Инфоурок Биология Статьи9-11 сынып оқушыларын биология пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыс тәжірибемнен

9-11 сынып оқушыларын биология пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыс тәжірибемнен

Скачать материал

  Кіріспе.

1.Оқу-оқушының негізгі таным әрекеті.

     Қазақстан Республикасының Президенті “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын.

    Елбасының осы сөзін  қолдай отырып, оқушыларға жан-жақты білім беріп, іргелі оқу орындарының студенттері болуына біздер, мұғалімдер, бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

    Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.

   Мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу-ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.

    Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында түрған міндет.

    Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған дұрыс. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат- міндеттерін анықтауға үйрету керек. Бала оқытып, тәрбиелеу мен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдан алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың мағызы өте зор.

    Баланың оқу-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, оқушы төмендегідей білім мен дағдыларды меңгеруге және психологиялық талаптарға ұмтылу керек.

«Мен істеймін»-деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктеу яғни, өз ортасында жақсы қасиеттерімен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктері мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмыстың тетігін табу.

«Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.

«Мен істей аламын» деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарап, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені сыйлау қажеттілігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.

    Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады.  Ол –оқушының таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады және сөйлеу әрекеті арқылы іске асады, нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап ізденуден басталады. Ойлау белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Оқушылардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.

      Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта -ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, зертханалық жұмыс жасау сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Оқыту-мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-оқушының өзінің танымдық белсенді әрекеті.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. Тест-оқушы білімі мен дағдысын қалыптастырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.

     Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр.

Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.

    2004 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2015 жылға дейінгі «Білім тұжырымдамасы» қабылданып, соның негізінде елімізде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жүйесі құрылды. Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі – оқушы білімінің обьективті көрсеткіші.

      Білім беру нәтижесін тексеру барысында тест пайдаланудың ең маңызды артықшылығы-уақыттың үнемделуі. Тест оқушыларды шамадан тыс жазба жұмыстарынан босатады, мұғалімнің бақылау сын тапсырмаларын тексеріп, бағалау жұмыстарын жеңілдетеді. Тест тапсырмаларын орындағанда оқушылар мейлінше аз жазып, көп ойланады, салыстырады, сараптайды, қорытындылайды. Мұндайда оқушылар өз қателерін тауып сол жерде түзетеді, өздерінің жетістіктері жайлы біле алады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізудің мақсаты:

1.Білім беру ұйымдарының қызметін обьективті бағалауға;

2.Олардың нақты рейтингтерін анықтауға;

3.Жалпы орта білім беру мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуға;

4.Оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын дәлелдеу

5.Оны толық меңгеру – оқушының, меңгерту- мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі міндеті- мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын  әділ бағалау. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу- білім беру басқармасының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың  бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш. Тест әдісінің тағы бір ұтымды жағы-  оқушылардың білімін тексеруге уақыт үнемдейді, өздері сол үрдіске тікелей араласатындықтан, қызығып белсенділіктерін арттырады. Бірақ ҰБТ-ның өз жетістігі, кемшілігі бар. Тест оқушыны жан-жақты терең білім алып шығармашылық қабілетін дамытуға,  логикалық ойлау жүйесін дамытуға, психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік бермейді. ҰБТ-ді сәтті тапсыру- педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеті. Жалпы, ҰБТ-ға дайындық 9-сыныптан бастап тиянақты түрде жүргізіліп отыруы қажет. 11 сыныпта сабақтар жүйелі түрде өтіп, онда оқушылар 10-11 сыныптың материалдары бойынша әр түрлі формадағы тест сұрақтарын шешіп отырады. Әр тоқсанның аяғында тест формасындағы дайындық емтихандары өткізіліп отырса, оқушылардың тоқсан бойы жинаған мәліметтерін бекітері анық.  Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.

   Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық –оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.

Тест тапсырмаларының

«жабық тест», «балама тест», «анықтау тест», «тіке жауап тест», «ашық тест», «сәйкестік тест», «толықтыру тест» сияқты жеті түрлі формасы қолданыста жүр.

       Белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші, соңғы нүкте – Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің көрсеткіші. Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің сапалы өтуі алдымен  мұғалімдер мен оқушылардың уақытты тиімді пайдалануында. Ал жоғарғы нәтижеге жету үшін не істеу керек? Ең алдымен өзіңнің жұмыс күніңнің жоспарын дұрыс құрып алу керек. Оған жүйелі түрде дайындалу үшін жыл басында ҰБТ-ге қатысатын оқушылар нақтыланады, мұғалім өзіне және оқушыларымен дайындық жұмыстарына жоспар құрады. 6-11 сынып биология оқулығымен қамтамасыз етілуін қадағалаймын. Жұмыс барысында әр оқушыға жеке папкалар ашылады. Оқушы жүргізілген әр жұмысты жауап парағына дұрыс жауабын белгілейді. Мұғалім оқушы білімін тексеріп, жинаған ұпай санымен  бағалайды. Оқушы бағасы арнайы журналға  қойылып оқушының мониторинг көрсеткіші бетшесінде ұпай деңгейі көрсетіледі. Сондай-ақ тоқсан сайын әр оқушының жұмысына анализ жасалып отырады. Тестіге дайындық кезінде оқушыларға тесті тарата салып, жауаптарын ғана жазып алып отырсақ, ол нәтиже бермейді. Оның нәтижесін талдау оқушының өзіне қалдыру керек. Мысалы, тестіге дайындау дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау, мысалдар арқылы нақтылау. Оқушыларға бір-бірінің қатесін тапқызып, теория мен практиканы ұштастырамыз. Оқушымен тестіні талдау арқылы, үнемі нақтылы жұмыс жасау арқылы жоғары сапа көрсетуге болады.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың үш жолы бар:

Алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;

Оқушы 6-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, биология бағдарламасында берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;

Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процесін шығару керек. Сонда ғана Бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады.

3.Биология  пәнінен ҰБТ-ге дайындау тәжірибемнен

   Мен өз тәжірибемнен айта кетсем, «Білім негізі-бастауыштан»

дегендей, 6-сыныптан бастап оқушылардың тақырыптық материалды

 теориялық тұрғыдан дұрыс меңгеруге күш салып, қатаң қадағалау жасадым. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып,пәндік тақырыптарды ұғыну үшін түрлі биологиялық ойын элементтерін жиі қолдануды әдетке айналдырдым. Биологиялық терминдерді оқушы жадында қатаң сақтауы үшін сөзжұмбақ,чайнворд,ребус,т.б. ойландыратын, әрі бала қызыға орындайтын тапсырмалармен жұмыс жасаттым.

7-сыныптан бастап сыныптардың деңгейіне топтап тапсырмалар бере бастадым.Түрлі үлестірмелі парақшалар беріп,сұрақ-жауап түріндегі дәстүрлі сабақ әдістерімен қатар,  басқаша әдіс-тәсілдерді де кеңінен  пайдалана бастадым. Сонда байқағаным,біріншіден,бұл балалардың пәнге қызығушылығын арттырады,екіншіден,топтық жарысу арқылы белсенділік пен бәсекелестік туындап, пәнді терең меңгеруге құлшыныс артады,үшіншіден,әр топ жұмысының арасындағы байланыс арқылы жүйелілікке үйренеді,төртіншіден,кітаптағы жайттарды білуге ұмтыла отырып, оқушылардың бойында ойлану,қиялдану,білмекке құмарлық  секілді сезімді арттыра түскенін біліп,жадыма тоқыдым.   8-сыныпта тақырыптық-теориялық білімді меңгертуде түрлі биологиялық атаулар мен терминдерді, тапсырмаларды арнайы ашылған жұмыс дәптерлеріне түсіртіп,әр тақырып арасында тексеріп, сұрап отырдым. Нәтижесін әр оқушыға арнап ашқан журналыма жазып қоямын, оқушылардың әлі де қай тақырыпты баса қарау керектігін оқушыға жеке-жеке отырып ескертемін.Сонымен бірге,түрлі кестелермен тақырыптар барысында жұмыс жасатуға баса назар аударамын. Бұл орайда,оқушыны жалықтырмай,қызыға ұмтылушылығын арттыру үшін түрлі тапсырмалар беремін.Бұл, бір жағынан,оқушының өз бетімен сауатты жұмыс жасауына мүмкіндік тудырса,екінші жағынан,түрлі биологиялық анықтамалықтарды сол тақырыпты өткенде еш қиналыссыз меңгеруіне септігін тигізді. 9-10-сыныптарда күнделікті тақырыптарды оқыта отырып, оқушының өздерінің оқып,түсіндіруіне көбірек мүмкіндік жасадым. Деңгейіне қарай топтасқан әр топқа түрлі үлгідегі тестілер  құрастыруға тапсырмалар бердім. Бұл жерде пән мұғалімі ретінде, тестілік тапсырмалардың көлемі мен оқу сағатына лайықталуын, жас ерекшеліне, теориялық тұрғыдан дұрыс жасақталуына аса мән беріп,тексеріп алуды  қаперден шығармадым. 11-сыныпта жыл басында-ақ арнайы жасақталған жылдық және іс-шаралар жоспарына сай жұмысты қолға алдым. Өткен сыныптарда жинақталған тестілік материалдарды тарау-тарауға бөліп,тест тапсырмаларымен толық жұмыс жасауға кірістік. Өзімнің  арнайы ашылған журналымда әр оқушыны бақылау,сараптау,талдау жасау секілді жанама бақылау жазбаларын жазып отырдым.Және бір ескеретін жай әр топтағы оқушыларға күрделіден оңайға қарай,оңайдан күрделіге қарай тапсырмалар алмастырылып берілуін  ұмытпадым.Бұл оқушылардың жалықпауына, шаршамауына, ынта-жігерінің бәсеңсімеуіне өзіндік әсерін тигізеді. Сонымен бірге,пән мұғалімдері оқушыларға психологиялық көмек көрсетуге дайын болуы шарт.Ол үшін мектеп психологына жүгірмей-ақ,түрлі психологиялық тестер,анкеталар,әңгімелер,тренингтік ойындар өткізуді меңгерген де артықтық етпейді. Бұл мұғалімнің оқушы алдындағы беделін,оқушының оған деген сенімін арттыра түседі.Сонда бала күнделікті сабақта өз шығармашылығын ұштап,мұғалімге көмекке өзі ұмтыла түседі.Тестке дайындық кезінде балаларға тест тарата салып,жауаптарын жазып алып отырсақ ол нәтиже бермейді.Оның нәтижесін талдау тағы да оқушының өзіне қалдырылуы керек. (Бұл орайда, апта сайын өз журналыма сараптама жазып,білім меңгеру нәтижесі туралы мониторинг жасап отыруды ұмытпадым.) Мысалы,тестке дайындалу дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау,мысалдар арқылы нақтылау. Қате жіберген сөздердің дұрысын жазып, топтарға сол сөзге байланысты тест сұрағын құрастыру.Мысалы, «Ұлпалар» сөзіне 30 сұрақ, «Жапырақ» сөзіне 10 сұрақ құрастырады.Тест сұрақтарын талдауда міндетті түрде теориялық ұғымдарды қайталатып,жатқа айтқызу бірге жүруі керек.Бұл бізді «Тестік тапсырмамен бағалау оқушының сөйлеу тілін дамытпайды»деген түсініктен арылтады.

  Қазіргі таңда қоғамдық-экономикалық жағынан «сұранысқа қарай ұсыныс жасалатынын»ескерсек,еліміздің жетекші салаларына сұраныс артып отырғаны белгілі.Бұл экономикасы нарыққа негізделген біздің елімізде қалыптасқан білім беру мамандықтарына да өз әсерін тигізуде.Осы орайда, таңдау пәні ретінде биология  пәнінің маңыздылығын оқушыға да,ата-анаға да кеңінен насихаттап,кең көлемде ақпарат беруді де ұмытпау керек.Бұл пән мұғаліміне өз ролінің,болашақ үшін жасап жатқан еңбегінің зор екендігін сезіндіріп,зор шабытпен жұмыстануына жол ашса, оқушы үшін болашақ мамандығына қажетті білім нәрін терең сіңіруіне жол салады.

Биология пәні оқушы таңдаған төртінші пән ретінде алынып келеді.  Біздің мектеп бітіруші түлектер де қалаған мамандығына сай 4-ші пән ретінде биологияны 1 оқушы таңдады. Өзім 2006-2007 оқу жылынан бастап қатарынан тестіге дайындадым. Нәтижесінде, оқушыларым үлкен жетістікке жетіп еңбегімді толық ақтады деп мақтана аламын.

Атап айтқанда: 2006-2007 оқу жылында 15 оқушы-80%

                         2007-2008 оқу жылында  20 оқушы-90 %

                         2008-2009 оқу жылында 10 оқушы -90 %

                         2009-2010 оқу жылында 12 оқушы- 91 %

                         2010-2011 оқу жылында 3 оқушы - 100%

                         2011-2012 оқу жылында 8 оқушы - 100%

                         2012-2013 оқу жылында 2 оқушы - 100%

                         2013-2014 оқу жылында 8 оқушы – 87 %

                         2014-2015 оқу жылында  2 оқушы - 100%

                         2015-2016 оқу жылында 1 оқушы - 100%

Сөз соңында қорыта айтсам,мен оқушыларды  биология  пәні бойынша  дайындағанда, алдымен бөлімдерінен өткен  барлық материалдарды оқыту, талдау, сараптау,  әр түрлі бақылау тәсілдері арқылы бағдарламаны толық меңгертемін.  Білім сапасының қаншалықты нәтижелі деңгейде екенін білу үшін, апта сайын мониторинг арқылы сараптаймын. Тест жинақтарында берілген варианттарды жаттаудың   ешбір қажеті жоқ. Жаттау арқылы нәтижеге жетем деушілік, уақытты бос өткізгенмен бірдей. Сондықтан пән мұғалімдері тақырып бойынша, оқу материалдарын оқып, талдап, түсіну арқылы ғана білім сапасын арттыруға болады деген тоқтамға келдім. Ұстаздың қажырлы еңбегі шәкіртінің білімімен сараланатынына толықтай көз жеткізе отырып,барша ұстаздарға айтарым: ұрпақ үшін аянбай жұмыс жасағанымыз- болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлесіміз болмақ демекпін. 

ІІІ. Қорытынды

Тест-оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс-тәсілдердің биік өлшемі.

          Тест-оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқу әдістерін салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Дегенмен де әрбір жаңа жүйенің кемшіліктері болатындығы және сол жаңа жүйеге көпшіліктің алғашқы кезеңде сенімсіздікпен және түсініспеушілікпен қарауы-заңды құбылыс.

Ал іс тәжірибе жинақтап айтылған ескертулерді саралай отырып, бұл кемшіліктер жойылатын болады. Қазіргі кезде қайтсем баламды оқытамын деп шапқылап дүрген ата-аналарадың қатарының көбеюі де қуантады.

          Өмірге келген соң, әр адам өзінің биімділігіне байланысты қоғамға пайдасын тигізгісі келеді. Ең бастысы қандай мамандық иесі болсаң да еңбекке қабілетті, зейінді, парасатты болуың керек. Сонда ғана өзіңнің жемісіңнің тәттісін ажырата аласың.

         Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге  мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі. Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

          Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын  талаптар  мазмұнына сәйкес  алынады.  Нәтижеге  әрбір  оқушының  бағдарламалық  материалды  минимальді  деңгейін  қалай  игергенін  дәл  анықтауға  мүміндік  болады.  Әрине  тапсырмаға  барлық  оқушыға  бірдей  міндетті  емес,  білім  дәрежесі  жоғары  қабілетті  оқушылар  үшін  арнайы  есептер  мен  сұрақтар  енгізілуі  мүмкін.  Барлық  оқушының  шамасына  лайықтап  тапсырмалар  таңдап  алу  білімі  нашар  және  орта  дәрежедегі  оқушылар  үшін  өз ісі мен біліміне  деген  сенімділік  туғызып,  пәнге  деген  ынтасын  арттырса,  қабілетті  оқушыларды  терең  білім  алуына  бағыттайды. 

Оқу  тесті  негізінен  тақырыпты,  тарауды   немесе  курсты  оқушылардың  қандай  дәрежеде  меңгергенін  қысқа  мерзімде  анықтау  үшін  құрылады.  Ол  мұғалімнің  оқушы  білімінде  қандай  олқылықтар бар  екенін  анықтаумен  қатар  оқушының  өзі де  қандай  қажетті  білімдерді  игермегенін  біледі.

Тест  жүйесі  оқушының  тоқсандық,  жылдық  және  қорытынды  білім  дәрежесін  тексерудің  тиімді  жолы  болып  табылады.

Тест  материалдары  екі  деңгейде  құрылуы  мүмкін.

1. Міндетті  оқу  нәтижесі  талаптарына  сай  деңгейдегі бөлім.

2. Қиындық  дәрежесі  жоғарырақ,  оқушының  алған  білімін  жаңа  жағдайларға  қолдана  білу  мен  шығармашылық  іс-әрекеттерді  қажет  ететін  деңгейдегі  тапсырмалар.

Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі - оқушының білімі, қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады. Оқушы жүйелі түрде жаратылыстану ғылымы  салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
ҰБТ - ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенемін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "9-11 сынып оқушыларын биология пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыс тәжірибемнен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2018 1414
    • DOCX 64.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гульнар Расуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гульнар Расуловна
    Алиева Гульнар Расуловна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12332
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе