Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / 9 сынып. Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар

9 сынып. Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:



Күні

Сынып

Пәні

Бекітемін

19.01.2016ж

9 б

Геометрия


Сабақтың тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар

Сабақтың мақсаттары: Білімділік мақсаты: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше белсене араласуға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап. Практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, бор, кестелер, формулалар.


Жүрісі

Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындығын тексеру.

Ынтымақтастық атмосфера ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру: 

Қайталау сұрақтары:

Сынық сызық?

Көпбұрыш?

Дұрыс көпбұрыш?
Шеңберге іштей сызылған көпбұрыш?

Шеңберге сырттай сызылған көпбұрыш?

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Анықтама. Егер көпбұрыштың барлық төбелерібір шеңбердің бойында жатса, онда бұл көпбұрышты іштей сызылған көпбұрыш деп атайды.

Егер шеңбер көпбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын болса, онда көпбұрышты сырттай сызылған көпбұрыш деп атайды.

Шеңбердің бір нүктесінен шығатын екі хорданың арасындағы бұрышты шеңберге іштей сызылған бұрыш деп атайды.

ВС доғасын осы бұрышқа тірелген доға деп атайды.. Ал ВОС бұрышы центрлік бұрыш деп атайды.

Іштей сызылған бұрыштың шамасы өзі тірелген доғаның градустық өлшемінің жартысына тең.

Салдар. Диаметрге тірелген іштей сызылған бұрыш 90 градусқа тең.

hello_html_m1f0a051d.pnghello_html_f23fa07.png

Төртбұрыштың барлық төбелері шеңбердің бойындажатса, онда шеңбер төртбұрышқа сырттай сызылған

Іштей сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарының қосындысы180 градусқа тең.

Егер шеңбер төртбұрыштың барлық қабырғаларын жанайтын болса, ондашеңбер төртбұрышқа іштей сызылған

Сырттай сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындысы тең болады.

hello_html_m5307d3c6.png


Жаңа сабақты пысықтауға есептер шығару:

берілген есептерді шешу

1.Егер шеңбердің радиусы 6 см болса, онда тіктөртбұрыштың диагоналі неге тең?

hello_html_6926583e.pngЖауабы :12см

2. Квадраттың қабырғасы hello_html_836640d.png . Шеңбердің радиусын тап . Жауабы:1

3. Тіктөртбұрыштың кіші қабырғасы 5см. Диагональдардың арасындағы бұрыш 60о. Сырттай сызылған шеңбердің радиусын тап. 

hello_html_155962cd.pngЖауабы:5см

4. Сырттай сызылған трапецияның бүйір қабырғалары 2 см, 4 см. Трапецияның орта сызығын тап.

hello_html_767c3bc5.png

Жауабы:3см

5. Іштей сызылған трапецияның периметрі 20 см. Ор

Жауабы: 5см

6. Іштей сызылған ABCD төртбұрышының А бұрышы 100о.  бұрышы неге тең?8080градус

Оқулықпен жұмыс: №211 №212 №214 №215

Қорытынды: Инсерт әдісі

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Бағалау: Жетістіктеріне қарай бағалау.

Үй тапсырмасын беру.Түсіндіру. Сыныпта шығарған есептердің жұптары







Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1417
Номер материала ДВ-448048
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх