Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / 5 сынып поурочный планы "Натурал сандар"

5 сынып поурочный планы "Натурал сандар"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ №__1__

Күні: 02.09.2015


Сынып: 5 « б, в »

Сабақтың тақырыбы: 1. Натурал сандар қатары. Натурал сандардың оқылуы және жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Натурал сандар қатарының ережелерін тұжырымдау натруал сандардың оқылуын және жазылуын үйрету; Окушылардың алған теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру, ойда сақтау қаблетін дамыту.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

  2. Жаңа сабақты меңгерту: Натурал сандар қатарының ережелерімен таныстыру. Натурал сандардың оқылуын және жазылуын түсіндіру.

Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, ..... сандары натурал сандар деп аталады. Натурал сөзі латынның сөзінен шыққан. Қазақша аудармасы табиғат дегенді білдіреді.

Натурал сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0 цифрларымен жазылады. Натурал сандарды 1 санынан бастап, санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады. Нөл натурал сандар қатарына жатпайды.

Натурал сандар қатарының қасиеттері:

    1. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады;

    2. Әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар;

    3. Натурал сандар қатары шектеусіз;

4. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

1,2 (ауызша) № 3 , № 4 Тақтада № 5, №6, № 7, № 8

Деңгейлік тапсырма.

10, № 11

5. Сабақты бекіту кезеңі:

1. Натурал сандар дегеніміз не ?

2. Натурал сандар қатарының қасиеттері ?

6. Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма: Үйге: № 9



Сабақ №__2__

Күні: 03.09.2015

Сынып: 5 « б, в »

Сабақтың тақырыбы: 1. Натурал сандарға есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Натурал сандар қатарының ережелерін есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қаблетін дамыту.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Оқытудың әдісі: практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру № 9

Натурал сандар қатарының ережелерімен сұрау.

  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

12, № 13, №14 №15

Тақтада № 19, № 20,

Деңгейлік тапсырма.

21. № 22

4. Сабақты бекіту кезеңі:

1. Нөл саны натурал сан қатарына жата ма?

2. Натурал сандардың алғашқы бес класын өсу ретімен атаңдар.

3. Бірліктер класының разрядтарын қөсу ретімен атаңдар.

5. Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

6. Үйге тапсырма: С-деңгейінен №23.









Сабақ №__3_

Күні: 04.09.2015

Сынып: 5 « б, в »

Сабақтың тақырыбы: Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға жазықтық, нүкте және түзу , сәуле ұғымдарын түсіндіру.

2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру № 23, ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау.

  2. Жаңа сабақты меңгерту:

Жазықтықтың шеті болмайды, Жазықтық бюарлық бағытта шектеусіз.

Түзудің бастапқы және соңғы нүктелері болмайды, ол екі жаққа да шектеусіз созылады. Кез келген екі нүкте арқылы бір түзу жүргізуге болады.

Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ оның аяқталу нүктесі болмайды. Нүктемен түзуді бөлгенде шығатын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.

  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

26, 27 (ауызша), № 28, № 29 ,№30 ,№31 ,№32.

Деңгейлік тапсырма.

36, 38

  1. Сабақты бекіту кезеңі:

    1. Жазықтық және нүкте дегеніміз не?

    2. Түзу және сәуле дегеніміз не?

  1. Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  1. Үйге тапсырма : № 34. № 41








Сабақ №__4__

Күні: 05.09.2015

Сынып: 5 « б, в »

Сабақтың тақырыбы: Кесінді және сынық сызықтар.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға кесінді ұғымын және сынық сызықтар түрлерін түсіндіру. Кесіндіні қалай өлшеу керектігін үйрету.

2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру,

3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқытудың әдісі: теориялық, практикалық

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру № 34, №41 ережені сұрақ-жауап арқылы сұрау.

  2. Жаңа сабақты меңгерту:

Кез келген екі нүктені бір ғана кесіндімен қосуға болады. Кесінді- оның ұштары болатын екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. Бір түзудің бойында жатпайтын бірнеше кесіндіден құралған сызық сынық сызық деп аталады. Сынық сызықтар тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтар болып бөлінеді.

  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару.

48 ауызша № 49 Тақтада №53, №54

50 №51 №52

Деңгейлік тапсырма.

55

  1. Сабақты бекіту кезеңі:

  1. АВ кесіндісіндегі А және В нүктелері қалай аталады?

  2. Кез келген екі нүктені неше кесіндімен қосуға болады?

  3. Сынық сызық дегеніміз не ?

  1. Бағалау. Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  2. Үйге тапсырма : № 56



Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров214
Номер материала ДВ-321985
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх