Инфоурок Физика Другие методич. материалы7 сынып - физикадан сабақ жоспары: "Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу".

7 сынып - физикадан сабақ жоспары: "Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу".

Скачать материал

7 сынып № 28 сабақ ______________

Сабақтың тақырыбы: §37.Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, диномометр.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Күштің түрлері?

  2. Тең әрекет күші.

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

А) Тең әрекет күші.

Ә) Әрекет ететін күштерді қосу.

Тең әрекетті күш. Әдетте қозғалыстағы кез келген денеге бiр емес, бiрден оны қоршаған бiрнеше дене әрекет етедi. Мысалы, дененiң құлап түсуi кезiнде оған тек Жер ғана (ауырлық күшi) емес, ауа да (кедергi күшi) әрекет етедi. Бөлшекке (материялық нүктеге) бiрнеше дене әрекет еткен жағдайларда олардың ортақ әрекетiн тең әсерлі күш сипаттайды. Теңәрекеттi күштi табу үшiн қарапайым ережелер бар.

1hello_html_53aadae0.png. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен бiр жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда олардың F тең әсерлі күшi мына формуламен табылады:

F = F1+F2.

Сол кезде тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң бағытымен сәйкес келедi (32-сурет).

2hello_html_1dc87f9c.png. Егерде денеге бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған F1 және F2 екi күш түсiрiлсе, онда F1> F2 кезiнде олардың F тең әсерлі күшi мына формула бойынша табылады:

F = Fl — F2.

Бұл жағдайда тең әсерлі күштiң бағыты түсiрiлген күштердiң үлкенiнiң бағытына сәйкес келедi (33-сурет). Егерде сол кезде F1 = F2 болса, онда F тең әсерлі күш нөлге тең болады екен. Бұл жағдайда дене тыныштықта болады, ал қозғалыстағы дене бастапқы жылдамдықпен бiрқалыпты және түзусызықты қозғалыс жасайтын болады.

Шамалары бойынша тең және бiр түзудiң бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған екi күш туралы олар бiр-бiрiн теңгередi немесе өтемелейді деп айтады. Мұндай күштердiң тең әсерлі F күшi әрқашанда нөлге тең болады да дененiң жылдамдығын өзгерте алмайды. Жерге қатысты дененiң жылдамдығын өзгерту үшiн денеге түсiрiлген барлық күштердiң тең әсерлі күшi нөлден айрықша болуы қажет. Дене тең әсерлі күштiң бағытымен қозғалған жағдайда оның жылдамдығы артады; қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде дене жылдамдығы кемидi.

Мысалы, парашютисттiң ұшуы кезiнде оған екi күш — ауырлық күшi мен ауа кедергiсi әрекет етедi. Түсудiң бастапқы кезеңiнде ауырлық күшi кедергi күшiнен артық болады да олардың тең әсерлі күшi төмен қарай бағытталады екен. Осының арқасында ұшудың осы кезеңiнде парашютисттiң құлауы үнемi артады. Алайда ұшу жылдамдығының артуына қарай парашютистке әрекет ететiн кедергi күшi барған сайын арта беретiн болады. Парашюттi ашқаннан кейiн ауа кедергiсi бiрден артады да ауырлық күшiнен артық болады. Осы екi күштiң тең әсерлі күшi жоғары қарай бағытталады екен де парашютисттiң жылдамдығы азая бастайды. Адамның қауiпсiз түсуi үшiн парашюттiң күмбезi 40—50 м2 болуы тиiс. Сол кезде жерге түсудiң ең аз жылдамдығы 4—5 м/сек.-қа тең болады екен. «Парашют» сөзi француз тiлiнен аударғанда «құлап түсудi болдырмау» дегендi бiлдiредi екен. Оны жасаудың идеясы Леонардо да Винчиге (1452—1519) жатады. Алайда парашютпен бiрiншi секiрудi (биiк мұнараның басынан) 1617 ж. венеция инженерi әрi механигi Ф. Веранцио iске асырды. Оның парашютi жетiлдiрудi талап ететiн және кездемемен тартылған жақтау болатын.

Адамның арқасына орналастырылған және тарту сақинасының көмегiме ашылатын алғашқы ранецтiк парашюттi 1911 ж. орыс өнертапқышы Г. Е. Котельников құрастырды.

ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

А) Тең әрекет күші.

Б) Тең әрекет күшті қосу

V. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу. Сұрақтар қою.

  1. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтіру.

  2. 78,79 сурет бойынша әңгімелесу.

VI. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

  1. Күш деген не?

  2. Күш дененің қозғалысына қалай әрекет етеді?

  3. Деформация.

  4. Диномометр.

VII.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Есеп шығару. Тақтаға екі оқушы шығады. Басқа оқушылар дәптерлерін ашып жазады.

№1. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді. Ғ1=50 Н, Ғ2=100 Н, Ғ3=150 Н. Олардың тең әрекет күші неге тең?

№2. Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі күштің шамасы модулі бойынша 3 Н, 5 Н. Неліктен олардың тең әрекетті күші 8 Н немесе 2 Н болуы мүмкін екенін түсіндіру.

Ә) Электрондық оқулық арқылы тақырыпты қарап шығу.

Б) Демонстрациялық тәжірибені оқушылардың өздеріне өз беттерінше жасату.

VIІI.ДК.Үйге тапсырма. §37 Өзін -өзі тексеру сұрақтары. 14-жаттығу№ 3, 4 есептер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сынып - физикадан сабақ жоспары: "Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 2224
    • DOCX 81 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Гульназ Кажимуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18282
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 999 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека