Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты: "Ғарышқа саяхат"

Сынып сағаты: "Ғарышқа саяхат"

  • Начальные классы

Название документа гагарин.docx

Поделитесь материалом с коллегами:


«Садовый орта мектебі»ММ

















«Ғарышқа саяхат»







hello_html_m71ea548a.jpghello_html_1a97479b.jpghello_html_m598ad070.jpg






Сынып жетекшісі: Қоянбаева А.А.
















2012-2013 оқу жылы


« ҒАРЫШҚА САЯХАТ»


Мақсаты:

Білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін, зейіндерін, көріп тану қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейтіп, қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, еңбек
Көрнекіліктері: Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары, геометриялық пішіндер, суреттер
Сөздік қоры: Ғарыш, ғарышкер, ғалам.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
 
Амандасу:
Қайырлы күн!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы күн!
Достасқан бар, балалар.
Қайырлы күн!
Біздің мектебіміз.
Қайырлы күн!
Жора-жолдас, ұл мен қыз.

Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауабы)
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Балалар, кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, көрініс көрсетсек қалай болады?
- Иә, көрсетейік.

(Балалар бетперделерін киіп әрқайсысы өз орындарына жайғасады).

Жаңбырдың дыбысы естіледі. Бұлт бейнесіндегі балалар шығады:
Бұлттар:
Жер анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін, көлбеймін
Бөгелмеймін, өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Күркіреп, дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Сіркіреп, дүркіреп.
Бұлттар:
Нөсер, нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп.

Сулар:
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап.
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп, бұлттың арасынан Күн шығады:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар:
Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған 
Көрік берер далаға
Күй ойналып, наурыз мерекесінде жүргендей қимыл жасайды.

Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер мерекесі.

- Ғарышкер дегеніміз - олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ, тікұшақ, зымыран.

- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.

(Сурет арқылы әңгімелеу).


Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
 
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
 
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады.

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемелері. Онымен адамдар аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейікші, кім айтады? Балалардың тақпақтары.

Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын

Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын

Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның

Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.

-Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
-Иә,ұшқымыз келеді.
-Ендеше , мына зымыранға қарайықшы. Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
-Төртбұрышқа, шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке.
-Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
-Ендеше, мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар. Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып, құрастырайық.
-Балалардың ұжымдық жұмысы.
-Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.


Рефлексия: - Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?

Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін қандай болуымыз керек?

Название документа Ғарынқа саяхат.pptx

Поделитесь материалом с коллегами:

“Ғарышқа саяхат”
1961 жылдың 12 сәуірінде “ВОСТОК” ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ағамыз бірінші...
Юрий Гагарин
 Талғат Мұсабаев
 Тоқтар Әубакіров
Еліміздің мақтаныштары!
 Аспан әлемі
Байқоныр ғарыш айлағы
Скафандр
1 из 15

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 “Ғарышқа саяхат”
Описание слайда:

“Ғарышқа саяхат”

№ слайда 2 1961 жылдың 12 сәуірінде “ВОСТОК” ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ағамыз бірінші
Описание слайда:

1961 жылдың 12 сәуірінде “ВОСТОК” ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ағамыз бірінші болып ғарышқа ұшты.

№ слайда 3 Юрий Гагарин
Описание слайда:

Юрий Гагарин

№ слайда 4  Талғат Мұсабаев
Описание слайда:

Талғат Мұсабаев

№ слайда 5  Тоқтар Әубакіров
Описание слайда:

Тоқтар Әубакіров

№ слайда 6 Еліміздің мақтаныштары!
Описание слайда:

Еліміздің мақтаныштары!

№ слайда 7  Аспан әлемі
Описание слайда:

Аспан әлемі

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Байқоныр ғарыш айлағы
Описание слайда:

Байқоныр ғарыш айлағы

№ слайда 13 Скафандр
Описание слайда:

Скафандр

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров78
Номер материала ДБ-001971
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх