Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Бастауышым - балбұлағым" (4 сынып)

Сынып сағаты "Бастауышым - балбұлағым" (4 сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m7c23f33f.gifАқмола облысы

Ақкөл ауданы

3 Ақкөл орта мектебі



































Өткізген:Абдрахманова Г.А.





Бастауышым – балбұлағым!

Мақсаты: 1.Оқушылық өмірдің алғашқы баспалдағын аяқтаған

бүлдіршіндердің алғашқы ұстазымен қоштасу рәсімін

жасау.

2.Мәнерлеп оқу, ән айту, би билеу, сахнадағы өзін-өзі

ұстау дағдыларын дамыту.

3.Алтын ұя мектебін, Отанын сүюге, достық қарым-

қатынастарын дамыта түсуге, ата-ананы сыйлауға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі:мерекеге арналған газет,қанатты сөздер,суреттер,

шарлар.



Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздер «Бастауы-

шым-балбұлағым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне

жиналып отырсыздар.Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдары-

ңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табал-

дырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді.

Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышпен жоғары

сыныпқа өткелі отыр.

«Талаптарына нұр жаусын!» деп ертеңгілікті ашуға рұқсат

етіңіздер.

Вальс биі.

1-ші:Ағайын жұрт ардақты, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Көрермен күә болсын бастауышқа,

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.

2-ші:Мектеп, мектеп, бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

3-ші:Аяулы менің мектебім,

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңнен алар әлі де,

Арманым асқақ көп менің.

4-ші:Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сарқып төккенің.

Сусындап сенен нәр алсам,

Алатын шыңым көп менің,

Аяулы менің мектебім.

«Мектебім әні»

5-ші:Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,

Жетіліп ек бәріміз қол ұстасып.

Іс ілгері, толығып біліміміз,

Теріс басып, жүрмейікші шоқ басып.

6-шы:Ұрпағымыз қазақтың

Бермейміз елдің намысын.

Күткен үміт біздерден,

Баба әруағы қолдасын.

7-ші:Өнерліге толар ел іші,

Өнердің мол кеніші.

Ер ұландар сахнада,

«Қазақ жігіттері» әнімен қарсы алыңыздар.

Ұлдар тобы «Қазақ жігіттер» әні

8-ші:Жаралған ғажайып адамдық,

Мейірін балаға төгетін.

Ұстаздық - киелі мамандық,

Білім мен тәрбие беретін.

9-ші:Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,

Қаншама шәкірттерді түлеткен.

10-шы:Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

11-ші:Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап жыр айтам,

Ардақтап сізді өтем деп.

Ұстаздарға арнау

12-ші:Бірінші жыл бұл мектепті басқарады

Мектеп үшін көп жұмыс атқарады.

Көп үлес қосты мектепті көркейтуге,

Ербол Жанатұлы сізге мың алғыс.

13-ші:Талаптанып білім шыңға самғауға,

Біз мектепке алғаш рет барғанда.

Гүлжан апай қарсы алыпты біздерді,

Мерейіңіз биік болсын әрқашанда.

ән:Мен мектепке келдім,

Балаларды алдым.

Балалар қуанып,

Қарсы алды өзімді.

Оларменен ойнап,

Көп білімді жинап.

Сол білімді беріп,

Біріншіге жібердім.

(А.Пугачеваның әніне)

14-ші:Санамызда тұрса дағы сан ұғым,

Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.

Тілі менен әдебиетін орыстың,

Ләззат апай өзіңізден таныдық.

15-ші:Мы боялись, волновались,

Когда в школу нас вели.

Думали уроки скука

И что зря нас привели!

Волновались мы напрасно,

Оказалось все о-кей!

На уроках было классно,

Иучитель не злодей!

16-шы:Мы учились, мы старались,

Книжек много мы прочли.

И ругались, и мирились,

И друзей приобрели!

17-ші:Все доклады мы писали,

Стенгазеты выпускали,

Посещали мы музей.

Оказалось все о-кей!

Миниатюра « Тетрадь первоклассника»

18-ші: (қолында дәптер)Мне 10 лет, я в 4-ом классе,

Уже я в 5-ый перешел.

Я под диваном на террасе,

Вчера тетрадь свою нашел.

Мою тетрадь ...

Я в 1-ом классе потерял.

Внутри не разберешь ни слова,

Не ужто это я писал?

Какие страшные крючки,

И дохлые кружочки.

Согнулись будто старички,

И свесились со строчки.

19-шы:(дәптерге қарап, күліп айтады)Ну и толстуха буква «А»,

Ну, просто как лягушка!

У «Я»свернулась голова,

У «Е» сломалось ушко.

А это что за ерунда?

Четыре палки скачут!

Все наклонились, кто куда,

Как наш забор на даче.

Я веселилась от души;

Ужасно пишут малыши!

әндер: Нагружать все больше нас

Стали почему-то:

Мы кончаем 4-ый класс

Вроде института.

В 5-ый класс всего идем

Как в аспирантуру.

Будем ум свой укреплять,

Поднимать культуру..

Қ-сы:То ли еще будет(3рет) Ой-ой-ой!

(А.Пугачеваның әніне)

Ничего на свете лучше нету,

Чем бродить с учебником по свету.

Тем, кто учит, не страшны тревоги ,

Нам любые дороги уроки(2рет)

(Бремен музыканттары әніне)

Школа крепкая, не развалится

Не расклеится от дождей и вьюг.

Здесь в мороз и стужу

Мы с наукой дружим,

Ведь наука – самый-самый лучший друг.

Вычислить путь звезды

И развести сады

Да и построить мост

Все сможем скоро мы.

И пусть пройдут года,

Вспомним мы все равно

Этот просторный класс

Учителей глаза.

(А.Пугачева әніне)

20-шы:Жасау үшін жас өскіннен шын дарын

Талай балғын суретшіні шыңдадың.

Серікбай ағай үйреттіңіз біздерге

Әсем етіп сурет салу сырларын.

«Қошақан» әніне Ағай бізді үйретті

Түрлі сурет салуды

Қарындаш пен бояудың

Енді сырын білдік біз.

Сурет салу мәнерін

Үйренеміз ағайдан

Портрет,пейзаж, натюрморт

Саламыз біз жалықпай.

21-ші:Жетілдіріп жеткіншектер білімін,

Сырын ашқан ағылшынның тілінің.

Гүлнар апай еңбегіңді бағалап

Сізге шексіз алғыс айтар, сыныбым.

ағылшын тілінде « Шалқын» ертегісі

1-ші:Өмірдің мағынасы ән мен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый.

Мектепте олсыз өтпейді ешбір шара

Деніңіз сау болсын деп тілейміз Гүлназ апайға.

«Еркемай» әніне Музыкамен ән салып

Ноталарды үйрендік.

Көңіл күйді көтеріп

Ән саламыз бәріміз.

Қ-сы:Еркем, еркем, еркем-ай...

Гүлназ апай еңбегің

Биік шыңнан көрінсін.

Денсаулығы мықты боп

Әдемі боп жүре берсін.

2-ші:Ауырсақ дәрі беретін

Шақырсақ жүгіріп келетін.

Медбике Алтын апайға

Шексіз алғыс арналған

3-ші:Дәмді етіп дайындап,

Ас мәзірін ұсынған.

Рабиға апай

Сізге алғыс жолданған.

«Шығыс биі» Тоқтарханова Әминаның орындауында

4-ші:Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

5-ші:Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

6-ші:Бар білгенің біздерден аямаған,

«А» деп үйретіп аялаған.

Сіз біз үшін құрметтісіз,

Сіз біз үшін бағалысыз, аяулы адам.

Бойымызға нәр берген, білім берген,

Жүріңізші жадырап, күлімдеумен.

Өзіңізді бәріміз ұмытпаймыз,

Құрметті Гүлнар апайымыз!

«Қызыл гүлім-ай» әніне

Күздігүні мектепке келіп еді,

Балалары алдынан шыға келді.

Оларменен танысып, білім беріп,

Бесіншіге қимай-қимай беріп еді.

Қ-сы:Балалары –ай-ай,

Ұстаздары –ай-ай.

Осы мектептің- қолғанаттары(мақтаныштары)

Қарсы алсың құшақ жая апайлары,

Ыстық болсын әр баланың қылықтары.

Бір белестен өте шықты балалары,

Ата-ана құтты болсын қадамдары.

Қ-сы

Барлығы бірге:Зор үміт күткен біздерден,

Келешек ұлан ұрпақпыз.

Ұстаздардан алған біліммен,

Шыңдарға биік шықпақпыз.

«Ұстазым» әні қыздар тобы.

7-ші:Осы күнге жеткенің,

Ата-анаң еңбегі.

Өлшеусіз сол еңбекті,

Ақта!-деді ұстазым.

8-ші:Дүниеге әкелген, ол да сенсің анашым,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенсің анашым.

Тіл алмасам, кешірген, ол да сенсің анашым,

Мәпелеген баласын, ол да сенсің анашым.

9-шы:Ыстық-ау кім-кімге де әкем деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Барлығы бірге: Ата-анаға мың алғыс!

Музыкалық пьеса «Мой любимый коричневый кувшинчик». Орындайтын Рауана

45 минуттың қызықтары.

(Математика сабағы) Мұғалім:Сенің қолында 8 қалам бар.Оның төртеуін досыңа бердің,өзіңде қанша қалам қалды? Оқушы:Мен оларға бергенше, үйдегі сіңліме бергенім жақсы ғой.

Мұғалім:Қатты зат килограммен, сұйық зат литрмен өлшенеді.Ал арақашықтық немен өлшенеді? Оқушы:Сызғышпен.

(Дүниетану сабағы)

Мұғалім:Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! Оқушы:Жер, ауа, от ... Мұғалім:Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолынды немен жуасын? Оқушы:Таптым, таптым, сабынмен!

Мұғалім:Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жерден Ай алыс па, Африка алыс па? Оқушы:Әрине,Африка алыс.Өйткені біз Айды көреміз, Ал Африканы көрмейміз.

Ашық сабақ болып жатқан кезде.

-Мереке,Ыбырай Алтынсаринның «Өзен» өлеңін жатқа айтшы,- дейді апай.

-Артта отырған мұғалімдерден ұяламын, - деді Мереке

Оқушылар мен ата-аналары өмірінен көріністер:

«Есеп»

Бала: Әке,кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен. Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес! Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама,мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім. Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ? Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды? деген сұраққа...

Әкесі баласына телефон соғады: -Алло, тамақ не болды? -Табаки нету -Сабақ оқыдың ба? -Сабаки нету -Әй нетуіңмен құры, ит-ай күйдірдің-ау -Папа,куда идти?

Заманауи биі.

«Терең су» көрініс.

Күй.Домбырамен орындайтын Әлишер, Данияр, Мақсатбек

10-шы:Абзал жан бар биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір,

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.

Құттықтау сөз мектеп басшысына мен оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Балаларға диплом беру.

«Кір жуу» әзіл биі.

11-ші:Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап,

Келді ата-анамыз.

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз.

Ата-аналар сөз алып, тілектерін білдіреді.

Ата-аналарға алғыс хаттарды беру.

12-ші:Қызықты бір күн бір күннен

Бастауышым балғын ғұмырым,

Япыр-ау бұрын кім білген,

Қоштасудың бұл қиынын?!

13-ші:Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

«Армандастар» әні.

Құттықтау сөз сынып жетекшісіне беріледі.

Осымен «Бастауышым-Балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров120
Номер материала ДВ-346250
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх