Сынып сағатының тақырыбы: Қазақстан -
менің елім.
Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан
Республикасы, Елорда туралы және Ата заңымыздың 20 жылдығы туралы
түсінік беру.
Еліміздің
рәміздерін қастерлеуге үйрету.Мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Оқушыларды
өз ана тілін, әдет – ғұрып, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту.
Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сынып сағатының көрнекігігі: ҚР-ның
рәміздері, Қазақстан картасы, суреттер, мақал – мәтелдер:
Сынып сағатының әдісі: сұрақ - жауап,
көрсету, түсіндіру.
Сынып сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар
келген қонақтармен амандасып, шеңбер жасап отырады.
Мұғалім: Балалар, қолымызға көгілдір
лентаы алып шеңбер құрайық.Қолымызды жоғары көтеріп шеңбер ішіне
кіреміз.Балалар, қараңдар дөңгелене тұрған тұрысымыз неге ұқсайды?
-Күнге
ұқсайды. Күлімде күн
күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекесі бүгінгідей,
Бейбіт болсын болашақ.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, біз бір
шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан балалармыз.Ендеше,бір-біріңе
қандай тілектерің бар?
-Аспандарың
ашық
болсын.
-Соғыс болмасын. -Деніміз
сау
болсын.
-Нан көп болсын. -Әдепті
болайық.
-Дос болайық. Мұғалім:Балалар,
қалай ойлайсыңдар, адам үшін ең қымбат не?
-Адам
үшін ең қымбат оның
Отаны
-Балалар, біз қай республикада
тұрамыз?
-Қазақстанда.
-Қазақстан Республикасының Елордасы қай
қала?
-Астана
қаласы.
-Балалар,біздің елбасымыз
кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
-Балалар, әрбір Республиканың өздерінің белгілері, яғни рәміздері бар, оны кім
атап
береді?
-Ту,Елтаңба,Әнұран. ( ҚР-ның әнұраны орындалады).
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
Бүгінде
Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылып отыр.Қазақстанда әртүрлі ұлт
өкілдері (120- дан) тату- тәтті өмір сүріп жатыр.Сіздер қазақ елінің ең жас
ұланысыздар. Өз жерімізді, елімізді, Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз
сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға
тиіспіз.
-Қазақ батырларының суреттерін көрсету.
Қазақстан
жері өте бай. Еліміздің жерінен мұнай, көмір, минералдар, алтын, түсті металдар
және тағы басқа қазба байлықтар шығады.Қазақстан Республикасында 14 облыс
бар.(ҚР картасынан көрсетіледі).
1оқушы:
Абай туған,Сәкен
туған
Құрметте,
достым, қазақтың
жерін,
Қамбаға жылда мол астық
құйған, Қазақстан
Республикам
менің!
-Балалар, бұл не? –Бәйтерек. Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын
аспанға көтерген алып киелі ағаш.Бейбітшілік пен келісімді өмір сүруге
ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.
-Балалар
бұл не? –Пирамида. Пирамида -әлем кереметінің бірі зорлық пен зомбылықтан бас
тарту нышаны ретінде есептелінеді.
-Балалар
бұл не? -Ханшатыры.Ханшатырдың аумағы 1 млн 700 шаршы метр биіктігі 150 метр 7
қабаттан тұрады.
-Балалар
бұл не?-Ақорда. Ақорда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мәжлістьер өткізетін және
Республикамыздың ең маңызды ғимараты.
Отан
туған жер туралы кім тақпақ айтып береді.
2-оқушы:
Алтыншы
шілде – Астана күні.
Жадыдан
,шырақ, тастама мұны.
Жаңа
шаңырақ көтеріп биік.
Жаңа
дәуірге бастама күні.
3-оқушы
:
Астанадан
тарайды елге бақыт шуағы,
Астана
бейбітшілік пен достық қаласы
Өркенде
өрлей бер , төрлей бер ,
Арайлы
ақорда -Астана.
4-
оқушы:
Елбасы
арқасында ел жаңарып,
Арқаға
Астанадай қала тұрды.
Сергіту
сәті: «Кім жылдам ?» ойыны. Сұрақ –жауап.
5
– оқушы:
Аялап
ару ананы,
Өсірген
еркін баланы.
Бесігім
болып тербеткен,
Отаным-менің
Қазақстаным.
6-
оқушы:
Толтырған
гүл даланы,
Жайнатқан
ауыл, қаланы.
Ардақты
атамекенім,
Отаным-Қазақстан.
7-оқушы:
Отан
дейміз-от жаққан жерімізді,
Отан
дейміз- өсірген елімізді.
Отан
дейміз- туған жер атамекен,
Биік
тау, орман- тоғай көлімізді.
8-
оқушы:
Отанды
жас- кәріміз,
Туған
жер деп сүйеміз.
Өйткені
онда бәріміз,
Туып
өмір сүреміз.
-Балалар,
сендер Отан туралы өте әдемі өлең жолдарын оқыдыңдар.
-Ал
Отан деген не?
1-бала:
Отан деген - туған жер.
2-бала:
Отан деген - менің қалам.
3-бала:
Отан деген - балабақшам.
4-бала:
Отан деген - отбасым.
5-бала:
Отан деген – атам, әжем, әкем, анам.
Ән:
«Отан – ортақ үйіміз».
Мұғалім: Өте жақсы айттыңдар, балалар.
Сонымен
бірге Отан дегеніміз біздің ана тіліміз.Біз Қазақстанда тұрамыз, ұлттық тіліміз
– қазақ тілі.
Тіл туралы кім тақпақ біледі?
1-бала:
Ана
тілің-арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте.
Өзге
тілдің бәрін біл,
Өз
тіліңді құрметте.
2-бала:
Ана
тілін ақтаңдар,
Ана
тілін сақтаңдар.
Ана
тілімен безеніп,
Ата
берсін ақ таңдар.
Мұгалім: Жарайсыңдар балалар, қазір ойын
ойнаймыз.
«Кім тапқыр» ойыны. Ойын шарты:
Мен
«Отан» сөзін айтамын, сендер сөз тіркестерін құрайсыңдар.
Мысалы: Отаным бай. Отаным көп ұлтты.
Отаным әдемі. Отаным тәуелсіз.
-Балалар,
сендер Отан жайлы әдемі ойларыңды айттыңдар.Біздің Отаныз
бай
үлкен, табиғатымыз әдемі.
Қазақстан жерінде нелер бар?
-Қазақстанда
таулар, ормандар бар.
-Қазақстанда
өзендер, көлдер бар.
-Қазақстанда
әртүрлі шөптер, гүлдер бар.
-Олар
сары, жасыл, көк, қоңыр түске боялған.
«Жалғасын тап» ойыны арқылы мақалдарды аяқтау.
Отансыз
адам -.......................(ормансыз бұлбұл
Ердің
көркі – ерімен - .......... (Отан көркі – жерімен).
Отан
елдің анасы - ................(Ел ердің анасы).
Отан
.......................................(оттан да ыстық).
Арың
үшін алыссаң – өлмейсің .....(Отан үшін отқа түс – күймейсің).
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ал, батыр
деген кім?
Батыр
деген Отанын қорғайды.(Батырлардың атын атау).
Отан арналған тілектерін
айтқызамын.
-Мен
Отанымды сүйемін.
-Мен
үшін Отанымнан ыстық еш нәрсе жоқ.
-Мен
Отанымды көзімнің қарашығындай қорғаймын.
-Мен
Отанымның гүлденуіне өз үлесімді қосамын.
-Мен
Отанымды әлемге танытамын.
Сынып сағатын қорыту: Сұрақтарға
жауап алу.
«Атамекен»
әнін хормен орындау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.