Инфоурок Другое КонспектыСынып сағаты: "Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет"

Сынып сағаты: "Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет"

Скачать материал

Тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
 Мақсаты:      «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы

                    түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
 - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
                        - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
                        - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
  үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.

Шаттық шеңбері
                   - Қане, қане,  балалар!
                     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
                     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
                    Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
                    Үлгі алсын көрген жан мына бізден
        Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен
өте қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп жүзімізге қарайық.
       - Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің  әдеп
тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.
Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.
Ізеттілік жақсы жылы мейірімді сөздер айтумен жалғасады. Ендеше , қазір біз, бір- бірімізге кқршіміздің есімдерінің бас әріптерімен байланыстырып жақсы қасиеттерімізді айтайық.

Ақылды Асхат, дана Дамир, т с с.

-         Тамаша! Ал енді мына бір өлең шумағын бір кісідей оқып көрейік.

Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
                   Сабақ тақырыбын хабарлау.
Әңгімелесу
         • Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
         • Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
         • Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»
       Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
        Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, 
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
    Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық - 
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет! Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын. Енді, жаңа ақпаратпен танысайық.
Жаңа ақпарат
         Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру..
Сергіту сәті. Бейнеролик көру.
Тапсырма
             Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау
үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
            1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
             2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.
Жариялау. Жазғандарын оқиды.
Жүректен - жүрекке

      Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтайық.
           Құрметтеп ата - анамды,             Үнемі көмек беремін.
         Ардақтап әпке, ағамды,                  Үлкенді сыйлау - кішілік, 
          Қамқор боп сіңлі - ініме,                   Үлгілі мінез - кісілік
         Сыйлымын үлкен - кішіге.
         Бәрін де жақсы көремін, 
           Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

Қорытындылау.

Жолыңыз
 болсын!
 

Сізге 
рахмет!

Өтіңіз!

 

 

 

 

 

      Сау 
болыңыз!
Ғафу 
етіңіз!
Отырыңыз! 

 

 

 

 

Айтыңыз

Кешіріңіз!Ала ғой

 

 

 

 

Сау бол!Алыңыз!

Жол берСыпайы
 бол!

Тыңдай ғойӘдепті бол!Сыйлы бол!КөмектесАйта ғойКешірім ет!,

Құрметтеп ата - анамды,
 Ардақтап әпке, ағамды     Қамқор боп сіңлі – ініме                  
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік
 Үнемі көмек беремін.
 Бәрін де жақсы коремін
            

 		  Бәрін де жақсы көремін,
Құрметтеп ата - анамды,
 Ардақтап әпке, ағамды     Қамқор боп сіңлі – ініме                  
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік
 Үнемі көмек беремін.
 Бәрін де жақсы коремін
            

 		  Бәрін де жақсы көремін,
Құрметтеп ата - анамды,
 Ардақтап әпке, ағамды     Қамқор боп сіңлі – ініме                  
Сыйлымын үлкен - кішіге.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік
 Үнемі көмек беремін.
 Бәрін де жақсы коремін.
            

 		  Бәрін де жақсы көремін,
 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты: "Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2017 8015
    • DOCX 78.1 кбайт
    • 181 скачивание
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Асылай Галымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Асылай Галымовна
    Султанова Асылай Галымовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21008
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой