Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСынып сағаты " Білім көзі - кітапта"

Сынып сағаты " Білім көзі - кітапта"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Өзін-өзі тану гимназиясы                   Мерзiм: 26.02.15ж

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:  Қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық

Мұғалiм:Ауезаитова Ж. Т.     Сынып: 2 «Ә»       Оқушылар саны: 16

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  «қайырымдылық», «мейірімділік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

      қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

      өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

      мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңi.  

 

                                Тыныштық  сәті

         СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА ОЙША САЯХАТ.

               Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

                 Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр.

Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.

Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз...  бұл орасан зор  сегізаяқ.  Су  асты  неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық.   Осы  тыныштық  күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз  әлемімізге кері  қайтуға дайындалыңыз. Айналаға  жіті қараңыз.  Ғажап түстерге  тағы бір  рет  қараңыз  және  тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге  самалдай  әсер  береді.  Енді  дельфин  кері  қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.    Мәтіннің суретін көрсету. 

                       «Жай ғана әжей»   мәтінін әңгімелеу. 

                                          В. Осеева

     1. Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?  

     2. Бұл оқиғадан не үйрендің?

     3. Жақсылықты біз тек таныстары мызға ғана жасауымыз керек пе?                  

    4. Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

 ІІІ. Әңгiмелеу:                                                                      

                                         Жақсы ата

                                                            Е. Шайқыұлы       

      Ерасыл биыл төртке толады. Оның туған күніне атасы мен әжесі әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді.  Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермейді.

     Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол:

     -Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

    Әкесі:

   -Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесінде болатын. Әшейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып өз бөлмесінен шықпай қойды. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап отырған атасы:

   -Ерасыл, жүре ғой, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, аққала жасатып ойнатып келейін, - деді .

    Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп қырдан оқша зулады. Үйге қайтып келе жатып атасына:

   -Ата, бұл дүниеде сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.                                                                              -Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп. 

Сұраққа жауап:

1.Атасы мен әжесі немересіне не сыйлады?

2.Ерасылдың неліктен ызасы келді? 

3.Атасы Ерасылға қандай ұсыныс жасады?  

4. Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді?

5. Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалды?

6. Мейірімділік деген не?

7. Қалай мейірімді болуға болады?    

  

ІV. Дәйексөз.                                                              

    Қайырымды іс жасасаң, қайырлы болар әр ісің.     

                                                     Халық нақылы

 Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?

 

 

 

V. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс                                                                          

 

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі. / Мейірімділік және сүйіспеншілік /            

1-тапсырма  / 2 минут /

1-топқа: Дәптердегі 28-беттегі тапсырма.

2-топқа: Дәптердегі 29-беттегі тапсырма. 

                          2-тапсырма  / 2 минут /

      Алдарындағы суретке өздерінің жақсы тілек, жылы лебіздерін жазу.

       Суреттерін тақтаға іліп қорғау. Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

                          3-тапсырма   Жағдаяттарды шешу.

      а/ Сені сыныптасың ауырып сабаққа бірнеше күн келе алмады. Сендер не істейсіңдер?

      ә/ Сенің досың сурет сабағына керекті түсті қарындаштарын үйде ұмытып кетті. Сен оған қалай көмектесесің?

      б/ Бір кішкентай қыз құлап аяғын жарақаттап алды.Ол қыз үшін сен не істей аласың?

       в/ Көршіңнің күшігі жоғалып кетті. Сен қол ұшыңды қалай бересің?

 

 

VІ.  Топпен ән айту.

                                  Балдырған

                                 

                                    Сөзін жазған: Р. Архабаева

                                    Әнін жазған: А. Асанов

Біз кішкентай балдырған,

Қылығымен таң қылған.

Біздің орта көңілді,

Отты үрлеп жандырған.

       Қуыр-қуыр, қуырмаш,

       Балдырғанға құлақ ас.

       Секір, жүгір, тоқтама,

       Ой болмасын жасырмас.

Балдай тәтті балдырған,

Құмарыңды қандырған.

Өнер тамған саусақтан,

Жоқ нәрсені бар қылған.

 

Біз бақытты балдырған,

Ыршып аяқ талдырған.

Сөздің сырын түсінбей,

Не бір сұрақ жандырған.

 

VІІ.   Үйге тапсырма.                                          

           М. Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін  оқып, әңгімелеп  келу. 91-94-беттер.

VІІІ.  Соңғы тыныштық сәтi. Үнтаспадан тыңдау.  

                 Жүрек жылуы

                                          Ж. Әділжанқызы

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

 

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

                             Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Бағалау.Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты " Білім көзі - кітапта""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 798
    • DOCX 605.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауезаитова Жанат Турсыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ауезаитова Жанат Турсыновна
    Ауезаитова Жанат Турсыновна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6333
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе