Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сынып сағаты Қазақстанның тәуелсіздігі

Сынып сағаты Қазақстанның тәуелсіздігі

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:


Қhello_html_m2cc902b4.pngазақстанның тәуелсіздігі!


hello_html_7d7480f0.png





ТӘРБИЕ САҒАТЫ:

Тәуелсіздік шыңдары-

биік ұғым!






Оқжетпес орта мектебі

Аннотация

Әр оқушының бойында Отанға деген патриоттық сезімін ояту- ол сынып жетекшісінің, сонымен қатар жалпы мұғалімнің міндеті. Әр оқушы -ол жерге егілген ағаш сияқты, егер жер өз нәрін ағашқа бере алмаса, ағаш та тасқа егілгендей, майысып-қисайып өседі. Жердің құнарлы болуы-ол табиғатты баптап, бағуына байланысты. Сондықтан ағаштың орнындағы жеке тұлға- Қазақстан Республикасының азаматы деген есіміне сай болып өсуі үшін, біз оған барлық сапалы білім мен саналы тәрбиені бере білуіміз керек, сонда ғана оқушы өз Отанына адал қызмет етіп, мемлекетіміздің бір бетінде нақты кірпіші болып қалана алады, жайқалған көркем ағашы болып өсе алады. Осы тәрбие сағатының әзірлемесінде қазіргі заманауи талабына сай өсетін тұлғаны тәрбиелеуді мақсат тұттым.

Сабақ әзірлемесін бес кезеңге бөлу арқылы сынып оқушыларын да топтарға бөлдім, бұл оқушылардың белгілі юағытта жұмыс жасауын жақсартады. Ал сабақ барысында әр кезеңге белгіленген оқушылар тек өзінің ғана емес өзгенің де көзқарасын тыңдауға машықтанады. Бұл тәрбие сағатында тарих шежіресінің нақты беттерін, Қазақстан елінің тәуелсіздікке қалай жеткенін суреттейтін өлең жолдарын, арнайы әзірленген слайдтарды қолдану арқылы әсемдік, эстетикалық бағытында жұмыс жүргізуді жоспарладым. Ұлттық рәміздер кезеңінің мақсаты: шәкірттерге оны танып-білу ғана емес, оны қадірлей білуге, көздерінің қарашығындай сақтауды жоспарладым. Үздік оқушыны Елбасы роліне қойып, оған Қазақстан Республикасы болашақта зор үмір артатынын сездіруді жөн көрдім. Ал кешегі Желтоқсан ызғарында кеткен қайсар аға-апамыздың ролдерін ойнату арқылы әр оқушының сол кездегі Тәуелсіздікті аңсаған адамзаттың күйін кешіп көруді бетке ұстадым. Себебі кешегіні білмеген, сезбеген адам, болашағын айқын жоспарлауы екіталай. Астана қаласының әсем ғимараттарын оқушылардың өздерінің жасауының бірден- бір мақсаты: әр оқушының туған жерінің топырағы мен онда пайда болған ғимараттарын танып, түсініп, құрметтей білуін мақсат еттім. Сабақ барысында толық интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді, СТО технологиясының, жобалау зертеу қызметін технологиясының, дамыта оқыту технологиясының, ИКТ техологиясының кейбір элементтерін қолдандым. Жалпы тәрбие сағатының мақсатында: алтын әріппен жазылған тарих беттерін пайдалана отырып, Қазақстанның болашақ ұрпағын сапалы білім мен саналы тәрбиеге қаныққан етіп тәрбиелеу болатын.



"Тәуелсіздік -шыңдары биік, ұлы ұғым" тәрбие сағаты

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат болып қалыптастыру, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру, әр оқушының жүрегіндегі Отанға жеген сезімдерін жоғары деңгейде болуын дамыту, әр оқушы ол жеке тұлға, ал Отан -ортақ ана екенін жүректеріне жеткізу.

Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру арқылы, еліміздің болашағы жас өспірімдердің, болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндірумен қатар, оқушыларды өз елін, жерін қорғап, оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, нақыл сөздер, Астана қаласының ғимараттарының макеттері, слайд-шоу, мультимедиа.


Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты, іздену, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың кезеңдері:

Психологиялық даярлық.

Оқушылар отырған қонақтарға мереке құрметіне гүлдер сыйлайды.

Оқушыларды: «Ұлттық рәміздер», «Тарих әлемі», «Желтоқсан жаңғырығы», «Қазақстанның тұңғыш Президенті», «Астана» деген бірнеше топқа бөлу.


Әнұран орындалады

Мұғалім: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 20 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті. Бүгінгі тәрбие сағатында осы Қазақстан деген Отанымыздың 20 жылдың ұлы тойынынң қарсаңында әрбәреуіміз жеріміздің топырағын ғана емес ауасын да толық танып білу керекпіз.Сондықтан оқушылар сендер бүгін топқа бөлініп Отанымыздың әрбір кірпішін сана-сезімімізбен, қайсар білім күшімен, патриоттық сезіммен тани білу керексіңдер.

1 кезең:Оян елім.

Ұлттық киім киген бірнеше оқушылар ортаға шығады:(Ұлттық рәміздер тобы),Тақтада ұлттық рәміздер жайлы слайд көрсетіледі.

Мойнында тудың түсіндей ашық, бейбіт аспанды бейнелейтін матасы бар оқушы рәміздердің жанына барып :

(А.Енсеповтың күйінің ырғағымен өлең оқиды):

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім

Самғап жүрсек бостандықта биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Шар Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

2 оқушы:

Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

3 оқушы:Енді мына сұраққа жауап беріңдерші:

-Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды?

Жауабы: Әнұранымен, туымен, елтаңбасымен айбатты, айбынды.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнелеген?

Жауабы: Балалар бір-бірден әңгімелейді.

-Ұлттық рәміздердің авторлары кім ?

Жауабы:Отырған басқа топтың оқушылары толық жауап беріп отырады.

Тақтада Қазақстан қандай мемлекет деген сауалға жауап іздестіреді.

  

кhello_html_3312a580.gifөп ұлтты жері,елі,тарихы бар бейбітшілік қалайтын

тәуелсіз бай


демократиялық құқықты



 «Ұлттық рәміздер» тобы қосылып :

Ұлттық рәмізім барда, қазақ деген ұлтым барда, Қазақстан деген тәуелсіз елім-жерім барда, біз де бармыз Мәңгілік;

2 кезең: Тарихтың алтын беттері

Ортаға ұлттық киім киген әсем үш қыз бала шығады, олар «Тарих әлеміне» шолу жасайды.

1 қыз бала:Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.

(Слайдтардан көріністер бейнеленеді.Ол слайдтарда жылдар мен күндер ғана жазылған,ал сол жағында жауаптары берілген, ал оқушылар оолардың сәйкестігін табу керек.)

1986 жыл 16 желтоқсан-Желтоқсан оқиғасы

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2011 жыл-Қазақстан республикасында Азияда ойындары өтті

3 кезең: Жаңғырық

(«Желтоқсан желі» өлеңінің әуенімен олең оқылады.)

1 оқушы: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін.

Бізге Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ...Ендеше қалай болды екен...

(Ортаға 2 топ «Желтоқсан жаңғырығы» тобының оқушылары шығады.)

2 оқушы: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

Алтынай: әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Көрініс

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

Қайрат: Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.

Көрініс

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Музыка әуенімен ортаға Қайраттың ролін орындаған оқушы шығып: Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Осы кезде фанфар ойнатылып, оқушылар бірін-бірі құттықтап, шағын мерекелік салют атылады.

 4 кезең: Елбасым !

Тақтада Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі жайлы слайдтар әсем музыка әуенімен тербетіліп, жүріп отырады.

Ортаға Н.Ә. Назарбаевтың ролін орындаушы оқушы мен бірнеше министрлер ролін орындаушы оқушылар шығады.

1 оқушы:1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

                                                              Шықты тарап ой данадан,

                                                              Бері қарады жұлдыз беті.

                                                              Өзі қалап сайлап алған,

                                                              Елімнің бар Президенті.

                                                              Шырақ етіп өмір нұрын,

                                                              Алыс жатты алдағы жол.

                                                              Ел намысын, елдің жүгін,

                                                              Арқалаған ардағым-ол.

  2 оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты Елбасы етіп қайта сайлайды, 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды, ал 2011 жылы Н.Ә. Назарбаев халық қалауымен тағы да 7 жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Президенті ролін орындаушы- сыныптың үздік оқушысы топтан шығып, тудың жанына тізе бүгіп, құдіретті тудың бір бұрышының шетін ұстап:

- Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге бірлігі жарасқан халық алдында, құдіретті ел мен қасиетті жер алдында, бейбітшілік аспан аясында өсіп келе жатқан ұрпақ алдында АНТ беремін.-дейді

5 кезең .Астанам-бас қалам!

(Ортаға Елорда Астана қаласының макеттерін өз қолдарымен жасаған «Астана» тобының бірнеше оқушысы шығады.)

Алтынай Жорабаеванының орындауындағы «Астана» әнін сыныптың өнерлі ұл баласымен, әнші қыз баласы нақышына келтіріп орындап береді.

(Тақтада Астана қаласынын сұлулығын бейнелейтін слайдтар көрсетіліп отырады.)

1997 жылы Қазақстан Республикасының Астанасы Алматы қаласынан Ақмолаға ауысып, өз атауын «Астана» деп жариялады. Осы кезден бастап Астана қаласы жылдан-жылға есем, күннен-күнге бой көтеруде.Әсем ғимараттар көздің жауын алады.Әр ғимараттың өз тарихы бар, өз шежіресі бар.

(Осы кезде әр оқушы өзінің қолдан жасап шығарған әсем ғимараттардың макеттерін сыныптастарына таныстырады. Артынша отырған оқушылар осы топтың жұмысын бағалайды, ең әсем де әсерлі маномент мектеп мұражайына естелік ретінде тапсырылады.)

4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.

Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді

Тәуелсіз Қазақстан жеріне ақ тілек

(оқушылар тақтада кезектесіп шығып отыратын төмендегі сөздерді пайдалана отырып, болашаққа тілек айту керек )

1Заман .2 Ел.3 Елбасы. 4 Заң.5 Қыз . 6 ҰЛ .7 Қазақстан. 8 Ата-ана .9 Ту.

10 Әнұран .11 Астана .12 Тіл .13 Жер .14 Байлық .15 Теңге .16 Мектеп .

17 Білім

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Ендеше оңайлықпен келмеген Тәелсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды сақтап, қадірлеп жүрейік. Отанға деген патриоттық сезімдеріміз мұхиттай терең, аспандай кең болу керек.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіздік -шыңдары биік, ұлы ұғым" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Тәрбие сағатының соңында оқушылар барлығы қолдарындағы шарлармен, гүлдермен ортаға шығып «Атамекен» әнін орындайды.



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров979
Номер материала ДВ-100570
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх