Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сынып сағаты: "Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналады"

Сынып сағаты: "Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналады"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып сағатының тақырыбы: «Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналады»


«Тапқыр достар» ойыны.


Мақсаты:


  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;


  • Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;



  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: ойын сабағы.


Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта,тақта безендіру.


Тәрбие сағатының барысы:



Мұғалімнің алғашқы сөзі:


  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 8 сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.



Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Алтынсаринның мектеп ашу, бала оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып, белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына, сонымен қатар ол өзінің педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай, оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады.


Әр топта 3 оқушыдан:

Эмблемасы, топтың аты.


Ойынымыз 4 кезеңнен тұрады:



І Таныстыру.

ІІ Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)

ІІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

ІҮ Мәнерлеп оқу шеберлігі(Ы.Алтынсариннің өлендері)

Ү Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау)


І кезең- Таныстыру


Әр топ өздерін , эмблемаларын таныстырады.

(әділқазылар алқасы бағалау парағы бойынша бағалайды)


1топ: Топтың аты: Бүркіт (эмблемада бүркіттің суреті бейнеленген)

Тобымыздың ұраны: Бүркіттей боп самғаймыз,

Биікте де, көкте де.

Қол қусырып тұрмаймыз.

Көрінеміз биіктен.

1топта қатысушылар:

2 топ: Топтың аты: Жалын (эмблемада оттың суреті бейнеленген)

Тобымыздың ұраны: Жалын болып жалындап,

От болып, лаулап жанамыз.

Қарсы топты әрқашан,

Жеңіп біз де шығамыз.



ІІ кезең – Кім тапқыр?


Әр топ басшысы жетон таңдап алады. Қай топқа қызыл түс түссе, сол топ бірінші боп қойылатын сұрақтарға жауап береді.


Сұрақтары: (әр топқа 7 сұрақтан қойылады)


1 топқа қойылатын сұрақтар.


1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ыбырай неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады? (4 жасында)

3. Балқожа би деген кім? ( атасы)

4. Мектепті қай жылы бітіріп шығады? ( 1857 жылы)

5. 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? (14 бала)

6. Ең алған шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ хрестоматиясы)

7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиелейді?


2 топқа қойылатын сұрақтар.

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Ыбырай қай жерде дүниеге келді?

3. Ыбырай қай жылы мектепке барады? ( 1850 жылы)

4. Ол қандай мектеп еді? ( орыс-қазақ мектебі)

5. Қай жылы мектепке Ыбырай ұстаз болады? ( 1864)

6. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар.

7.Қандай қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)


ІII кезең –« Ойлан тап».

Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.


10 20 30


10 20 30


Бірінші бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.)

Бірінші бағандағы 20 саныСуреттегі жазушы кім?(Абай Құнанбаев)

Бірінші бағандағы 30 саныЫ.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? (1841)

Екінші бағандағы 10 саны10 ұпай сыйға беріледі.

Екінші бағандағы 20 саныБерілген өлең шумағын жалғастыр.

Өнер — білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.

Екінші бағандағы 30 саны«Менің атым- Қожа» әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?


IҮ кезең – Мәнерлеп оқу шеберлігі.

2 топ өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналайды.


Бейне клип Ы.Алтынсарин туралы.


ҮI кезең - Қорытынды:

Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.

- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен аяқтаймыз.


Соңында «Атамекен» туралы ән орындалады.

















Әй, достарым

Ыбырай Алтынсарин


Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.























Әй, жігіттер

Ыбырай Алтынсарин


Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.
Бас ауырса бақсыларды
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырырсың.
Жын - бәлекет қашады деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен.































1топ: Топтың аты: Бүркіт

Тобымыздың ұраны: Бүркіттей боп самғаймыз,

Биікте де, көкте де.

Қол қусырып тұрмаймыз.

Көрінеміз биіктен.





2 топ: Топтың аты: Жалын

Тобымыздың ұраны: Жалын болып жалындап,

От болып, лаулап жанамыз.

Қарсы топты әрқашан,

Жеңіп біз де шығамыз



































«Бүркіт» тобы

hello_html_b01c943.jpg





































«Жалын» тобы

hello_html_m73fbe878.jpg

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 25.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1189
Номер материала ДБ-288424
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх