Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / ОБЖ / Рабочие программы / Сынып сағаты: Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Сынып сағаты: Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші

библиотека
материалов

Ауған ақиқаты

Тәрбие сағаты 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші

Мақсаты:
Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд. Тақырыбы жазылған баннер, ерлік туралы мақалдар: «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса – ел ырысы»

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
1. Тогжигитов Ерболсын

2. Шайгожанов Темірбек

3. Кенебаев Кенжегали

4. Оспанов Серік

Кездесу кештің барысы
1 - жүргізуші:
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 10 сыныбының ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған ақиқаты» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

Мемлекеттік Гимн орындалады.


Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Слайд)
Алдымыздағы ақпанның 15 — інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 27 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең — кезеңге бөліп, Ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас — аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,
10 жылға созылған Ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.

- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 761 қазақстандық мерт болып, 484 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда



1 - жүргізуші: Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Олар да жарық дүниеге, болашақтың қызығына құштар еді. Амал нешік? Азаматтық,

Интернационалдық борышын адал атқарған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алайық!
2- жүргізуші: Бүгінгі ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған іс - шараның бет пердесін ашу үшін сөз кезегін Ы. Алтынсарин атындағы мектеп директоры: Мусина Айшагуль Джанысбаевнаға береміз.

1 - жүргізуші: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың

2 - жүргізуші: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан - осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан - жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!

1 - жүргізуші: Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер – дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979 - 1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес. Отанды қорғау – азаматтық парызым деп білген, Интернационалдық борышын абыроймен өтеген, бүгінгі кештің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Сарқан қаласы ауған соғысына қатысқан мүгедектер мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Токжигитов Ерболсын
2. Оспанов Серік Нүсіпбекұлы
3. Шайгожанов Темірбек Башаевич
4.

2 - жүргізуші: 1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н. М. Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс - әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды.
1 - жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан ірі шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10 000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Соның ішінде Сарқан өнірінде 49 - ға тарта ауған соғысы ардагерлері тұрады. Ауған соғысы ардагерлерінің мүдделерін қорғайтын «Мүгедектер мен ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» жұмыс жасайды.
2 - жүргізуші: Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Бүгінгі біздің «Отанды қорғау – Интернационалдық борышың» атты іс - шарамызға қатысып отырған ауған ардагерлеріне және барлық ардагерлерімізге құрметпен қошемет көрсетелік.
Ән орындалады. «Қазақ жігіттері»

Оқушыларға кезек беріледі.
1 - оқушы:
- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендерді жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

2 - оқушы:
Әуелің Отан - ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!

3 - оқушы: Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала-шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

4 - оқушы: Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге,
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Ән «_____________».


5 - оқушы: - 1979 жылдың 25 – желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни, 9 – жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр бәздің Қазақстанда да сақталған. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?
Қайсар жүрек Ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жырланған жаныңды емдер
Өлгендер тағзым етіп, дұға оқимыз,
Ортамызда жүргендер дәуірлеңдер.


1 - жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізге келіп отырған құрметті қонақтарымызға сөз кезегін берсек.
ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.
(сұрақ - жауап)

Ән орындалады.





Жүргізуші: Ал, енді, құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!


1 – ұлан: Оқушымын бүгін мен,

Кіп-кішкентай баламын.

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын.


2 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем

Капитан, қатал мінезі.

Сендерге достар ант етем,

Генерал болам мен өзім.


3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр!

Бастайық енді ойынды.

Болу үшін нақ батыр,

Жаттығу аса қажетті.


(Осы жерде әскери ойындар түрінен қысқаша элементтер көрсету керек).

4 – ұлан: Жауға басын имеген,

Жауыздықты сүймеген.

Ісіңе, Аға, еліктеп,

Ерлігіңді үйренем.


5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен,

Қырандар бірге самғаған.

Әзірге титтай болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!


6 – ұлан: Жер бетінде тыныштық!

Жер бетінде туыстық!

Баянды бақыт Адамға!

Орнатуға Далаға!

Сәбилік таза көңілмен


Бәрі: Ант етеміз!

Ант етеміз!

Ант етеміз!


2 - жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.


1 - жүргізуші: Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығуына 27 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Отанды қорғау – Интернационалдық борышың» атты іс - шарамыз өз мәресіне жетті. Сіздердің ерліктеріңіз келешек ұрпаққа мол өнеге. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Орындалар ән сіздерге арналады.
Ән орындалады. «Жаса, Қазақстан».


















Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел ОБЖ
Подраздел Рабочие программы
Просмотров826
Номер материала ДВ-525276
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх