Инфоурок Классному руководителю КонспектыСынып сағаты "Адамшылықтың шуағы сөнбесін"

Сынып сағаты "Адамшылықтың шуағы сөнбесін"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Адамшылықтың  шуағы  сөнбесін!!!

         Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.       

Көрнекілік: презентация, нақыл сөздер.

                    

Сабақ барысы:

         Күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдескеннен соң, тәрбие сағаты бастады.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Адамшылықтың шуағы сөнбесін». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

«Адамшылық» деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітеміз.

Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

                                                                                           Шәкәрім

Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі. 

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадық. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін слайдқа назар аударайық.

Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Бірінші бұлт.

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығына бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).

-         Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.

-         Аңсаған оқуыма түссем екен.

-         Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.

Мұғалім:

-         Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады (оқушылардың ойларын сұрау).

         1-ші бұл ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.

 

Екінші бұлт.

Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.

1.     Абай. «Ғылым таптай мақтанба».

2.     Адамшылық.  Шәкәрім.

3.     Абайдың 14-ші сөзі.

Мұғалім:

-         Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

-         Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

                                                                                                                      Абай

Үшінші бұлт.

Рухани - адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты:

1-ші қатар: Отанға сүйіспеншілік.

2-ші қатар: ата-анаға сүйіспеншілік.

3-ші қатар: махаббат, достық.   

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар. (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз.

 

Төртінші бұлт.

Сөзжұмбақ шешу. Ерекше тор көздерден рухани-адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр – соны табамыз.

 

 

 

 

1

ә

д

і

л

д

і

к

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

а

д

а

м

д

ы

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

е

л

г

е

з

е

к

т

і

к

 

 

 

 

 

4

с

ы

п

а

й

ы

л

ы

қ

 

 

 

 

 

 

 

5

і

з

е

т

т

і

л

і

к

 

 

 

 

 

 

 

6

т

ә

р

т

і

п

т

і

л

і

к

 

 

 

 

 

 

 

7

а

д

а

л

д

ы

қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

к

і

ш

і

п

е

й

і

л

д

і

л

і

к

 

 

 

 

9

к

і

с

і

л

і

к

 

 

 

 

 

 

1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң

2. Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ

3. Елгезек екі айтқызбайды.

4. Сыпайылық даналықтың белгісі.

5. Ізеттінің інісі көп

6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

7. Адалдық – ана сүті.

8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

9. Кішіпейілділік  кішілік емес, кісілік қасиет.

Ол «әдептілік» деген сөз болды. Балалар, осы әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 

Бесінші бұлт.

Оқушылардың дайындап келген әнін тыңдап, соңғы бұлтты ашайық!

 

Бастаушы: Бауыржан ,  Бүлдірген қайда?

Бауыржан: Апай, Бүлдірген ұятқа қалды. Ол бұл кешке келе алмайды.

Бастаушы: Иә, не боп қалды оған тағы?

Бауыржан: Оны Әділет ағай жазалайтын болды.

Бастаушы: Жазасы не тағы?

Бауыржан: Мен қой десем, Бүлдірген болмай, гүлзардан екі гүлді үзіп алды. Содан гүлді таптадың, тәртіп бұздың деп, Әділет ағай оны ұстап алып... Нететін болды...  (Ұратындай қимыл көрсетіп)

Бастаушы: Гүл жұлу, гүлзарды таптап жүру адамгершілікке жатпайды.

Бауыржан: Бүлдірген концерттен қалатын болдым деп жылап-еңіреп кетті.

Бастаушы: Бауыржан, сен адамгершіліктің не екенін білесіңбе?

Бауыржан: Адам не істесе, соның бәрі-адамгершілік. Ал, Әділеттің Бүлдіргенді ұстап алып нетуі... адамгершілік емес, меніңше...

Бастаушы: Бауыржан, сен балалық жасама. Әділетті бекерге кінәлама.

Бауыржан: Адамгершілік деген сол ма? Бір тал гүл үшін жас баланы жасытып...

Бастаушы: Адам жақсылық етуі керек. Ал Бүлдірген бүлдіріпті.

Бауыржан: Әділеттің жақсылығы сол ма, шырылдатып-шырқыратып Бүлдіргенді бүгін кештен қалдырды.

Бастаушы: Оған кінәлі Бүлдіргеннің өзі.

Бауыржан: Егер түсіндіріп, ескертсе, бұдан былай гүлзарды таптамайтын еді ғой...

Бастаушы: Әділет Бүлдіргенді жаман әдеттен тыяды. Оның үстіне ол жалпы адамның игілігіне өсірілген гүлзарды қорғап қалды...

Бауыржан: Мен де досымды жақтап, қорғап тұрғаным ғой...

Бастаушы: Достық та адамгершілік. Бірақ достың кінәсін, мінін жасыру немесе оның қылмысын қолдау адамгершілік емес.

Бауыржан: Мен Бүлдіргеннің кінәсін қолдап тұрған жоқпын. Оған «Ойбай, гүлді жұлма? Гүлзар-көпшіліктің ризығы?» деп, шыр-шыр еттім... Бірақ ол менің сөзімді құлағыма ілді ме?..

Бастаушы: Былай тіл алмауды, халық тілазарлық, кесір-қырсық мінез, ол адамгершілік емес деп жек көреді.

Бауыржан: Бүлдірген ақ жарқын жақсы дос қой, бірақ.... Балалық істеп,... ұяттау болды.

Бастаушы: Халық балалықты кешіреді. Сөйте тұра, адамшергілікке жатпайтын жаман әдеттен, теріс мінезден баланы сақтандырып, жақсылыққа тәрбиелейді.

Бауыржан: Әділеттің «тәрбиелегені» сол ма? Бүлдіргенді барды да, бақыртып ұстап алды.

Бастаушы: «Дос жылатып айтады. Дұшпан күлдіріп айтады» дейді халқымыз. Достың мінін түзету үшін, оны қатты сынап, қадірлей көмектесу қажет.

Бауыржан: Әділет те сөйтіп, Бүлдіргенді былай зекімей тәрбиедемей ме?

Бастаушы: Әрине, Айту, үйрету, талап ету – парыз. Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:

 

Әдеп сақтап әманда,                                 Ынтымаққа қосыл да,

Әрбір адал адамға                                    Ықылас қой досыңда.

Жасасаң бір жақсылық,                            Ар-мақсатың нық болсын,

Қайтарады саған да.                                 Ақылыңнан тосылма.

 

Кішілерді аяла,                                         Ақылы бар баласың,

Кісілерден аянба.                                     Айтқан тілді аласың.

Адамдығың көрінсін                                Намысты боп өссең сен,

Анадай жан саяңда.                                  Нағыз адам боласың!

 

Бүлдірген: Енді түсіндім, адамгершілік дегеніміз – ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау екен ғой...

Бастаушы: Адамгершілік – деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.

Бүлдірген: Рахмет, Сізге! Бәрін енді ұқтым.   

 

Мұғалім: Күн ашылды.

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлаймыз, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.

 

1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

 

2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.

 

3-ші түсі. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды ойлап көр.

 

4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.

 

5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

 

6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

 

7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.

 

Қымбатты, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен тастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! (оқушылар түрлі-түсті қағаздарға жылы сөздер жазады). Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңдар!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты "Адамшылықтың шуағы сөнбесін""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.10.2015 2178
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саметова Динара Сатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саметова Динара Сатбаевна
    Саметова Динара Сатбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8207
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 766 человек из 71 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов