Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы1-сынып математика Білімді қайталау

1-сынып математика Білімді қайталау

Скачать материал

Пәні: Математика

Сыныбы: 1-сынып, ІҮ-тоқсан

Сабақтың тақырыбы: Білімді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік мақсаты: өтілген материалдар бойынша білімді жаңғырту, тиянақтай түсу, білімді қайталаудың қажеттігін ұғындыру;

2) дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ой белсенділіктерін арттыру, өз бетімен орындау дағдысын қалыптастыру;

3) тәрбиелік мақсаты: білімпаздыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, тест

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

А) Сыныппен амандасу, кезекшіден сыныптың түгелдігін сұрау.

Ә) Психологиялық көңіл-күй туғызу

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен сабаққа шолу. Бақылау жұмысын талдау.

Тақтада орындалған бақылау жұмысының қорытындысы көрсетіліп, талданады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтаға және дәптерге күн жадын , тақырыпты жазу.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта өтілген материалдарды қайталай отырып, білім баспалдағымен білім шыңына жетіп, еліміздің көк туын желбіретеміз. Білім шыңына жету үшін әр баспалдақтың тапсырмаларын орындаймыз және қоржындарымызға білім дәнін жинап отырамыз. Сабақ соңында жинаған дәндеріңді, яғни ұпайларыңды санаймыз. Кім көп ұпай жинаса, сол оқушы білім шыңын бағындырған болып саналады. Іске сәт, балалар!

  • Балалар, математика сабағында қандай ұғымдармен таныстыңдар?

  • Сандар, цифрлар, амалдар, өрнектер, әріпті өрнектер, сандар құрамы, геометриялық фигуралар, теңдеулер, есептер ұғымдарымен таныстық.

  • Ендеше, бірінші басқыштың тапсырмаларына кезек берейік.

І басқыш. Сандар әлемі

А) Сан қалай пайда болады? Ауызша жауап алынады. 1+1,2+1,3+1,4+1,5+1,т.б. 10-1, 9-1, 8-1 т.б.

Ә) Сандарды немен таңбалаймыз?

- Сандарды цифрлармен таңбалаймыз.

- Балалар, мен сендерге сандарды жасырамын, сол санның таңбасын дәптерге жазып

көрсетіңдер.

1. Айдын көлдің бетінде мойнын иіп жүзетін аққуға ұқсас сан. (2)

2. Құлаған орындықтарға ұқсас сан. (4)

3. Есікке салар іліп,

Мынау деген құлып.

Аузы ашылған қалпы

Айнымаған ... (алты) (6)

4. Екі көзі қайшының

Тапшы өзің жарқыным

Қай цифр ол болады? (8)

5. Жазда шөпті шабар

Қыста тыным табар.

Шалғы бар әр үйде

Нешеге ұқсас бәрі де? (7)

  • Балалар, неше цифр жаздық? Хормен айту.

  • Енді сандарды өсу және кему ретімен жаза қойыңдар. Біріңді-бірің тексеріңдер. Қоржындарыңа ұпайларыңды салып қоюды ұмытпаңдар.

ІІ басқыш. - Математика сабағында сендер неше амал қолданып жүрсіңдер?

  • Қосу және азайту.

А) «Плюс, минус» ойыны. Ойынның шарты: берілген теңдіктерге амал таңбаларының тиістісін қою. Әр топ тақтада берілген тапсырмаларды дәптерге орындайды.Жұмыс тақта арқылы тексеріледі.

Ә) Мен қалай аталамын? Қосу және азайту амалдарының компонент атауларын қайталау.


ІІІ басқыш. « Артық болмас білгенің»

  • Балалар, ата-бабаларымыз тыныс-тіршілігін жинақтап, сандарға теңестірген.

Үш, бес, жеті, тоғыз сандарын киелі деп есептейді. Сол сандар туралы ұғымдардың кейбіреулеріне тоқталайық. ( Оқушылар өздері білетін ұғымдарды айтады)

Дұрыс, балалар, киелі сандарға қатысты ұғымдар көп-ақ. «Жеті түнде неғып жүрсің?» деп айтып жатады үлкендер. Ендеше қазір түн болды деп ойлайық!

Сергіту сәті. Түн. Таң атты. Күн шықты. Аспан ашық. Самал жел есіп тұр. Кенет аспанды бұлт торлады. Қатты жел тұрды. Найзағай ойнады. Күн күркіреді. Жаңбыр тамшылай бастады. Жаңбыр нөсерлете жауды. Жаңбыр азая бастады. Күн ашылды. Кемпірқосақ керілді. Таза ауамен тыныстадық. (Оқушылар қимылмен көрсетіп тұрады)


ІҮ басқыш. Геометриялық фигуралар әлемі.

  • Балалар, қандай геометриялық фигураларды білесіңдер, атаңдаршы.

А) «Сипатта» ойыны. Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы туралы білетіндерін айтады.

Мысалы, үшбұрыштың үш төбесі, үш бұрышы, үш қабырғасы болады. Т.б.

Ә) «Кішкентай конструктор» ойыны. Геометриялық фигуралардан бейнелер құрастыру

Ү басқыш. Мен есеппін, есеппін,

Мәтіннен мен құралам

Ойлап, ойлап есепті

Қайсың барсың шығарар?!

Балалар, есептің құрамды бөліктерін атаңдар.


Жауабы


Шешуі


Сұрағы


Шарты


Есептің құрылысы неге ұқсайды?

  • Мектеп ғимаратына ұқсайды.

  • Мектепке ұқсас болса, оқу құралдары, балалар туралы есептер шығарайық. Балалар тақтада есептің мәтіні мен қысқаша жазуы көрсетілген. Есеппен танысып, өздерің дәптерлеріңе орындайсыңдар да, тақтамен тексересіңдер. Дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай қойылады.

І топтың есебі: ІІ топтың есебі: ІІІ топтың есебі:

Арманда - 5 дәптер Қалам - 6 Ұл бала - 10

Асанда - ? одан 2-еуі артық Қарындаш – 4 Қыз бала - ? одан 2-еуі кем

Асанда неше дәптер бар? Барлығы неше құрал? Қыз бала нешеу?

Шешуі: Шешуі: Шешуі:

Жауабы: Жауабы: Жауабы:


ҮІ басқыш. Ойын – есеп

  1. Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар? (7 бала)

  2. Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

  1. Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Екі ешкінің мүйізі

Сонда қанша болады?

  1. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

  1. Алмаға кеп күн ара

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара?

ҮІІ басқыш. Біліміңді қолдан! «Дұрысын боя»

Оқушыларға 5 мысал тапсырмалар дұрыс және бұрыс жауаптарымен беріледі, дұрыс жауапты қызыл бояумен бояу қажет. Тапсырма өз беттерімен орындалады да тақтамен тексеріледі. Қанша жауап дұрыс болса, сонша ұпай жиналады.

ҮІІІ басқыш. Ой қорыту. «Зымыран сұрақ»

Мұғалім: Балалар, білім баспалдағымен келе жатырмыз. Соңғы басқыш тапсырмалары ой қорытуға беріледі. Әзірсіңдер ме?

  1. 5+2 өрнек қалай аталады? (Қосынды)

  2. 9 – 3 (айырма)

  3. «Азайту» сөзіндегі 4-ші әріп? (й)

  4. 7=7 бұл не? (теңдік)

  5. 6-4 өрнегіндегі 6-ның атауы? (азайғыш)

  6. Алты сөзінің екінші әрпі? (л)

  7. 7-3 өрнегіндегі 3-тің атауы? (азайтқыш)

  8. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөздерінің соңғы дыбысы (у)


  • Сонымен, балалар, қызыл түспен жазылған қандай сөзді көріп отырсыңдар?

  • «Қайталау» сөзі

  • Қайталау арқылы «Білім шыңына» жеттік. Ендеше, білім қоржынына жинаған ұпайларыңды санай қойыңдар.Білім шыңына қандай жетістікпен жеттік екен?!

Қоржынға білім дәнін көп жинаған оқушы білім шыңын бағындырған деп есептеледі.


ІҮ. Бағалау. Үйге тапсырма беру.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-сынып математика Білімді қайталау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 891
    • DOCX 27.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсемалиева Алшагуль Социаловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38526
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек