Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 1-сынып Дүниетану Тақырыбы: Жаз. Жазғы еңбек. Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жазғы еңбек»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, жазғы еңбек түрлерін бақылау. Дамытушылық мақсаты: Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын,

1-сынып Дүниетану Тақырыбы: Жаз. Жазғы еңбек. Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жазғы еңбек»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, жазғы еңбек түрлерін бақылау. Дамытушылық мақсаты: Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын,


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1-сынып Дүниетану

Тақырыбы: Жаз. Жазғы еңбек.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жазғы еңбек»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, жазғы еңбек түрлерін бақылау.
Дамытушылық мақсаты: Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын, ойын арқылы танымдылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу .
Технология: Ойын арқылы
Әдісі: Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік
Құрал жабдықтар: Суреттер, слайд, сергіту, ертегі.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, сурет, логика
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
«Ой қозғау»
-Қайырлы күн, Жер-ана!
-Қайырлы күн, көк аспан!
-Қайырлы күн, нұрлы күн!
-Қайырлы күн, ұстаздар!
-Қайырлы күн, достарым!
— Балалар, біз бүгін мына жоспармен жұмыс істейміз. 
«Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» 
«Еңбек түбі береке» 
«Бойы сергектің ойы да сергек» 
«Кімнің ойы жүйрік?» 
«Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Ендеше, «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» бөліміне кіріселік.
-Балалар,  біз сәлемімізді бірінші нелерге бердік?
-Жер, аспан, күн
-Оларды бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Табиғат
-Табиғат дегеніміз не?
-Табиғат бізді қоршаған орта.
-Табиғат жыл мезгілдеріне қарай құбылып тұрады.
-Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Көктем, жаз, күз, қыс.
-Қазір қай мезгіл? Бүгінгі ауа райы қандай?
-Үйге берілген «Жаз» мезгілі туралы кім айтады?
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Суреттермен жұмыс
«Еңбек түбі береке» 
                                4 .Бал   іздеген    аралар
                                  Қобызбен   күйін   күйледі.
                                  Жұптасып     түрлі  көбелек,
                                  Қызғалдақпен   биледі.    
                             5.Жазда    келді  жайқалып:
                                Жатыр  егін   найқалып
                                Жазда  келді:    Шаттанып,
                                Жұмыла  іске  аттанып
                                 Тындырып бар  жұмысты,
                                 Тоя  жедік     жемісті.
Ағашта не өседі? Не өспейді?» ойыны.
Өседі: Өспейді: 
1 «Жануарлар» тақырыбына қатысты сөздер  жазады табады
2 «Адамдар» тақырыбына қатысты сөздер  жазады табады
«Оқулықпен жұмыс»
«Бойы сергектің ойы да сергек» 
Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,
                   Алдынан жел еседі.
                   Кіп-кішкентай ағаштар,
                   Үлкен болып өседі.
«Кімнің ойы жүйрік?» 
Тез ойла, сөз ойла 
Жазғы еңбек мәтінін құру
Жайқал ған......... келді. ............. ысыды.Қала ішіндегі шағын бақтарға ...... отырғызылды.Демалысқа шыққан Айгүл..........барды.Атасы малды ........жайды.Әжесі............ жинады. Айгүл әжесіне ....... .
Керек сөздер: Жаз,күн,гүлдер,ауылға,өріске,жемістер, көкөністер,көмектесті.

«Не істейді?» ойыны
Құстар------ жаңғақпен қоректенеді.
Адамдар------------- өріске жайылады.
Сиыр ------------------ балапандарын ұшуға үйретеді.
Тиін --------------- гүл отырғызады.
«Білгенге маржан, білмегенге арзан»
  Бір жақты жауап беріңіз. («дұрыс», «дұрыс емес») сөздері арқылы 
1.Бір жылда төрт мезгіл бар ма? 
2.Шілде – жаз айы
3.Жазда қар жауады. 
4.Сіз жазда шаңғы тебесіз
5.Жазда 4 ай бар
6.Жазда күн ұзақ болады. 
7.Көктемнен кейін күз келеді
9.Жазда табиғат қысқы ұйқысынан оянады, оңтүстіктен жылы жел еседі. 
10.Жазда мал қорада тұрады.
11. Жазда құстар балапандарына ұшуды үйретеді.
12. Жазда ағаш жапырақтары түседі.
13. Жазда оқушылар демалады.
14. Жаз- құрылыстың қызған шағы.

15.Мереке күндері адамдар жұмыстарына шығады.
16. Жазда қала бақтарына гүлдер отырғызылады.

17.Қыста күн ыстық болады.
 18. Жазда жемістер мен көкөністерді жинаймыз.

19.Әр айда отыз, отыз бір күн бар.
20. Жаз бен күз- еңбектің қайнайтын мезгілі.

- Тамаша, жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Ендеше бүгінгі көңіл-күйлеріңді білдіретін мына сыйды қабыл алыңдар.
 Және жыл мен 12 айға тілегімізді білдіріп сабағымызды аяқтайық.
Еліміз тыныш болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Денсаулығымыз мықты болсын!
Сабағымыз «5» болсын!
Мектеп мақтанышы болғаймыз!
Желтоқсанда жел жоқ болсын!
Қаңтар қатулы болмасын!
Ақпан ашулы болмасын!
Қыркүйек қазына жисын!
Қазан қаспақты болсын!
Қарашада қар көп болсын!
Маусым мағыналы болсын!
Шілденің шырайы көрінсін! Тамыз тамылжып тұрсын!
Наурыз назды болсын! Сәуір сазды болсын!
Мамыр мейірімді болсын!
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, суретін салу.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 26.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров13
Номер материала ДБ-290915
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх