Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Сынып сағаты" (2 класс)

"Сынып сағаты" (2 класс)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
Конституциялық құқық негіздерін білуге үйрету.
Оқушыларды құқық тақырыбын талқылауға, өз бетімен ізденуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Сынып сағаты
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 17 жыл толып отыр.
Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып табылады.

Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлері бар?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы









№ 6. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;

Жұмбақ жасыру.
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)









Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)
Қорытынды.
Олай болса, біз құқық туралы не білеміз, білгенімізді ортаға салайық.
2-жүргізуші: Онда балалар көрініс дайындап келіпті, көрініске кезекті берейік)

Сен өз құқығыңды білесің бе?
(қойылым көру арқылы пікірлесу,шолужасау)
Ата Заңымыздың 27бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті делінген.
Ата Заңымыздың 17бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.
1-көрініс:
Үш оқушы келе жатыр. Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз?
Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы. –Таптым-таптым бәрің аузыңды ашып қаласың, анау ағашқа от тигізсек өте үлкен алау болады да сендер ауыздарыңды ашып қаласыңдар. От тигізейік –деп жүгіре жөнелді. Екеуі ол баланы от керек емес деп әрең тоқтатты.
1-жүргізуші:Сұрақ: қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?
2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
(оқушылар пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Балалар 24бапты білгенмен, 38бапты білмейді екен.

Ата Заңның 24бабында: «әркімнің тынығу құқығы бар» делінген. Ата Заңның 38бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» деген.
1-жүргізуші:Міндетті түрде құқықтарымызды оқып түсініп, оларға мән берген жөн.
Сергіту сәті: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру

/заң,құқық,адам,қоғам/
Анельдің әншашуы «Көк тудың желбірегені»



Автор
Дата добавления 02.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДВ-500745
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх