Инфоурок Другое Другие методич. материалыСынып сағаты "Алтын күз"

Сынып сағаты "Алтын күз"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз                                                                                                                     Мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін, түсінігін арттыру; күз мезгілі, оның ерекшелігі мен табиғат өзгерісі туралы логикалық ойлау қабілетін дамыту; балаларды еңбекқорлыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, жеміс, көкеністер, әр түрлі тағам, кептірілген қақ, астық, шар, т. б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушылар назарын сабаққа аудару, психологиялық тренинг Күзім, күзім, күзім, пісті алма, жүзім

Не деген тәтті жемістер, Жемісті жесең бойыңда, болмайды ешбір кемістер (бәрі)

Кіріспе. Оқушылармен «Ребус» (алтын мен күзен суреті) шешу арқылы сабақ тақырыбын ашу

-          Балалар, біз бүгін ендеше қандай тақырыпта сынып сағатын өтпекпіз?

-          Неге біз осы мезгілді  Алтын күз дейміз?

-          Бір жылда неше мезгіл бар, сол мезгілдерден күздің қандай айырмашылығы бар екен?

-          Күз айларын кім айтады?

-          Күзде тағы қандай естеріңде қалатын ерекшеліктер бар? (Жеміс, көкеністердің жиналуы, олардан жасалатын әр түрлі тағамдар, жапырақтың сарғайып түсуі, сабақтың басталуы, малдың жайлаудан түсуі, құстардың қайтуы т. б. балаларға білетінін әңгімелету).

-          Көрмедегі заттар және слайдтар бойынша жұмыс «Алтын күз» видео ролик көрсету. «Қаздар қайтып барады» әнін орындату арқылы сабақты бастау.  Қорыту. Ендеше құрметті қонақтар біз бүгінгі сынып сағатымызды жалғастыру үшін кезекті оқушыларға берсек.

Алуа: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Ал Мирас «Алтын» дейтін себебі неліктен білесің бе? 

Мирас:  Алу, алтын дейтін себебі біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Сонымен қатар күзде жеміс - жидек, дәнді-дақылдар пісіп  жетіледі. Сол өсімдіктің пісіп жетілуіне еңбегін сіңіретін адамдар емеспе Алуа

Алуа: Мирас,сен осы білесің бе? Күзде егінді жинап, жиын – терін біткен соң,  ата-бабаларымыз үлкен той өткізген. Сол той қалай аталушы еді?

Мирасі: Алуа, соныда білмеуші ме едің, ол  «Сабан той» емеспе.

Алуа: Ендеше Мирас, бүгін біздің сыныпта да той, сондықтан кезекті осы той иелеріне берсек қайтеді?

 Мирас: Иә, Алуа,  шынындада той болған соң ән мен жырдан шашу шашылып, неше түрлі ойын, жарыстар ұйымдастырылады емеспе. Жарайды, ендеше кезекті оқушыларға берсек берейік

Алуа. Ендеше құрметті қонақтар, кезекті сыныбымыздың әнші, жыршы және ойын сауығына берелік. Оған осында отырған барша қонақтар мен ата – аналарда сіздер де қатысыңыздар.

 Мирас: Сахнада біздің сынып өнерпаздары, қарсы алыңыздар.

Қарақат:

Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!

Дияс:

 Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып  

Береке бірлікпенен ортақтассын

 

Толғанай: (қолында әр түрлі жапырақтар)

 Төгілген күздігүні жапырақтар
Жаз бен күздің белгісі ажыратар
Жинап алып сақтап қойсаң сағынғанда
Күзді еске алып, жаныңды жадыратар

Аяулым:

 Береке ғой, мереке ғой күз деген
Байлығы ғой еліміздің жүздеген
Таза еңбек маңдай терің төгілсе
Адал асың алдыңдағы іздеген

Аружан:

 Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін

Ақторғын:

 Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ

Бекәлі:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік, қадіріңді білдік те
Құтты болсын «Алтын күз» жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Мирас:

 Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама.
Мың бұралып билеген
Қазақ биімен ортада    (Попури)

Айдана:

 Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен

Алуа:

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрейік

Құралай:

 Жомарт көңіл жарқын жүз,
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
Сары алтыннан бұрында
Сары күліш көйлегі
Алтын күзді шынында
Ару дерсің бейнелі
Келістіріп бар сәнін
Берген өзі табиғат

Ақназар:

 Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

Дастан :

 Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

Нұрсұлтан:

 Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

А.Дастан:
Күз сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.

Мирас: Алдарыңызда қыздардың орындауындағы «Жапырақтар» биі

Алуа:  «Ойлы бала ойы ұшқыр» демекші ендігі кезекті жұмбақтарға берелік

Тапқыр болсаң тауып көр. (Жауаптарын үш тілде айту)

Әлібек:

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, түссе-сары.
(жапырақтар, листья, eafs)

Ербұлан:

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын, дыня, melon)

Мухаммед:

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ, капуста,
cabbaqe )

Жарас:

Вот художник, так  художник
Все леса позолотил.
Даже самый сильный дождик
Эту краску не отмыл.

Нурай:

 Красит рыжим, алым, синим,
Разбавляет краски ливнем,
Чтобы вышло разноцветным,
Но совсем не так как летом.
Отгадать загадку просим:
Кто художник этот? (Осень
, күз, autumn )

 Ағылшынша ән «Мезгілдер» (бәрі)

 

 

Нұрай:

Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып билеген,
 Орыс биімен ортада (орыс биі)

Мирас: көріністер: «Шапалақта «ш» дәрумені бар», «Ашқарақ» аңыздары

Мұғалім:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді
Халайық қол соғыңыздыр мархаббатты    (Флешмоб)

Мұғалім: Балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалағанша, ендігі кезекте ата - аналарды да сынап көрейік, қандай өнер көрсете алар екен? (Тақтадағы суреттен алма алып, сұрақтарға жауап беру)

Астықтан жасалатын тағамдарды атаңыз

Жеміс – жидек туралы жұмбақ айтыңыз және оның маңызы туралы әңгімелеңіз

Көкеністер туралы жұмбақ айтыңыз және олардан жасалатын тағамдарды атаңыз

Өнер көрсетіңіз

Тағамдар туралы мақал – мәтел және астықтан жасалытын өнімдерді атаңыз.

Талқан, жент қалай дайындалады?

Мұғалім:  Ал, қане кім жеміс пен көкеністі қалай ажырата алар екен көрейік. (Ортаға бір оқушыны шығарып көзін байлап, жеміс, көкеністерді анықтату).

Мұғалім: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.(Оқушылар ата – аналарымен бірге тіккен, әр түрлі жапырақ, қағаз қиқымы, тағы да басқа заттардан жасалған киім үлгілерімен таныстырады)

Мирас:

Міне, біздің алар бағамыз,

Көңіл кілтін адамдықпен табамыз

Алуа:
Ән мереке жолықтырсын аман – сау

Алтын күз сабағын да жабамыз, - дей келе «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтап, сөз кезегін құрметті қонақтар өздеріңізге береміз.

Алуа,Мирас: (бірге) Бізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға  рахмет (бәрі)

Қонақтарға сөз беру, қорыту.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы

«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалім Н. С. Байсеркеева







 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты "Алтын күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 4591
    • DOCX 25.5 кбайт
    • 55 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61688
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой