2056550
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Школьному психологу Рабочие программы11-сынып оқушыларына арналған тренинг - сабақ

11-сынып оқушыларына арналған тренинг - сабақ

Авторский видеокурс

«творческая работа с детьми от 3 до 10 лет»

Заказать видеокурс
библиотека
материалов




«Сенімділік күш береді» тренинг-сабақ

Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»

Мақсаты: Оқушылардың МАБ-қа дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру;

Оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылату;

Стресске қарсы тұра білуге тәрбиелеу;

 

Сабақ түрі: тренинг-сабағы

 

Көрнекіліктер: ереже, МАБ тапсыру кезіндегі ең қажетті сапа, ақ парақ, «Стресс тесті», жаттығуларға қажетті құрал- жабдықтар

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабақтың тақырыбы мен  ережелерімен таныстыру.

Балалар бүгін бізде «Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ өтеді. Сабағымызды бастамас бұрын, алдымен тренинг ережелерімен танысып алайық.

Ереже: Белсенді қатысу; Тыныштық сақтау; Бірін-бірі тыңдау, Ойын ашық айту; Бір-бірін сынамау; Ынтымақтылық;

ІІ. Амандасу. «Бумбу-юмба тайпасы» жаттығуы арқылы

Біз сіздермен Бумба-юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйстіресіздер. Белгі беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру қажет.

Рефлексссия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?

Балалар, біздің алдымызда үлкен сын тұр. Ол МАБ. МАБ-тан жақсы сүрінбей өту үшін бізге не қажет?

Жақсы, енді мына тақтада тұрған сапаларды хормен оқып шығайық.

МАБ тапсыру кезіндегі  ең қажетті сапа:

·        Бір істен тез екіншіге ауысып кету;

·        Іс-әрекеттің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы;

·        Жоғары және тұрақты жұмыс қабілеті;

·        Жоғары деңгейлі зейін тұрақтылығы;

·        Ішкі әрекет жоспарының қалыптылығы;

ІІІ. Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

Алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына  + белгісін, сол жақ бұрышына «–« белгісін белгілеңіздер. Енді + белгісі бар бөлікке өздеріңіздің МАБ-қа байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал – белгісіне бар бөлікке сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақта жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

-         Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін? Не себепті?

-         Онда – жақтағы жағымсыз ойды умаждап, қоқыс шелекке тастаймыз.

ІҮ. Жаттығу «Сілкіп таста»

Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы, Ойымызға!Тағы да жолым болмай қалды. МАБ-қа жақсы дайындала алмаймын, жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен  біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.

Рефлекссия:  Көңіл күйіңіз қандай?

Ү. Жаттығу. «Поезд»

Оқушыларды ортаға шығарып, ең алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1 номердегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал, 2-ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, поездың жүру дыбысы естіледі

ҮІ. «Стресс тесті»

Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан-1 балл, Кейде-2 балл, Жиі-3 балл, Әрқашан-4 балл.

1.     Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.

2.     Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады

3.     Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын

4.     Мен өкпелесем онда біреді ренжітуім мүмкін

5.     Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін

6.     Егер мені көлкіте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.

7.     Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.

8.     Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін.

9.     Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.

10.  Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.

11.  Еш себепсіз жиі қамығамын

12.  Таңертен өзімді нашар сезінемін

13.  Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын

14.  Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімі қалыпты сезінбеймін.

15.  Меңінше, жүрегімде бір кінарат бар

16.  Менің арқам және мойыным ауырады

17.  Үстелде отырғанда үстелді саусағымен ұрып, аяғымды қимылдатамын

18.  Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын

19.  Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.

20.  Мен диета сақтаймын.

Тестің нәтижесін өңдеу, бағалау;

ҮІІ.Жаттығу. «Бір-біріңе»

Оқушылар аудиторияда еркін жүріп, менің тапсырмаларымды орындаулары қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз керек. Жұптасқаннан кейін: «бір-бірлерінің қолдарыңды қысыңдар, аяқтарыңызды- аяққа, басты-басқа, қолды-қолға, мұрынды-мұрынға, құлақты-құлаққа, арқаны- арқаға, ішті-ішке т.б. Залда тағыда еркін жүріп, жаңа жұп табуларың керек. Ойын жаңа жұппен жалғастырылады.

Рефлекссия: Көңіл-күйлеріңмен бөлісіңіздер.

ҮІІІ. Жаттығу. «Көргенінді тап»

Сендерге тоғыз түрлі фигура, сызықтарынан тұратын 1- сурет ұсынылады. 10 сек көрсетіледі. Содан соң сондай сызық фигуралардың саны екі есе көп суреттен алдыңғы көргендерді табу қажет.

ІХ.  Жаттығу «Эксперимент»

30 секунд ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:

МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА

 

АсЫқпАтүспеДіДЕпқОЛымаТЕзДАМылсыЗіздЕУінеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДеболаДЫкЕЗ

 

ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгіРеТІНдеҚАзақЕРТегіСІніҢқОЛдаНдЫҚқаЗақЕрТегіЛеріарҚЫЛыБалаЛАрдыҢжАСерекШелІкТЕрінеқАРаЙҚиЯЛдыҚШығарМАшылДЫҚКөРсетКІШінАНықТАукеРЕк.

Х. Тыныс алу жаттығулары.

Хормен: АОУДЭХа

Демді ішке алып ішінен 10-ға дейін санап, демді шығару.

 

ХІ.Жаттығу. «Менің таңбам»

15ғ ІІ жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардың адамның жеке ерекшелігін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Қазір өз-өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар. Ол бес бөлікке бөлінген.

Таңба формасы өз еріктеріңмен, сөз, сурет, символ арқылы  көрсетесіңдер.

Таңба мына критерийлерге жауап беруі тиіс:

 

Мен жақсы істей аламын

Өзімді жақсы сезінетін орта

Ең үлкен жетістігім

Мен сенетін үш адам

Өзім туралы естігім келетін үш сөз



 

Енді, өзің туралы естігің келетін сөзді дауыстап, сенімді айтыңдар.

ХІІ. Қоштасу. Жаттығу «Майшам»

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған ебебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы МАБ-тан барлығымыз жақсы сүрінбей өтейік!
















Курс профессиональной переподготовки
Педагог-психолог
Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
26-28 октября 2019 I МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» «Современные тенденции в воспитании и социализации детей» Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Авторский видеокурс

«творческая работа с детьми от 3 до 10 лет»

Заказать видеокурс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Профессиональная этика в психолого-педагогической деятельности»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Образовательная кинезиология в практике психолого-педагогического сопровождения учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними»
Курс профессиональной переподготовки «Семейная психология»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее