктың түсінігін; мәтіндік блокты байланыстыру және байланыстарды үзу әдісін.

Оқушылар үйренуі тиіс: мәтіндік блоктарды қосуды; оларға мәтіндер қоюды; мәтіндік блоктардың өлшемдерін баптауды; мәтіндік блоктарды үлкен мәтіндер үшін байланыстыруды; мәтіндік блоктар арасында байланысты үзуді.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

Өткен 24 параграфқа тест сұрақтары жүргізіледі.

§24 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері:

1

2

3

4

В

С

А

Д

IV Білімді өзектендіру



Мұғалім

-Өткен сабақта сендер Scribus программасымен таныстыңдар. Енді осы программа терезесінің интерфейс элементтерін еске түсірейік

24-параграфтағы суреттерге сәйкес толық толтырылмаған интерфейстің элемент жазулары мен парақтар тарқатылады (2 сурет)

Оқушылар суреттен анықтай алатындай көптеген интерфейс элементтерін жазып шығару қажет.

V Жаңа материалды түсіндіру

Мұғалім оқушылармен бірге мәтіндік редактордың интерфейсін қарастырады. Бұл редактордың кей мүмкіндіктері мәтіндік кез келеген процессордағы жұмыс мүмкіндіктеріне ұқсас, бірақ мәтінді баптау параметрінде ерекшеліктер бар. Оқушылар мәтін флагменттерін пішімдеумен 29- сабақта танысады. Бұл сабақта оқушылар мәтіндік блокқа мәтін қосуды және мәтіндік блоктар жұмысының жалпы мүмкіндіктерін оқиды.

Мәтіндік блоктарды байланыстыру және олардың арасындағы үзілісті орнату мүмкіндіктерін үйрену үшін басылымға кірістіретін үлкен көлемді мәтін беріледі. Оқушылар осындай мәтінді беттеу мысалының негізінде беттеу машықтарын және мәтіндік блоктармен жұмыс істеуді үйренеді.

Тәжірибелік жұмыс

Деңгейлік тәжірибелік жұмысты оындау үшін кез келген ақпаратты қолдануға болады. Оқулықта ҚР –ның туристік сайтының мәліметтері берілген. Осы мәліметтердің негізінде оқушылар жеке басылымдарын құрып көруге тырысады. Бұдан басқа, оқушыларға жеке басылымның тақырыбын өзінше анықтауға және сабақта тек осы мәліметтермен жұмыс істеуді ұсынуға болады.

VІІ Қорытындылау

Орындалған жұмысқа баға қою

VІІІ Үй тапсырмасы

§25-ті оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру, басылымға мәліметтер дайындау (қалауы бойынша)


29 – сабақ. Қаріпті пішімдеу және таңдау.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды қаріпті пішімдеу және таңдау мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: стиль түсінігін; қаріпті таңдау және оны мәтіндерде қолдануды; стильді таңдау әдістерін; стильді баптау параметрлерін; интерлиньяжді, гранитураларды, сызуды, кегльді, трекингті анықтауды.

Оқушылар үйренуі тиіс: терезені стиль баптауы бойынша шақыруды; интериньяжды, гранитураны, кегльді, трекингті баптауды; мәтіндік фрагментке сәйкес каріптерді таңдауды.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Оқушыларға сұрақ:

Қалай ойлайсыңдар,каріптік рәсімдеу оқырманға қаншалықты маңызды?

  1. Мәтінді рәсімдеуде тым жалығу бола ма?

  2. Жарнамалық парақтарда, газеттерде, оқулықтарда каріптік рәсімдеу бір – бірінен айырмашылықтары бар ма?

IV Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа мәліметтерді түсіндіру, мәтіндік процессорларда қаріптерді пішімдеу жұмысына негізделеді.

Басылым жүйесінде мәтіндік процессордағыдай стильдер бар. Әдетте, бір басылымға бірнеше стильдерді қолданады. Жеке стильдер тақырыпқа және тақырыпшаға негізделген.Стильдер параметрлерін баптауда Түзету Стильдер бұйрығымен шақырылады.

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, (бір компьютерде екі оқушыдан отырады.) Әр жұпқа келесі терезелердің мазмұнын оқу ұсынылады.

  • Қасиеттер (Свойства);

  • Символдық стиль (Символьный стиль).

Мәтіндік процессордағыдай Қасиеттер қосымшасында да абзацты баптау параметрлерінен тұрады. Мұндай баптаулар: интервал, табуляция, шегініс. Символдық стиль терезесі мәтіндік редактордағы Каріп қосымшасының бұйрықтарына ұқсас.

Оқушылар бірнеше минут тереземен танысады, ұқсас баптауларды дәптерге түртіп қояды. Сосын бір бірден әр жұптан бір оқушы көрші компьютерге ауысады. Ауыспалы құрам жұбы пайда болады. Жаңа жұптар өзара алған мәліметтерін талқылайды.

Нәтижесінде мұғалімге оқушылардың алған біліміне қорытынды шығару ғана қалады..

V Тәжірибелік жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Қорытындылау

Орындалған жұмыс үшін баға қою

VІІ Үй тапсырмасы

§26 – ны оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру





30- сабақ. Иллюстрацияларды дайындау.

Сабақтың мақсаты:

басылымға иллюстрацияны қосу әдісін үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: графикалық суреттерді сурет блогына қосуды; Scribus программа файлдарының пішімдерін; SVG пішімімен жұмыс істеу ерекшеліктерін; блок ішіне суреторналастыру режімін (сурет өлшемімен бірдей блок, суретті блокқа кірістіру); Блок мазмұнын өзгерту бұйрығының қызметін; басқа графиканы өңдеу программаларын қолданбастан Scribus программасымен кескінді өңдеуді; графикалық қарапайым элементтерді блокқа орналастыруды; графикалық қарапайым элементтерден туындайтын суреттердің мүмкіншілігін.

Оқушылар үйренуі тиіс: сурет блогына суреткірістіруді; блок өлшеміне сәйкес сурет өлшемін баптау, Scribus программасының көмегімен графикалық суретті түзету; сурет блогының мазмұнын өзгерту; басылымға графикалық қарапайым элементтерден сурет жасау.


Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндеттерін қою

ІІІ Білімді тексеру

Өткен 26- параграфқа тест сұрақтары жүргізіледі.

§26 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

Д

А

С

Д

А

А

В

А

С


IV Білімді өзектендіру

Мұғалім:

-сендер жеткілікті түрде, басылым жүйесінің жұмыс істей аласыңдар. Басылымды иллюстрациясыз елестету қиын емес. Иллюстрациялар оқырмандарға мәтін мазмұнын түсіндіреді.

Сұрақтар:

  1. Иллюстрацияны басылымға қалай қосады?

  2. Басылым жүйесінде қандай пішімдер оқылады?

  3. Компьютерде сурет сызып, қажет өлшемге дейін кесіп, өлшемін өзгертуге болатындай графикалық редактор қажет пе?

Ашықтау, реңдеу секілді «Scribus» программасына тәуелсіз суретті жақсарту параметрлерімен өзгертуге бола ма?

Түйін: әрине графикалық редактор суретті жақсы бейнемен өңдеуге мүмкіндік береді. Бірақ сәл түзету үшін Scribus функциясын пайдалану жеткілікті. Бүгінгі сабақта сендер осы мүмкіндіктерімен танысасыңдар.

V Жаңа материалды түсіндіру.

Сурет қосу

Сурет қосу үшін сәйкес бұйрықты таңдап, файлға жолды көрсету қажет. «Scribus» кеңінен тараған көптеген пішімдерге ие. Оқушыларға пішімдердің тізімін оқып, қандай графикалық редакторда осы пішімдегі суреттерді өңдей алатынын түсіндіріп беру керек

Сұрақ:

-Incscape векторлық графикалық редакторының негізгі пішімі қандай? Оқушылар жауап беріп, SVG пішімі тізімде жоқ екеніне қорытынды жасайды. Мұғалім тапсырма береді: Графикалық файл терезесіндегі тізімнен «барлық файлдар » (Все файлы) таңдап, кез келген SVG пішіміндегі графикалық файлды ашып көру қажет. Мұндай файлдар әр компьютер класында болу керек. Өйткені оқушылар өткен жылда Inkscape программасын оқыған.

Мұғалім:

  • Коріп тұрғандай, сендер Inkscape -те құрылған суретті қоса алдыңыздар. Сонымен қатар Scribus басылым жүйесі осы графикалық нысанды өзінің нысанына түрлендірді. Сонда сендер кескінді Inkscape –те емес Scribus-та салғандайсыңдар.

Суретті редакциялау

Суретке шағын өзгерістер енгізу үшін графикалық редакторды қолдану міндетті түрде емес. Кескіннің әсері (Эффекты изображения) бұйрығы қосылған кескіндерді өңдеу үшін арналған.

Оқушылар берілген бұйрықты шақырып, растрлық графикалық редактормен жұмыс істеуде қандай әсерлерді оқығандарын талқылайды. Ұсынылған әсерлердің көбісі оқушыларға таныс. Мұғалім оқушыларға өз беттерінше әсерлерді оқып, талқылау үшін уақыт береді.

Әрі қарай оқушылар контексті мәзірден Қасиеттер (Свойства) қосымша бұйрығын оқиды. Бұл қосымшалар X,Y,Z және Кескін.

Графикалық қарапайым элементтері мәзір пунктіндегі Кірістіру (Вставка) бұйрығымен қосылады. Бұл бөлімді оқуда оқушылардың көңілді дәл фигураларды (CTRLпернесімен) көпбұрыштарды (қасиеттер бұйрығымен) салуға аударту қажет.

Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей ьойынша орындау.

VІІ Қорытындылау

Орындалған жұмыс үшін баға қою

VІІ Үй тапсырмасы

§27-ні оқу , бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру.




31- сабақ. Басылымды макеттеу


Сабақтың мақсаты:

  • Элементтерді композициялық орналастыруды басылымда үйрету.

Оқушылар білуі тиіс. Пішімдеу түсінігін; бағаналарды салуды; суретті мәтіндермен айналдыру, шебер – беттерді тағайындау, басылымды пішімдеу жұмысын жылдамдату үшін шебер беттерді қолдану әдісі, модульдік тор құруды тағайындау; модульдік тордың түрлері

Оқушылар үйренуі тиіс: басылымның пішімін құру; пішім үшін бағаналар қолдану, суретті мәтіндермен айналдыруды құру, шебер – беттерді қолдану,ретке келтіру, модульдік торды қосу.

Сабақтың барысы


І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат – міндетерін қою

ІІІ Үй тапсырмасы

Өткен 27 – параграфқа тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

§27 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері.

1

2

3

4

5

6

А

Д

С

В

А

А


IV Білімді өзектендіру

Бүгінгі сабақта сендер басылым жүйесінің мүмкіндіктерін сурет бойынша оқи-

сыңдар.

V Жаңа материалды түсіндіру

Бағаналар құру

Бағаналар құру бойынша мәтіндік процессорға ұқсастық жүргізіледі. Басылымның бұл нұсқасында бағаналар бағандар деп аталады, ал бағаналар арасы бағаналық деп аталады. Мәтіндерді бағаналарға бөлгеннен кейін мәтіндік блокты бағаналарға бөлу сызғыш түрінде көрсетіледі.

Суреттерді мәтінмен айнлу

Айналудың атақты түрлеріне басқа, берілген программада тік төртбұрыш түрінде ғана емес, айналмалы түрде келтіруге болады. Шекті жасаудағы айналудың мұндай түріне сабақта мұғаліммен қарастырылады.

Шебер - беттерді қолдану

Шебер – беттер – басылымның барлық немесе таңдалған беттеріне қайталаланатын пішім үшін шаблон. Шебер – беттерді пайдалану қолданушыны басылым бетінде блоктарды орналастыруда қайталанатын операциялардан құтқарады.

Шебер- беттерді құру және қолданудың деңгейлерін мұғалім оқушыларға көрсетеді.

Модульдік тор

Модульдік тор беттерде блоктарды дәл орналастыру үшін қолданылады. Модульдік тор басында Файл Scribus баптаулары Бағыттаушылар бұйрығының көмегімен құрылады, кейін Түр Торды көрсету бұйрығымен модульдік торды қосады

Тәжірибелік жұмыс

Тапсырмаларды деңгей бойынша орындау.

VІІ Қорытындылау

Орындалған жұмыс үшін баға қою

VІІІ Үй тапсырмасы

§28 –ді оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру




32 – сабақ. Көпбетті басылыммен жұмыс

Макетті басып шығару

Сабақтың мақсаты:

Көп бетті басылым жұмысымен және пішімнің баспасымен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: басылымда беттерді қосу және өшіру функциялары, беттерге нөмір қою, баспа мүмкіндіктері.

Оқушылар үйренуі тиіс: беттерді қосу; өшіру, беттерге нөмір қою; басылымды баспаға шығару.


Сабақтың барысы

І Ұймдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Өткен 28- параграф тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

§28 соңында берілетін «Өзіңді тексер» бөлімінің тест кілттері.

1

2

3

4

5

6

7

В

В

Д

А

В

С

А

Көпбетті басылыммен жұмыс істеуде беттердің санын өзгертуді басқарып, нөмір қоя алу қажет. Бұл сабақта сендер осы әрекеттерді үйренесіңдер.

IV Жаңа материалды түсіндіру.

Берілген сабақтың мәліметтері қиын емес, сондықтан оқушыларға өз бетімен оқуға беріледі.

V Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар өздерінің басылымдарымен жұмысты аяқтап, басылымдарын баға алуға тапсырады.

Қорытындылау

Орындаған жұмысты бағалау.

VІІ Үй тапсырмасы

§29-ды оқу, бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларына жауап беру.

Оқулықтағы 30-31 сабақ тақырыптарын оқу. Жоба тақырыбын тандап немесе өз жобасын ойлап табу.



33-34 сабақтар. Жобалық іс – әрекет

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды бірнеше қолданбалы программаларды қолдану арқылы, жобамен жұмыс істеуге дағдыландыру.


І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат- міндеттерін қою

ІІІ Жобалық іс-әрекет


Жобалық әрекет. Оқушылар 30-31 сабақтарда ұсынылған жоба тақырыптарын таңдайды немесе тақырыптарын өздері ойлап табады.

Бірінші сабақта оқушылар жобамен жұмыс жасайды, ал екінші сабақта қорғайды

IV Қорытындылау

Жоба үшін, жартыжылдыққа, оқу жылына баға қою










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 05.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2228
Номер материала ДВ-033327
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх