Инфоурок / История / Презентации / Сынып сағаты «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сынып сағаты «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл»

библиотека
материалов




Нурканова Бакытжан Жамбырбаевна

тарих және география мұғалімі

«Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ

КГУ «Средняя школа№2 города Тайынша»

Классный час


Сынып сағаты «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл»

Мақсаты: жасөспөрімдерге Қазақ хандығының құрылуының тарихын түсіндірү және тәрбие ретінде балалардың өз еліне сүйіспеншілігін көтеру,Қазақстан тарихын білуге дағдырландыру.

Әдістемелік құралдар: Қазақстан картасы, атлас, кітап: «Қазақ хандар», хандардың портрет-суреттер.Презентация.

Қатысушылар: 6-9 сынып оқушылар, мұғалімдер.


Тақтада: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»

Н. Ә. Назарбаев


Мұғалім:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді қазақ елі.

Алтай мен Атыраудың арасында

Жетісу, жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында.

ІІ.Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл тойын біздің елдегі әр түрлі ұжымдарда, мекемелерде халқымыз іс-шаралар өткізіп жатыр. Бүгін біз де осы тойға орай сынып сағатын өткізбек.

550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерген. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.

Енді тарихқа назар аударайық.


ІІІ.Оқушылардың дайындаған баяндамалары

1 оқушы:

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.

2 оқушы

Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады»1. Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады..

3 оқушы

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.


Картадан көруге болады: Қазақ хандығының мекендеген жері.


Мұғалім:

ІҮ. "Ханталапай" ойыны.

Оқушыларға бірнеше тапсырма беріледі. Әрбір тапсырма 7 сұрақтан тұрады. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қазақ халқының басқару жүйесінің сатылары бойынша жоғары қарай жылжып отырады. 7 ұпай жинаған оқушы ұлы хан тағына көтеріледі.

1. Әріптер сыры

( Ж, С, Н, А, Х, Ш, Ұ)

Оқушыларға әріптер беріледі. Берілген сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.

1. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (жеті)

2. Ұлыс билеушісінің лауазымы (сұлтан)

3. Орта жүз руы ( найман)

4. Хан сайлану үшін кімнің ұрпағы болу міндетті болды?(Шыңғыс)

5. Туыстас бірнеше отбасынан құралатын қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы

( ауыл)

6. Ханның мал - мүлкін бөлісіп алу дәстүрі қалай аталады?(Ханталапай)

7. Дулат руы қай жүзге кіреді? (Ұлы жүзге)


Тарихи сынақ хат

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі -................. хандығындағы ру - тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар,.............. ұрпақтарының билік үшін таласы.

............. сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс........... көш бастады. Моғолстан ханы.............. Керей мен Жәнібекке.......... өзеннің бойынан қоныс бөліп берді............. жылдары Қазақ хандығын құрды. Хан тағына.............. отырды. Қазақ хандығының құрылымы........... сатыдан қаланды. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы.............. шаруашылығы болды.

Сынақ хаттың кілті: Әбілхайыр,Шыңғыс, Керей мен Жәнібек, Есенбұға ,Шу, 1465-1466 жж.,жеті, мал.

Ү. Қазір біз қазақ хандар туралы мәліметті көрейік та оқийық!

Презентацияны ұсыну.


ҮІ.Қорытынды.


1


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-319323

Похожие материалы