Инфоурок Социальному педагогу Тесты1 сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін зерттеуге арналған ойын Мақсаты: 1. Оқушыларда «есте сақтау» және «байқампаздық» деген түсінікті қалыптастыру.2.Есте сақтаудың түрлерін анықтау.3.Есте сақтауды, байқампаздықты дамыту. Көрне

1 сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін зерттеуге арналған ойын Мақсаты: 1. Оқушыларда «есте сақтау» және «байқампаздық» деген түсінікті қалыптастыру.2.Есте сақтаудың түрлерін анықтау.3.Есте сақтауды, байқампаздықты дамыту. Көрне

Скачать материал

                                   Кіріспе

Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды. Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады. В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған. Мектеп жасындағы балалардың бейнелеу сабақтарында ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені нақ бейнелеу қызметі сенсомоториканың дамуына себеп болады: жұмыс жасау кезінде көз және қол келісімділігі, іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді. Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған, келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді. Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты. Бастауыш сынып оқушыларында қолдың ұсақ моторикасын дамытудың тиімді формасының бірі бейнелеу қызметі бойынша сабақтары болып саналады. И.М.Соловьев өзінің зерттеуінде бейнелеуде түзету-дамыту маңыздылығын жете бағаламауға назар аударды. Ол тану қызметін дамытуға тиімді ықпал тигізетін бейнелеу түрлерінің ара қатынасын табу мүмкіндігі жайлы айтады. Жүйелі даму баланың моторикалық қызметін дамыту механизмін белгілейді. Моторикалық қызметінің дамуы тану қызметін дамытуды, келіп түсетін ақпаратты қабылдауды жақсартады. Қазіргі арнайы психология мен педагогика түзетудің тиімді құралдарын іздеуде бейнелеу қызметін оқыту мен тәрбиелеу процесінде пайдалануға бағытталған. Көптеген мамандар бейнелеу өнердің мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын түзету және дамыту құралы болды, олардың даму заңдылықтарын, ұсақ моторикасының ерекшелігін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар тузетулік көмек жүйесі мақсатқа бағытталған және жүйелі болуы тиіс. Зерттеу өзектілігі ұсақ моториканың дамуы психиканың тану, еріктілік пен эмоционалды салаларын дамыту байланыстығымен белгіленеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда ұсақ моториканы дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда мәселенің шешімі түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, олардың ішінде ерекше орынды бейнелеу өнері алады. Осы мәселенің өзектілігі менің зерттеу тақырыбымды белгіледі: «Бейнелеу сабағында ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту» Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнердің ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасының дамуына әсерін анықтау. Зерттеу объекті: ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері. Зерттеу пәні: бейнелеу өнері ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде Жұмыс гипотеза ретінде ақыл-ойы кем оқушылардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған бейнелеу қызметін оқытуды арнайы ұйымдастыру кезінде оқушылардың ұсақ моторикасы тез дами бастайды деген болжамы ұсынылып отыр. Бейнелеу қызметі сабақтарын ұйымдастыру кезінде нақты шарттар мыналар болып табылады: 1. Даму ортаны құру. 2. Арнайы әдістерді іріктеу. 3. Ең қолайлы тәсілдерді сұрыптау. Мақсатқа сәйкес зерттеудің негізгі міндеттері белгіленді. 1. Мамандар жұмысында ұсақ моторикасын дамыту мәселелерінің теориялық аспектілерін талдау. 2. Ақыл-ой кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктерін анықтау 3. Ақыл-ой кем бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамытуға бейнелеу өнері сабақтарының әсерін талдау. 4. Ақыл-ой кем балалардың ұсақ моторикасын түзету бойынша педагогтар үшін нұсқауларды әзірлеу. Зерттеудің қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешу және алға шығарылған гипотезаны тексеру үшін мынадай әдістер пайдаланады: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау, бақылау, әнгімелесу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, нәтижелердің санды және сапалы талдауы. Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы бұрын сонды педагогика саласында ақыл-ойы кем балалардың сенсомоторикалық қызметтері жайлы мәселе нақтылап жарияланған жоқ. Ақыл-ойы жетілмеген бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу сабағындағы қолдың ұсақ моторикасы арқылы танушылық қабілеттерінің дамуы. Практикалық маңыздылығы: ақыл-ой кем балалардың бейнелеу сабағында ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері мен бар жетіспеушіліктерді түзетуді талдау және соған қатысты нұсқаулықтарды әзірлеу. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. «Кіріспеде» зерттеу мәселесінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні мен объектісі белгіленді, гипотеза тұжырымдалды, практикалық маңыздылығы ашылды. «Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселелерінің теориялық аспектілері» атты бірінші тарауында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде ақыл-ой кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамытудың негізгі мәселелері, оның даму формалары мен әдістері баяндалған. «Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамытудың эксперименталды зерделеу» атты екінші тарауында бейнелеу өнері сабақтарында ақыл-ой кем бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу нәтижелері көрсетілген, ақыл-ой кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға оңтайлы әсерін тиізетін педагогтар үшін нұсқаулықтар әзірленген. Қорытындыда осы зерттеудің гипотеза ережелерін растайтын жалпы нәтижелері берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Графиканың бейнелі құралдары. Түрлі түсті қарындаштар

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды түрлі түсті қарындаштармен және пастел бояулармен жұмыс жасау тәсілдеріне үйрету.Айырмашылығын ұғындыру. Әр түрлі техникаларына, ойлау, қиялдау, өз ойын жеткізуге баулу. Түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салуға үйрету.Көркем эстетикалық тәрбие беру

Көрнекіліктер: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар

Қажетті құрал - жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар,пастель

Пән аралық байланыс: Геометрия, сызу
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақжауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә ) Оқушыларды түгендеп, кезекшіні тағайындау
б ) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

2.
Өткен тақырыпты қайталау 
Сұрақ жауап
1.
Кітап графикасының дамуына үлес қосқан Қазақстандық график-суретшілерді ата?
2.
Абай Құнанбаевтің қай өлеңіне иллюстрация жасалды?
3.
Кім деген суретші иллюстрация жасады?
4.
Қазақтың эпостық жырларына қай суретшілер иллюстрациялар жасаған?

3.
Жаңа сабақ
Түрлі түсті қарындаштар.
Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштың акварель,гуаш бояуларынан айырмашылығы-оның жұмыс жасау тәсілі қарапайым ,ол езілмейді,артық жағылып,қағаз бетін былғамайды.Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтарыда болмайды.Түрлі түсті қарындаштар суретшіге ұзақ жолда,жұмыста да қажетті құрал.Жұмыс орнын дайындап,әуреленудің де қажеті жоқ.Басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады.Мысалы,олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды,бірақ та қағаз бетінде бір-біріне қосылып,басқа түс бере алады.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.Жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды.Дайын түсті қағаз болмаса,оны өздерің дайындауға болады.Акварель бояуымен,қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.Өшіргішті аз қолдануға тура келеді.Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп,сурет әдемі көрінбейді.Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді.Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Пастель «пастель»сөзінің ұғымы латынның «pasta»сөзінен алынып «қамыр» деген мағынаны білдіреді.Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарын,бор мен шайырдың қосындысын араластырып,илеп,арнайы қамыр жасайды.Қамырдан жұмыр таяқшалар жасап,оны кептіреді.Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға болады.
Пастель жұмыстарында әр түрлі түстер мен реңктердің жарасымдылығы маңызды.Пастель жұмыстары ерекше жұмсақтығымен нәзіктігімен,барқыт сияқты фактурасымен ерекшкленеді.Сұйық бояулардан айырмашылығы,ол өз түсін мүлдем өзгертпейді:суретші оны қалай жақса,солай болып қалады.Бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді.
Пастельдің ерекшклігі мынада:бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік,әрі суреттік болады.Форманы сызықтармен және штрихтармен,контурмен бередід.
Көптеген құнды жақтары бола тұра,пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып,нашар жабысады.Оны папкада сақтауға болмайды.Оны шыны астында орналастырады. 

Бейнефильм көрсету.
4.
Сарамандық бөлім.
Екі топқа түрлі түсті карындаштармен және пастель бояулармен сурет салу тапсырылады.

Түрлі түсті бояулармен сурет салу кезеңдері

Пастель бояуларымен сурет салу кезеңдері

5.
Бекіту:

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанры 
Сабақтың мақсаты
Білімділігі:
оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету.
Заттың жалпы формасы мен түстік қарама-қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы:
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
бояумен жұмыс жасау машығын дамыту
Тәрбиелігі:
оқушыларға эстетикалық талғам қалыптастыру
Төзімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Затқа қарап сурет салу,
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, практикалық жұмыс
Құралдары: альбом, бояу, қалам, өшіргіш, палитра
Көрнекілігі: сурет кезеңдері салынған плакаттар,
бейнелеу өнеріне қажетті-құрал жабдықтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.
Құралдарын тексеру
3.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы)

Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабаққа кіріспе:
Өнердің ең құнды түрінің бірібейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
Кескіндеме.
Графика.
Мүсін.
Сәулет өнері.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері.
-
Ал, енді, балалар алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгінгі сабағымызда біз натюрморт жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte - өлі табиғат) - бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт - жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады.
Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады
Батысеуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсыдамыды.
Қазақстанда 19 ғасырдағана натюрморт жанры дамибастады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.
Натюрморт - қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сәйкес оның кейпі, жан - жануарлар бейнеленуі мүмкін.
Суретші мақсатының бірі - натюрмортта белгілі бір көңіл - күйді бейнелеу.
Кез - келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.
Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке , ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.
Бізде бүгінгі сабағымызда құмыра мен алмадантұратын,екі заттан құралған қарапайым натюрмортты бейнелейік.
Практикалық жұмыс.
1. кезеңде салынатын натюрмортты қағаз бетіне белгілеп орналасу орнын белгілейміз. Натюрморттың
сызықтық бейнесін саламыз

2.
кезеңде жарық пен көлеңке жақтарын белгілеу.
Сурет салғанда реңдік заңдылықтарды ескеріп отырмаса болмайды. Заттарға түскен жарық олардың құрлысына, орналасуына байланысты өзгереді. Ол өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әр түрлі рең қоюлығына бөлінеді. Ондай реңдерді жарық, жылт, жартылай көлеңке, меншікті көлеңке, шағылыс жарығы, заттың өзіне түскен түспе көлеңке деп бөледі
ЖАРЫҚ деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.
ЖЫЛТ деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.
ЖАРТЫЛАЙ ЖАРЫҚ КӨЛЕҢКЕ деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.
МЕНШІКТІ КӨЛЕҢКЕ деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтады.
ШАҒЫЛЫС ЖАРЫҒЫ деп заттың көлеңке жағына басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған әлсіз жарықты айтады. Оны рефлекс деп атауға да болады.
ЗАТТЫҢ ТҮСПЕ КӨЛЕҢКЕСІ деп бір заттан екінші затқа немесе жазықтыққа түскен көлеңкені айтады
Нәрсенің бетінде жарық көзінен сәуле түспейтін жерде МЕНШІКТІ КӨЛЕҢКЕ пайда болады. Меншікті көлеңкедегі жарықтау жерлер рефлекс деп аталады.
Сурет салғанда нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық жерді, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгір жерді әрдайым тауып алу керек.

3.
кезеңде бояу жағу арқылы заттың түстік контрастын дайындаймыз.
4.
кезеңде салынған суреттің түспе көлеңкесін және заттардың бір-біріне түскен бояуларын көрсету. Суретті аяқтау.
C
абақты қорытындылау:
Натюрморт жанры қай жақта пайда болды?
Натюрморт деген не?
Жарық пен көлеңке реңдерін суретші не үшін қолданады?
Жарық пен көлеңкенің қандай реңдерін білесің?
Бағалау. Салынған суреттерден көрме жасап жақсы салынған суреттерді таныстыру. Қатесі бар суреттерді талдау.

Үйге тапсырма: натюрморт салып келу

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Пейзажтабиғат көрінісін бейнелеу 
Сабақтың мақсаты: 
1.
Білімділігі:Оқушыларды пейзаж жанырымен таныстыру.табиғат әсемдігін сезіне білуге және ондағы түс реңтерін көре білуге баулу. 
2.
Дамытушылығы: Оқушының байқағыштық және есте сақтау қабілетін дамыту, елестету арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру. 

3.
Тәрбиелігі: Табиғатты қорғау, сүйіспеншілікпен қарау, өнерді түсіну қасиеттеріне тәрбиелеу. 

Түрі:Жазықтыққа бейнелеу 
Әдісі: Сұрақ жауап,түсіндірме,практикалық жұмыс 
Пәнаралық байланысы: геометрия,технология,қазақ әдебиеті,музыка. 
Көрнекілігі: слайд,бүктеме. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
Келісім қабылдау: 
-
біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз; 
-
бір-бірімізді тыңдаймыз; 
-
бір ғана адам сөйлейді; 
-
өз ойларымызды бөлісеміз; 
-
бос сұрақтар болмайды; 
-
уақытты үнемді пайдаланамыз. 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру және сұрау 
Оқушылар жұмыстарын тексеріп сынып болып талдап бағалау. 
«
Ой қозғау» сұрақ-жауап. 
1.
Негізгі түстерді ата? (қызыл,сары,көк) 
2.
Қосымша түстерді ата? 
3.
Бейнелеу өнерінің түрлері? (живопись,графика,мүсін,сәндік қолданбалы өнер,дизайн) 
4.
Живопис дегеніміз не? 
5.
Графика дегеніміз не? 
6.
Мүсін дегеніміз не? 
7.
Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не? 
8.
Дизайн дегеніміз не? 
9.
Бейнелеу өнерінің жанырларын ата? 
10.
Натюрморт дегеніміз не? 
1.
Жаңа сабақ. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын сыныпты топтарға бөліп отырғызамыз,әр топқа ат береміз. 
Жаңа тақырыпты ашу үшін сөзжұмбақ шешіледі.Балаларға сұрақтар қойылады: 

1.
Адамның келбетін бейнелеу? 
2.
Мемлекеттік  Рәміздердің бірі? 
3. «
Ойлап шығару» құрастыру мағынасы? 
4.
Бейнелеу өнерінің түрі? 
5.
Затқа қарап сурет салу? 
6.
Түстік рең түрлері? 
Пейзажбейнелеу өнерінің жанрларының бірі. Пейзажфранцуз сөзі қазақша баламасы.Пейзаждегеніміз қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. 
Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын.Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес,онда суретшілігің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр.Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді.Пейзаж өнері деәр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде,бар нақты көрнісін білдірсе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады.Ондай шығамашылардың бәрінен де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беругу тырысады.17-ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрнісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.Әсіресе 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрда көркем шығармалар оруында зор табысқа.Қазақстан суретшілері Ә.Қастаев Ә.Исмайлов, С.Мәмбеев табиғат көріністерін бейнелеуде үлкен жетістіктерге жеткен. Табиғат-көрнісін бейнелейтін суретшілерді табиғатты бейнелеуші немесе пейзажист деп аталады.Табиғат көріністерін суретшілер бейнелі түрде суреттеп көрсетсе, әдебиетте біздің ақынжазушыларымыз өлеңмен суреттеген. Балалар ақын -жазушыларымыздың табиғат лирикасына арнап жазған қандай өлеңдерін білесіңдер? Кім мәнерлеп, жатқа айтып береді? 
Оқушыларға өз беттерінше жыл мезгілдеріне байланысты қысқа мерзімдік сурет салу тапсырылады. 
Қорытындылау: 1.топтардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. 
2.
оқушылардың салған суреттері бойынша жетістіктері 
мен кемшіліктерін көрсету. 
Сабақты бекіту: Топтар жыл мезгілдеріне байланысты эссе жазады және тірек сызбамен жұмыс. 
Бағалау,үйге тапсырма беру:

 

Сабақ тақырыбы: Портрет
Сабақ мақсаты:

Б.Оқушыларға табиғаттың әсем мезгілдері мың құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу. Дала табиғатын бейнелеуге үйрету Портрет жанры туралы түсінік беру.
Д. Оқушылардың преспективалық ұғымын акварель және түрлі - түсті карандаштармен жұмыс істеу қабілеттерін артыру.
Т. Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға елін, жерін сүюге, оны қорғауға тарбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Әдіс: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық жұмыс.
Пән аралық байланысы: биология, қазақ әдебиеті.
Көрнекілігі: фотослайд, түрлі - түсті бояулар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталауға сұрақтар.

Ой қозғау: сұрақ жауап ойны
1 - Бейнелеу өнері түрлерін ата?
2 - Мүсін қанша топқа бөлінеді.
3 - Сәулет өнері дегеніміз не?
4 - Құрылыстар салу өнері?
5 - Өлі табиғат ұғымын білдіретін жаныр?
6 - Кеуделік мүсін?
7 - Ақ қара штрихтармен салынған сүрет?
8 - Суға тез еритін бояудың түрі?
9 - Хайуанаттармен жан - жануарлармен бейнелетін шығарма?

Жаңа материалды меңгеру.
Бейнелеу өнері жанрларымен қысқаша таныстыру.
1. Натюрморт
2. Пейзаж
3. Портрет
4. Тарихий
5. Анималистік
6. Моренистік т. б
Пейзаж және портрет жайлы мағлұмат беру.
Бейне таспаға көңіл аудару.

Бізді қоршаған айнала, жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана емес, адамға әсер ететін құдіретті күш. Сондықтанда көп сүретшілер пейзаж жанрларына өз шығармаларын арнаған. Ел басы Н. Ә. Назарбаев «Жасыл ел» бағдарламасында енгізілген « Бір тал кессең, он тал ек» деген. Олай болса туған жердің әсем табиғатын аялап қорғау әрбір азаматтың борышы.

Сергіту сәті:
Түрлі - түсті келбетті,
Қандай әсем жер беті!
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары.
Жасыл жайлау оманы..
Қандай әсем жер беті - деп практикалық кезеңіне өтейік. Пейзаж жанрына сүрет салу барысында оқушылардың сүреттерін бақылау. Бояумен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Қорытындылау:
1. Оқушылардың салған сүреттері бойынша көрме.
2. Сүреттерінің жетістіктерін, кемшіліктерін көрсету.
Бағалау:
Сабақты бекіту: Жаңа материалдар бойынша сұрақтар.
1. Пейзаж жанры дегеніміз не?
2. Пейзаж жанры бойынша кімдердің шығармаларын білесіңдер?
Үйге тапсырма беру: Досының портретін салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып: Графика өнерінің дамуы
Мақсаты: Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.
Білімділік: Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру.
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу. Слайд
Көрнекілігі: Графика шығармаларының түрлері және салу құралдары.
Жылы және суық түстер айырмашылығы плакаттағы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Құрал – жабдықтар: Альбом, акварель краскасы, қарындаш, қылқалам, политра, тущь.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
3. Өткен сабақты қайталау
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Бекіту.
6. Сурет салу.
7. Қорытындылау, бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақты қайталау
1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
2. Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.
Жаңа сабақ
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.

Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың
grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.

Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады.
Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл – түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.

Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.

Сурет салу
Графикалық жұмыстарды орындау.
Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.

Қара тушты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.
Грвюра туындылары кесу іс – әрекеттері арқылы жүргізіледі. Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін – еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.

1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.
3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.

Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.
Оқушыларға сурет салғызу
36 - 38 беттерді оқу және осы беттердегі суреттерді альбом бетіне графика құралдары көмегімен салу.
Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Графика өнерінің түрлері

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сызба (графика) өнері туралы түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің түрлерімен таныстыру. График суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Кітап графикасына өз еңбектерін ұсына отырып, оқушы бойында өзара бәсекелестікті дамыту.

Тәрбиелік: Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапқа, білімге, өнерге қызығушылығын оятып, оқушы бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс нәтижесі, оқушы бәсекелестігі т.б.

Сабаққа қажетті мұғалім көрнекілігі: Кітап, плакаттар, үлестірмелі парақшалар, иллюстрациялар т.б.

Оқушыға қажетті құрал-жабдықтар: Қарындаш, альбом, өшіргіш, тущь, қаламұш, тақта, бор, көрнекіліктер.

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, еңбек.

 

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру, көңіл-күйін сұрап, назарын бүгінгі сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Жұмыстарын қорытындылау, бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

 

І. Сәлеметсіздерме балалар!

    Бүгін сыныпта кезекші кім?

    Сабақта кім жоқ?

Психологиялық дайындық: оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Бір-біріне жақсы сөздер айтып, сәттілік тілеу.

ІІ.Ал қанеки оқушылар өткен сабақты қайталап өтейік. «Портрет» тақырыбы бойынша ұй жұмысын тексерейік. Үйге портрет салып келу тапсырмасы берілді.

    1. Адам бетін неше бөлікке бөлеміз?

    2. Көз қай бөлікте және қалай орналасады?

    3. Мұрын қай бөлікте және қалай орналасады?

    4. Ерін қай бөлікте?

    5. Құлақ қай бөлікте орналасады?

    6. Шаш қай бөлікте орналасады?

 

ІІІ. Оқушылар, бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы «Графика өнерінің түрлері».

«Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш, қаламұш, көмір, қыл - қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет.

Графика – грек сөзі «жазамын», «сурет саламын» деген ұғымды білдіреді.

Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.

 Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Қазір көп ұлтты Қазақстан суретшілері өз республикасын ең айтулы деген көрмелерде сан қырынан көрсетіп жүр. Олардың өзіндік қолтаңбасымен дараланатын үлкенді - кішілі кең тынысы және камералық шығармаларының тақырыбы мен мазмұны халқымыздың, егеменді еліміздің өмірімен тығыз байланысты.

Гравюра (қырма) таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырма қағаз, линолеум, т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері.

Гравюра сөзі француздың – «ою», «нақыштау» деген сөзінен алынған.

Сызбаның түрлері:

1.Қондырғылы сызба (сурет, эстамп, лубок)

2.Кітап және газет–журнал сызбасы

3.Қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.)

Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам,беті жылтыр ақ қағаз. Гравюралық жұмыстарда орындау үшін жоғарыда аталған материалдарды алдын-ала дайындап алу қажет.

 Беті жылтыр ақ қағаздың бетіне қара тущьты толық жағып болған соң оны кептіру керек. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Бұл жерде қағазды жыртып алмау үшін қыру жұмысын өте ұқыпты орындау қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып, өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет.

 Ал, графика дегеніміз – қағаз бетіне түскен сурет. Көбіне - көп ақ-қара, бірен-саран түрлі-түсті болып келеді. Сендер графикамен күнделікті өмірде жиі ұшырасасыңдар. Олар – газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тущьпен, кей жағдайда түрлі-түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бірақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдардағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады.

Бірақ суретшінің өзі де көбейте алатын мүмкіндік бар. Арнайы құрал штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумға, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын, табақшаларға инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады.

Металға жасалған гравюраны офорт дейміз. Қыш қаламмен, құрғақ инемен орындалады.

Ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз. Қатты, серпімді ағаш кесіндісіне жасалады.

 Тасқа жасалған гравюраны литография  дейміз. Литография арнаулы әк тасқа салынады. Тегістелген тастың бетіне тушьпен сурет салынады.

Линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз

Линогравюраны жасау әдісі мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиісті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихель деп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды. Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояу жағылады, одан кейін үстіне қағаз төсеп, линография тақтасына апарып, тазге салып өткізеді. Тезден өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.

Басқа бейнелеу өнерінен бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеумның өзінен қанша сурет керек болса, сонша суретті тезден өткізіп шығара алады. Линолеуммен жұмыс істегенде асықпау керек және өте мұқият болу керек. Мұнда эскизде кеткен қателіктер ғана түзеледі, ал шихельмен кесіп жатқанда қателіктер кетсе, оларды түзеу мүмкін емес. Гравюрлеу үшін линолеумнің қалыңдығы 0,5 мм, ең аз дегенде 2,5 мм болу керек. Линолеумге гравюрлеу кезінде пайдаланатын аспаптар біршама қарапайым болады, оларды өздерің-ақ жасап алуға болады. Негізгі аспап 50-600 бұрыш шамасында тұмсығы бар бұрыштық қашауы. Мұндай қашау бірде әзер байқалатын сызықты, бірде өте жуан, бірде тік, т.б. сызықты береді. Аумақты орындарды ойып алу үшін ені 2-3 тен 10-12 мм-ге дейін болатын, жүзі жартылай шеңбер қашаулар қолданылады.

Гравюрлеу кезінде жіберген қателіктерді дер кезінде түзетпесе, гравюрада түзету өте қиын. Ол үшін ірі бөліктерін кесіп алады да, дәл өлшеніп кесілген қажетті жерге қиюластырған жаңа кесінділермен ауыстырылады. Сөйтіп гравюраның тиісті бөлігі қалпына келтіріледі.

 IV.Жаңа сабақты бекіту

1. Қара қарандашпен парақты бояп, өшіргішпен сурет салу.

 

2. «Диірменді қозғал

 

1.Металға жасалған гравюра-офорт.

2. Ағашқа жасалған гравюра-ксилография.

3. Тасқа жасалған гравюра-литография.

4.Линолеумге жасалған гравюра-линогравюра.

          5Ақ-қара суреттер-графика суреттері.

 3. «Графика еліне саяхат».

Карта бойынша графика еліне саяхат жасайық.

 

1.Графика – грек тілінен аударғанда қандай  ұғымды білдіреді?

 «Жазамын», «сурет саламын».

2.Гравюра – француз тілінен аударғанда қандай  ұғымды білдіреді?

«Ою», «нақыштау».

3.Журнал сызбаларына қандай сызбалар жатады?

Кітап және газет.

4. Қолданбалы сызба түрлері?

 Грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар.

5. Журналдан графикаға жататын суреттерді көрсет.

6 .Графиканың натюрмортпен байланысы барма?

7. Графиканың пейзажбен байланысы барма?

8. Графиканың портретпен байланысы барма?

 

V. Жұмыстарын қорытындылау.

Бүгінгі сабақты қортындылай келе, оқушыларға пысықтау сұрақтарын қойып, сабаққа деген ынтасын білу арқылы, сааққа қаншалықты көңіл бөлгенін айтуға болады.

 

 

VI. Үйге тапсырма.

 Тушьпен боялған қағаздын үстіне «Табиғат бейнесін» инемен қырып салу.

 

VII. Бағалау.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға   

                      меңгерте отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.

Дамытушылық:Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

             дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу      

                       мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар  

                                         (слайд), мультфильм, сиқырлы қарындаш.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, әдебиет, орыс тілі, химия.
Әдіс -тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақ – жауап, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.     Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.     Тапсырмаларды орындау.

5.     Сабақты бекіту.

6.     Үйге тапсырма.    

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
а)
 Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу  (сары, көк, қызыл қарындаштар арқылы).
б) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру «Графика» тест.
1. Арнаулы әк тасқа салынып, арнайы ерітіндімен шайылып өңделетін графиканың түрі? 

А) Литография, Б) Натюрморт, В) Гравюра.
2. Француздың grower «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан графиканың қазақша баламасы қалай аталады? 

А) Гравирлеу, Б) Портрет, В) Сәулет өнері.
3. Шетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да, не деп атайды?

А) Гравюра, Б) Литография, В) Офорт. 
4. Француз тілінен аударғанда «ащысу» деген, азот қышқылы мен бір - біріне қосылып, әсерлену процесі қалай аталады?

А) Офорт, Б) Графит, В) Ағаш.
5. Көшірме түсірілетін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жазылған типографиялық бояу қалай аталады?

А) Оттиск, Б) Қарындаш, В) Эстамп. 
6. Грекше xylon - кесілген ағаш, grarho - деп аталады яғни ағашқа жасалған гравюраны ата?

А) Ксилография, Б) Пейзаж, В) Мүсін.   

7. Линолеумге жасалған гравюра қалай аталады? А) Линогравюра,Б) Графит, В) Офорт. 
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

— Менің қолымнан қандай бейнелеу өнеріне қажетті құралды көріп тұрсыңдар?

-          Қарындаш қандай жұмыс атқарады?

—     Қарындааштың қандай түрлерін білесіңдер?

—     Бүгін біз қандай тақырыпта жұмыстанамыз деп ойлайсыңдар?

          Ендеше оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.

         Менің қолымдағы қарындаш жай қарындаш емес «Сиқырлы қарындаш». Бұл қарындаштың сендерге берер тапсырмалары бар. Сабақ барысында осы тапсырмалармен танысып, орындайсыңдар!

   Оқушылар өз беттерімен оқулықпен жұмыстанады, жаңа тақырыпты оқып өз түсінгендерін айтады. 48-49 бет.

Түрлі түсті қарындаштар — графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған. Түрлі түсті қарындаштарды біз көбіне сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салган суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді. Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды. Түрлі түсті қарындаштар - суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-біріне қосылып, басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді. Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшетке тартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады. Бояу түсі солғын да ашық болу тиіс. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін түсті қарындаштарды түсінің жақындастығы бойынша таңдайды. Сары, көк, қызыл, жасыл түстілерді бір бөлек топтайды. Жасалынып біткен жұмысты кәдімгі шашқа себетін лакпен бекітуге болады. Ол үшін салынған суретті 30-50 смқашықтықта тік қалпында қойып, лакты себелеп шығады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді өсімдіктердің, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды салудан бастаган жөн.

Кезекті  «Сиқырлы қарындашқа» берейік.  Қарындаштың тапсырмалары. Слайдпен жұмыс.

1 тапсырма - «Жұмбақ шешу» Әр топқа жұмбақтар таратылады.

Жұмбақтар

Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

                             Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

Жіп жіңішке денесі,

Ортасында шегесі.  (Қарындаш)

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

                        Келтірер көп табысты.    Қарындаш

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.

Өзі жансыз, жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп.      Қарындаш

Өзгені бақытты етем деп,

                                                  Өзі қажалып кетеді.               Қарындаш

2 тапсырма – Топтық тапсырмалар.

Сары қарындаштар тобы: «Қарындаштар спектакілі».

Қызыл қарындаштар тобы: «Ақындар». Қарындаш туралы төрт жол өлең шығару.

Көк қарындаштар тобы: «Ертегілер әлемінде» Қарындаш туралы қысқа ертегі жазу.

3 тапсырма – «Біз галереяға барамыз»  Әр оқушыға жеке тапсырмалар таратылады. Оқушылар суреттерді көшіріп салып, түрлі-түсті қарындаштармен бояп түс береді.

4. «Сиқырлы қарындаштың сыйлығы» мультфильм «Мышка и карандаш».

Бекіту:

«Галереяға саяхат» Оқушылардың жұмыстарын тақтаға іліп көрме ұйымдастыру, бағалау.

Қорытынды:
1. Түрлі түсті қарындаштармен орындалған сурет қай өнерге жатады?
2. Графиканың бейнелі құралдары?
Үйге тапсырма беру: Натюрморт салу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін зерттеуге арналған ойын Мақсаты: 1. Оқушыларда «есте сақтау» және «байқампаздық» деген түсінікті қалыптастыру.2.Есте сақтаудың түрлерін анықтау.3.Есте сақтауды, байқампаздықты дамыту. Көрне"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 589 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 2461
    • DOCX 75.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатаева Жанслу Татибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сатаева Жанслу Татибаевна
    Сатаева Жанслу Татибаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8656
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Методика и содержание деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Профориентационная деятельность для лиц с интеллектуальными нарушениями и выпускников коррекционных школ

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 51 региона

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе