Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / 6 сынып Информатика Ақпаратты қорғау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

6 сынып Информатика Ақпаратты қорғау

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ақпаратты қорғау

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

  • Ақпарат қауіпсіздігін біледі.

  • Ақпарат қорғау ұғымын анықтайды.

  • Ақпарат категорияларының атын атайды.

  • Ақпаратқа әсер ету түрлерін біледі.

  • Пароль ұғымын анықтайды.

Жаңа түсінік

  • Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттарын түсінеді.

  • Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғыларын айырып таниды

  • Биометриялық әдістерге мысал келтіреді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

  • Ақпарат санаттарын анықтайтын сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады.

Талдау әрекеті

  • Активті және пассивті қорғау құралдарын талдайды.

Шығармашылық әрекет

  • Сұрау салу арқылы ақпартты қорғау түрлеріне сәйкес сипаттаманы оң бағандағы сөздермен байланыстырып, толық сөйлем жасайды.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

  • Ақпаратты қорғау қажеттілігін түсіндіреді.
    Оны қамтамасыз ету жолдарын сипаттайды.

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру

Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


  • Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.

  • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:


Ақпарат қауіпсіздігі, аутентичтность, апелляциялануы, ақпаратты блоктау, санкцияланбаған таралым, пароль, шифр, сигнатура, биометриялық әдіс.

Оқушыда дағды қалыптастыру:


  • Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

  • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.

Ақпарат көздері:


  1. Freepapers.ru. Ақпараттық қауіпсіздік. 2013. Ақпарат көзі: http://freepapers.ru/22/aparatty-aupszdk/237014.1614218.list3.html

  2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе





  1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі,
    Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті.
    «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен оқу- әдістемелік кешен. 2009. Семей

Оқушы жетістігін бағалау:


  • Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.

Үй тапсырмасы:


Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау


Бонус-балл тапсырмасы

Ақпаратты қорғаудың басқа қандай жолдарын білесіз?

САБАҚ БЛОКТАРЫ 


і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

  1. Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау. Алғышарттар.

  2. Ақпаратқа әсер ету түрлері мен потенциалды қауіп- қатер тудырушылар.

  3. Ақпаратты қорғау тәсілдері.

Слайдтар:

1-слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау

Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау. Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Яғни, ақпаратты қорғау - автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және
қолдау процесі.


2-слайд Ақпарат категориялары

Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары:

Құпиялылығы - белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.

Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.

Түпнұсқалық (аутентичность) - ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.

Апеллияциялануы - кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.


3-слайд Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары

Қорғаныс жүйесінің дұрыс құрылу үшін мыналарды анықтау керек:

  • Ақпаратқа әсер ету түрлері;

  • Автоматтандырылған жүйе түсінігі;

  • Автоматтандырылған жүйеге түсетін қауіп түрлері;

  • Қауіптерге қарсы тұру шаралары;

  • Қорғаныс жүйелерінің құрылу принциптері.


4-слайд Ақпаратқа әсер ету түрлері

Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы.

Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы.

Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады.

Санкцияланбаған таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық
құқық қорғанысы.


5- слайд Потенциалды қауіп- қатерлер

  • Қызмет көрсетуші тұлғалар мен қолданушылардың қателіктері

  • Құрылғылардың дұрыс жұмыс жасалмауы

  • Программалық қамсыздандыру жұмысының ақауларына байланысты болатын ақпараттың жоғалуы

  • Рұқсатсыз қатынауға байланысты болатын ақпараттың жоғалуы

  • Аривтік мәліметтерді дұрыс сақтамағандықтан пайда болып
    ақпараттың жойылуы


6- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау

Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б.

Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:

  • қолданушы орнататын парольдер;

  • жүйемен генерацияланатын парольдер;

  • енудің кездейсоқ кодтары;

  • жартылай сөз;

  • кілттік фазалар;

  • сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;

  • қатаң ” парольдер.


7- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау

Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану. Шифрлер криптоаналитикатер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады.

Сигнатуралар – қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы.

Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі – тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламаның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру.

Арнайы микропроцессорлар (МП) – арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі – бағдарламамен басқарылады.

Электр интеллектісімен қорғау – күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі.

Тікелей қорғау құралдары-егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?

8- слайд Активті және пассивті қорғау құралдары

Активті

      • Уақытқа, күннің жадына құрылған қорғау кілттері жатады немесе рұқсатсыз қатынас құруға қарсылық, ескерту, еске салу немесе бақылауды ұйымдастыру түрінде болады.

      • Жалпы қабылданған дабыл сигналдары, авторлық этикетті басып шығару, дыбыстық ескертулер, бақылау, иемденуші жөнінде деректерді басып шығару сияқты белгілерден тұрады.

Пассивті

      • Сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады.


9-слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары

    • Электронды қорғау құрылғылары

    • Оптикалық қорғау құрылғылары

    • Биометриялық


10- слайд Биометриялық әдістер

    • Саусақтың таңбасы арқылы анықтау

    • Адамның келбеті арқылы анықтау

    • Қол арқылы

    • Пернелік жазу

    • Адамның көз қарашығы арқылы анықтау

    • Дауыс ырғағы арқылы анықтау

    • Қол қою арқылы анықтау


іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ақпаратты қорғау дегеніміз

Ақпарат категориялары

Ақпаратқа әсер ету түрлері

ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.


Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары:

Құпиялылығы- белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.

Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.

Түпнұсқалық (аутентичность)- ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.

Апеллияциялануы- кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.

Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы.

Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы.

Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады.

Санкцияланбаған таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық құқық қорғанысы.


Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Ақпарат қауіпсіздігі дегеніміз не?

  2. Ақпаратты қорғау ұғымына анықтама бер.

  3. Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғандағы ақпарат категориялары.

  4. Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары.

  5. Ақпаратқа әсер ету түрлері.

  6. Пароль дегеніміз не?

  7. Пароль түрлерін ата.

  8. Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары.

  9. Биометриялық әдістерді ата.

ІІ деңгей тапсырмалары

Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз:

апелляциялануы, құпиялылығы, түпнұсқалық, бүгіндігі

..................... белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл санатты бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.

......................ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.

......................оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.

......................кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.

ІІІ деңгей тапсырмалары

Активті және пассивті қорғау құралдарын талдап жазыңыз.


іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

Сол бағандағы ұғымдарға сәйкес келетін анықтамаларды тауып, толық сөйлемді жазыңыз

Шифрлер

арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі.

Сигнатуралар

күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі

Арнайы микропроцессорлар

Егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.

Электр интеллектісімен қорғау

қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы

Тікелей қорғау құралдары

ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану


V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров571
Номер материала ДВ-513499
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх