Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 4 сынып математика "Қайталау"

4 сынып математика "Қайталау"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көбейту мен бөлуді есептеу дағдыларын жетілдіру, есептеу дағдылырын арттыру, өз бетінше есепті түсініп, тез есептеуге дағдыландыру, салыстыру, қорытынды жасай білуге, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: Аралас, жарыс сабақ

Көрнекілігі: Үлестірме, ребус, суреттер, жалауша, геометриялық фигуралар, Ж. Жабаев портреті, кестелер, реферат, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

- Мектепте қандай апталық өтуде?

  • Балалар, бүгін біздің сынып үшін, қандай айтулы күн?

  • Жамбыл Жабаевтың туған күні, ол кісі туралы не білеміз, туған жылы мен қайтыс болған жылдары және қысқаша өмірбаяны туралы әңгімелету.

  • Бұл күнге байланысты мектебімізде қандай іс – шара ұйымдастырылды?

  • Қане, кім «Балаларға» өлеңін айтып береді?

  • Ендеше, біздің сыныбымыз осы бабамыз атында болғандықтан бүгін біз атамыздың «Немерелері», «Шөберелері» және «Шөпшектері» болып математикадан жарысқа түсіп, әр қатар өз білім- білік дағдыларымызбен алғырлықтарымызды көрсетейік. ( 7 ата туралы білетіндерін еске түсіру).

  • Ол үшін мына қатысып отырған қонақтардан «Әділқазылар» алқасын сайлап алалық.

  • Кезек, өздеріңде (топ атын, ұранын, әнін орындату)

Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту, өткен сабақты естеріне түсіру.

Дәптерлерін жию

  • «Кім ойшыл?» Бәйге ойыны (Ауызша мысалдар шығару, өткенді естеріне түсіру)

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер табыспай

Тәлім – тәрбие табар ма?


  1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз?

  2. Тік төртбұрыш ауданын ше?

  3. Куб яғни көлемді қалай есептейміз?

  4. Санның квадраты дегеніміз не?

  5. Санның кубы ше?

  6. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?

  7. Көбейтудің терімділік қасиеті ше?

  8. Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалай қолайлы тәсілмен көбейтіп, бөлеміз?

  9. Екі амалмен шығарылатын есеп деп неге аталған?

  10. Үш амалмен орындалатын есептер туралы не білеміз?

11. 4 - тің жартысы

12. 9 –дың үштен бір бөлігі

13. 10 бестен бір бөлігі

14. 30 * 3 50 * 10 500 : 5

40 : 20 80 :40 70 * 4

15 Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?


16 Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы кездесті. Қанша адам қалаға барды?


17 Егер «т» - дан бастасаң санмын, «т» -ны алып тастасаң жаумын.

Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал бір жұмыртқа неше минутта піседі?


18 Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше килограмм?


19 Дорбада 3 асық бар еді, 3 бала келіп 3 асықты алды. Дорбада неше асық қалды?


20 Білім арзан, білу ...


21 Олақ өзгеге сенсе, өнерлі ...


22 Күннің шуағы жылы, ... жылы.


Қай топ көп жауап берсе, сол қатар ұпай жоғары болады.


Тестік жұмыс. «Сынақ»


Ой сананы арттыру

Бүгінгі күн талабы.

Біле білсең бұл дәуір,

Математика заманы, - дей келе кезекті сынаққа берелік


Х : 7 = 5 а) 21 ә) 25 б) 35 в) 40


3 - тің кубы а) 3 ә) 9 б) 27 в) 21


Жаңа сабақ.

Күн ретін, тақырыпты жаздыру.


«Сәттілік кезеңі» өз беттерінше тапсырма орындау, үлестірмелер бойынша жұмыс.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де.

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебіңіз – дүние кілті әлі де – дей келе кезекті «Сәттілік кезеңіне» берелік


Оқулықтары бойынша төмендегі тапсырмаларды топ бойынша орындау.

Немерелер Шөберелер Шөпшектер


2

8 * 9 * 10 = 720 1 * 5 * 9 = 45 2 * 4 * 7 = 56


3

(62 + 28) : (45 :9) = 18 32 * 3 - (82 : 2) = 55 96 : 4 : (40 – 28) = 12


4

Салыстыр:

300 см * 130 см 372 дм * 3м 72 дм 3 тәул. * 52 сағ

4 м 7 см * 47 см 80 дм * 800 см 48 сағ – 2 тәул. 2 сағ


6 (Шөберелер)

I к – 180 бет – 20 бет Шешуі: 180 : 20 = 9 19 – 9 = 10

II к - ? бет – 32 бет 10 * 32 = 320

Екеуін – 19 күн Жауабы: Екінші кітапта 320 бет бар


7 (Немерелер)

Лимон – 72 кг Шешуі: 72 : 8 = 9 64 : 8 = 8 9 + 8 = 17

Апельсин – 64 кг (72 + 64) : 8 = 72 : 8 + 64 : 8 = 9 + 8 =17

8 кг - ? жәшік Жауабы: 17 жәшік


8 (Шөпшектер)

Лимон – 40 кг, 6 – дан біріндей 40 * 6 = 240 240 + 40 = 280

Апельсин - ? 40 * 6 + 40 = 280

Барлығы - ? Жауабы: барлығы 280 кг жеміс бар


9

S = 24 см 24 : 6 = 4 Р = (6 + 4) * 2 = 10 * 2 =20 (см)

Ұзындығы – 6 см

Р - ?



Ескісіз - жаңа болмайды,

Есепсіз дана болмайды – деп кезекті «Ой толғауға» берелік.

«Сыйқырлы қорапшалар» 1 минут ішінде әр топ қорапшаның периметр, аудан, көлемін табады.

1 төмендегі өрнектердің мәнін кему ретімен орналастыру арқылы сөз құрату.

24 * 5= 120 16 * 5 = 80 12 * 3 = 36 96 : 4 = 24 51 : 3 = 17 45 : 3 = 15 48 : 8 = 6 32 : 16 = 2

Т А Л А Н Т Т Ы

Қорытынды:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп кезекті «Әділқазылар» алқасына берелік.

Жеңген топқа сыйлық тапсыру, яғни көтермелеу.





















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров315
Номер материала ДВ-409265
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх