Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сынып сағаты "Мен әдепті баламын" 3сынып

Сынып сағаты "Мен әдепті баламын" 3сынып

библиотека
материалов



Ақшұқыр мектеп-лицейі













Мен әдепті баламын



Тәрбие сағаты

















Өткізген: Шәмбіл А



Тақырыбы: Мен әдепті баламын

Мақсаты:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар
( әдептілік туралы), құпия хаттар т.б.
Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)
І. Ұйымдастыру бөлімі

Топқа бөліну. Берілген суреттер бойынша сабақтың тақырыбын оқушылар өздері табады.
Әдеп.
Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Түйіндеу. Топта талдау.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Үлгілі бала

Су құйдым да құманмен,   Бақшаны суарып, келді ол су алып,

Қолына мен әкемнің.     Самауыр қайнатып, үйде де, түзде де

Содан кейін оған мен     Қылығы өнеге, ұстазы бізге де

Орамалды әпердім.       Ұнайды ол неге?

Әдептілік әліппесі


Атам маған әманда         Алдын орап кісінің,

Әдепті жан бол деген.   Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда -       Ізетімен кішінің -

Жсы үлкенге жол берем.   Сәлемдесіп , қол берем.


Атам маған әманда       Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген.    Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда -     Артық айтып сөзімді

Мақтанбауды жөн көрем.   Желпінгенім жоқ әлі.


Атам маған әманда     Қалдыратын ұятқа -

Әділетті бол деген.   Жалған сөзге төзбеймін.

Ата сөзі санамда -     Жеткізетін мұратқа -

Жүрем тура жолменен.   Тек шындықты көздеймін.


А. Асылбек
Мәтінмен жұмыс
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

Оқушылар топта отырып мәтінді оқи отырып, талдау жасайды.

• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
«Құпия хаттарға» жауап беру
Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Дәйексөз
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Жүректен - жүрекке
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.

Ән.Мен әдепті баламын. Балғын, Іңкәр, Шархат
Әдеп
А. Естенов
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың, 
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының, 
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

Қорытындылау












Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-076836

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG