Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім"

Сынып сағаты "Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қітап ғалым - тілсіз мұғалім

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын, ынтасын, ықыласын арттыру.

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, алатын орны туралы түсінік беру.

Қітап, оның маңызы «Рұхани байлық» жайлы логикалық ой - өрісін, түсінігін дамыту. Кітап, оқу құралдарын күтіп ұстауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Балаларға арналған кітаптар көрмесі, балалар жазушыларының және ақын- жазушылар портреті, жерлес ақын жазушылар шығармалары, портреттері, ребус, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Шақырылған қонақтармен таныстыру.

Мұғалім:

Жұмбақ.

Қызықтап күнде сен,

Суретін көресің.

Оқисың одан сен,

Ертегі, өлеңді. Ол не?

  • Ендеше балалар, біздің бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар? Тақырыппен таныстыру.(слайд)

  • Ал, осы кітап бізге қайдан, қалай келеді? Қане, кім айтады? (Оқушылардың ой – пікірлерін тыңдау)

  • Слайдқа назар аудару. Ендеше балалар, кітап бізге

жазушы , ақын, тілші, журналистер еңбегі редакцияға келіп, одан баспада теріліп, одан кітапхана, кітаптар дүкендеріне, киоскілерге түсіп, одан біздің қолымызға тиеді екен. Оңай жолмен келе ме екен?

Өздерің қандай ақын – жазушы еңбектерін білесіңдер және қандай шығармаларды оқығанды жақсы көресіңдер. (Әңгімелету)

Ақын – жазушылар портретін слайдтар арқылы көрсету, аты – жөнін, қандай шығармаларын оқығандықтарын айтқызу. Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтқызу.

- Өз жерлес ақын – жазушы, тілшілеріміз туралы не білесіңдер? (Әңгімелету, слайд бойынша жұмыс).

«Жалғастыр» ойыны бойынша төмендегі мақал – мәтелдерді толықтыру.

Кітап - ...


Кітап – көзі ашыққа ...(маржан)

Көзі жұмыққа ...(арзан)

Ақыл мен білім және тапқырлық адамды ...(күшті етеді).


Мақал – мәтел бойынша түсініктерін әңгімелету.

Сонымен кітап дегеніміз не? Ол бізге не үшін керек? Рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер? Рухани жұтаң, рухани бай адам туралы не айтасыңдар? (Слайд бойынша жұмыс).

hello_html_m1b922d2b.gif

Рухани азығың

Досың

Ой – санаң

Кітап Көмекшің

Ақылшың

Байлығың

Мұғалімің

Тілің

  • Ал , қандай өздеріңе арнап шығарылатын газет – журналдарды білесіңдер?

  • Ол газет – журналдарға өздерің жазған қандай шығарма, өлең, салған суреттеріңді жібердіңдер? Бар болса көрсету. «Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Балбөбек» т. б. газет – журналдарды көрмеден көрсету.

  • Ал, көп біліп, рухани жан дүниеміз бай болу үшін не істеу керек?

  • Қолымыздағы өзімізге таныс, күнделікті оқып жүрген қандай оқулықтарымыз бар? Олардың авторлары кім? Автор мен жазушы, ақындардың айырмашылығы бар ма? Бар болса қандай? Оқулықтарды сендер қалай, қайдан алдыңдар,Сатып алдыңдар ма? Бұл оқулықтар тек біз үшін ғана керек пе, әлде басқалар үшін де керек пе?

  • Мектебіміздің кітапханашыларын білеміз бе? Тағыда ауылымызда кітапхана бар ма? Бұл кітапханалардың айырмашылығы бар ма? Сөз кезегін өз кітапханашы апайымызға берейік, ол кісі қысқаша кітапханадағы кітаптар туралы әңгімелеп берсін. Өздерің кітапханадан кітап алып оқыған боларсыңдар.(Кітапханашыларға сөз беру, сұрақтар қойдыру).

  • Кітап біз үшін ең сенімді ақылшы досымыз, оны күтіп ұстау, әрқайсымыздың да міндетіміз екен.

  • Ол туралы М. Хакимжанова апаларың не деген еді?

1 - оқушы

Бөбектерім, оқы, ойна,

Оқу, білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

2 - оқушы

Н. Айтов атамыз ше?

Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

3 - оқушы

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп – тегін.

Білмейсің – ау сен бірақ,

Қаншама еңбек еткенін

4 - оқушы

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


  • Ендеше балалар ақын апа – аталарымыз айтқандай, біз осы қолымыздағы оқулықтарымызды күтіп ұстаумен қатар, қосымша әдеби кітап, газет – журналдарды да көп оқуымыз керек. Ол үшін қалай оқуымыз керек?

Көрініс: «Кітап ескірмейді».

  • Өзіміздің осы аудан орталығынан қандай газет шығады? Ол жерде жұмыс істейтін адамдар туралы естігендерің немесе танитындарың бар ма? Әңгімелету.Сөз кезегін аудандық «Іле өңірі» газетінің қызметкерлеріне берейік.(Қонақтарға кезекпен сөз беру).

  • Келешекте балалар, осындай қаламгер боламыз десеңдер, міне, осы отырған аға – апайларыңа жазған шығарма, өлеңдеріңді апарып берулеріңе болады. Қонақтарға сұрақтар қойдыру.

5 - оқушы

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап көрсем жаңадан

Кітап маған ұнады

Кітап білім бұлағы.

6 - оқушы

Кітап та - алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

7 - оқушы

Көп білуге ұмтылған –

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған –

Көп нәрсені тоқиды.


  • Ал, кітап туралы қандай нақыл сөздер білеміз?

8 - оқушы

  • Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

9 - оқушы

Кітап – адал пейіл, асыл дос.

Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң,

Өзіңе тіл қатады.

10 - оқушы

Жақсы кітап – адал дос, ақыл жолдас,

Ондай ешкім, еш нәрсе жақын болмас.

Кітап туралы оқушылар өздері құрастырған «Ребустарын» шешу.

Мұғалім:

Жұмбақ

Бір қойым бар, қаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар, жаны жоқ. Ол не?

Оқушылар өнерін тамашалау.

Қорыту.

Осымен құрметті қонақтар, оқушылар, біздің «Кітап ғалым – тілсіз - мұғалім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, сөз кезегін қатысушы қонақтарға берейік.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДВ-449394
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх