Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСынып сағаты "Әліппемен қоштасу"

Сынып сағаты "Әліппемен қоштасу"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар шығармашылығын арттыру, логикалық ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Білімге қызығушылығын арттыру.

Мәнерлеп тақпақ айтып, рөльдерде ойнауға, өнер көрсетуге дағдыландырып, машықтандыру.

Көрнекілігі: Әріптер қатары, суреттер, маскалар, үлестірмелер, қанатты сөздер, техникалық құралдар слайдтар, шарлар т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

  • Балалар біз бүгін не үшін жиналып, әбігерленудеміз?

  • Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде, қандай көңіл – күйде болып едіңдер?

  • Ал, қазыргі күнде ше?

  • Алғаш бізге әріптер туралы мағлұмат беріп, әріптер ордасына жол ашқан қай кітап?

  • Ал осы оқулықтың алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған, оны кім, кімдерге арнаған? (Слайдтан Н. Назарбаев портретін көрсету).

Аяулым:

- Айналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» – аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың.

Дастан:

Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!

Дарын:

Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.

Еркежен:

Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

- Ал осы Әліппе оқулығын ең алғаш жазған, қазақ балары үшін құрастырған кім? Ол туралы не білесіңдер? (Слайдтармен жұмыс). ӘЛІППЕ – оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық. Ал, қазақ балалары үшін тұңғыш Әліппе жазған Ахмет Байтұрсынов, ал оқулығын жазған Ыбырай Алтынсарин.

  • Ахмет Байтурсынов өз өлеңінде не айтқан еді?

Ерәлі:

  • Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтырап.

  • Ыбырай Алтынсарин балаларға, сендерге қандай өсиет өлеңін қалдырған?

  • Кел, балалар, оқылық.

Дана:

  • Бір аллаға сыйынып,

Кел, балалар оқылық.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!



Әбдікәрім Назерке:

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей – ақ табылар.

Хор: «Әліппе» (Тақтаға ана, бала,Отан сөздерін жаздыру).

Музыкамен фантастикалық скафандр киген Дымбілмес ортаға шығады.

  • Балалар, кітабымды көрген жоқсыңдар ма? Айдағы достарыма апарып көрсетейін деп едім! Көмектесіңдерші?!

Балақай:

- Дымбілмес, кітабыңның сыртында қандай сурет болып еді?

- Білмеймін.

Мақта қыз:

- Дымбілмес кітабыңның сыртында қандай жазу болып еді?

- Білмеймін?

Ерәлі:

- Кітап сенікі болса қалайша білмейсің?

- Білмеймін?

Еркежан:

- Кітап ендеше сенікі емес қой? Жүріңдер одан да кетейік ?

Дымбілмес жыламсырап: Балалар, көмектесіңдерші менің айға ұшатын уақытым таяп қалды. Айдағы достарым мені кітап әкеледі деп күтіп отыр.

Дарын:

Уәдеде тұруға тырысқаның өте жақсы.

Назерке:

-Сол үшін біз саған көмектесеміз.Онда әрқайсымыз өз достарымызды шақырайық.

Дымбілмес:

- Келістік! Алақай! Менің Карлсон деген досым бар.

Карлсон:

  • Дымбілмес, досым менің атымды атадың ба?

Балақай:

  • Қырық өтірік айтса да жүрегі таза Тазша досым қайдасың?

Тазша:

  • Сары масамен айға ұшып,

Шегірткемен желмаядай,

Жерді жеті айналғанда,

Құмырсқамен құда болып,

Күнге барып тойлағанда,

Тазша бала мен болам.

Мақта қыз:

  • Менің пысық әрі сенімді досым Марғау бар!

Мысық:

  • Үй жануары болсам да,

Достарым көп далада,

Жолбарыстай ағам бар,

Күшік досым қалада

Карлсон:

  • М...мм былай болсын, балақайлар, мен қазір кітапты іздейтін жерлерді, ұшып барып, шолып қайтамын.Ал, сендер әрқайсың өз достарыңды тағы да шақырыңдар.

Тазша:

  • Аңқылдаған ақкөңіл желдей Алдар ағам қайдасың?

Алдар көсе:

  • Мен Алдармын,Алдармын,

Арамза қуды алдадым.

Адалдардан көмекші,

Маған кімдер ермекші.

Мысық:

  • Адамға көмекші досымның бірі Саққұлақ.

Күшік:

А ав, А ав, А ав

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорып жүремін.

Дымбілмес:

  • Кітабымды кім тапса, соған сыйлық беремін. Карлсон ұшып келеді. Айналып шаршап келіп отыра қалады.

Карлсон:

  • Уф, қона алмай есім шықты ғой. Орманда желдеткішім ағаштарға соғылып бұзылып қалды.

Дымбілмес:

  • Кітабымды көрдің бе?

Найлям:

  • Қайда екен?

Бәрі: - Тезірек айтшы қайда екен іздейік?

Карлсон:

-Уф, Оф, Ух (Бәрі қасына жиналады).

- Кітап орманда шашылып жатыр. Жел ұрлап әкетіп орманға тығып қойыпты – деді құстар.

(Дымбілмес жылайды)

- Достарым, уәдемде тұра алмасам ұятқа қаламын ғой.Мына масқарадан құтқарыңдаршы.

Тазша:

  • Жылама достым, біз бәріміз саған көмектесеміз.

Алдар:

  • Аңқылдаған желді де алдаймыз, жолын тосып тоқтатамыз.

Мақта қыз:

  • Дұрыс, дұрыс біз сол кезде кітаптың бетін жинап үлгереміз.

Бәрі: - Алақай, алақай! Тамаша жоспар кеттік.(Ортаға Жел шығады. Ысқырған музыка үнімен қолындағы затты шашқан болады, әріптер киген оқушылар шыға келеді).

Жел:

  • Кейде ойнақты жеңілмін,

Қаһарыма бір мінсем.

Қара дауыл селіңмін,

Ұқыпсыздың заттарын,

Жиып жүре алмаспын.

Қайсың барсың, қанекей,

Дымбілместің кітабын,

Қайта жинап беретін.

(Ортаға Мақта қыз бен Балақай шығады).

Балақай:

Кінәсін ол түсінді,

Кешірім бер, Жел аға.

Енді ұқыпты болады

Жел:

  • Жоқ! Жоқ!

Кешірім жоқ енді оған.

1, 2 рет жинадым,

Ашулансам да қимадым.

Керексіз ғып кітабын,

Өзі оны тастаған.

Қоям қиып шартымды,

Орындасын қиналып.

Мақта қыз:

Дымбілместің білместігін кешіретін,

Жаманын жасырып, жақсысын асыратын.

Достары бар өте көп!

Біздер оған көмекші,

Шартыңызды айтыңыз.

Жел:

  • 1 – шартым: Желмен бірге асыр салып би билесін

  • 2 – шартым: Ызыңыма қосылып ән салсын.

  • 3 – шартым: Дымбілместі ойландыратын ақыл қосып өткеніне өкіндірер кино қойып беріңдер.

  • 4 – шартым: Достарыңның көп екенін көрейін бәрі шығып шырқатып ән салсын. (Бәрі бірлесіп, әріптерді ретімен сапқа тұрғызады).

Саққұлақ:

  • Алақай, Әліппе табылды.

Мысық:

  • Санайықшы әріпті,

Түгел ме екен барлығы?

Саққұлақ :

  • Марғау Әліппеде неше әріп?

Марғау:

  • М... мм білмеймін 30 – 40 па?

Саққұлақ:

  • Ендеше қалай білмекпіз? Масқара! Балалар, көмектесіңдерші?!

Оқушы: «Алфавит сыры»

Жел «Я» әрпін жетектеп шығады, оның қолында «Әліппе» кітабы.

Жел:

Желді жеңді бірлігің,

Арта берсін бірлігің.

Ұяң жылы болсыншы,

Отбасы ғой жүрегің.

Тимур «Я»:

Берекенің басымын,

Мерекемнің қасында.

Табыламын қаласа,

Менің атым жанұя.

Достық, бірлік тірегім!

Жел:

Ал, Дымбілмес, кел достым,

Әліппеңді ала ғой.

Жеңді сенің тілегің,

Достарыңның көмегін.

Ақтайды деп сенемін!

«Я» Әліппені Дымбілмеске береді.

Дымбілмес:

Ал, достарым, рахмет,

Айға ұшатын кез болды.

Әліппені жаттатқан,

(Бәрі)

Ұстазыма мың алғыс.

Зарина:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Хор: «Қош бол құтты Әліппем»

Талыпжан:

Әліппеменен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Талшын:

Сәлем шәкірт балалар,

Қане, түзу тұрыңдар

Өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш,

Айтар қане кімің бар?

Дана:

Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты.

Бәрін – бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Эльвира:

  • демекші, біз Ана тілі өзіңді де сүйіп, жақсы оқимыз. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлеңді де айтамыз.

Алтынбек:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


Аяжан:

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

Талшын:

  • Рахмет! Жақсы біледі екенсіңдер.Енді Жаңа жылдан кейін мені оқып, менен білім аласыңдар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер.

Амангелді:

Ана тілің – біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің – біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

Мұғалім:

Төтеп беріп не сынға,

Қайыспаған ауырға.

Адал болып досына,

Бас имеген жауына

Елдің аты кім?

Хор: Қазақ елі

Мұғалім:

Таулары бар ең биік,

Даласы бар жерұйық,

Бұл қай ел?

Хор : Қазақстан.

Сөзжұмбақ:

  1. Тура ,кері оқысаң да шығатые ел аты?

  2. Тура, кері оқылатын сөздер?

Назерке:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Әліппеменен қоштастық,

Оқулықпен достастық.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Кезекті оқушылардың ән – биіне беру.


Ата – ана, қонақтарға арналған тапсырмалар бойынша жұмыс.

Қорыту.


Келген қонақ, ата – аналарға сөз беру.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты "Әліппемен қоштасу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 741
    • DOCX 55 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсеркеева Нурпия Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60987
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 391 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 943 человека из 81 региона

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона