Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 1"Ә" сынып " Әліппемен қоштасу"

1"Ә" сынып " Әліппемен қоштасу"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3ae6178a.png

Маңғыстау облысы.

Түпқараған ауданы.

Ақшұқыр мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі: жас маман Абишбаева Айтолкын Мажитовна

Біліктілігі: Жас маман.

1»ә» сынып жетекшісі.

Тақырыбы: Әліппе- білім бастауы.







C:\Users\222\Desktop\сайтка салатындар\IMG-20150130-WA0005.jpg



C:\Users\222\Desktop\сайтка салатындар\IMG-20150130-WA0000.jpg











Тақырыбы: Әліппе- білім бастауы.

Мақсаты: Оқушылардың әліппеге деген сүйіспеншілігін,сезімін нығайту, әліппеге байланысты өлең-тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету. Білімнің бастауы болған «Әліппеден»үйренгендерін тиянақтау. Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау. Ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу. Туған жерге, Отанға дегенсүйіспеншілігін дамыту. Оқушылардың көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы. «Медаль әріптер» ұлағатты сөздер, әріптер,түрлі-түсті шарлар. Ханның үйі. Жүру барысы: 1.Акт зал әсем безендірілген. «Әліппе» әнінің музыкасы ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. (сахналық қойылым.)
Автор сөзі: Ерте-ерте, ертеде бір патша мен оның кіп-кішкентай сұлу қызы болыпты. Хан:Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «ә» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
1ж Роман: (музыка орындалады,таныстыру. Әліппе-білім бастауы 2рет. Алдарыңызда Аяжан. Әліппе-білім бастауы 2рет. Алдарыңызда Роман.) Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2ж Аяжан:
Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «ә» сынып оқушыларынан.
3ж: Бағлан (музыка орындалады,таныстыру. Әліппе-білім бастауы 2рет. Алдарыңызда Ниязбек. Әліппе-білім бастауы 2рет. Алдарыңызда Бағлан.)
Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.

4ж. Ниязбек. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1ж: Роман
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
3ж: Бағлан
Уаааа, халайық қол соға!
Шақырайық ордаға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттермен ортаға. Оқушылар келеді. Сәлемдесу.
Мұғалім: Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов адай күйі.) -Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1ші »ә»сынып оқушыларының дайындаған «Әліппе- білім бастауы.» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Міне сол сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық, бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
2ж: Аяжан
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық. Ән «әліппе» орындайтын: Гаухар. « Балапандар би тобымен».
Мұғалім: - Ал балалар, менің сұрағыма жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе! Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе:
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға.
Мерекелеріңмен құттықтаймын. Бүлдіршіндер, балғындар!
-Мен қазір өзімнің әріптерімді түгендейін. Ъ белгісі мен Ь белгісі қайда? Мен оларды көрмей тұрмын ғой.
Оқушы: -« Олар біздерден дыбыс шықпайды»-деп келмей қалды. Әліппе: -Барып алып келіңдер. Ъ белгісімен Ь белгісі сендердің де Әліпбидіңде ішінде өз орындары бар. Келіңдер, тұрыңдар. Әліппе: Ал енді оқшылар не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
1-оқушы: Есболай
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.?
2-оқушы: Назерке
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
3-оқушы Өрдек Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
4-оқушы. Малика Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
5 оқушы Нұрислам Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
6 оқушы Жақсыбек Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
4ж. Ниязбек Құрметті ата-аналар сіздерге арналған: « Қамажай биін» қабыл алыңыздар. Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
Әліппе сөз кезегі өзіңізде.
Әліппе сөйлейді:
Білімінің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
-Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын өнерлі балалар екенсіңдер. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, мен өз шаһарымды босатамын, досым Ана тілі оқулығына тағымды табыстаймын. Үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! -Қош бол құтты ӘЛІППЕ!
Қош бол, құтты Әліппем!
Мұғалім:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келді.
-Қарсы алайық, танысайық
Хормен: Қош келдің АНА ТІЛІ! Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
1ж: Роман. Ана тілі отырып біздің өнерімізді тамашалаңыз. 2ж : Аяжан Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім
3ж Бағлан Жамандықтан жиреніп
Ақыл болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім.
7-оқушы Медина
Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой-ол біздің!
8- оқушы Рысбек
Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Мұғалім: 
«Ұстазым» әні. Орындайтын: Түметова Ақпанар оқушылармен бірге. Ата-ананың ұстазға тартуы.
 -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам –кім?
Хормен: Ол-Ана! 
 
Мұғалім: -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі көп. Ойын: Ата-анамен. ( Өз балаңды тап. Ата-аналардың көздері байлаулы болады.) 4ж.Ниязбек: Ән: «Анашым» Орындайтын: Жақсыбек Мұғалім: - Балалар, сендер әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Ендеше: »Гүл сыйлау » ойынын ойнайық. -Балалар, санамақты жеке-жеке айтып, қолымыздағы гүлді залда отырған қонақтарға сыйлаймыз. 1 дегенім –бесік, Шықтың содан өсіп. 2 дегенім-елім, Далам, тауым, көгім. 3 дегенім-үміт, Үміт артар жігіт. 4дегенім-төзім, Төзе білем өзім 5дегенім-бақыт, Бағалайын уақыт. 6дегенім-ақыл, Тыңдағаның мақұл. 7дегенім –жалау, Жүректегі алау. 8дегенім-сөзің, Серт беретін кезің. 9 дегенім-тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. 10дегенім –Отан Қорға соны ботам. Мұғалім: -Балалар, біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
-Қазақстан Республикасында.

  1. Оқушы Роман Қ Қарсы ал ерте күн көзін
    Төсегіңді жина өзің
    Асықпай іш тамақты

Жалама ыдыс-аяқты

  1. Оқушы Аяжан
    А Астанам, ұлы, Астанам
                    Ұлылыққа бастаған!
                        Мақтан тұтар өзіңді,
                        Кіп-кішкентай жас балаң

  2. Оқушы Берекет З  Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                       Замандар бар, заңдар бар
                       З-да барлық заңдылық
                       Заңда з мен заң болар!
     

  3. Оқушы Жақсыбек А     Ана тілің арың бұл  
                       Ұятың боп тұр бетте
                      Өзге тілдің бәрін біл
                       Өз тіліңді құрметте!

  4. Оқушы Асылан Қ               Қарағанды көмірі                   
                      Қостанайдың егіні.
                      Даласындай жомарт қой
                      Қазағымның көңілі.

  5. Оқушы Нұршат

С        Жағасында Ертістің
                   Семей деген қалам бар
                Туған мұнда атақты
                  Абай, Мұхтар, бабалар
7- Оқушы Ниязбек

Т              Жарақты жаумен жұлқысқан 
                  Қылышты жаумен қырқысқан
                  Ең ежелгі астана
                  Қасиетті Түркістан!
8-Оқушы Есболай

А              Піскен алма топ-топ түсті,
                  Топ-топ түсті, көптен түсті
  9-Оқушы Жасұлан

Н               Ас біткеннің анасы
                  Қасиетті нан осы
Мұғалім: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай әріп шығады екен? Барлық балалардың мойындарында медаль тәріздес әріптер болады.
ҚАЗАҚСТАН. Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Туған елімізге арнап «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН» әнін шырқайық Хормен: Қазақстан. (қолдарында көк туы болады.) Мұғалім:   Ата – ана шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады) Сыйлықтар табыс етіледі.
Міне 1»ә» сыныбының дайынаған «Әліппе-білім бастауы» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. -    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп рақмет! Сөз кезегі беріледі: Мақтау қағаздары табыс етіледі. -    Қош сау болыңдар.





hello_html_m459afc42.png



Ақшұқыр мектеп-лицейі.











Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Әліппе- білім бастауы.













Дайындаған: Абишбаева Айтолкын

2014-2015 оқу жылы





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров182
Номер материала ДВ-131190
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх