Инфоурок Другое КонспектыСынып сағаты «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»

Сынып сағаты «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ жігіті мен қыздарының бойына тән

                                  өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны 

                                   ұлттық салт – дәстүр,әдет – ғұрып тарихымен байланыс-

                                   тыра білу және тәрбие сағаты арқылы қазақ жігіттері

                                   мен қыздарының бұрынғы өмірі мен олардың киген

                                   ұлттық киімдерімен таныстыру.

Сабқтың көрнекілігі: қазақ қызы мен жігітінің суреттері, ұлағатты сөздер.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

     Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», дегендей, халқымыз жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген.Сол сияқты бүгінгі өтетін «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» атты сыныптан тыс іс – шарамызға қош келдіңіздер.

    Халықтың тәрбиесінің өзекті бір саласы жас ұрпақты имандылық, мейірімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Мысалы: жасы үлкен кісіге иіліп сәлем беру, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау, мүгедек – кәріп жандарға қамқор болу ұл қызымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сондай – ақ қазақ халқы үшін өтірік айту, ұрлық жасау, құлық сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан жас жеткіншекті  біреудің ала жібін аттама, өтірік өрге батырмайды деп адалдыққа тәрбиелеген.

             

               Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын

               Көрінер толған айдай жүзі жарқын

               Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

               Халқының сақтай білген ізгі салтын. 

 

    Қыз баланы ізетті, инабатты, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» дегендей, халқымыздың қыз құрметтеп киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын, ер тұрманның әшекейлісін қыздарына тарту  ете отырып, «қызға қырық үйден тыйым» деген мақалды да істен шығармаған.

              

               Көрсін біздей балғынды,

               Көңілденсің ел енді

               Шырқатайық өлеңді,- деп келесі кезекті әнге берейік.

 

Ән.

   

     Халқымыз «Жігіт сегіз қырлы бір сырлы» болсын деген.

Мұның түп – төркіні жігіт барлық жерде де әр қыры мен  танылып,бірақ оның сыры біреу ғана болсын деген сөз.

                              «Жігіттерге өсиет»

                Жақсы бол,жігіт болсан ел көргендей,

                Досыңа қосылғанда дем бергендей.

                Пайданды жақсы болсан тигіз көпке

                Тұйғынға қапастағы жем бергендей.

                Жігіт бол, жігіт болсан бұлғақтаймын,

                Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.

                Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі,

                Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.

 

      Қазақ халқында жігіттің үш жұрты бар дейді.Соны кім айтар екен?

Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.Халық арасында мұны өз жұртының күншіл, қайын жұртын міншіл, нағашы жұртын сыншыл деп те мәтелдейді.

      Ер қаруы бес қаруды кім біледі? Жігіттің бес қаруы бар: садақ, найза, қылыш, мылтық, айбалта.

      Жігіттің жеті қазынасы деген не? Олар: ақыл – білім, өнер, сұлу әйел, жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы, қыран бүркіт.

              

               Халқымның әні қандай, жыры қандай,

               Шешемнің нәрі тамған тілі балдай.

               Шымырлап ән бойына тарайтұғын,

               Ал күйін нәзік жандай балқытқандай, - дей  отыра кезекті күй тыңдайық.

 

Күй.

      

     Біздің бүгінгі «Қызым - қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» атты сыныптан тыс іс – шарамызда сіздерді бұрынғы қазақ ауылының жастарының өмірімен таныстырамыз.

       Қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киім үлгілері көрсетіледі.

Сәукеле - қыздардың бас киімі, оны ұзатылатын қыздар және оның жаныңа еріп жүретін құрбылары киетін болған. Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақ баяу, артқы бойы. Сәукеле әртүрлі моншақтармен әшекейленеді. Оның биіктігі екі сүйем немесе одан да биік болады.

Қамзол - әйелдердің ұлттық киімдерінің бір түрі. Оны көйлек сыртынан киеді. Қамзолды кей жерлерде женсіз бешпент, көзекей деп те атайды. Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Оның омырауына алтын, күміс жолатқан түймелер тағылады.

Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Оның есебіне олар мүйіз, ат ерін, шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді.

Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оны былғарыдан, құрымнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіз немесе ластық киеді. Мәсі әрі жеңіл әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін өте қолайлы. Соңғы жылдары мәсіні көптеп шығаратын болады. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан – жылға көбейе түсуде.

Саптама етік – ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен қыс бойы далада болатын малшыларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыдан, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қысқа табан болып келеді. Етіктің табанының ішінен суық өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы ұлтанның арасына бірнеше қабат көн салады.

Шапан – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалын матадан арасына жүн мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Қазіргі кезде түрлі – түсті масатыдан екі өнірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жағадай шапандар тігіліп сатылады. Қазақ халқында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.

 

      Қазір енді мақал – мәтел жарысы болады. Мен бірінші жолын оқимын, ал сендер екінші жолын тауып маған оқисындар.

 

Жеті атасын білген ұл,

     Жеті жұрттың қамын жер.

 

2.   Әке көрген оқ жанар,

     Шеше көрген тон пішер.

 

3.  Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

     Ұлы атадан үйренбей сапарға шықпас.

 

4.  Әкеге қарап ұл өсер,

     Шешеге қарап қыз өсер.

 

5.  Атадан жақсы ұл туса,

     Елінің қамын жейді.

     Атадан жаман ұл туса,

     Елінің малын жейді.

 

6.   Қыз өссе елдің көркі,

      Гүл өссе жердің көркі.

 

 7.  Атасыз үй – батасыз.

      Анасыз үй – панасыз.

 

8.   Ұлға – отыз үйден

       Қызға – қырық үйден тыю.

 

 

9.   Әдепті бала арлы бала,

      Әдепсіз бала сорлы бала.

 

Енді  жұмбақ шешеміз.

 

Төрттен қосқан басы бар,

Маңдайында шашы бар.

Өзің көрген баяғы,

Салпылдайды сабағы.   ( Тымақ)

 

Бір нәрсе менен биік,

Кейде менен аласа.

Мұндай қызық дүниеде

Көріп педің тамаша.   ( Бөрік)

 

Қорытынды.  Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

 

Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалап шығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 2148
    • DOCX 16.8 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бектасова Айнур Булатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бектасова Айнур Булатовна
    Бектасова Айнур Булатовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9442
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой