Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сынып сағаты Қош келдің Наурыз!

Сынып сағаты Қош келдің Наурыз!

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің Наурыз!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптеуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің маңызы жайлы логикалық ой-өрісін, түсінігін, сөздік қорын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Сахналық көріністер,наурыз туралы ән-жырлар.

Көрнектіліктері: Слайдтар, М.Шаханов портреті, халықтық салт-дәстүрді бейнелейтін суреттер, көжеге қосылатын тағамдар, көже.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім:

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Көптен күткен көктеммен бірге елімізге Жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт әкелсін! Ендеше, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!(слайдттағы суреттер бойынша жұмыс) Мұғалім:

1988 жылы қазақтың белгілі жазушысы, әрі ақыны Мұхтар Шаханов сияқты азаматтарымыздың арқасында бұған дейін «Наурыз – ислам дінінің қалдығы» деген сыңаржақ пікір жойылып, кең байтақ қазақ жеріне, іле-шала күллі Орта Азияға 1962 жылғы үзілістен соң «Наурыз мерекесі» қайта оралды. Міне, біз Наурыз мерекесін соңғы бірнеше жылдан бері жылда карсы алып отырмыз.

-Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» - жаңа, «рыз» - күн сөздерінен шыққан. Жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден – жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екінші – Наурыз айы, үшіншіден – Ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні, ұлыс күн» деп атаған.

Биыл біз қай жылды шығарып салып, қай жылды қарсы алып отырмыз? (Әңгімелету. Слайдтар бойынша жұмыс). Ендеше кезекті балаларға берейік.

1 - оқушы:

Наурыз қайтып оралды аты аңыз

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй-дастархан, даламыз- сахнамыз!

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз.

«Шашу» шашу рәсімі.

2-оқушы:

Қазақ халқы жаңа жылды 22-наурыз күні қарсы алады. Сол күні даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер, ел ішінде төменгідей самалық айтуды дәстүрге айналдырған.

3-оқушы:

Самалық-самалық

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көз ашты ма

Самалық, самалық

Самарқанның көк тасы жібіді ме, көрдің бе!

4-оқушы:

Самалық, самалық

Жаңа келген жақсылықты

Көрдік пе, көрмедік пе?

Самалық, самалық

Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді.

(Қой шығады, мешін кіреді)

5-оқушы:

Самалық, самалық

Сүт көп, көмір аз,

Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке.

(«Қабақ сынды қайғы кетті» - деп ескі ыдысты сындыру рәсімін көрсету)

6-оқушы:

Наурыз парсы тілінде – Жаңа күн деген сөз. Наурыз күні масайраған жұрт аппақ көйлек пен жаңа киімдерін киеді.

7-оқушы:

Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен кездескенде:

8-оқушы:

Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле жала жерге енсін!

деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс түйістіреді; ал әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе құшақ айқастырады. Қос қолдап амандасып, төс қағыстыру – «Өмір тірегім – төсім. Тіршілік көзім - екі қолым аман сау болсын!» дегенді білдіреді. (Амандасу рәсімін көрсету)

10-оқушы:

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өрістен

Ұлыс күні кәрі-жас

Жамырасып көріскен.

11-оқушы:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.



12-оқушы:

Ұлыс күні жеті түрлі дәннен – бидай, тары, күріш,жүгері, арпа, сұлы және тұзбен етті қосып қазан толы наурыз көже пісіріледі. Оның ішіне соғымнан қалған кәделі мүше (жамбас, жалпақ, ұзын омыртқалар, жал-жая, қазы-қарта), әсіресе бас аман болсын деп, кәрілікке жеткізсін деп сақтаған кәрі жілік қосылады. Бұл үлкендердің алдына тартылады. Жастар жағы «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурыз көжені тоя ішеді. Үлкен кісі бата береді (Слайд және мал сүйектері мен жеті түрлі дәндерді көрсетіп, таныстыру)

13-оқушы:

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың – ұлы күнінде

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Қыруар малың өріске толсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын,

Менің берген бұл батам –

Ұлыс күніне сақтап жүрген сүр батам.

14-оқушы:

Наурыз көжені тоя ішу (тостағандағы көжені көрсете отырып) «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды. Әдетте Наурыз күнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар». (Көрініс көрсетіледі)

Наурыз күнгі сәлемдесу жолдары Жастар сәлемі.

15-оқушы:

Ассалаумағалейкум!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Азаматта әл болсын!

16-оқушы:

Атымызда жал болсын!

Түйеде қом болсын!

Қара малда қоң болсын!

Ұсақ малда шел болсын!

Сапар шексек жол болсын!

17-оқушы:

(Үлкендердің қабыл алуы)

Уағалейкумассалам!

Айтқаның келсін бар бол!

Жүк көтерер нар бол!

Ырыс болып наурызың!

Көп көжедей бар бол!

Көпті көрген көнекөз қарттың Ұлыстың ұлы күніне ақ батасы (бата беру)

1

8-оқушы:

Екі асыңмен есірке

Қой жылы жылысса,

Жаңа асыңмен жарылқап,

Мешін кірер ұлысқа

19-оқушы:

Әумин бата берейін,

Жақсылықты терейін,

Жаңа жылда жарандар,

Үстем болсын мерейің.

20-оқушы:

Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып,

Келген Наурыз құт болсын,

Берері тағы жұп болсын.

Ұлдар тобының биі. «Адай»

21-оқушы:

Наурыз нұры жебелеп,

Жамандықты кетірсін

Наурызбенен жаңарсын,

Тәніміз бен жанымыз.

Жақсы негіз қалансын,

Жарасып ән сәніміз.

Әумин аллауакбар!

Мерекелік ән-билер.

Қожанасырдың май сатып алуы. (Көрініс көрсетіледі.)

Қыздар тобының биі «Серпін».

Алдар көсе мен бай (Көрініс көрсетіледі.) ( топтық жұмыс, оқушылар өздеріне таратылған парақтағы сөзжұмбақты шешіп, болған топ тақтаға іліп оқиды) Сөзжұмбақ шешу:

Түйенің пірі

Жылқының пірі

Сиырдың пірі

Қойдың пірі

Ешкінің пірі (мал пірлерін слайдтан көрсету)

Хор «Наурыз» әні.

Ұлттық ойын көрсету.

Қорыту. Келген қонақтарға, ата-аналарға сөз беру. Соңынан «Наурыз көже»

ішу


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-486871
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх