Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / 9 сынып оқушылары арасындағы "Білгір химик" сайысы

9 сынып оқушылары арасындағы "Білгір химик" сайысы


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сайыстың тақырыбы: «Білгір химиктер»

Сайыстың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту;

  • Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын дамыту, ойлау қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету;

  • Тәрбиелілік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға үйрету. Байқағыштыққа және топ арасында жұмыс істеген кезде сыпайылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта , презентация, безендірулер

1-жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! ХХІ ғасыр – химияның өрлеп тұрған дәуірі. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде – бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде – бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінекей, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия», - деп өте орынды айтылған. Осыған орай бүгінгі күні 9 – сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Білгір химиктер» сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар- дей келе ,енді сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.

1. 9«а» сынып оқушыларынан құралған «Асыл газдар» тобы

2. 9«ә» сынып оқушыларынан құралған «Галогендер» тобы

3. 9«б» сынып оқушыларынан құралған «Бейорганика» тобы

4. 9 «в» сынып оқушыларынан құралған «Менделеев шәкірттері» тобы

1-жүргізуші: Сайысымызға әділ бағасын берер қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. М.Өтемісов тындағы БҚМУ-нің аға оқытушысы Есеева Г.Б.

2. химия пәнінің машықкері Искалиева А.Қ.

3. 11-сынып оқушысы Ататай А.

Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-дей келе бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

2-жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Үй тапсырмасы

  3. Зымыранды сұрақтар

  4. Адасқан әріптер

  5. Полиглот

1-жүргізуші:

І. «Таныстыру». Қатысушы топтар өз ұрандары мен эмблемаларын таныстырады.

2-жүргізуші:

ІІ. «Үй тапсырмасы» кезеңінде әрбір топ өздері «Химия айналамызда» тақырыбында даярлап келген жұмысын қорғайды.

1-жүргізуші:

ІІІ. Зымыранды сұрақтар. Қазір уақыт бойынша сұрақтар қойылады,әр команданың топ басшысы шығып жауап береді.

І топқа

1. Ең жеңіл газ? (Сутек).

2. Қандай металдарды сумен жандыруға болады? (Сілтілік).

3. Тірі организмдердің ауаны сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлу кезіндегі процесті қалай атайды?(дем алу)

4. Суда еритін негіздер (сілтілер)

5. Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)

6. Жылу мен жарық бөле жүретін құбылыс (Жану)

7. Н2О халықаралық атауы (сутек оксиді)

8. Лакмустың қышылдық ортадағы түсі (қызыл)

9. Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық)

10. Жылу сіңіре жүретін реакция (эндотермиялық)

11. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс (оксид)

2-жүргізуші:

ІІ топқа

1. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қалай атайды? (айырылу реакциясы)

2. Ең ауыр металл? (осмий).

3. Реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсететін заң (зат массасының сақталу заңы)

4. Реакцияға кіріскен реакцияласушы заттардың қысқаша атауы (реагенттер)

5. Екі элементтен тұратын қосылыс (биэлемент)

6. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

7. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі(молекула)

8. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді (сүзінді)

9. Ең жеңіл металл (литий)

10. Тамаққа қолданылатын ас тұзының формуласы (NaCl)

1-жүргізуші:

ІІІ топқа

1.Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды.(гелий) 

2.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром) 

3.Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий,амерций) 

4.Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады.(Н2SО4 концентрациясында) 

5.Суды қалай жандыруға болады.(сілтілік металдар арқылы натрий,калий) 

6.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий) 

7.Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы) 

8.Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады.(сұйытылған қышқылға салып) 

9.Әрі химик,әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин) 

10.Алып элемент (титан)

1-жүргізуші:

ІV топқа

1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов) 

2.Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді) 

3.Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми) 

4.Табиғи талшықты зат (асбест) 

5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит) 

6.Сүт қанты (лактоза) 

7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин) 

8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс) 

9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот) 

10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

2-жүргізуші:ІҮ. «Адасқан әріптер». Бұл турда мына берілген әртүрлі пішіндерде адасқан әріптер жасырылған, осы әріптерді өз орындарына дұрыс қойып, шыққан сөзге анықтама бересіздер, сіздерге берілетін уақыт 3 минут. Әрбір дұрыс берілген жауапқа 1 балл аласыздар.

Адасқан әріптер:

1. АЛКУЛЕМО – МОЛЕКУЛА – Жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
2. ТОРЗАТАЛИКА–КАТАЛИЗАТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерте алатын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін зат.
3. ГИТОРБИИН–ИНГИБИТОР – Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын зат.

4. ТАЛИЗКА – КАТАЛИЗ – Реакциялық қоспаға катализатор енгізу арқылы химиялық реакцияны жылдамдату процесі.

5. ЛЕКТРОЭЛИЗ – ЭЛЕКТРОЛИЗ – Электролит балқымасы немесе ерітіндісі арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары.

1-жүргізуші: Ү. «Полиглот».

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр топқа жеке тапсырма оқылады. «Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян»,-деп бұл турда мақалдың ішіндегі қалдырып кеткен сөзді немесе жұмбақтарды жасыру арқылы металдарды табу керек. Жауабын үш тілде айтамыз (қазақша, орысша, латынша).

1 сұрақ.Мақалды толықтыр.

.........қызған кезде соқ.

Жауабы: Темір, железо, феррум.

2 сұрақ.

Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.

Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбом.

3 сұрақ.

Жылтырағаннын бәрі ........емес.

Жауабы: Алтын, золото, ауруум.

4 сұрақ.

Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.

Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.

5 сұрақ.

Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.

Жауабы: Алюмений, алюмениум.

6 сұрақ.

Иісі, түсі, өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.

7 сұрақ.

Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық

Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,

Көрсететін суықты , жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып.

Жауабы: Сынап, ртуть, гитраргениум.

8 сұрақ.

Арпа бидай ас екен ,

Алтын, .......тас екен.

Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.

9 сұрақ.

Су бетінде қалықтап, қандай металл жүзеді?
Айтшы, ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді?

Жауабы: Натрий- натрий – натриум

10 сұрақ.

Ертеден белгілі жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтыннан тең жүремін.
Жауабы: мыс – медь – купрум

11 сұрақ.

Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын,
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан әлемде, кенім жөнінен бірінші.

Жауабы: вольфрам

12 сұрақ.

Қара металлургия жанымын,

Машина мен трактордың қанымын.

Жетінші қосымша топшада болсам да

Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын.

Жауабы: темір – железо - феррум

13 сұрақ.

Табылса бұрын там-тұмнан,

Қазір көп әр өлке де,

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде?

Жауабы:алюминий - алюмениум

14 сұрақ.

Өзі ауыр металға жатады,

Емшілер қорықтық құюға қолданады.

Жауабы:қорғасын – свинец - плюмбум


15 сұрақ.

Қай химиялық элементті тіршілік элементі деп атайды?

Жауабы: Азот – азот -

16 сұрақ.

Ең жұмсақ металл

Жауабы: Литий – литий-

2-жүргізуші: Рахмет, топтарымыздың ұпай санын анықтап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды. Ендеше _________ тобы «білгір химиктер» номинациясын иеленді.Сонымен қатар бүгінгі сайыста ерекше алғырлық танытып,белсене араласқан оқушылар бар.


2-жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Бізбен бірге болып, ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!






Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров50
Номер материала ДБ-275864
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх