Инфоурок Математика Другие методич. материалы5-сынып. Математика. "Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу" тақырыбына сабақ жоспары

5-сынып. Математика. "Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу" тақырыбына сабақ жоспары

Скачать материал

                             5-сынып. Математика

«Құрама  сандарды  жай көбейткіштерге  жіктеу»  тақырыбына  сабақ  жоспары

                                                                                                

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  натурал сан, құрама сан туралы білім, білік, дағдыларын  кеңейту,  құрама санды жай көбейткіштерге  жіктеудің  тәсілдерімен таныстырып, есептер шығару барысында  қолдануға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың құрама  туралы  ұғымдарын кеңейте отырып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы жазуды және көбейткіштері арқылы құрама санды  табуды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін  кеңейту, құрама санға және жай санға есептер  шығара отырып, шығармашылық–танымдық  қабілеттерін  қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды  есептер шығару барысында  ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен  қатар, ұқыптылыққа,өз бетімен  есеп шығаруға, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер  шығару, ой  қорытынды

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

 

ІІ.Оқушылардың қызығушылығын ояту

                                 

ІІІ Жаңа материалды игертуге  дайындау

      Натурал  санның жай және құрама сан болып бөлінетіндігін еске түсіру,  құрама сан және жай санға  түсінік беру. Дәреже  ұғымын еске  түсіру.

ІҮ Жаңа  материалды  түсіндіру

І. Құрама  санды жай  көбейткіштерге  жіктеу

Әрбір құрама санды  жай сандардың  көбейтіндісі  түрінде  жазуға болады.  Мысалы, 15=3*5, 28=2*2*7, 99=3*3*11

Құрама  санды жай  көбейткіштерге  жіктеу дегеніміз  оны тек қана жай сандардың  көбейтіндісі  түрінде жазу.

Мысалы, 90 саны – құрама сан: 90=2*3*3*5

Құрама  санды жай  көбейткіштерге  жіктеудің екі  тәсілі бар.

1-тәсіл.  Берілген құрама сан екі көбейткіштің   көбейтіндісі ретінде жазылады.  Егер көбейткіштердің арасында  құрама сан болса, ол екі жай санның  көбейтіндісі түрінде жазылады. Нәтижесінде берілген құрама сан жай сандардың  көбейтіндісі түрңнде жазылады.   Мысалы, 75=5*15=5*5*3. 63=7*9=7*3*3.

Көбейтіндідегі   жай сан көбейткіштер   қысқаша  «жай  көбейткіштер» деп аталады.

2-тәсіл. Натурал сандардың  бөлінгіштігін пайдаланып, құрама сандарды жай көбейткіштерге (өсу ретімен) баған түрінде  жіктеу.

Құрама санды  өсу  ретімен баған түрінде жіктегенде:

1.      Берілген құрама сан жазылып, оның оң жағынан  вертикаль  сызық сызылады.

2.      Берілген құрама санның  ең кіші жай бөлгіші  таңдап алынып, ол  вертикаль сызықтың  оң  жағына  жазылады. Жай сан бөлгіштерді  өсу ретімен таңдап жазу келісілген.

3.      Вертикаль сызықтың  сол жағына, берілген құрама санның астына,  әрбір реттегі бөлуден шыққан бөлінділер жазылады.

     Құрама санды  жай көбейткіштерге жіктеу сол жақ бағандағы  бөліндіде  1 шыққанда  аяқталады.

Вертикаль сызықтың   оң жағындағы бағанда берілген   құрама санның  жай көбейткіштері  өсу ретімен жазылады.

       Жай  көбейткіштерді тауып, баған түрінде  жазғаннан кейін, оларды  көбейтінді  түрңнде жазу керек. Мысалы, 780 санын жай көбейткіштерге жіктейік:

780     2

390     2                                 жай көбейткіштер:

195     5                                780=2*2*5*3*13

39       3

13       13

1

Бұл тәсіл көбінесе  үлкен құрама сандарды жіктеуде  пайдаланылады.

Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің  көбейтіндісіне тең.

Берілген  құрама санның жай көбеткіштерге  жіктелуінде  жай көбейткіштер құрамы  бір ғана түрде  болады, тек олардың  жазылу  реттілігі  әр түрлі болуы мүмкін.

Ү. Есептер шығару

№670 есеп. Құрама  сандарды жай  көбейткіштерге жіктеңдер:


1)      14=2*7

26=2*13

35=5*7

38=2*19

52=2*2*13

87=3*29

2)      4=2*2

9=3*3

25=5*5

32=2*2*2*2*2

49=7*7

92=2*2*23

3)      12=2*2*3

18=3*3*2

51=3*17

58=2*29

78=2*3*13

105=5*3*3*3


№671 есеп.Көбейтінділер қандай құрама санның  жай көбейткіштерге жіктелуі болады?


1)      2*3*5=30

2)      2*2*3*7=84

3)      2*3*3*5=90

4)      2*2*2*5=40

5)      2*5*7*11=770

6)      2*3*3*11=1980


№672 есеп.  Құрама  санның  жай көбейткіштерге жіктелуі бойынша:


а= 2*7*13=182

в=5*7*11=385

с=3*7*11=231

d=2*3*11=66

x=3*7*13=273

m=3*5*7=105

n=5*11*13=715

y=2*7*11=154

d=2*3*19=114


 

2-ге бөлінетін сандар: 182,66,154,114

3-ке бөлінетін сандар: 231,273,105,66,114

5-ке бөлінетін сандар:385,105,715

№673 есеп. а:в  бөліндісінің мәнін табыңдар.

1)      а= 5*7*13, в=7*13 болса, а:в=5

2)      а= 11*13*41,  в=11*41 болса, а:в=13

3)      а= 7*3*19, в=7*19 болса, а:в=3

4)      а= 2*2*41, в=2*41 болса, а:в=2

5)      а= 3*3*29, в=3*29 болса, а:в=3

6)      а= 2*11*37, в=2*37 болса, а:в=11

 

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

Жаңа материалды бекіту  сұрақтары: 

1)      Қандай өрнек дәреже  деп аталады?

2)      Құрама сан дегеніміз не?

3)      Жай сан деп нені айтамыз?

4)      Жай көбейткіштер деп нені айтамыз?

5)      Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

6)      Неше тәсілі бар?

Үйге тапсырма: №674 есеп (нұсқау беру), тақырыптың мазмұнын оқу.

Қорытындылау: сабақ өз мақсатына  жеткенін хабарлап, сабақты  қорытындылаймын.

Бағалау:  Оқушылардың сабақ барысында  көрсеткен білім деңгейін,  өзіндік  жұмыс нәтижесін  ескере отырып бағалау.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-сынып. Математика. "Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу" тақырыбына сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 21245
    • DOCX 214.9 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шенберген Умит Тулегенкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шенберген Умит Тулегенкызы
    Шенберген Умит Тулегенкызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 140689
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 985 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1370 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 216 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек