Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 4 сынып интеллектуалды ойын

4 сынып интеллектуалды ойын


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Алтын ұрпақ (интеллектуалды ойын)

Өтілетін уақыты: 22.10.15ж

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.



Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімдері жинақталады. Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланады, ұйымшыл болуға тәрбиеленеді.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс


Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер, ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш сыныптарынан басталатыны бәрімізге аян.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын
істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын
істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Міне, осы теорияны негізге ала отырып, «Алтын ұрпақ» деп аталатын
3 «Ж» сыныбы арасында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер!


Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

Қатысушы оқушылар:

  1. Құрманбек Сабина

  2. Боларбек Аслан

  3. Абдрахман Диана

  4. Жомартқызы Алтынай

  5. Бүркітбай Мерей

  6. Миртай Ерасыл

  7. Жарылқасын Дінислам

  8. Халық Жайық

  9. Абдрайым Саяжан

  10. Анапия Аяжан

  11. Ермекова Инкар

  12. Нүрпейісқызы Аружан



Оқушылар санадарды таңдайды. Сандар бойынша тақ сандар, жұп сандар болып екіге бөлінеді. Өзара топ басшысын таңдайды. Топ басшылары келіп көздерін жұмып, «Білімділер», «Ойшылдар» тобы болып екі топты таңдайды (топтың атауын беру,орындарына орналастыру)

- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық

Ойын кезеңдерімен таныстыру. 6 айналымнан тұрады.

1.Тездет, бірақ қателеспе

2.Тіл өнері

3. Ғажайып төрттік

4.Тапқырлық

5. Талапкер

6. Айшықты сөздер

Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

Бастауыш сынып мұғалімі: Абдирасилова Ақмарал

Бастауыш сынып бірлестігінің меңгерушісі: Жаңбырбаева Айжан


1-ші айналым

«Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«
Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. ( Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: ( Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың несі деп аталады. (құны)
4) Судың қанша күйі бар? (3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? ( Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта қанша сағат бар. (2сағат)
7) Бесінші сөзі қандай сұраққа жаауп береді? (нешінші)

8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? (сынын , сапасын)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
«
Ойшылдар» тобы. 2 слайд
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы қалай аталады?(Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесін қалай атаймыз ?.(карта)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата.( Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
7.Заттыі қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы (етістік)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз не?( барлық қабырғасы тең төртбұрыш.)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты (Сабалақ)

2-айналым «Тіл өнері»


Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ,орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.


1. Қолымды 4 алма,

Табақта 4 алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? Жауабы: бес – пять — five

2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка — grandmother


3. Сылдыр сұйық, су емес ,

Iшсең шөлiң қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко — milk


4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев – lion


5. Жылы киім тон

Т” алып тастап

Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять


6. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book


7. Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool


8. Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool


9. Алуан түрлі із салғанмен,

Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil


10. Тіл ұшында уы бар

Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake


11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко — apple


12. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь — seven


13. Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther


14. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red


3 – бөлім: «Ғажайып төрттік»

Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

Қазақ тілі

30. Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыз дыбыстарды қай түпіне жатады?

Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді

40. Тасымалданбайтын сөзді тап:

Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы

50. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:

Жауаптары: А) ауа Б) уақыт В) көшу

Әдебиеттік оқу.

30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім?

Жауаптары: А) А.Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А.Құнанбайұлы

40. Ахмет Байтұрсынұлының “Балықшы мен балық” шығармасы қандай әдеби жанр түріне жатады?

Жауаптары:А) Аңыз Б) Өтірік өлең В) Ертегі

50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?

Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал

Математика.

30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?

Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см

40. 8  х = 6 қандай өрнек?

Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу

50. 1 метрде (дм) неше сантиметр (см) бар?

Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см

Дүниетану.

30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?

Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4

40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?

Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ

50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?

Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План



4 – бөлім: «Тапқырлық»

Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.

Уақыты 1 минут.

Қ А З А Қ С Т А Н

Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.

5 айналым


Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

«Кубизм» әдісі бойынша 1,2,3 деген сандардың бірін таңдату арқылы тапсырманы орындату

1. ... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.

2. ... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды.

3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.

Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу


6- айналым «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз әдебиеттік оқу пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3.
Таяқ сілтем жер (жақын)

Қорытынды: әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады. Марапатталады.


Бастауышта оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман – есен болыңдар.













hello_html_m39d6f7b9.jpg





«Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА



АЛТЫН ҰРПАҚ

(интеллектуалды ойын)

3 сынып








Жауапты: Ф.Қ. Назарбекова

СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА


АЛТЫН ҰРПАҚ

(интеллектуалды ойын)

3 сынып


2015-2016 оқу жылы


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров30
Номер материала ДБ-241695
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх