Инфоурок Классному руководителю ТестыСынып Сағаты Мәңгілік ел

Сынып Сағаты Мәңгілік ел

Скачать материал

Сынып сағатының тақырыбы: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел»

Мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.

Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар, слайдтар.

Барысы Кіріспе сөз: Туған өлке туралы өлеңдер оқу.

1-оқушы:Отан-жерім,Отан-суым, Отан қуат,нәр береді. Отан-ұран,Отан-туым, Отан мәңгі гүлденеді!

2-оқушы:Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең,астанаң, Отан-аудан, ауылың.

3-оқушы: Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан-өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.

4-оқушы: Отан-осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!

5-оқушы: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!

6-оқушы: Түлігі өскен алуан-алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! -Балалар, біздің туған өлкеміз қалай аталады? -Қазақстан -Қазақстан қандай мемлекет? -Тәуелсіз,егеменді мемлекет. Қазақстанның жері - кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар.

-Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды.

 -Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елдіктің,айбынды жалғасы, Кейде тасып,кейде толқып арнасы. Қиялменен, ұғындым, бір шындықты, Оңай емес, болу деген- Елбасы. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп, ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп, гүлдене түсері сөзсіз.

Олай болса, тек білімді болайық! -Ендеше, балалар, өз білімдеріңді ортаға салайық! ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай? -Қазақ тілі. -Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар. Тамыз айының 30 жұлдызы  Ата Заңымыздың қабылданған күнін тойлаймыз.

 -Барша қазақстандықтардың құқығы осы заң аясында қорғалады.

7-оқушы: Құқығымды қорғаған, Ата заңды қолға алам. Оның әрбір бабымен Әділеттік орнаған.

 8-оқушы: Құқығыңды білгейсің, Тәртіпті боп жүргейсің. Заңды білсең қашанда, Жаман өмір сүрмейсің.

9-оқушы: Елдігімді сақтаған, Бар үмітті ақтаған, Ата заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам. -Иә,балалар, «бала бол,дана бол бәріңе заң біреу-ақ». ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар. -Ту, Елтаңба, Гимн.

10-оқушы: Рәміздерім елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім Гимн ,Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Мемлекеттік туға сипаттама беру. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.

 11-оқушы: Желбіресе көк туым, Көтерілер шоқтығым. Қазақты әлем таныды, Егеменді ел боп бүгін.

 12-оқушы: Таңдай қаққан шартарап, Көк туымда барша бақ. Қыран самғап барады, Күнді иыққа арқалап.

13-оқушы: Көк туымнан нұр алдым, Сол қыранға сыңармын. Ерікті елдің еншісі- Еркіндігі қыранның.

14-оқушы: Еліміздің жалауы Желбірейді аспанда. Бар әлемге танылып, Биік тұрар қашанда! Елтаңба туралы сипаттама беру. Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі. Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз- әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің 11 құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды. Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

15-оқушы: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат,әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада-аспан әлемі.

16-оқушы: Құт,береке-шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.

17-оқушы: Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам. Мемлекеттік Гимнға сипаттама беру. Мемлекеттік Гимн - халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа гимны қолданысқа енді. Гимнның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Гимнның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

14-оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, болмаған деп-Әнұран. Астана туралы өлеңдер Жаңа қала, жас қала, Болды бүгін бас қала. Ол – сүйікті Астана. Қанат жайған көсіле Алатаудың төсінде. Алып қала – Астана. ІІ.Қорытынды бөлім.

Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол. Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік! Құжаттық қысқаша мазмұны: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның жері-кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. -Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес, дербес, яғни, өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз,тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып Сағаты Мәңгілік ел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.10.2015 4495
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Гүлдана Төлеуханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17821
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека