Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сынып сағаты "Менің құқығым" 8 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сынып сағаты "Менің құқығым" 8 сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Менің құқығым»

Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.

Білімділік:  Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Дамытушылық:  Оқушылардың терең ойлау,  өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.

Көрнекілігі:  «Мен және  менің  құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы», эпиграф, 

Мұғалім сөзі: Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

 Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген

 сүйіспеншіліктен басталады.

                                                                                                      Н.Ә.Назарбаев     

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен айтады:

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Талаптанып, қанаттанып,

Биікке біз самғаймыз.

Қыран құстай қанат қағып,

Асуларды шарлаймыз!

 Құрметтіоқушылар!                                                                                                      Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабына «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасыадам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білузаман талабы. Құқық саласында біздің тыныштығымызды құқық саласының органдары қорғайды.

   Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасыбүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-да бірден бір әр бір адам өміріндегі маңызды құжатқа «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21-маусымда № 2347 қаулысын жариялаған. Елбасы «Заңды білузаман талабы» екенін көрсетті. Қазақстан Республикасыдемократиялық, зайырлы, құқықтық  мемлекет, оның ең қымбат қазынасыадам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.    

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.


«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу



«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Құмар.Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Мақсат.Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Асема.Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
1.Заңдарға бағыну
2.Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
3.Мемлекет рәміздерін құрметтеу
4.Салықты төлеу
5.Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
6.Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
7.Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
8.Орта мектеп білімін алу
9.Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.


Мұғалім:

                                 Тренинг «Ой қозғау»

                             (Жай әуен ойналып тұрады)

     Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!

-Не сездіңіз?

-Бүгінгі тәрбие сағатымызбен  байланыстырып, қандай ой айтар едің?

-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан  дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз!


«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

1. Мұғалім: мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?

Мақсат: (Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2. Мұғалім: отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге? Әдемі:

(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)

3. Мұғалім:   «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?

Асема: (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4. Мұғалім:  Оқушы ретінде қандай міндеттерді білуге тиіссің?

Құмар: (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)


/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.


«Ой жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі……. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп…………. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі…………. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің…….(арты игі)

Кім тапқыр!


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы
Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10-бап)
Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап)
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? Иә (23-бап)
Президент кәсіпкерлік қы
зметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап)
Елімізде жоғары өкілетті орган
? Парламент (49-бап)
Қазақстан азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде (12-бап)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз? Конституция күні
Республика күні
Тәуелсіздік күні

Аассоциация әдісі. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«
аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет
«
даму» бізге даму және өсу үшін не қажет
«
қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет
«
қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет

   
Санжар:      Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.

Аділет: Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.


Ақылбек: Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.
Ұлжан: Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.


Қорытынды: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

 20-бап. Баланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше, сабағымыздың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.


Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Ән: «Туған жер»







Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров354
Номер материала ДБ-077947
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх