Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / 7 сынып физика сабағы "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы."

7 сынып физика сабағы "Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы."

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, штатив, шарик.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Cыныпты топқа бөлу , топ ережесін қабылдау. 2-минут

ІІ. Ұйымдастыру: Екі топтан екі бала шығады.
1. Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.
 
hello_html_5a81b4f3.jpg hello_html_76d3c133.jpg

  • 2. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.

0,00000125; 1200000000;

0, 00000045; 0,002;

14500000000; 0,0000005

3. Заттың құрлысы тарауы бойынша қайталау. 5-минут

    1. Атом дегеніміз не?

    2. Молекула дегеніміз не?

    3. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

    4. Диффузия дегеніміз не? Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді.

    5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

    6. Заттың қандай күйлері болады?

    7. Температура дегеніміз не?

III. Сәйкестендіру тесті беріледі.

-3минут

1 Ядро

 2 Дене

 3 Диффузия

 4 Атом

5 Температура

 6 Қатты дене қасиеті

 7 Аққыштық

 8 Су буы

1 Дененің жылулық күйін сипаттаитын шама

 2 Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі;

3 Зат молекулаларының бір-біріне жайылуы, енуі;

4 Әртүрлі заттардан құралады;

 5 Сұйыққа тән қасиет;

 6 Атомның орталық бөлігі;

 7 Пішіні мен көлемін сақтайды;

 8 Газ;

IV. Ой қозғау стратегиясы - 15 минут

Қозғалып жаткан денелердің суреттер топтамасын көрсету бұл денелерге ортақ не тән? деген сұрақ қою аркылы ой тастау. (Оқушы жауабы қозғ а л ыс)

 Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, максаты айтылып содан кейін тақырып бойынша қысқаша ақпарат беріледі.

Олай болса бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады екен.

Мысалы; қалықтаған бұлттың,піскен алманың жерге құлап түскенін,үстел үстімен қозғалған ойыншық машинаның,серіппеден тербеліп тұрған шарды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде дене қозғалады дейміз. Осы денелердің қозғалысына зейін қойып қарасақ қайтеді.

Болжау стратегиясы. Маятниктің қозғалысын бақылау.

Маятниктің қозғалысын бақылағанда оның айналасынада зер саламыз.

Маятник бастапқыда қалай болды?

Енді маятник қозғалысқа түсті не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабының жобасы: маятник бастапқы тұрған орнын өзгертті ол әуелі біржаққа сосын екінші жаққа барды және осылай бірнеше рет қозғалды.

Қозғалысты қалай байқалды деп ойлайсың?

Оқушы жауабының жобасы: қозғалыс маятниктің айналасындағы басқа бір қозғалмай тұрған дене штативпен, үстелмен салыстырғанда байқалды және маятник қозғалғанда бір шама уақыт өтті.

Сонымен біз нені байқадық?

дене қозғалғанда орнын өзгертті

уақыт кетті

қозғалыс қозғалмайтын денемен салыстырғанда байқалды.

Бұдан қандай болжам жасауға болар еді?

Денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

Дене тұтасымен қозғала ма? әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?

Сергіту сәті – бәріміз орнымыздан тұрамыз қолымызды алға созып тігінен тұрамыз да 3 рет отырып тұрамыз.

Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабының жобасы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды

Олай болса бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен

салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің:жүретін, ұшатын,суда жүзетін көліктердің зымырандардың,планеталардың,аспан денелерінің қозғалысын зерттейді.Бұл денелердің қозғалысын м е х а н и к а л ы қ қозғалыс деп атайды.

Сонымен, дененің немесе дене бөліктерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруін механикалық қозғалыс деп атайды.

Санақ денесі - қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене.

Демек кезкелген механикалық қозғалыс салыстырмалы екен. Тек қозғалыс салыстырмалы емес тыныштықта салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін, яғни дененің уақытқа байланысты орнын қалай өзгерткенін білу үшін санақ жүйесі ұғымын енгізу крек. Кординаттар жүйесі+санақ денесі+сағат үшеуі бірігіп санақ жүйесін құрайды. Қозғалысты сипаттау үшін әр түрлі санақ жүйесін таңдап алуға болады. Бірғана дененің қозғалысын бақылау үшін әр түрлі таңдап алынған жүйе әр түрлі көрніс береді. .

1. Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде

кітап жатыр. Кітап; а)үстелге,б)рельске в)вагон еденіне,г) телеграф

бағаналарына қатысты тыныштықта тұр ма әлде қозғалыста ма?

2. Ұшақтар тобы 20сурет бір мезгілде бастапқы жұптарын жазбастан

жоғарғы пилотаж фигурасын орындайды. Ұшақтардың бір-біріне

қатысты қозғалысы жайында не айтуға болады?

Тапсырмалар кері байланыс аркылы бақыланады.


V. Пысықтау. 5-минут

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Мақал-мәтел: Басында миы жоқтың, аяғына дамыл жоқ

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §17. 7-тапсырма.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров1046
Номер материала ДВ-472629
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх